Инфоурок Всеобщая история Конспекты"Сәулет ескерткіштері" 7 сынып

"Сәулет ескерткіштері" 7 сынып

Скачать материал

                                             Қазақстан тарихы
                             6 класс
Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау
Сабақтың міндеттері
: білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру

Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кесенелер суреттері, қазіргі заманғы архитектура үлгілері, буклет, макет

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, архитектура, салт-дәстүр
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, презентация, картамен жұмыс
                       Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру
1. оқушылармен амандасу
2. класты түгендеу
3. психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс:
1. Оқушылардың Шоқан, Абай, Ыбырай туралы жазған эсселерін оқыту
2. Сұрақтарға жауап:
1) Ш.Уәлихановтың қазақ халқы тарихындағы орны қандай?
2) А.Құнанбаевтың қандай өлеңін білесің?
3) Ы.Алтынсарин - ағартушы, педагог дегенді қалай түсінесің?

Мұғалім : Қазақстан тарихында бұл дана тұлғалардың рөлі өте зор. Шоқан аз ғана уақыт өмір сүрсе де, ғылымның әр саласын меңгерген. 1868-1869 ж.ж. реформаларға үлесін қосқан.Абай-қазақ халқында дара да дана тұлға.Абайдың асыл сөздері бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.Ыбырайға келер болсақ оның еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
1.Сәулет өнерінің тарихы
2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері
3.Қазіргі заманғы сәулет өнері


1.Сәулет өнерінің тарихы №1 слайд
Киіз үй ата - бабаларымыздың басты баспанасы.Киіз үй тек қазақ халқының қана емес түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ –мекені болғаны мәлім.
Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі - оның қастерлеп ұстаған, киелі тұтқан тұрағы, мекені, баспанасы, мақтанышы болған.Киіз үй баспана ғана емес, сәулет , құрылыс, қол өнер жетістігінің тамаша үлгісінің туындысы да болып табылады.Баспана киіз үйдің үлгілері қазір күмбез бейнесінде Президент әкімшілігінде , Парламенттің қос палатасының біріккен мәжіліс залында, Президенттік мәдени орталығында және тағы басқа құрылыстарда көрініс тапқан.

Сұрақ:Еліміздің Елтаңбасында киіз үйдің қандай бөлігі бейнеленген?
- Шаңырақ
Шаңырақ - қазақ халқы үшін ерекше қасиетті ұғым.Ата-бабаларымыз шаңырақты айрықша қастерлеп, кие тұтқан.Шаңырақ - отбасындағы амандық, береке-бірлік, тату өмір қоршаған орта, әлемдік сәулет өнерінің тамаша үлгісі, ортақ отанымыздағы Шаңырақ - қазақ халқы және республиканың басқа халықтарының ортақ Отанының тыныштық, тұрақтылық, беріктілік ұғымдарымен байланысты.

Мұғалім: Біз орта ғасырлар деп қай ғасырларды атаймыз?

2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері .№2 слайд бойынша түсінік беру.
Қазақстан жерінде осы кезеңге дейін сақталған ортағасырлық сәулет туындыларынан слайд көрсету. Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Қожа Ахмет Иассауи т.б.кесенелер.
Картадан орналасқан жерлерін көрсету

4.Мағынаны тану.Топпен жұмыс.Оқушыларды топқа бөліп, кесенелер суреті таратылады.Әр топ өздеріне берілген кесене туралы оқулықтан тауып, ерекшеліктерін дәптерлеріне жазып алады және осы топтан бір оқушы өздеріне берілген кесене туралы мәліметтермен таныстырады.
1 топқа - Айша бибі кесенесі
2 топқа - Алаша хан кесенесі
3 топқа - Ахмет Иассауи кесенесі


5.Тренинг.Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.

Сәулет ескерткіштері-----------Орналасқан жері
1. Айша бибі кесенесі----------А)Жезқазған қаласы
2. Қарахан кесенесі-------------Ә)Түркістан
3. Жошы хан күмбезі-----------Б)Тараз
4. Алаша хан кесенесі----------В)Қарағанды
5. Қожа Ахмет Йассауи--------Г)Тараз
6. Бабаджа қатын---------------Д)Тараз
1 2 3 4 5 6
б г а в ә д

6.Карта бойынша жұмыс. Аталған кесенелердің Қазақстан аумағындағы орындарын көрсету

7.Қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері. Презентация.№3Слайд көрсету.

Көп қабатты үйлер
Театр үйлері
Қонақ үйлер
Алматыдағы собор
Бәйтерек
Ақ Орда
Нұрмешіт т.б

Мұғалім:Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын.Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.
- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?
- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу

IV.Сабақты қорытындылау:
«Орнына қой» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдері тексеріліп сабақ бекітіледі.
Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін _____________дейді.Еңбек құралдары, шаруашылық түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар біртіндеп ____________салуды үйренді.Жерді қазып жасаған үйді ______________деп атады.Көшіп –қонған кезде түйеге артып жүруге, құрастыруға ___________қолайлы еді.Құрылыс салуға сапалы материалдар ____________қолданған.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін қазақ халқы қасиетті ____________есебінде құрметтейді.

Керекті сөздер:Жеркепе, киіз үй, сәулет өнері, пантеон, тұрғын үй, тас, күйдірілген кірпіш

V. Үйге тапсырма.
§38.Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?
Мәліметтер жинау

IV. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене араласып, сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының пайда болуы.

Сабақтың мақсыты:

Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуы туралы оқушыларға білім беру. Жібек жолының маңыздылығы және тарихтағы маңыздылығы туралы түсіндіру.Жібек матасының құндылығын анықтап, үлкен роль атқаратынының оқушылармен бірге анықтау. Тарих пәнінен білімдерін арттыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы кесіп өткен аймақтарын көрсету арқылы, ол жердегі мекен еткен ата- бабаларымыз туралы білім беру арқылы өз елімізге, жерімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылар Ұлы Жібек жолы арқылы алған білімдерін дұрыс пайдалану, тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. Өз білімдерін толықтыру.

Пән аралық байланыс: География, дүние жүзі тарихы, өнертану, дінтану, архиология.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтың жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тақырыпқа сай суреттер, АКТ,сабаққа қатысты қосымша кітаптар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушыларды үш  топқа бөлу.

Ұлы Жібек жолы Қазақ жерімен, Ғұндар, Қаңлылар, Үйсіндердің жерін кесіп батысқа қарай өткен жол. Олай болса топтардың атауы сәйкесінше:

І. Ғұндар тобы

ІІ. Қаңлылар тобы.

ІІІ. Үйсіндер тобы деп атаймыз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

 

Таныстырылым қорғау.

 О

ІІ. Қаңлылар тобы. «Жібек матасының саудасының маңызы қандай?»

ІІІ. Үйсіндер тобы. «Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының бағыттары» атты таныстырылымды қорғайды.

 

3. Бейнеролик  көру. Оқушылар  бейнероликті талқылайды.

4. Картамен жұмыс. «Алты тапсырма.»  Әр топқа 2 тапсырма беріледі. Сол сұрақтарға жауап беріп, ол тапсырмадағы қалаларды картадан көрсету.

 

І. Топ. 1-тапсырма.

  Ол мемлекет Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Иранның  бағзы заманында жазылған «Авеста» кітабында айтылған. «Вэсаканың ержүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді» -деп қай мемлекет туралы айтылады.

Жауабы: Қаңлылар.

І-топ. 2-тапсырма.

  Бұл тайпа б.з.б. 8- ғасырда біздің заманымыздың 5- ғасырында мекендеген. Ұлы Жібек жолының  бойында орналасқан. Бұл тайпада әскери демократия басым болған. Осы тайпаны ата? Қай жерді мекендеген?

Жауабы: Сарматтар.

ІІ топ. 1-тапсырма.

Ұлы Жібек  жолының бойында орналасқан бұл мемлекеттің мықтылығы соншалықты тарихта «Ұлы Қытай қорғаны» осы мемлекеттен қорқып салынған деседі.Қытай бұл мемлекетке салық ретінде «Жібек маталарын» төлеп отырған. Бұл қай мемлекет? Қай жерді мекендеген?

Жауыбы: Ғұндар.

ІІ-топ. 2- тапсырма.

  Бұл мемлекет жайлы Қытай тарихшысы Сыма Цянь жазып кеткен. Олар аққұба, сары шашты келеді. –деп бейнелеп  айтылған. Олар басында ғұн тайпаларына бағынышты болған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.

Бұл қай мемлекет?

Жауыбы: Үйсіндер.

ІІІ-топ. 1-тапсырма

Бұл тайпа туралы тарих атасы атанған Геродот «Дұшпанға- қатал, досқа-адал болған» -деп жазған. Ол қай тайпа? Қай жерді мекендеген?

Жауабы: Сақтар.

ІІІ-топ. 2- тапсырма.

Бұл тайпа ерте темір дәуірінде өмір сүрген «Ақ жалынды жүйрік отты иелері» -деп айтылған бұл қай тайпа? Қай жерді мекендеген?

Жауабы: Аргипейлер. Солтүстік Батыс Қазақстанды мекендеген.

5- Кім жылдам?

«Балық аулау ойыны» Сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында оқушылар аквариумда балық аулайды. Әр балықта сұрақтар жазылған. Әр топтан 1 оқушы шығып 2-минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға көп жауап берген топ жеңіске жетеді.

Сұрақтар.

1)   Ұлы Жібек жолы қай ғасырдан бастап іске қосылды?

Жауабы: ІІ- ғасырда

2)   Ұлы Жібек жолының бұлай аталу себебі?

Жауабы: Басты сатылатын тауар Жібек матасы болғандықтан осылай атаған.

3)   Ұлы Жібек жолы на «Ұлы» сөзінің қосылу себебі.

Жауабы: Шығыс бен батысты байланыстырады, маңызды сауда –саттық жолы болды.

4)   Ұлы Жібек жолының таралуы қай тарихшының жазбаларында кездеседі?

Жауабы: Бехустин жазбаларында

5)   Ұлы Жібек жолынан қандай тауарлар тасымалданған?

Жауабы: Жібек матасы, батыстан шыны ыдыстар, әшекейлер, жан- жануарлар, алтын бұймдар. Т.б.

6)   Жібек матасының пайда болуы?

Жауабы: Ғұндар, Қаңлылар, Үйсіндер, Аландар мекен еткен жерлерді.

7)   Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтарын кесіп өткен?

Жауабы: Қытай патшайымы Си Линши байқаған.

8)   Ұлы жібек жолы қанша км жерді алып жатыр?

Жауабы: 12000км жерді алып жатыр.

9)   Ұлы Жібек жолының әлсіреу себептері қандай?

Жауабы: Тайпалар арасындағы соғыстардың көбейуінен. Қытайлардың су жолын ашуы.

10)               Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алынған?

Жауабы: Қытайдағы Хуанхэ өзенінен (Сары өзен )

6. Қорытынды бөлім.

7. Бағалау.

Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып оқушыларға баға қояды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сәулет ескерткіштері" 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 267 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2016 1996
    • DOCX 53.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахетов Нурлан Орынбасарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахетов Нурлан Орынбасарович
    Ахетов Нурлан Орынбасарович
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9229
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 546 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие карьеры

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе