Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы:" Әлемді тербеткен - ана" 3 сынып. Сыныптан тыс шара

Тақырыбы:" Әлемді тербеткен - ана" 3 сынып. Сыныптан тыс шара

Скачать материал

 Тақырыбы: Әлемді тербеткен –ана!

Мақсаты:

1.Білімдік:  Оқушыларға сегізінші наурыз мерекесі туралы, басқа елдерде тойлану ерекшеліктері туралы ақпарат беру.

2. Дамытушылық: Дүниедегі ең қымбат жан ана екендігін ұғындыра отырып,баланың анаға деген ыстық ықылысын, сыйластық сезімін оятуға ықпал ету.

3. Тәрбиелік: Ананы құрметтеуге, сыйлауға, қадірін білуге, анаға деген сүйіспеншілікке баулу.

Көрнекілігі: Ана туралы бейнетаспа, шет елдердің суреттері (слайд түрінде)

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: әдеби-сазды бағдарлама

Сабақтың барысы:

     Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-          Құрметті Ұстаздар! Аналар!  Көктемнің алғашқы мейрамы, төл мерекелеріңіз, Сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!

2 «Д» сыныбының «Әлемді тербеткен -ана!» атты мерекелік іс-шарасына қош келдіңіздер!

Адамдықтың ашсаң сол, қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп,

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттердің бәрі анадан дарыған. Иманды қасиеттердің көбісі- ананың мейірбандығы, ананың махаббаты, сезімі, ізгілігі мен ізеттілігі, ақ көңілі мен адал ниеті- бәрі- бәрі адамға ана құрсағында жатқанда қалыптасады. Батыр да, бағбан да, көсем де, шешен де, данышпан да – бәрі- бәрі анадан туған.

                      І Қызығушылықты ояту.

Бейне таспа «Ана махаббаты»

-Мінекей, балалар бейнетаспадан қандай көріністі тамашаладық?

- Ана мен бала туралы.

-Иә,сіздер дүниеге шыр етіп келгеннен бастап аналарыңыз дәл осы бейнетаспада көргендей, сіздерді алақандарына салып, мәпилеп өсіріп,  әлпештеген  ең абзал жан - аналарың екен. Сондықтан аналарыңызды  сыйлап құрметтеуге, қадірлеуге тиіс екенсіздер.

-Бүгінгі сабағымыз кім туралы деп ойлайсыңдар?

-Ана туралы.

Лездеме сұрақтар:

-         Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім? (Ана)

-         Жүрегі жылы жан бар ма? (Ана)

-         Құшағы кең кім? (Ана)

-         Олай болса, біздің аналарымыз қандай?

Менің анам .......... (оқушылар бір ауыз сөзбен аналарының қандай екенін айтады)

Мейірімді, ақылды, аяулы, ақпейіл, ақжарқын, әдемі, сұлу, сүйкімді,сыйлы, қадірлі, қымбат, парасатты, инабатты, ибалы.т.с.с.

                                               

                                ІІ Мағынаны тану.

  Сыныпқа Дымбілмес келді:

-         Апай-апай мен түсінбедім, Неге күнтізбеде 8 наурыз қызылмен берілген?

Мұғалім: Дымбілмес, сен алдымен біздің сыныптағы қонақтармен амандас. Содан кейін сенің сұрағыңа жауап табамыз?

-         Сәлематсыздар ма! Кешірерсіздер, осы сыныптың алдымен өтіп бара жатыр едім, күнтізбе ілініп тұр екен, 8 наурыз қызылмен жазылған, әрі ойладым, бері ойладым шешуін таппадым, соның себебін білу үшін келдім.

Мұғалім: Жарайды, Дымбілмес, қазір бәріміз бірге білетін боламыз.

Дымбілместің сұрағына кім жауап береді?

Оқушы: Күнтізбеде 8 наурыз қызыл түспен жазылған, өйткені, бұл күн біздің аналарымыздың  мейрамы ғой.

       Мұғалім: Дұрыс айтасың, Дильназ, ал неге бұл мейрам 8 наурыз күні тойланады білесіңдер ме, балалар?

Оқушылар: Жо-оқ

Мұғалім: Олай болса, барлығымыз тақтаға назар аударайық: слайд

Оқушы: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияда  біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтылды. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

Мұғалім: Өте жақсы, бұл мереке тек біздің елімізде тойлана ма, қалай ойлайсыңдар?

Оқушы: Жоқ бұл мереке бар әлемде тойланады.

Шет елдерде аналар мерекесіне арнайы сыйлықтар дүкен сөрелеріне шығарылады екен.Балабақша мен мектептерде балалар өз қолдарымен сыйлық дайындайды.Бұл күннің ең басты сыйы тәтті торт.

Оқушы:  Ал, Англияда ондай торттың үстіңгі жағына жаңғақ қосылған марципан деген кондитерлік 12 шармен , қанттың ұнтағымен, сұйытылған қантпен әсемдейді.Бұл жұлдызнамадағы 12 белгіні білдіреді.

Оқушы: Америкадағылардың сол күнгі жалғыз жұмысы –өзіне арнап жолданған сыйлықты  гүл шоғын қабылдау үшін сыртқы есікті ашу ғана болады екен.

Оқушы: Канадада Аналар күніне арналған қызықты шаралар мен жолсапарларға билет бірнеше апта бұрын сатылып кетеді. Мереке ұйымдастырушылар арнайы экскурсиялық пойыз шығарып, әсем жерлерді тамашалауға мүмкіндік жасаумен қатар, аналарға әдемі естелік сыйлықтар тарту етеді.

Мұғалім: Ал, балалар біздің елімізде қалай тойланады? Отбасында аналарыңызды қалай қуантасыңдар?

Оқушы:  Мереке күні аналарымыз демалады. Бұл күні біздің аналарымыз да сыйлықтар алып, қуанышқа бөленеді. Отбасында да, жұмыста да сыйлықтар беріледі, еңбегіне қарай марапаттаулар алады.

  Біздің отбасында, мереке күні әкем екеуміз анамызға арнап таңғы ас дайындаймыз. Әрине, мерекелік тортты да ұмытпаймыз. Оған анамыз қатты риза болып, алғыс айтады.

Дымбілмес:

-А,а енді түсіндім апай. Рахмет сіздерге,  сіздер өте білімді балалар екенсіздер. Мен бұл жаңалықты достарыма барып айтайын.Сау болыңыздар!

Мұғалім: -Ал, балалар, мейрам туралы ақпаратқа қаныққан болсақ, аналарымызға және қонақ аналарға арнап дайындаған жүрекжарды лебіздерімізді жеткізуге кезек келді.

Хор: «Ақ мамам»

-Ана туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Естерімізге түсірейік:

1-оқушы: Ақ шашты ана «Жастығым-балам»-дейді

             Ақылды бала «Ай-күнім анам »дейді

 2-оқушы: Алып анадан туады.

 3-оқушы:  Ана алақанының аясы

              Ақ  шынардың саясы.

4-оқушы:  Ана алдында –құрмет,

              Ата алдында-ізет.

5-оқушы:  Анаға баланың алалығы жоқ.

6-оқушы:  Ана көркі-алдындағы баласы.

7-оқушы:  Аналы баланың өзі тоқ

              Анасыз баланың көзі тоқ.

8-оқушы:  Ананың алақаны-балаға айдынды  қоныс.

9-оқушы:  Ананың ойы ұяда,

               Баланың ойы қияда.

10-оқушы:  Ананың сүйген жері-отқа күймейді,

                 Оқ та өтпейді.

11-оқушы:   Ананың сүті-бал

                 Баланың тілі-бал

12-оқушы:   Ананың ізін қыз басар

                Атаның ізін ұл басар.

13-оқушы: Анаңа ауыр сөз айтпа,

               Атыңа ауыр жүк артпа.

14-оқушы: Ана сүтін ақтамағанды,

                    Ешкім ақтамайды.

Ана туралы жыр жолдарына кезек берейік:

1.     Қ.Мырзалиев. «Ана» Оқитын: Хайролла Мұратжан.

2.     М. Мақатаев. «Ана, сен бақыттысың!» Оқитын: Алтай Нұрай.

3.     Қуат Ахетов.  «Әже» Оқитын: Муханбетжан Аяулым.

Көрініс: 

Қабдірәкім Ыдырысов «Әжесі мен Бағлан»

-Жүрегім кім менің?

-Мен!

Тірегім кім менің?

-Мен!

Сәнім кім менің?

-Мен!

-Ботақаным Бағлан қозым

Не деген тәтті баласың өзің?

-Ой, қарғам менің

- Жоқ, әже қарғаң мен емес!

Жо-жоқ қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың

Қарға қарқ-қарқ етеді

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым

       Мен ешқайда бармаймын!

Ән: «Асыл әже» Орындайтын: Жанаман Еркеназ  Қарсы алайық!

ІІІ Ой толғаныс

«Жүректен жүрекке»

     - Құрметті қонақтар, бүгінгі «Әлемді тербеткен ана!» атты шарамызды аналарымызға, ұстаз аналар сіздерге  деген жылуымызды, шуағымызды шашу және әрқашан жүзіңізден мейірім нұры төгілсін деген ниетпен  ұйымдастырып отырмыз.

   Осы сәттің қорытындысы ретінде оқушыларымыздың  мына «Біз бергеміз » атты алақандай жүрекшелеріне, өзіңіздің балаларға арналған жүрекжарды тілектеріңізді жазуларыңызды сұраймыз. (оқушылар қонақтарға гүл шоғын ұсынады және жүрекшелерге тілек жаздырып алады)

 

Хор: « Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Осымен, 2 «Д» сыныбының «Әлемді тербеткен- ана!» атты тәрбиелік шарасы мәресіне жетті. Сау болыңыздар!  Тағы да, Мерекелеріңізбен!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№47 жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

       «Бастауыш сыныпта сындарлы оқытудың әдіс тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбындағы қалалық семинарға жасақталған, 2 «Д» сыныбында өткізілген ашық тәрбие сағаты.

 

Тақырыбы:

«Әлемді тербеткен-ана!»

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                          Өткізген: Бастауыш сыныптың І санатты           

                                                           мұғалімі Галимова Шолпан Қозадиясқызы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы:" Әлемді тербеткен - ана" 3 сынып. Сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 030 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2017 1002
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Галимова Шолпан Козадиясовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Галимова Шолпан Козадиясовна
    Галимова Шолпан Козадиясовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11737
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 525 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 251 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе