Инфоурок Математика Научные работыТаңдау курсы бойынша бағдарлама «Қызықты математика»

Таңдау курсы бойынша бағдарлама «Қызықты математика»

Скачать материал

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

Кафедра ___________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОБА

 

 

Таңдау курсы бойынша бағдарлама «Қызықты математика»

(5-6 сыныптар үшін)

 

 

 

       Тыңдаушы:     Аханова Балия Баташқызы

математика пәнінің I-санатты мұғалімі   

Ж.Ақылбаев атындығы мектеп-гимназия

 

Баймағамбет Айман Сатыбалдықызы

математика пәнінің  І-санатты мұғалімі

Еркіндік ЖОББМ

 

Ідірісова Мөлдір Серікқызы

математика пәнінің мұғалімі

КГУ «Тамақтандыру жəне сервис» колледжі

 

          Жетекші:        Ташетова Салтанат Сыздыковна

                                  

 

                                                                                                                                                                                                         

Жұмысты өткізу мерзімі:   23.01-3.02.2017     

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ – 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1.

Кіріспе ...................................................................................................

2

2.

Курстың қысқаша негіздемесі .........................................................

3

2.1.

Курстың мақсаты мен міндеттері.........................................................

3

2.2.

Күтілетін нәтижелер..............................................................................

3

2.3.

Диагностикалық құралдар....................................................................

3

3.

Курстың негізгі мазмұны...................................................................

4

3.1.

Оқу‑тақырыптық жоспар (5 сыныптар үшін).....................................

4

3.2.

Оқу‑тақырыптық жоспар (6 сыныптар үшін).....................................

5

3.3.

Бағдарламаның мазмұны......................................................................

5-7

4.

Курстың тиімділігін бағалау критерийлері...................................

8-9

5.

Курстың тиімді түрде жүзеге асыруды кездесетін кедергілердің қиындықтарын болжау (материалдық, техникалық, кадрлық ресурстар)....................................................

10

6.

Глоссарий .............................................................................................

11

7.

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................

12

8.

Қосымшалар ........................................................................................

13-23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

        Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» делінген. Яғни, жаңа заман иелері бәсекеге қабілетті жеке тұлға болуы тиіс. «Жеке тұлға» алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылатын, белгілі бір шешімге келе алатын, ойын жетік, түсінікті жеткізе білетін, маманданған адам.

 

        Жаңа көзқарастағы азаматтарды тәрбиелеу қазіргі таңда үлкен мәселе болып отыр. Осы талапты қанағаттандыру үшін, оқушының психологиясына мына қасиеттерді сіңіре беру қажеттілігі туындайды.

        Ол үшін әрбір шәкірт:

·               Мен не істеймін деу арқылы өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысады;

·               Мен үшін керек деп талаптану, іздену өзіндік жүйесін ояту;

·               Мен не істей аламын деп өзіне сеніммен қарау, қоғамда өзгені сыйлау, өзін‑өзі төзімділікке тәрбиелеу.

 

        Ал, ұстаздың міндеті – осы тұлғаны дамыту. Ендеше жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда «Қызықты математика» курсы бойынша бағдаламаның маңызы зор.

       

        Курс оқушылардың логикалық ойларын дамытады. Дамыған логикалық қабілеттерін жаратылыстану және гуманитарлық бағытында кең қолданылады. Теориялық білімдері кез‑келген ғылым теориясында пайдалы, әсіресе физика курсында. Геометриялық фигуралардың қасиеттері және белгілері, курс бойынша алынған білімдері сызу, информатика және технология курстарында қолданылады.

 

        Бағдарламаны қолдану барысында оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

·               есептеу, дәлелдеу және салуға теориялық білімдерін қолдану;

·               дәлелдеу тұжырымдамаларын білу;

·               математикалық мәндерге қасиеттер және формулаларды пайдалана отырып есептеу;

·               циркуль және сызғыш арқылы салу, қиын емес біріккен есептерді шығару;

·               иррационал сандар мен арифметикалық амалдарды орындау;

·               рационал және тепе‑теңдік түрлендірулерін орындау.

          

       

 

 

        КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

 

        «Қызықты математика» курсының барысында оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамытуға жағдайлар туғызу. Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

 

 

        КУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

 

-                «Қызықты математиканың» теориялық материалдарын жинақтау;

-                «Қызықты математика» бағдарламасына сараптама жасап, зерттеу іс‑әрекетіне сәйкес келетін тақырыптарды анықтау;

-                Қызықты есептерді бірнеше тәсілдермен шешуді қолдана отырып, оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;

-                Оқушының пәнге деген қызығушылығының деңгейін сезінуге, оны игеруде өз мүмкіндігін болашаққа бағыттап, бағалауға көмек көрсету;

-                Оқушылардың жобалау іс‑әрекеттерін ұйымдастыру.

 

       

        КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

 

        «Қызықты математика» курсын ойдағыдай толық меңгерген, танымдық құзыреттілігі дамыған, өз бетінше жұмыс жасауға қалыптасқан тұлға.

 

 

        ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР:

 

·               Сауалнамалар;

·               Тесттер;

·               Зерттеу және даму мониторингтері;

·               Шығармашылық тапсырмалар;

·               Рефераттар;

·               Жобалар;

·               В.А.Андреев ықпалымен өзім жасаған тест‑сауалнама;

·               Оқушылардың шешуші құзыреттіліктерінің қалыптасу сапасы мен деңгейін анықтау (П.И.Третьяков);

·               Блум таксономиясы бойынша жұмыс істеу – тұлғаның білімін, шығармашылық деңгейін анықтау;

·               Оқушылардың жетістерін өлшеу ретінде тапсырмалар жүйесін құру матрицасы;

·               Курстың білім аумағы бойынша оқушы жететін нәтижелері.

 

                

«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» КУРСЫНЫҢ

НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

        Оқушылардың іздеу, зерттеу дағдыларын жетілдіру жұмыстары қазіргі заман талабына сай болуы мәлім. Яғни, одаодан әрі дамуы үздіксіз білім беру жүйесінің тиімді ұйымдастыруымен тығыз байланыс арқылы жүзеге асырылады. Курстың компонент мазмұнын ашуда бейінді дайырлық жұмысыны жүргізуде, болашақта шағын бизнес, программист мамандығына баулуда 5-6 сыныптары аралығында «Қызықты математика» бағдарламасы жасалды.

        Бағдарламаның маңыздылығы:

1.            Қолданбалылығында – өйткені бұл курста оқушының қабілетін ескере отырып, деңгейлік негізде құрылуы, оқушының қажеттілігін өтеуі;

2.            Үздіксіздігінде – «Қызықты математика» курсы бастауыш сыныптардағы «Жанды математика» курсының жалғасы, орта буында білім мазмұны өзара жалғастығын тауып, оқушының ойлау қызметі мен есте сақтауын, қызығушылығын, коммуникативтілік біліктілігін арттыруында;

3.            Курстың құндылығы – әр түрлі қызықты дидактикалық ойындар, санамақтар, ребустар, математикалық ұғымдарды ашқан ғалымдардың жаңалықтары, олардың анықтамалары, тәжірибе жүзінде дәлелденуі негізінде құрылуында, жергілікті, ұлттық ақпараттар негізінде жасалынып, оның негізгі талаптарын қамтамасыз етуінде.

          

ОҚУ‑ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

       

5 сынып бойынша бағдарлама – 34 сағат

 

 

Тақырыптар мен бөлімдер

 

Сағат сандары

 

Оқудың түрлері мен әдіс‑тәсілдері

 

 

Білім өнімі

1

Арифметика бойынша тарихи мәліметтер

8

Ақпарат жинау

Альбом, буклет жасау

2

Логикалық есептер

8

Практикалық жұмыс

Есептерді іріктеу

3

Шығармашылық қабілетін дамытатын есептер

9

Технологияларды пайдаланып, шағын топпен жұмыс жасау

Сөзжұмбақ, ребус, тест құрастыру

4

Ұлттық ойындардың элементтерін енгізу

9

Топтарда жұмыс

Реферат жасау

 

6 сынып бойынша бағдарлама – 34 сағат

Тақырыптар мен бөлімдер

Сағат сандары

Оқудың түрлері мен әдіс‑тәсілдері

Білім өнімі

1

Қазақ халқының халық есептері

7

Дәріс және диалог, топтық жұмыс

Конспект, пікіралысу

2

Логикалық есептер

7

Практикалық жұмыс

Есептерді іріктеу

3

Геометриялық арифметикамен танысу

7

Ақпарат жинау

Тесттер, метаграммалар, шарадалар жасау

4

Ұлттық ойындардың элементтерін енгізу

7

Жекеленген жұмыс

Буклет жасау, мақал‑мәтелдер құрастыру

5

Шығармашылық қабілетін дамытатын есептер

6

Семинар, практикалық жұмыс

Портфолионы жинақтау

 

 

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

 

1.            Қазақ халқының халық есептері. Халқымыздың даналары математика тарихынан. Халық есептері. Мақал‑мәтелдер: ертегілер, эпостар, матеамтикалық мазмұнды фрагменттер. Қазақ ұлттық математикасы, қазақ қолөнеріндегі геометрия.

2.            Логикалық есептер. Логикалық ойындар. Жұмбақ жазулар тарихы, кездейсоқ оқиғалар. Арифметикадан алгебраға беталыс. Алгебра сөзінің шығу тегі. Алгебра негізінің ұғымдары. Кейбір терминдердің және ұғымдардың шығу тегі. Көпмүшелер туралы. Шырпымен берілген есептер. Дәреженің символикалық дамуы. Символдар мен терминдер. Сандармен және заттармен ойындар. Логикалық жаттығулар. Ребустар, шарадалар, метаграммалар.

3.            Геометриялық арифметикамен танысу. Геометрия шығу тегі. Сандық шытырмандар. Симметрия туралы. Лабиринттер. Үшбұрыштар: тең бүйірлі, тік бұрышты, қабырлары әр түрлі. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы. Ертегі есептер. Аксиома, теорема. Математикалық сиқырлар. Саяхаттар геометриясы.

4.            Ұлттық ойындар элементтерін енгізу. Қалжың есептер, қалжың жұмбақтар. «Жеті қазына», «Кесінді», «Шеңбер», «Бұрыштар», «Параллель түзулер» және т.б. ұғымдар.

5.            Шығармашылық қабілетін дамытатын есептер. Салу есептері. Викториналар. Таратпамен берілген есептерді шығару үлгілері. Шахматтық ойындармен берілген есептер, доминолық ойындар. Шамаларды салыстыруға күрделі есептер. Геометриялық фигуралар.

6.            Математика тарихынан. Математика тарихынан. Қазақ халқының халық есептері. Арифметикалық және логикалық есептер. Есептеу алгоритмінің блок‑схемасы.

7.            Пайыздар қолдауы мен қызықты есептер. Күрделі пайыздар. Пайыздар қолдауы мен қарапайым және қызықты есептер шығару. Пропорция. Бөліктер мен пайызды қолдануға күрделі есептер. Күрделі пайыздар.

8.            Қозғалыс есептері. Жүйелеу және жалпылау. Уақыт, жылдамдық, жол қатынастарына есептер. Кері есептерді құрастыру және шығару жолдары. Суретпен берілген есептерді шығару. Математикалық софизмдер.

9.            Қоспа, жұмыс және сандарға есептер. Қоспаға байланысты ертедегі есептерді шығару тәсілдері. Пуассон есебі. Қиюға есептер. Жұмыс және сандарға есептер.

10.        Экономикалық мазмұнды есептер. Экономикалық мазмұнды есептер. Ұлттық экономикалық мазмұнды есептер. Қалжың есептер. Есептер құрастыру.

11.        Конкурстық есептер. Стандарт емес есептер. «Ақбота», «Кенгуру» атты конкурсының тапсырмаларынан алынған есептер. Олимпиада есептері.

12.        Бөлуге арналған логикалық есептерді шешу алгоритмдері. Бөлуге арналған логикалық есептерді шешу, алгоритмдер. Қалдық пен бөлуге арналған есептер. Логикалық есептер. Графтардың ұғымы.

13.        Алгебралық және геометриялық есептер. Алгебралық және геометриялық есептер. Аралас есептер. Математикалық сиқырлар.

14.        Алгебра тарихынан. Алгебра тарихынан. Қазақ халқының алгебралық терминдерінің шығу тегі. Алгебралық және логикалық есептер.

15.        Арифметикалық амалдарды орындау. Көпқабатты алгебралық бөлшектерді түрлендіру. Бөлшектің алымдары және бөлімдерін бүтін санға келтіру. Жылдам есептеу алгоритмдері.

16.        Теңдеулер және теңсіздіктер. Квадрат теңдеулерді шешудің он тәсілі. Квадрат теңдеулердің түбірлерінің орналасуының 10 ережесі. Бүтін және бөлшек бөліктері бар квадрат теңдеулерін және теңсіздіктерді шешу. Квадрат теңдеулерді және бөлшек рационал теңдеу параметрларын шешу. Интервал әдісі. Теңдеулерді және теңсіздіктерді параметрмен шешу.

17.        Бірмүшелер және көпмүшелер. Безу теоремасы. Дәреженің айырымын көбейткіштерге жіктеу формуласы. Бірнеше қосылғыштардың қосындысының квадратының формулалары.

18.        Геометрия тарихынан. Шығу тегі. Салу есептерінің әр түрлі тәсілдері. «Үшбұрыштар» және «Төртбұрыштар» тақырыптары бойынша салу есептері.

19.        Сандар теориясы. Иррационал сандар тарихынан. Ұзындықтары иррационал сандармен өрнектелген кесінділерді салу есептері. Бөлімдегі иррационалдықтан құтылу. Күрделі есептерді шығару.

20.        Үшбұрыштар және төртбұрыштар. Теңшамалас. Геометриялық теоремалардың тамашалығы. Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. Трапеция. Трапецияның қасиеттері. Трапецияның аудандарының теңшамаластығының формуласы. Трапецияның екінші орта сызығы.

21.        Салу есептері. Әр‑түрлі тәсілдер бойынша салу есептері: а) қозғалыс арқылы; ә) гомотетия арқылы; б) инверсия арқылы.

22.        Аудандар. Біріккен фигуралардың аудандарын табу. Тақырып бойынша стандарт емес есептерді шығару. Фигуралардың аудандарын табуға олимпиадалық есептерді шығару.

        Курсты оқыту барысында – оқушылардың есептеу қабілеттерін дамыту және оны қолдану, теориялық білімдерін көтеру және жалпы білімдерін тереңдету жүзеге асырылады. Геометриялық фигураларды қарастыра отырып, логикалық ойларын дамиды. Логикалық қаталдықты және геометриялық көрнекілікті біріктіреді, теориялық білімдері кеңейеді, ішкі байланыстары қарастырылады.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫН ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

 

 

         Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру барысында саралап, деңгейлеп оқытудың әдіс‑тәсілдері пайдаланылды, осы тәсілдер арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:

ü   Оқушылардың төменгі деңгейі бойынша: өз бетінше жұмыс істеуге бейімделіп, берілген материалды дұрыс түсініп, ойын қорытындылайды;

ü   Ортаңғы деңгейі бойынша: оқушы алған теориялық білімін практика жүзінде іске асыруына, тақырып бойынша, өткен тақырып бойынша материалдарды салыстырып, практикалық, сарамандық, шығармашылық, жұмыстар арқылы ойын қорытып, ережесін, қорытындысын шығарады, өз бетімен жұмыс істеуге талаптанады;

ü   Жоғары деңгейі бойынша: оқушының берілген тапсырманы орындау барысында ойлану, іздену, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері дами түседі. Басқа да қосымша әдебиеттермен жұмыс жасап, шығармашылық және ғылыми жұмыстармен айналысуына көп мүмкіндік туғызады, логикалық және математикалық ойлау дәрежелері, жүйелеу дағдысы, қызығушылығы, сауаттылығы нығаяды, ойын дұрыс жеткізуге тырысып, математикалық формулаларды ауызша, жазбаша қолдануға, іс жүзінде кеңінен пайдаланып, өз бетінше білім алу қабілеті ашылып, жалпы интеллектуалдық және математикалық мәдениетін қалыптастыруға талпынады. Жаңа бағдарламаны сараптаудан өткізу кезеңінде көптеген қиындықтар кездесті, атап өтетін болсақ:

ü   оқытудың материалдық базасының төмендігі;

ü   оқу құралдарының жетіспеушілігі;

ü   ғылыми‑тәжірибелік әдебиеттердің аздығы;

ü   мектепішілік кітапхана қорындағы дидактикалық материалдардың аздығы;

ü   әлеуметтік жағдайдың төмендігі;

ü   ата‑аналардың толығымен газет‑журналдарға жазыла алмауы және т.б.

        Бұл проблемаларды шешу жолында пәнаралық үйірме, клуб жұмыстарында оқушылардың шығармашылық, ғылыми жұмыстармен айналысуына, сабақтан тыс уақытта бірлескен тәрбиелік іс‑шаралар арқылы оқушылар әрекетін ұйымдастыру көп қиындықтарды жеңе білді.

        Курсты меңгеру процесінде оқушыларға берілетін тапсырмалардың қызықтылығы, мазмұнының жүйелілігі, бір‑бірімен байланыстылығы, танымдық ұстанымдардың сақталуына көңіл бөлініп, тапсырмалардың орындалу жолдарының тартымды, қызықты болуы үшін көрнекті құралдар, әдістемелік әдіс‑тәсілдер көптеп қолданылды. Оқушылардың тапсырманы дұрыс, жылдам орындап, жұмыс дәптерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

        Ұсынылған бағдарлама негізінде оқу‑әдістемелік кешені құрастырылып, жасалынды. Оқу‑әдістемелік кешені оқу материалының мазмұнын, тараулардың көлемін, оқушылардың теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық, дербестік жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалары бар жұмыс дәптерінен, логикалық және дидактикалық ойындары оқу хрестоматиясынан, тест жиынтығынан тұрады.

        «Қызықты математика» бағдарламасын меңгеру барысында, оқушы белсенділігін арттыру мақсатында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері», Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы, ойын элементтері» сынды әдебиеттерді пайдаландым. Тірек сызба, топтық жұмыстар, эксперименттік‑тәжірибе жұмыстары арқылы жобалау әдістері қолданылды. Ұсынылып отырған бағдарлама бойынша тұлғаның даму деңгейі дағдаларының қалыптасуы үнемі бақыланып, мектеп психологы тарапынан тест, сауалнама жұмыстары алынып, басқа сыныптармен салыстырмалы түрде бақыланылып отырды. Бұл бағдарламаны эксперименттен өткізу барысында «Қазіргі заманға сай оқу процесінің пәнге деген танымдық қызығушылықты эксперттік бағалау проблемасы» атты Г.И.Щукинаның еңбегі бойынша бағалау өлшеуіштері пайдаланылды.

        І және ІІ жарты жылдықта бақылау жұмысы, тест жүргізу, математикалық диктанттар алынып, бақылау сыныбымен салыстыру жүргізілді. Мұнда әр оқушының өзіндік шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру, оларды дамыту мақсатында арнайы портфолиолар дайындалып, жинақталынды. Пән арқылы әр баланың қабілеті, эстетикалық талғамы, сауаттылығы, шығармашылық, дербестік қабілеттерінің дамуы бақыланып, сараланды. «Қызықты математика» бағдарламасын эксперименттен өткізу барысында бағдарламаның мазмұнына сәйкес әдебиеттерді меңгеруде сауалнама, синтез, сұрыптау сияқты зерттеу әдістері кеңінен қолданылды. Бұлар көздеген нәтижемізге қаншалықты деңгейде жеткенімізді анықтауға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫН ТИІМДІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН КЕДЕРГІЛЕР БОЛУЫ  МҮМКІН ҚИЫНДЫҚТАРДЫ БОЛЖАУ

(МАТЕРИАЛДЫҚ, ТЕХНИКАЛЫҚ, КАДРЛЫҚ РЕСУСТАР)

 

 

        Жаңа бағдарламаны сараптаудан өткізу кезеңінде көптеген қиындықтар кездесті, атап өтетін болсақ:

ü   оқытудың материалдық базасының төмендігі;

ü   оқу-құралдарының жетіспеушілігі;

ü   ғылыми-тәжірибелік әдебиеттердің аздығы;

ü   мектепшілік кітапхана қорындағы дидактикалық материалдардың аздығы;

ü   әлеуметтік жағдайдың төмендігі;

ü   ата-аналардың толығымен газет-журналдарға жазыла алмауы және т.б.

 

        Бұл проблемаларды шешу жолында пәнаралық үйірме жұмыстарында, интернет, интерактивті  тақта арқылы оқушылардың шығармашылық және ғылыми жұмыстармен айналысуында, сабақтан тыс уақытта бірлескен тәрбиелік  іс-шаралардың көмегімен қиындықтарды жеңе білді.

Курсты меңгеру процесінде оқушыларға берілетін тапсырмалардың қызықтылығы, мазмұнының жүйелілігі, бір-бірімен байланыстылығы, танымдық ұстанымдардың сақталуына көніл бөлініп, тапсырмалардың орындалу жолдарының тартымды , қызықты болуы үшін қызықты құралдар, әдістемелік әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылардың тапсырманы дұрыс,жылдам орындап, жұмыс дәптерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

Бағдарламаны жүзеге асыруда қолданылатын ұстаздар оқу-әдістемелік кешені бойынша қиындықтармен кездесті, яғни әр оқушыға  жұмыс дәптерін, хрестоматикалық материалдарын өнімдеп беруде.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЛОССАРИЙ

 

§    Бейіндік оқыту – білім беру процесінің мазмұнындағы, құрылымдағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы.

§    Білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі серпіні мен жай‑күйін жүелі бақылау, талдау, бағалау және болжау.

§    Диагностика – оқу процесінің жағдайларын объективті және жан‑жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; Танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан серпін мен беталыс айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады.

§    Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс әрекет тәсілдерінен мазмұны мен көлемін, сондай‑ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.

§    Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын‑ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері.

§    Элективтік курстар (таңдау бойынша курстар) – мазмұны оқушылардың жеке икемділіктері мен таңдауына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқу курстары, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне септігін тигізетін элективтік курстардың жиынтығы (таңдау бойынша курстар) базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігін құрайды.

§    Құзірет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс‑әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды.

§    Құзіреттілік – оқушылардың іс‑әрекетін әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.

§    Тұлғаның әлеуметтенуі – адамнан қоғамдық қатынастар жүйесіне ену және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуды қарастыратын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндықтарды меңгеру процесі (нәтиже).

§    Бағалау – бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс‑әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процесі

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.            Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007ж.

 

2.            2012 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

 

3.            2010 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

 

4.            2014 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру» стратегиясы

 

5.            М.М.Лиман «Оқушыларға математика және математиктер жайлы». – Алматы, 1996ж.

 

6.            М.Горднер «Математические чудеса и тайны». – М.: Просвещение, 1988.

 

7.            Л.Кэролл «Логические игры». – М.: Просвещение, 1972 г.

 

8.            К.Б.Бектаев, А.И.Мостовой, С.Тлеуқабылов «Орта мектепте математика кештерін ұйымдастыру және оны өткізу», Алматы, 1993 ж.

 

9.            Л.Ф.Пичурин «За страницами учебника алгебры». – М.: Просвещение, 1994 г.

 

10.        Е.М.Гельфан, С.А.Шмаков «От игры к самовоспитанию». – М.: Просвещение, 1979 г.

 

11.        Я.И.Перельман «Занимательная алгебра». – М.: Просвещение, 1993 г.

 

12.        Т.Р.Әлембай «Математикадан сыныптан тыс жұмыстары», Алматы, 1989

 

13.        М.Л. Галицкий «Сборник задач по алгебре». – М.: Просвещение, 1985 г.

 

14.        Қ. Собалақов «Математика тарихынан», Алматы, 1989 ж.

 

15.        П.Ф.Стротилов «Дополнительные главы по курсу математики». – М.: Просвещение, 1989 г.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ӨЗДІК БАҚЫЛАУЫ

В.А. АНДРЕЕВТЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН ӨЗІМ ЖАСАҒАН

ТЕСТ САУАЛНАМА

 

         Бағалауды орындағанда өзіңізше сәйкесті сапа даму деңгейін ең жоғарғы (10-шы) жеке ең төмеңгі (1-ші) деңгейлерін ой елегінен өткізіңіз, содан соң 10 балдық шкаладан өзіңіздің орнынызды тауып алыңыз, таңдаған өздік бағалау ұпайыңызды дөңгелетіңіз.

 

1

Құрастырылған оқу бағдарламасы өз көзқарасыңызды дәлелдеуге, ғылыми пікірталас жүргізуге қабілетіңізді және біліміңізді қаншалықты жоғары бағалайсыз?

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

2

Курс бойынша мұғалімнің қолданған іс‑әрекетін қалай бағалайсыз?

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

3

«Қызықты математика» тақырыбы бойынша курста шығармашылық жұмыспен айналысқанда қаншалықты қанағаттандыңыз?

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

4

Егерде сізде қандайда бір ой туындаса, онда сіз оны алдын‑ала теориялық негіз деп, тәжірибеде тексеруге қаншалықты қабілеттісіз?

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

5

Cіз оқыту саласында бір нәрсені зерттеуге қандай дәрежеде сұранысқа мұқтажсыз?

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

6

Сіз тесттілеу, сауалнама алу, зерттеу әдістерін қаншалықты дәрежеде жұмыс жасай аласыз?

 

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

7

Сіз өзіңіздің тест, өздік сауалнама әзірлей білуіңізді қаншалықты жоғары бағалайсыз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

8

«Қызықты математика» курс бойынша нәтижелерін өңдегенде және жүргізгенде қаншалықты дәрежеде компьютерлік техниканы, математикалық статистика әдістерін пайдалануға қабілеттісіз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

9

Курс бойынша Сіздің қатысу дәрежеңіз, жауапкершілігіңіз, белсенділігіңіз қаншалықты болды?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10

Сіздің көпшілік, топтың алдында баяндама талдауға қатысу дәрежеңіз, жауапкершілігіңіз, белсенділігіңіз қаншалықты болды?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

СІЗДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ДЕҢГЕЙІҢІЗДІ

АНЫҚТАУ ШКАЛАСЫ

 

Жинақталған ұпайлар саны

Әдіснамалық мәдениет деңгейі

10-18

1-өте төмен

19-27

2-төмен

28-36

3-ортадан төмен

37-45

4-ортадан сәл төмен

46-54

5-орта

55-63

6-ортадан сәл жоғары

64-72

7-ортадан жоғары

73-81

8-жоғары

82-90

9-өте жоғары

91-100

10-жоғарының жоғарысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕШУШІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ САПАСЫ МЕН ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ (П.И.ТРЕТЬЯКОВ)

Пәні                                                          Сыныбы                                         

Мұғалімі                                                                                                           

 

Шешуші құзіреттіліктерінің түрі

Құрастырушы компоненттері

Бағасы

(0-1-2-3 балы)

  1. Зерттеу

-       тәжірибеден өзіне пайдасын алу біліктілігі;

-       өз білімінің байланысын және ретін ұйымдастыра білу біліктілігі;

-       оқытуда өзінің жеке тәсілдерін ұйымдастыра ала білуі;

-       мәселені шешу біліктілігі;

-       өзінің білім берудегі өз бетінше жұмыс жасай алу біліктілігі;

 

барлық ұпай сандары

  1. Іздеу

-        ақпарат білу біліктілігі;

-        кеңес беру біліктілігі; айналасындағыларға сұрақ қою біліктілігі;

-         құжаттармен жұмыс жасау біліктілігі;

-        Интернетпен жұмыс жасай алу біліктілігі;

 

барлық ұпай сандары

  1. Ойлау

-           кез келген аспектілерге сыни көзқараспен қарау біліктілігі;

-           өткен жіне қазіргі оқиғалардың өзара байланысын ұштастыру біліктілігі;

-           қиындықтар мен сенімсіздіктерге қарсы тура алу біліктілігі;

-           әлеуметтік құбылыстарды бағалау біліктілігі;

 

барлық ұпай сандары

  1. Бірлесе жұмыс атқару

-          жұпта, топта жұмыс атқару біліктілігі;

-          шешім қабылдау біліктілігі;

-          әр түрлі көзқарасты, жан‑жалды жоя білу біліктілігі;

-          келісім‑шартты орындау біліктілігі;

 

барлық ұпай сандары

  1. Іске кірісе білуі

-          жобаға (іске) кірісу біліктілігі;

-          жауапкершлікті сезіну біліктілігі;

-          топқа ену және өзінің үлесін қосу біліктілігі;

-          өзінің жұмысын ұйымдастыру біліктілігі;

-          қосалқы аппатуралар, техникаларды пайдалану біліктілігі;

 

барлық ұпай сандары

  1. Бейімделуі

-     жаңа шешімдерді табу біліктілігі;

-     қиындықтардың алдында тұрақтылық көрсету біліктілігі;

-     шұғыл өзгерістер алдында иілгіштік көрсету біліктілігі;

-     өміршең технологияларды пайдалану біліктілігі;

 

барлық ұпай сандары

1.       Жүйедегі барлық құраушы көрсеткіштер бойынша түйінді құзіреттіліктерге бағалау жүргізу;

0 ұпай – сын көтермейтін деңгей

1 ұпай – төмеңгі деңгей

2 ұпай – жеткілікті деңгей

3 ұпай – оптималды деңгей

Шкаласы: 51-64 % - төменгі деңгей; 65-80 % - жеткілікті деңгей; 81-100 % - жоғары деңгей.

2.       6 негізгі блоктардың әр қайсысы бойынша орташа ұпайды есепте

                                                                                                                          

3.       Ауытқуды анықта                                                                                       

 

4.       Мұғалімнің іс‑әрекетінде оларды түзету үшін ресурстарды тап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

 

Б. БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫН БАҒАЛАУ

 

 

Дағдылар

 

Көрсеткіштер

 

Өлшеуіштер

 

1

Білім

-            Берілген жаңа түсінікті ұғу, еске сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру

 

Жаңа түсініктердің, бұрынғы білімдерінің анықтамасын айт

 

2

Түсінік

-           Жаңа материалда берілген білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау

 

Түсіндір

Айт

Көрсет

Жаз 

3

Қолдану

-           Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалану

 

Бұрынғы білім

негізін пайдалана отырып,

жаңа проблема шеш

 

4

Талдау

-           Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді мәнін бөліп ала білу. Яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау

 

Ойлан

Салыстыр

Тап

Талқыла

Ізден

5

Синтез

-           Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас жасау

 

Ойланып тап

Құрастыр

 Шығар

Байланыстыр

 

6

Баға

-           Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау

 

Бағала

Талқыла

Өз талабын айт.

 

 

 

 

 

Қосымша 4

 

РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫБЫ:

 

-    Ұлттық ойындардағы математика;

-    Халқымыздың даналары;

-    Есеп шығаруда тиімді тәсілдерді қолдану;

-    Математика сабақтарындағы экономика;

-    Математикалық сиқырлар;

-    Логикалық есептер;

-    Математика сабақтарында компьютер қолдану;

-    Төртбұрыштар түрлері;

-    Табиғаттағы симметрия;

-    Біріккен фигуралардың ауданын табу.

 

 

ЖОБАЛАР ТАҚЫРЫБЫ:

 

-    Ұлттық экономикалық мазмұнды есептер;

-    Оқыта үйрету ойындарының математика сабақтарын меңгерудегі маңыздылығы;

-    Математикадағы таңдамалы есептер;

-    Модуль таңбалы теңсіздіктерді шешу;

-    Квадрат теңдеулерді шешудің он тәсілі;

-    Мебиус жапырағы;

-    Теңсіздіктерді дәлелдеу әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:

-    Альбом, буклет жасау;

-    Фигураларды құрастыру;

-    Функциялардың графиктерін компьютерде салып көрсету;

-    Бір есепті бірнеше тәсілмен шешу;

-    Сөзтізбек, анаграмма, сөзжұмбақ, шарадалар құрастыру;

-    Сиқырлы тригонометрия;

-    Координаталық жазықтықта сурет салу;

-    Логикалық есептердің шағын жинағын дайындау;

-    Пайыздың қолдауымен қызықты есептер құрастыру;

-    Алгоритм құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Изображение 003

 

 

Изображение 004

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Таңдау курсы бойынша бағдарлама «Қызықты математика»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» делінген. Яғни, жаңа заман иелері бәсекеге қабілетті жеке тұлға болуы тиіс. «Жеке тұлға» алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылатын, белгілі бір шешімге келе алатын, ойын жетік, түсінікті жеткізе білетін, маманданған адам.

Жаңа көзқарастағы азаматтарды тәрбиелеу қазіргі таңда үлкен мәселе болып отыр. Осы талапты қанағаттандыру үшін, оқушының психологиясына мына қасиеттерді сіңіре беру қажеттілігі туындайды.

Ол үшін әрбір шәкірт:

  • Мен не істеймін деу арқылы өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысады;
  • Мен үшін керек деп талаптану, іздену өзіндік жүйесін ояту;
  • Мен не істей аламын деп өзіне сеніммен қарау, қоғамда өзгені сыйлау, өзін‑өзі төзімділікке тәрбиелеу.

Ал, ұстаздың міндеті – осы тұлғаны дамыту. Ендеше жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда «Қызықты математика» курсы бойынша бағдаламаның маңызы зор.

Курс оқушылардың логикалық ойларын дамытады. Дамыған логикалық қабілеттерін жаратылыстану және гуманитарлық бағытында кең қолданылады. Теориялық білімдері кез‑келген ғылым теориясында пайдалы, әсіресе физика курсында. Геометриялық фигуралардың қасиеттері және белгілері, курс бойынша алынған білімдері сызу, информатика және технология курстарында қолданылады.

Бағдарламаны қолдану барысында оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

  • есептеу, дәлелдеу және салуға теориялық білімдерін қолдану;
  • дәлелдеу тұжырымдамаларын білу;
  • математикалық мәндерге қасиеттер және формулаларды пайдалана отырып есептеу;
  • циркуль және сызғыш арқылы салу, қиын емес біріккен есептерді шығару;
  • иррационал сандар мен арифметикалық амалдарды орындау;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 553 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Конспект открытого урока "Здоровый образ жизни" (сложение, вычитание, умножение и сравнение обыкновенных и десятичных дробей)
  • Учебник: «Математика», Виленкин Н.Я., Жохов В.И. и др.
  • Тема: § 6. Десятичные дроби. Сложение и вычитание десятичных дробей
  • 03.04.2018
  • 643
  • 11
«Математика», Виленкин Н.Я., Жохов В.И. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2018 4473
    • DOCX 1.9 мбайт
    • 64 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идрисова Молдир Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Идрисова Молдир Сериковна
    Идрисова Молдир Сериковна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53604
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация учебно-исследовательской деятельности учащихся как средство развития познавательной активности при обучении математике в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 068 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: отрицательные числа, дроби, возведение в квадрат, извлечение квадратного корня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона