Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. (4 сынып)

Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. (4 сынып)

Скачать материал

Дүниетану  ________________

Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы.

Мақсаты:  Жаңа сабақты түсіндіру.

                    Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.

                     Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.   

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

 Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.   

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің  қандай пайдасы бар?

-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлауСу. Табиғаттағы су айналымы.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі: Су  ғажайып зат. Табиғаттағы су үш  түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес  бу күйінде кездеседі.Су-табиғатта ең  көп  таралған зат.Жер  бетінің үштен бір  бөлігін су қабаты алып  жатыр.Қалған үштен бір бөлігін ғана құрлық.

Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?

Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.

«Су –тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.

Оқулықпен жұмыс.  Тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс.  Күн ретін,ауа райын жазу.  Судың қандай күйде кездесетінін жазу.

Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су  айналымы қалай жүреді? Тақтаға суретін салып көр.

-Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 56,57,58-бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану  ________________

Тақырыбы: Жер  асты  сулары.

Мақсаты:  Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.

 Ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, мазмұнын өз сөзімен жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Тазалыққа ,достыққа ,табиғатқа зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.      Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.   

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Мазмұнын айтқызу. Дәптерлерін тексеру. Тақтада су айналымы қалай жүретінін бейнелету.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Табиғаттағы су  айналымы қалай жүреді?  -Адам су ішпей қанша уақыт төзе алады?

-Қанша кг. су азайса адам өліп кетуі мүмкін?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау Жер асты сулары.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Кіріспе Жер асты суы дегенді қалай түсінеміз? Біз жер асты суын пайдаланамыз ба?

Сурет бойынша жер асты сулары қалай пайда болатынын өзіміз түсіндіріп көрейік.

Судың бір қасиеті-еріткіштігі. Ол осы қасиетімен жерге сіңген кезінде тау жыныстарындағы түрлі минералдарды ерітеді.  Судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм,иіс пайда болады. Температурасы өзгереді. Енді ол сулар минералды су болды.Минералды сулардың ішуге жарамды, жарамсызы болады.Ішуге жарамды судың бір литрінде 2-20 грамм еріген тұз болады. Әртүрлі сырқаттардан айығуға көмектеседі. Оларды шипалы су деп те атайды. Шипалы су шығатын жердің маңына курорттар салынады.Ел арасында «арасан» деп те аталады.Алмаарасан,Қапаларасан, Барлықарасан,Арасанталды,Жаркентарасан атаулары осыдан шыққан.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Суреттер бойынша еліміздегі шипажайларды жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  -Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

    Минералды су қайдан пайда болады? Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?    Жер асты суының қандай пайдасы бар? 

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 58,59,60-беттерді оқу, мазмұндау.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану  ________________

Тақырыбы: Өзендер  мен  көлдер .

Максаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.

Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.

Өз  Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.   

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

 -Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

            Минералды су қайдан пайда болады?

            Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? 

            Жер асты суының қандай пайдасы бар? 

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер –құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты  немесе жыл маусымдарының   көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға  ,теңіздерге, көлдерге құятын  немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер—негізгі , ал бұларға келіп қосылатын  олардың салалары деп аталады.

  Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі  ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты  тағы 3  өзен бар.

Ішуге жарамды судың тағы бір көзі  -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий—көлдердің ең үлкені.

Дүние жүзіндегі ең терең көл---Ресей жеріндегі Байкал көлі.   Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі  іріі көл—Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.

Дискіден өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп. теріп жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

           -Қандай көл суын ішуге болады?

-Көлдің  буланған суының орнын қалай толтырады?

- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?

Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:61,62- беттерді оқу,мазмұны..Дәптерге үш қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.

 Бағалау.

Су қалың топырақ қабатынан өтіп, лай мен тұздан тазарады.

Сондықтан адамдар құдық қазып, одан алынған суды ішуге және шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.

     Жер қыртысының су өткізбейтін қабатына жиналған су сыртқа шығатын жер іздейді. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ деп атайды. Бұлаң суы жылғалармен ағып, ірі өзен суларына барып қосылады. Ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану  ________________

Тақырыбы:  Адам  тіршілігіндегі  судың   маңызы.

Сабақтың  тақырыбы: Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын әңгімелей отырып, топтық талқыға салу, ой қорыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.   

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Өене  мен  көлдер» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

 -Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

            Минералды су қайдан пайда болады?

            Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен? 

            Жер асты суының қандай пайдасы бар? 

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.

Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .

Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.

Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды.

Қорытынды: Адам өміріндегі судың маңызыСусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан  айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су  ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі  судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса  сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход)

 

 

 

 

Дүниетану  ________________

Тақырыбы:  Күн мен түннің ауысуы.  

 

Мақсаты: Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік   

                  беру.   Теориялық ойын ,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

                  Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ   

 Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  орындау сабаққа аудару   

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Градус торы туралы сұрап ,білімдерін тиянақтау. Глобуспен тақтада жұмыс жүргізу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Экватор сызығы Жер шарын қаншаға бөледі? Олар қалай аталады?

-Параллельдер деген не? Меридиан деген не? -Градус торын не құрайды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа тапсырмалар беріп отыру.Сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы өткізу.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Жер туралы бұрыннан білетіндерін айтқызу:

Жер шар тәрізді дене,сыртын атмосфера қаптап  тұрады,күнді айналып жүреді,серігі-Ай,6 материктен тұрады,4 мұхиттан тұрады,

Бүгінгі сабақта алатын білімдері :Жер білігі дегенді түсіндіріп алу .Ол үшін  пластиллиннен домалақ жасап ,ортасынан жіп жіберу . Сол жіптің білік екенін түсіндіру. Глобустан жер білігін көрсету.Жер осы өз білігінен айналады . Май шамын жағу.Бұл күн екенін ескерту.

1-тапсырма:Не байқадыңдар?

Ой толғау: бір жағы қараңғы, бір жағы жарық. Күн түскен жағы күндіз,қараңғы жағы түн болады.

Глобусты айналдыру.

2-тапсырма:Енді не өзгеріс болды?

Ой толғау:Күн мен түн ауысты. Жер  өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт  тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады

Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:

Слайд көрсету:

1)Жер қалай пайда болған?

Жер газ бен тозаңнан тұрған.Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.

2)Жер ғарыштан қандай болып көрінеді?

Жасыл және қоңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар.

3)Жер ішінде не бар?

Ядро бар,өте ыстық,өте қатты,оған бұрғылаумен жету мүмкін емес.+4000°С

Одан соң мантия болады.Ол ыстық тау жыныстарынан және жартылайбалқыған тау жыныстарынан тұрады.

Жер қыртысы болады.

4)Жердің магниттік өрісі

Жердің магниттілігі планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр токтарынан пайда болады.магниттік өрісі көзге көрінбейді

5)Жердің ашылуы

Жерді алғаш Эратостен  деген грек математигі ашты.

Оқулықпен жұмыс Іштей оқыту. Теріп оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ой толғау:

Күн мен түннің ауысып тұруының адам баласы үшін тигізер пайдасын әр топ айтып береді

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Не себепті   Күн сәулесі бір мезгілде Жердің бір жақ жартысына ғана түседі?
-Күн  мен түн неге ауысады? -Тәулік деген не?

-Жердің өз білігінен айналуының тіршілік үшін қандай маңызы бар?

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі:  124-125- беттерді оқу, мазмұны.Сармандық жұмыс жасап көру глобуспен. ІХ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы

Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны  шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді.  Топырақтағы  қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады .

 Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%,  қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды .   Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады.

 

Жануарлар тіршілігі үшін судың маңызы

Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды .   Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар .  Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар  бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады  .  Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибе

Анаңа шәйнекке су ңұйып, отқа қоюын сұра. Біраздан кейін ңайнап, бу шығады. Қайнаған сайын су біртіндеп азая беретін' байқайсың. Сонда су қайда кетті?

Су буға айналды! Егер далада күн суық болса, асүйдің жабы тұрған терезесі «терлейді». Онда су тамшылары пайда болады. Бұл шәйнектен қайнап шығып, қайтадан суға айналған бу. Біраздан кей' терезе кеуіп кетеді. Су тамшылары қайда кетті? Олар ңайта була ды. Осылайша қарапайым тұрмыс жағдайында су айналымы қала жүретінін бақыладың.

1.                Суретке қарап отырып, табиғаттағы су айналымы туралы айт.

2.                Су айналымы кезінде судың қандай қасиеттері байқалады?

 

 

 

 

 

 

 

Табиғаттағы су айналымының сызбасын сыз.

Табиғаттағы су айналымы туралы әңгімеле, оны дәптеріңе жаз.

         Жерасты сулары

1.                Жерасты сулары деп қандай суды айтады?

2.                Жерасты сулары қалай пайда болатынын айт.

Су қалың топырақ қабатынан өтіп, лай мен тұздан тазарады.

Сондықтан адамдар құдық қазып, одан алынған суды ішуге және шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.

     Жер қыртысының су өткізбейтін қабатына жиналған су сыртқа шығатын жер іздейді. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін бұлақ деп атайды. Бұлаң суы жылғалармен ағып, ірі өзен суларына барып қосылады. Ірі өзен сулары көлдер мен теңіздерге құяды.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану.  10.12.16.  4 «В»сынып

Тақырыбы:   Сарамандық  жұмыс.

Мақсаты: Ауаның ластануы және ауаны қорғау тақырыбын түсіндіру.

                   Ой-өрісін,тіл байлығын,   есте сақтау қабілеттерін дамыту.

                    Табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға, тазалыққа ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.  Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.   

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:Ауаны ластаушы заттар. Ауаны қорғау

      Карта бойынша  жылуы 20 грдустан төмендемейтін жерлерді  және ең суық аймақтарды көрсету. 

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

      Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Ауа райын бақылау үшін не қажет?

       Қазақсатанның жеріне не себепті жауын-шашын аз түседі?

        Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

ІV Мақсатын қою кезеңі:

 V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.

Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.

Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.

 Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.

Оқулық бойынша түсіндіру.

Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.

            Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын.Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар ,улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.

Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Ал адамның  ауаны ластауынан  ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш  қондырғылар  орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Дәптермен жұмыс.

 Орман ағаштарын кескеннен кейін  табиғатта қандай өзгерістер болады.?

Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?

Екі бағанға жазып, қорытынды жасату.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

 VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:  68,69,70- беттерді оқу, мазмұны.

  Бағалау.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану.  28.11.15.  4 «Б»сынып

Тақырыбы:    Топсаяхат. Тест  жұмыстары.

Мақсаты:  Су және ауа тақырыптары бойынша  білімдерін тиянақтау,тексеру.

                      Өз бетінше жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тиянақты болуға, жауапкершілікке, сенімділікке тәрбиелеу.    

Сабақ типі: қайталау сабақ Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімеле.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын сабаққа  аудару.

 ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?

- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.  Су және ауа тақырыбын қайталауға арналған тест жұмысы

Тест тапсырмалары

1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?

 А) үштен бірін           Б)екіден бірін

Ә) үштен екісін          В(төрттен бірін

2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.

А) еріткіш       Б)түссіз, дәмсіз

Ә)аққыш         В) иісі бар

3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?

А) тұщы          Б) қышқыл

Ә) минералды                                          В)салқын

4.Ең терең көлді білесің бе?

А) Алакөл       Б) Балқаш

Ә) Байкал       В) Зайсан

5. Өзен сулары қандай болады?

А) тұзды         Б)шипалы су

Ә) тұщы          В) минералды су

6.Су қанша күйде кездеседі?

А) 4     Б)2

Ә) 3     В) 1

7. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?

А) теңіздің тасуынан  Б) судың көп булануынан

Ә) дауылдың соғуынан          В) жиі жауған жаңбырдан

8. Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?

А) 900л           Б)200л

Ә)700л В)500л

9.Аралдан кейінгі ірі көл.

А) Алакөл       Б) Балқаш

Ә) Зайсан        В) Ыстықкөл

10.Аралдан жылына қанша метр су буланады?

А) 2м   Б) 3м

Ә)1м   В) 0м

11.Ауаның түсі қандай ?

А)бұлыңғыр, көкшіл  Б)түссіз,мөлдір

Ә) ақшыл,бу   В)жылтыр,газ

12.Жер бетінде ауаның ауысуынан  не пайда болады?

А)тұман          Б) кемпірқосақ

Ә)нөсер          В)жел

13.Біздің жерімізге суық ауа қай жақтан келеді?

А)таудан        Б)солтүстіктен

Ә)бұлттан       В) оңтүстіктен

14.Ауаны тазартудың ең тиімді жолы?

А)газдандыру Б) сүзгіштер қою

Ә) көгалдандыру        В) желдеткіш орнату

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі  Су ,ауа тақырыбын  қайталау . Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану. 02.12.15.  4 «Б»сынып

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі.

Мақсаты:Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру .Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны ,ерекшелігі туралы ойын дамыту.

Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер

Әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу,көрнекілік,сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.    

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу.

-Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жауарлары тіршілігіндегі ұқсастық  пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?

-Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?

Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлауШөл өсімдіктері мен жануарлары.

ІV :Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері ,жануарлары туралы не білесіңдер?Осы сұрақтарға жауап  алғаннан  жаңа сабақты түсіндіру.

     Шөл—суға тапшы аймақ.Оның ауасы, топырағы құрғақ,өсімдіктері селдір,сирек болып келеді.Шөл—құмды,сортаңды,сазды,тақыр,тастақты шөлдерге ажыратылады.

Құмды шөлдер  жазықты жерлердің  борпылдақ тау  жыныстарының үстінде қалыптасады.

Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып ,бекітеді.Олар селеубояу, құм қияғы,жүзгін,домалақ кірпіге ұқсас құмаршық,ақсексеуіл.Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.

Өсімдіктері нашар дамыған.Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады.оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі.Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі.Олар көктемде өніп шыққанымен ,өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді.Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді.Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады.Үнемі буланып,жер бетіне тұз ала шығады.Тұз қабатында күйреуіктер өседі.Жер бетіне тастары шығып жататын  шөлді тастақты шөл дейді.Әр жерде тікенек бұталар кездеседі.Тақырлар –адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер.Ол---шөбін мал отап,таптап,әбден тақырлап тастаған,бұталары тамырымен қопарылып,сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.

Суы мен азығы тапшы ,жазы ыстық,қысы суық, тіршілікке  шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді.

Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ,тасбақа, сұр келес,сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді.Қосымша материалдан алу.(86-бет)

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс Күн ретін,ауа райын жазу..Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.

Селеубояу,ақсексеуіл,жүзгін,құм қияғы, кермек, құмаршық-өсімдіктері.

Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық,ақбөкен,бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы,құлақты кірпі, тасбақа,сұр келес,тышқан, жылан- жануарлары.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Шөл даланың қандай түрлері бар екен?

-Шөлді аймақты адамдар өз қажетіне пайдалану үшін не істеуі керек ?-Шөлді жерге өсімдік қалай өседі?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 82-86-беттерді оқу,мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.

 

 

 

 

 

Дүниетану. 02.12.15.  4 «Б»сынып

Тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

 

Мақсаты:    Дала мен шөлді аймақтағы  егіншілік пен мал шаруашылығы   жайында түсінік беру.                     Ой-өрісін, тіл байлығын ,  ойын жинақтап  айту қабілеттерін дамыту.Табиғатты  қорғауға ,  еңбексүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтүрі: аралас сабақ

Әдісі:    түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, шөлді дала мен далалы жер туралы диск.(деректі фильм),карта.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

ІІІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:  1.Кіріспе:

  -Дала   мен шөлді жердің  ұқсастығы бар ма?

  -Жылдың қай мезгілінде дала мен шөл далада  ұқсастық байқалады?

Балалар пікірін тыңдап, жаңа сабаққа көшу.

Карта боынша еліміздегі жазықты алқаптарды еске түсіру.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының топырағы ылғалды, құнарлы келеді.Сондықтан арнайы суармай-ақ ол жерлерден бидай ,сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Жауын-шашын аз жылдары ғана арнайы қондырғылар пайдаланады. Арамшөбі тазаланып, егістік күтіледі. Ал қуаң далалар мен шөлдерді арнайы қазылған арық –тоғандар арқылы суландырады.Оларда әр түрлі дақылдар, бау—бақшалар егіледі.

Суармалы жерлерде күріш,мақта,жүгері,жүзім,қауын,қарбыз өсіріледі. Бұлар күнді және суды көп керек ететін өсімдіктер.Әр өсімдікке суреттерін көрсетіп отырып, жеке түсінік беру.Картадан осы өсімдіктер өсірілетін жерлерді көрсету.

Еліміздегі мал шаруашылығының ең бастысы –қой,мүйізді ірі қара  шаруашылықтары.Бұлардан басқа жылқы ,ешкі, түйе, бұғы, құс шаруашылығы да бар.Шөл, шөлейт аймақтарда негізінен қой ,сиыр,жылқы,түйе шаруашылығы жақсы дамыған.Еділбай қойы, қазақтың арқар –мериносы,ақбас сиыр жылқы,түйе ,бұғы, құс өсіру  дала мен шөлді аймақтардың негізгі шауашылықтары боп есептеледі.Суреттерін көрсету және картадан оларды өсіретін аймақтарды көрсету.

Деректі фильмді көрсету.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

       Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Өздеріне түсінгені бойынша әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:86-91-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге сиыр сүтінен қаншатағам түрлерін әзірлеуге болатынын,мал терісінен қандай бұйымдар жасайтынын жазып келу. 2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану. 12.12.15.  4 «Б»сынып

4. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды
в) дала, шөл
с) қала, ауыл
5. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс Қазақстан облысы
в) Қызылорда облысы
с) Талдықорған облысы

 
Сабақтың тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты:
Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнеролик.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шөл өсімдіктері мен жануарлары.

ІV: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Бейнеролик. (Шөл дала.)
Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады.
Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып, бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы, жүзгін, домалақ кірпіге ұқсас құмаршық, ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен, өз дамуын аяқтай алмай қурап кетеді. Сортаңды шөлді жердің топырағы тұзды келеді. Мұндағы су топырақ бетіне жақын жатады. Үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады. Тұз қабатында күйреуіктер өседі. Жер бетіне тастары шығып жататын шөлді тастақты шөл дейді. Әр жерде тікенек бұталар кездеседі. Тақырлар – адамның жауапсыздығынан пайда болған шөлдер. Ол --- шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп адам көп жұмыс жүргізуі керек.
Суы мен азығы тапшы, жазы ыстық, қысы суық, тіршілікке шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар осындай қатал жағдайларға түрліше бейімделеді
Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес, сарышаян сияқты жануарлар шөлде өмір сүреді7
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.. Шөл өсімдіктері мен жануарларын жазу.
Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін, құм қияғы, кермек, құмаршық - өсімдіктері.
Сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, тасбақа, сұр келес, тышқан, жылан - жануарлары.
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Шөл туралы суреттерді көрсетіп отырып, оқушыларға әңгімелету.
VII. Сергіту сәті.
VІІI. Бекіту кезеңі:
Тест.
1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр
в) арқар
с) кесіртке
2. Дала өсімдігін ата.
а) селеу
в) жусан
с) қарағай

3.                Улы өсімдікті белгіле.
а) боз
в) бетеге
с) сарғалдақ
IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 82 - 86 - беттерді оқу, мазмұны. Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет жинақтау.

4.                 

Дүниетану. 15.12.15.  4 «Б»сынып

Тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру. Олардың адам баласы үшін пайдасын ұғындыру.Теориялық ойын,сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

 Сұлулыққа,әдемілікке ,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм дискісі.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.     

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Орман пайдасы ,оны қорғау тақырыбының мазмұнын сұрау,дәптерлерін аралап тексеру, оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: -Орманды ,тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды?

- Орман-тоғайдың адам үшін қандай маңызы бар? -«Қызыл кітап»деген не?

- Қазақстан жерінде қанша қорық бар?

-Қорықтарды ұйымдастырудың қандай маңызы бар ?

- Қандай мамандар орманның пайдасы үшін өз пікірін ортаға салды?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

 Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Кіріспе: Су туралы, ондағы өсімдіктер мен жануарлар туралы не білесіңдер?Өздерінің көргендері туралы әңгімелету.

2.Картадан қазақстандағы өзендерді тауып көрсету.Көлдерді табу.

3. Құрлық суына өзен,көл, жер асты сулары жатады. Бұдан басқа ірілі-ұсақты су қоймалары, бөгеттер бар. Су қоймасының ылғалы мол,кейде батпақты жағасында шөптекті өсімдіктер : қалың құрақ, шоқ-шоқ қоға, қамыс өседі. Сары тұңғиық,аққугүлді де көруге болады.Ал балықоттың тамыры су түбіне жетпей, су бетінде тарамданып кетеді. Бақа сукөрігі, суқұмық та өседі. Су өсімдіктерінің тамыры жақсы жетілмеген.  Су өсімдігі суда еріген қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді.Кейбір су өсімдіктерінің тамыры су астындағы лайға немесе тасқа ілініп ,бекініп өседі, Су қоймасы жануарлар әлеміне де бай.Инелік—торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік. Инелік—қомағай, пайдалы жәндік. Суаршын , сазқұндыз,кәмшат,құндыз,сияқты шағын денелі аңдар су қоймасында тіршілік етеді. Сүңгуір қоңыз, тоспа ұлу, алабұға, мөңке де осы арада тіршілік етеді. Олар туралы толықтыра түсінік беріледі.

4.Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.5.Деректі фильмді көрсетіп отырып,түсіндіру.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларының қандай пайдасы бар екенін 4 оқушыдан топтасып,әр топ өсімдік немесе жануар түрінің бірін алып ,сол туралы не білетіндерін жазып ,қорғайды.(Бірін-бірі қайталамуы тиіс)

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Су қоймасының қандай түрлері болады?Су жағалауында,су ішінде өсетін өсімдіктер туралы не білдік?Тіршілігі сумен байланысты жануарды ата. Суда қандай жәндіктер тіршілік етеді?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын оқу,мазмұны.Дәптерге өз жеріңдегі су қоймасы туралы жазу.ІХ. Бағалау

 

  Дүниетану. 19.12.15.  4 «Б»сынып

Тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:  Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық ойын, тіл байлығын,  сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

 Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер, деректі фильмге байланыысты диск.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап,  талдау,жинақтау, көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.    Ал,балалар, алғашқы сабағымызды  көңілді тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап

 хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,    Қуанасың сен де      Қуанайық ,достарым,     Арайлап атқан күнге.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1.Мазмұнын сұрау.Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы.

2. Дәптерлерін тексеріп, оқыту.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі:

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: орман-тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді ?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі  кең алқаптың жазық бөлігінде  шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті,топырағы құнарлы,ылғалы мол,топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды.Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар. Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар  жиі кездеседі.Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде ,топырағы құнарлы,ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат,долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл,балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек.қарағай,шырша ,қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа »енген.Орман өсімдіктері адамға  пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Суреттер бойынша түсіндіру.

Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында ,кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек,тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты ,бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт,қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл,жасылдау болады.Сілеусін, борша тышқан, тиін—жануарлары, тоқылдақ,көкқарға, шымшық, жапалақ—орман қамқоршылары.Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік,қасқыр,түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.

Суреттерін көрсетіп түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

 VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар?Өз ойларын әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?

- Тоғайда әсіресе не көп өседі?

-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын  айт.

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 93-95-беттерді оқу, мазмұны, дәптерге 95-беттегі тапсырманы орындау.

 

 

 

 

Дүниетану. 23.12.15.  4 «Б»сынып

Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:  Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру.

      Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ       Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

    Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы мазмұнын сұрап, үй жұмысын тиянақтау.Дәптердегі жұмысын тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?

-Инелік туралы не білдің? Жетісу бақатісін не үшін аулайды екен?

-Құрып бара жатқан қандай балық туралы білдіңдер?

-Ол уылдырығын қайда шашатын еді?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешіңдер.                     

1. Жасыл ине киімім,                       2. Түрі шар сияқты,

    Жайлаймын тау биігін.                             Түсі қып-қызыл.      

    Жаңа жылды тойласақ,                             Дәмі бал сияқты.

    Төріңдемін үйіңнің. 

 Мұғалім түсіндірмесі

Картадан таулы жерлерді көрсету.Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы,құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады. Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар  бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы,итмұрын сияқты бұталар , арасында шалғындар бар.Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша,қарағай,арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім  шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз. Биік тауда барыс, сілеусін,арқар бар.Ұлар,қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр,шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Алтайда бұға шаруашылығы да жақсы дамыған.

Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де –ел дәулеті,табиғат көркі.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Жануарлар мен өсімдік суреттері бар үлестірмелерді таратып беру, топ бойынша. Әр топ сол сурет бойынша қандай жердікі екенін табады.Оны қорғайды.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары неге алуан түрлі болады?

-Тау етегінен құздарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?

-Өзендер қалай пайда болады екен? - Жануарларының қандай пайдасы бар?

-Ең биік тасты құзда тіршілік ететін қандай құс?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 105-108-беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге тау өсімдіктері мен жануарларын жазу. ІХ. Бағалау.

 

 

ІІ нұсқа
1. Дала өсімдігін ата.
а) селеу в) жусан с) қарағай
2. Улы өсімдікті белгіле.
а) боз в) бетеге с) сарғалдақ
3. Қайсысы артық?
а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл
4. Күріш қай облыста өсіріледі?
а) Батыс қазақстан облысы в) Қызылорда облысы с) Талдықорған облысы
5. Шалғын жануары.
а) бөдене в) жапалақ с) шымшық
6. Даланың неше түрі бар?
а) 4 в) 2 с) 3
7. Жылқы сүті қалай аталады?
а) қымыз в) шұбат с) көже
8. Күн сәулесі көп түспейтін орманды тап
а) кайыңды орман в) көктеректі орман с) шыршалы орман
9. Топырағы ылғалды әрі құнарлы өлке.
а) Солтүстік в) Оңтүстік с) Батыс
10. Шөл жануары
а) қосаяқ в) бартоғай бұғысы с) жаман сары
(тест жауабы)
І нұсқа 1с. 2а. 3в. 4с. 5а. 6с. 7с. 8в. 9а. 10с.
ІІ нұсқа 1в. 2с. 3с. 4в. 5а. 6с. 7а. 8с. 9а. 10а.

 
 


Өзіңді тексер.
І нұсқа
1. Суға тапшы аймақ.
а) дала в) шабындық с) шөл
2. Ормансыз тегіс алқап.
а) дала в) шөл с) құм
3. Шалғын қандай жерлерде өседі?
а) тау етегінде в) өзен аңғарларында с) жазық жерде
4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады?
а) шөл в) дала с) шабындық
Орман құсы.
а) шымшық в) бұлдырық с) бөдене
6. Алматы облысы Шелек өзені бойын мекендейтін жануар
а) елік в) доңыз с) бартоғай бұғысы
7. Суыр төмешігінің аумағын көрсет.
а) көлденеңі 1-5м, биіктігі 1м. в) көлденеңі 5-10м, биіктігі 1,5м.
с) көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м.
8. Мақта өсірілетін аймақ.
а) Солтүстік Қазақстан в) Оңтүстік Қазақстан с) Шығыс Қазақстан
9. Даланың неше түрі бар.
а) 3 в) 2 с) 4
10. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр в) арқар с) кесіртке


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану. 09.01.16.  4 «Б»сынып

Тақырыбы:  Еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы

 

 Мақсаты:    Дала мен шөлді аймақтағы  егіншілік пен мал шаруашылығы   жайында түсінік беру.                     Ой-өрісін, тіл байлығын ,  ойын жинақтап  айту қабілеттерін дамыту.

                   Табиғатты  қорғауға ,  еңбексүйгіштікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтүрі: аралас сабақ

Әдісі:    түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: суреттер, шөлді дала мен далалы жер туралы диск.(деректі фильм),карта.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы ,оны қорғау жайлы мазмұнын сұрау.

--Шалғын деген не?Көгал деген ше?

--Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер бар?

--Шалғынды аман сақтап қалу үшін не істеу керек?Пішенді қай кезде даярлау керек?

Дәптерлеріне жазған атауларды оқыту, аралап тексеру.

ІІІ Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

ІІІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:  1.Кіріспе:

  -Дала   мен шөлді жердің  ұқсастығы бар ма?

  -Жылдың қай мезгілінде дала мен шөл далада  ұқсастық байқалады?

Балалар пікірін тыңдап, жаңа сабаққа көшу.

Карта боынша еліміздегі жазықты алқаптарды еске түсіру.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының топырағы ылғалды, құнарлы келеді.Сондықтан арнайы суармай-ақ ол жерлерден бидай ,сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады. Жауын-шашын аз жылдары ғана арнайы қондырғылар пайдаланады. Арамшөбі тазаланып, егістік күтіледі. Ал қуаң далалар мен шөлдерді арнайы қазылған арық –тоғандар арқылы суландырады.Оларда әр түрлі дақылдар, бау—бақшалар егіледі.

Суармалы жерлерде күріш,мақта,жүгері,жүзім,қауын,қарбыз өсіріледі. Бұлар күнді және суды көп керек ететін өсімдіктер.Әр өсімдікке суреттерін көрсетіп отырып, жеке түсінік беру.Картадан осы өсімдіктер өсірілетін жерлерді көрсету.

Еліміздегі мал шаруашылығының ең бастысы –қой,мүйізді ірі қара  шаруашылықтары.Бұлардан басқа жылқы ,ешкі, түйе, бұғы, құс шаруашылығы да бар.Шөл, шөлейт аймақтарда негізінен қой ,сиыр,жылқы,түйе шаруашылығы жақсы дамыған.Еділбай қойы, қазақтың арқар –мериносы,ақбас сиыр жылқы,түйе ,бұғы, құс өсіру  дала мен шөлді аймақтардың негізгі шауашылықтары боп есептеледі.Суреттерін көрсету және картадан оларды өсіретін аймақтарды көрсету.

Деректі фильмді көрсету.

ІҮ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

       Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Өздеріне түсінгені бойынша әңгімелету.

VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қуаң дала,шөл шөлейт жерлерде бау-бақша қалай өсіріледі?Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді?Күріш қалай дастарханға келеді?Еділбай қойы мен арқар-меринос қойының айырмашылығы қандай?

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:86-91-беттерді оқу, мазмұны. Дәптерге сиыр сүтінен қаншатағам түрлерін әзірлеуге болатынын,мал терісінен қандай бұйымдар жасайтынын жазып келу. 2. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану. 13.01.16.  4 «Б»сынып

Тақырыбы: Адам егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары.

Сабақтың тақырыбы:   Адамның  егін  және  мал  шаруашылығын  дамыту үшін  жасалатын  жағдайлар.

Сабақтың  мақсаты: Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Қоршаған ортаны аялауға баулу. Төрт түлікті күтуге сезімталдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.(Барша тіршілік иелеріне сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастайық)
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мал  шарушылығы  мен  егін  шаруашылығын  айту.

Екі  топқа  плакат берем олар  қағазға  мал  шарушылығы  мал  суретін  салып  пайдасын, зиянын айту, 

Теледидардан  фильм көру.

Сергіту  сәті: 

Әр топ  өз жұмыстарын  талдайды. Бір- біріне үш  сұрақтан  қояды.

Жаңа  сабақты мұғалім  оқып береді.  Балалардан  сұрақ  жауап  арқылы  түсінігін  сұрайды.

ІІІ     Семантикалық кестені толтыру.

Жаңа тақырыпты хабарлау.

Адамның  егін  және  мал  шаруашылығын  дамыту үшін  жасалатын  жағдайлар.
Оқушылар пікірін айтады.

V. Сабақты қорытындылау.
1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –
А) Қазақстан
В) Ресей      С) Австралия
2. Елтаңбада қай түлік түрі бейнеленген?
А) Түйе
В) Қой             С) Жылқы
3. Шөл дала кемесі деп нені айтамыз?
А) Түйе
В) ешкі        С) Қой
4. Жылқы пірі
А) Ойсылқара      В) Зеңгі баба
С) Қамбарата
5. Әйгілі күріш өсіруші кім?
А) Шығанақ Берсиев
В) Ыбырай Жақаев
6. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?
7. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?
А) қаз             В) тауық, күркетауық
С) шағала
 

 
Мал шарушылығын,  егін  шаруашылығын
Сызба бойынша ауыл шаруашылығы салаларымен таныстырады.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТАДЫ.
1. Құс өсіреді -- құс шаруашылығы
2. Ара өсіреді - ара шаруашылығы
3. Балық өсіреді - балық шаруашылы
4. Жануарлар өсіреді - мал шаруашылығы
5. Өсімдік өсіреді - өсімдік шаруашылығы
Бір сөзбен қалай айтамыз
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Егін шаруашылығы
Мал шаруашылығы
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Күріш, мақта,
ІІ Нұсқа
Мал шаруашылығы                 Жылқы шаруашылығы
Ірі қара мал шаруашылығы                  Қой шаруашылығы
Түйе шаруашылығы
Құс шаруашылығы
ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінмен жұмыс.
1 топ Егіншілік
2 топ Мал шаруашылығы
Топтастырып дәлелдеу.
Проблемалық жағдайды шешу.
- Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы бір - бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола ма?
Сен білесің бе?
1 топ өздерің жақсы білетін өсімдіктер туралы жазасыңдар (кесте толтырасыңдар)
2 топ бірінші топқа бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтар дайындайсыңдар
Әңгіме жазу,
2. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді?
3. Оқушылар кәсіп иелерінің атынан сөйлейді. Әңгімелермен мына үлгіде бастайды: «Мен малшымын. Жылқы бағамын.»
Үйге тапсырма
Егіншілік пен мал шаруашылығы оқуға тыйым сөздер мен мақал - мәтелдер жазуға.

 

 

 

Дүниетану  ________________

Тақырыбы: Жұлдыз. Планета. Галактика  туралы  мәліметтер.

 Мақсаты:  Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару .  Бір-бірімізге қарап

 хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,                

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,            

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:

Қараңғыда жымыңдайды жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері  планеталар айналып жүреді.(планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Планеталар—өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол—Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

 -Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 68-69-беттерді оқу. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.

ІХ.Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану  ________________

Тақырыбы:  Сарамандық жұмыс.Глобустың және Жердің айналуы.

Мақсаты:  Жердің шар тәрізді екенін ,глобустың жердің дәл үлгісі екенін түсіндіру.

       Ой-өрісін, теориялық білімін, сөйлеу тілін дамыту.

       Жерді босқа сызбауға, босқа қазбауға, ырымдарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ    Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта.(жарты шарлар)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.    Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару  

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

    Күн туралы білгендерін әңгімелету. Мазмұнын толық сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Күн жүйесі деген не?       -Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?

-Күн бетіндегі,қойнауындағы температура қандай?

-Күн қуаты қалай пайдаланылады?

Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Жер-шар тәрізді дене. Глобус—Жердің дәл үлгісі.

V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:   Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында.Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий,Шлопан,Жер,Марс)ішіндегі ең үлкені.

Жер-шар тәрізді екенін  бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек  болатындығын келтіреді.

Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған.Барлық Жердің шар тәрізді екенін дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік беру.

 Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.

Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады.

Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын  глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.

Глобус ХҮ ғ. Бастап шыға бастады. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит дейміз. Мұхиттың құрлыққа кіріп жатқан бөлігін  теңіз дейміз.Жер шарында 4мұхит бар аттарын  айтып,картадан көрсету.Тынық мұхитының аумағы  қалған үш мұхиттың аумағын қосқандағыдай.Материк алтау,оларды айтып ,картадан көрсету. Қазақстан қай материкте орналасқанын айтып .түсіндіру.

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқулықпен жұмыс.Дауыстап тізбектей оқу.

Глобустан мұхиттарды, құрлықтарды оқушылардың өздеріне көрсету.

ҮІІ. Қорыту.

 

 

 

Дүниетану .  20.02.16.

Тақырыбы:Отбасы-қоғамның құрамдас бөлігі. «Жанұя бюджеті,кіріс пен шығыс»

Мақсаты: Отбасы –шағын қоғам екенін , өзінің сол қоғамның бір мүшесі екенін түсіндіру. Ой-өрісін, сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.Отбасында әдепті болуға, үлкендерді  құрметтеуге,  кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ  Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі:             түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,талдау, жинақтау, көрнекілік.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.    Сабаққа дайындық .

       Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Жыл мезгілдері неге өзгереді?                     -Жер орбитасы деген не?

- Жер күнді қанша уақытта айналып шығады?

-Қыс пен жаздағы күннің орналасуы қалай болады?

--Күн мен түннің ауысуы неге байланысты?               -Жыл мезгілдерінің ауысуы ше?

-Күн мен түн ауысуына кеткен уақыт  қалай аталады?

-Жердің Күнді айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады?

ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қоғам. Отбасы –шағын қоғам.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: .

Кіріспе: Отбасы деген не?Отбасының мүшелері деп кімдерді айтамыз?

Қоғам деген не? Мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның алып жатқан аймағы бар,басқарушысы, халқы бар.Осы қоғамның өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді.Отбасын неге «қоғам»дейді? Оның да басшысы бар. Ол не әкесі немесе анасы.Басшы отбасындағы бүкіл шаруаны ұйымдастырады.Барлығына қамқор болып,бастарын біріктіреді.Отбасының тұратын мекенжайы, өз табысына қарай шаруасы болады.Отбасы мүшелері шамасына қарай іс атқарады.Жұмыс істейді, оқиды, үй шаруасымен айналысады.Барлығының ортақ ісі –отбасының татулығы,әр мүшесінің дамуына жағдай туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Табысы да ортақ.Отбасында «қор»деген бар.Ол қор қалай жиналады деп ойлайсың?(оқушылардың пікірін тыңдау)Отбасындағы ата-ананың ақылымен туған-туыспен қарым-қатынас реттеледі.Қарым-қатынас түрі көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру,ауырып-сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерді үйлендіру.т.б.Адам өз басынан басқа да шаруаларға көмек қолын созса- ол оның адамгершілігі. Мейірім болған жерде адамдық қасиет те болады. Сен көмек қолын созсаң, саған да керек кезінде көмек қолын  созатындар табылады.Осылайша отбасы шағын «қоғамның» жұмысын атқарады.

Отбасы туралы суреттермен әңгіме жүргізу.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс. Өз отбасы туралы қысқаша мәлімет беру.

(атасы,апасы,әкесі,анасы, бауырлары, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы)

V .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Ата-ана туралы, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, мазмұнын ашу.

Атаңа не істесең,алдыңа сол келеді.          Әке көрген оқ жонар,

           Атаға қарап ұл өсер, Шеше көрген тон пішер.

           Анаға қарап қыз өсер.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.т.б.

Жанұя мүшелері

Ата                                                      Міндеттері      Ақылшы, бата береді.

Жанұядағы  әрбір   адамның    атқаратын міндеттерін әңгімеле:

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау  -Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз?

-Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?

-Туыстармен қарым-қатынасты кім реттейді?

-Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?

-Туған-туыстан басқа тағы кімдермен араласасың?

--Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 132-133- беттерді оқу, мазмұны.

«Отбасындағы татулық»тақырыбына  шығарма жазу. ІХ. Бағалау.

 

Дүниетану .  24.02.16.

Тақырыбы: Отбасындағы құқықтық нормалар

 

Тақырыбы: Отбасындағы  құқықтық нормалар.

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері және қоғамдық топтар жайлы түсінік қалыптастыру;

   Іздену, ойлау, топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту,іс –әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;

 Отбасы мүшелерін қадірлеуге үлкенді сыйлауғатәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Бала құқығы туралы Конвенция, түрлі суреттер, плакат, бояулар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Кестені толтыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу, топпен талдау.

1- топ «Әкелер» тобы әкенің отбасылық міндеттерін,

2-топ «Аналар» тобы аналардың отбасылық міндеттерін,

3-топ «Балалар» тобы балалардың отбасылық міндеттерін зерттеп, талдайды.

 

Б) Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Бала құқығы туралы заңмен  таныстыру.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
  2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?

Әр топ жауап береді.
БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ

21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы.

Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.

      22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары

      Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.

«Біліп жүрейік!»
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.

1993 жылдан бастап 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып аталады.

ІҮ. Қорытынды.

Сонымен балалар әр отбасының мүшелерінің атқаратын өз  міндеттері болады.

—          Бүгінгі сабақта не түсіндік?

—          Отбасы –шағын қоғам. Отбасы өзін –өзі қамтиды, асырайды. Отбасы адамдары әрқашан үлкен сүйіспеншілікпен тату, бір –біріне қамқоршы, көмекші болуы керек.

Ү.Үйге тапсырма.

 1. Мәтінді түсініп оқу.

 2.« Отбасы-шағын қоғам» тақырыбына әңгіме жазу.

 ҮІ.Бағалау.

 

Дүниетану .  27.02.16.

Тақырыбы: Балалардың ата-аналар алдындағы парызы

Мақсаты:  Атаңа не қылсаң, алдыңа  сол келер тақырыбын мазмұнымен таныстыру.

                    Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

                   Үлкенді құрметтеуге , ата-ананы қадірлеуге , кішіпейіл болуға, үлкенге  көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ      Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі:             түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.    Сабаққа дайындық . Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ.  Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.  Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-«Әке- асқар тау, ана-ағып жатқан бұлақ, бала—жағасындағы құрақ»  дегенді қалай түсінесіңдер?  Үлкенді сыйлау—қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау---әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз  басқа адамдарды да сыйламайды. Ата-ана баланы өмірге әкеледі, оны тәрбиелеп өсіреді, білім береді,  болашағым, үмітім деп сенеді. Ертең өсіп, азамат боп үйге қамқор болады деп сенеді. Амандасқанда да «бала –шағаң аман ба?» дейді.Жақсы ісімен көзге түссе жігіт болған екен дейді. Адам баласы қартайғанда күші кетеді. Олардың ақылы, тәжірибесі  отбасына үлкен көмегін тигізеді. Қандай қиын іс болса да оның шешімін ата-ана табады.

Ертегіні айтып, үлкеннің ақылын әрқашан тыңдау керек екенін ұғындыру.

Әке ,ана туралы қандай өлеңдер білеміз? Оқытып, мазмұнын ашу.

Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

 Ата-ана,үлкендер туралы мақал-мәтелден жарысын   ұйымдастыру.

VІ.  Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Ата-анаға қамқоршы дегенді қалай түсінесің?

-Аңызды не үшін осы тақырыпта берген деп ойлайсың?

-Ата-ананың баланы өсіру жолындағы еңбегін айт.

-Ата-анаң қандай қызмет атқарады? Сен оларға қандай жақсылық жасайсың?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 136-137-беттерді оқу,мазмұны. «Қайырым»тақырыбына шығарма жазу. ІХ.Бағалау.

 

 

 

 

Дүниетану .  02.03.16.

Тақырыбы: Мектеп

Мақсаты:  Мектеп пен өндіріс орнының байланысы не үшін керек екенін түсіндіру.

                    Өз бетінше ізденуге, ойлануға, ойын жинақтап айта білуге баулу.

      Тиянақты, іскер, ақылмен шеше білуге , сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ     Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  арқылы сабаққа аудару    -  Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

-  Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өтілген тақырып мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Ауыл байлығы неде?

-Зауыт жұмысының күшеюі үшін не қажет?

-Зауытқа сүт фермасын ұйымдастырудың қажеті не?

-Сүт зауытына қандай құрал-жабдықтар керек?

-Сүттен жасалған қандай тағамды жақсы көресің?

ІV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Мектеп дегенді күнде көріп жүрміз. Ал өндіріс орны дегенді естігендерің бар ма?

Өндіріс  деген не? Осы сұрақтарға жауап алып, жаңа сабаққа көшу.

2.Мектепті бітірген соң ,белгілі бір мамандық  иесі болу үшін жоғарғы оқу орнына барасың.Оны оқып, білімді маман болғанда елге қызмет етесің.Болашақта қандай мамандық алғың келсе, соған қазірден бастап икемделе бастаған жөн.

Үйде әкесі шеге қақса ,баласы да қағып көреді.Ал шешесі тоқыма тоқыса, қызы да соны қайталап үйреніп алады.Кез келген  маман иесі болу үшін де ертерек сол туралы біле берген жөн.Осындай мақсатта кейбір өндіріс орындары мектеппен тұрақты байланыс жасап отырады. Мектеп оқушыларына өз жұмыстарын таныстырады.  «Теңізшевройл»мұнай кәсіпорны  осындай ісшаралар жүргізуде.Оқушыларды шақырып,өз жұмыстарын көрсетеді. Мұнайлы өңірдегі жер тесетін бұрғыларды,мұнай ұңғыларын көреді.Еңбек қауіпсіздігін сақтау,қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен танысады.Мұнайдан өндірілетін заттарды көреді. Озық техниканы пайдалану үшін көп білім қажет. Көп жұмыс компьютер арқылы басқарылады.Жұмыстың сапалы орындалуына  талап күшейді.

 Білім болған жерде түрлі кәсіпорындар  сапалы өнімі арқылы өркендейді.Сондай кәсіпорын иелері болашақта сендер боласыңдар.

 Осындай мектеп пен өндіріс орындарының байланысы арқылы  өндірістің сан алуан түрімен танысқан оқушылар өзі ұнатқан салаға қарай мамандық таңдайды. Мектепте жүріп-ақ бала болашақ мамандығына әзірлік жасайды.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Өз жерімізде қандай кәсіпорындар бар?  «Ғалия» тігіншілер үйі бар.Макарон шығаратын шағын өндіріс орны бар.Кірпіш құятын ірі зауыт та бар.

Тағы көптеген өндіріс орындары бар. Біз мына аталған үш өндіріс орнын үш қатар алып, қандай жұмысшылар жұмыс істейді, қандай техникалар бар, қандай өнім өндіретіні туралы айтып береді.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Мектеп пен өндіріс орнының  байланысы не үшін керек?

- Өзің қандай маман иесі болғың келеді?

-Ауыл мектептері қандай өндіріс орнымен байланыс жасай алады?

-Автоматтандырылған ,компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесіңдер?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі  151-152-беттерді оқу,мазмұны.Газеттерден Қазақстандағы ірі кәсіпорындар туралы шыққан мақала  тауып, оқып ке

 

Дүниетану .  05.03.16.

Тақырыбы: Мінез-құлық ережелері

Дүниетану 05.02.16.

Сабақтың тақырыбы: Мінез-құлық ережелері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
оқушылардың мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту.
ә) дамытушылық:
мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
б) тәрбиелік: әдепті, инабатты, үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын тұлға тәрбиелеу
Көрнекілігі: проектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа
Әдісі:
сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .
 2. Үй тапсырмасын сұрау. «Қазіргі мектеп»
-
Мектеп маған не береді?
- Болашақта білімімді қалай жалғастырамын?
-
Менің мектебім

4. Ойланайық, пікірлесейік.
Ø Адамға мінез-құлық ережелері керек пе?
Ø Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
Ø Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Ø Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?
5. Видео ролик көрсету, тыңдату. «Мінез-құлық жайлы»
6. Кел, ойнайық. «Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.

     Жақсы мінез-құлық пен ақылың, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы, жақсы мінез-құлыққа байланысты.
    Әл-Фараби
Мінез-құлық – әркімнің өзінің кейпін көрсететін айна.
     И. Гете
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.
     К.Д.Ушинский
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жағымсыз қылықты ақтап үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.
    Б.М.Теплов
8. Ұл бала немесе қыз бала туралы әңгіме құрастыру.

(шығармашылық жұмыс)
10. Сабақты қорытындылау.
Сыпайы, мұқият , жайдары деген сөздердің мағынасын айтыңдар.
– Мінез-құлық ережелерін орындау қажет пе?

Өсек өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап еңбек терең ой,
Қанағат ,рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
А.Құнанбаев

11. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу.
12. Бағалау

 

 

 

 

 

Дүниетану .  09.03.16.

Тақырыбы:Құқық әлеміне саяхат.

Мақсаты:  — Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің  тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;

Кіріспе.

Балалар, бүгін біз сендермен бірге өз құқықтарымыз туралы не білетінімізді байқап көреміз. Ол үшін мына әр топқа мынадай тапсырмалар берейін.

1-топ. Құқық дегенді қалай түсінесіңдер? Толықтай мысалдар келтір.

2-топ. Қандай құқықтарым бар деп ойлайсыңдар? Өз құқықтарыңды қалай пайдаланып жүрсіңдер? Құқықтарыңа шектеу жасалып жатқан кездер болып тұра ма? Мысал келтір.

3-топ.  Бақытты бала қандай болады? Сен өзіңді бақыттымын деп санайсың ба? Неліктен?

4-топ. Өздеріңнің жақсы өмір сүрулерің үшін қандай жағдайлар болуы қажет деп ойлайсыңдар? Мысалдар келтір.

 

3-топтың жауабынан кейін бала құқықтары туралы мағлұмат беріледі , содан кейін 4-топтың жауабы тыңдалады.

«Қол соғыңыздар, егер де …» ойыны

— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;

— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;

— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.

Бала құқығы туралы Конвенцияға түсінік беру

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын  54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды. Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға кепіл болмаған елдер тек қана  АҚШ және Сомали.

«Біліп жүрейік!»

1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні

20-қараша – дүниежүзілік балалар күні

10-желтоқсан – адам құқығы күні

10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады

1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды

1979ж – халықаралық балалар жылы өтті

20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды

28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.

8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды

№8 слайдта Балалар құқығы туралы Конвенциядан алынған мәліметтер титрлар арқылы көрсетіледі.

Мазмұны

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын  54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың  8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның  44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.

 

11. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу.
12. Бағалау

 

 

Дүниетану .  02.04.16.

Тақырыбы: Денсаулық және оған әсер ететін факторлар (Оқу және демалу режимі, дұрыс  тамақтану, шынығу.)

Мақсаты:
—  Оқушылардың денсаулық ұғымының  құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
—  салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі манызын түсіндіру;
—  денсаулығын күту, іскерліктерін   дамыту;
—  денсаулықты күтуге, қадірлеуге

                         Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі .

Мұғалім:

Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

 

  1-нұсқа

Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.

1.Қоршаған орта ластығы.(күн,ауа,су,топырақ , т.б,)

2.Дұрыс тамақтанбау.

3.Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы

4.Зиянды заттарды қабылдау.

5.Тазалықты сақтамау.

6.Отбасындағы кері жағдайлар.

7.Адамда стресс жағдайларының жиі болуы

2-нұсқа

Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторл.

1.Дұрыс тамақтану.

2.Қоршаған орта тазалығы.(күн,ауа,су,топырақ, т.б.)

3.Дене шынықтыру.

4.Зиянды заттарды қабылдамау.

5.Жеке бастың тазалығын сақтау.

6.Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

7.Эмоциялардың оң болуы.Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы

 

Денсаулықтың он құпиясы  (Адам Дж.Джексон).

Денсаулықтың бірінші құпиясы –денсаулықпен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.

Денсаулықтың екінші құпиясы –біздің тыныс алуымызда болып табылады.

Денсаулықтың үшінші құпиясы –шынығу әрекеттері күш әкеледі.

Денсаулықтың төртінші құпиясы –дұрыс тамақтану күші.

Денсаулықтың бесінші құпиясы –күлкі. Күлкі –бұл мәңгілік емші.

Денсаулықтың алтыншы құпиясы –демалу күші.

Денсаулықтың жетінші құпиясы –тұлғаны түзу ұстай білу күші.

Денсаулықтың сегізінші құпиясы –таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы –сенім күші.

Денсаулықтың оныншы құпиясы –сүйіспеншілік күші.

 

Дәйексөз

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты.

А.Шопенгауер

 

Қорытындылау:

 Денсаулық –адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.

Үйге тапсырма: 

«Менің денсаулығым-менің байлығым» шығарма жазу

Тренинг«Денің сау болсын десең…»
 Корытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниетану .  13.04.16.

Тақырыбы: Ауыл байлығы. «Суды үнемдеу» 

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ауыл байлығын меңгерту, малшаруашылығы, егін, дәнді - дақыл және жеміс көкөністің пайдасын ұғындыру, қасиеттерін жеткізе білу.

Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру.

1. Шаруа қожалығы дегеніміз не?

2. Шаруа қожалығының құрамында кімдер болады?

3. Шаруа қожалығының жұмысын кімдер ұйымдастырады, кім басшы бола алады?

4. Шаруа қожалығының халық шаруашылығына тигізетін қандай пайдасы бар?

5. Қожалық өз шаруашылығын қалай ұйымдастырады?

6. Мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?

Үй жұмысын қорытындылау

ІІІ.Жаңа сабақ

Міне, балалар, ауылдағы еңбек бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік жұмыстарымен кімдер жұмыс істейтінін білдік. Дәл қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік жұмыстар ауылдық жерде көптеп етек алуда. Біз қазір ауылдағы адамдарының қандай еңбектермен айналысып, қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын теледидардан көрейік.

      - Теледидардан нені көріп нелерді ұғындық?

Ауыл байлығын қайдан аламыз?

Жер туралы әңгіме айту.

Ауыз суды үнемді пайдалану – бұл бүкіл әлемге ортақ проблема.

Ай сайын су төлейтін түбіртек әкелгенде, түбіртекпен қоса ыстық су және суық су есептеуіш құралдарын орнату жайында жарнамалар қоса келеді. Біздің пәтерде ондай құралдар орнатылмаған. Сондықтан, осы жарнамаға қаншалықты сенуге болатынын анықтау керектігін шештім. Сонымен қатар, менің сыныптастарымның арасында қаншасының пәтерінде су есептеу құралдар орнатылғанын анықтамақшы болдым. Осы мәселені зерттей отырып, суды қалай үнемді пайдалану

Су – тіршілік көзі. Сусыз күніміз жоқ. Су – керемет, сирек кездесетін минерал!

Қазақстан әлемдегі басқа елдерге қарағанда суды көп қолданатынын ескерсек, өмір нәрі ресурстарын ысыраптау тоқтамаса, болашақта су тапшылығына ұшырауымыз әбден мүмкін.

Салыстыру үшін мынадай деректерді көрсете кетейік. Тәулігіне 1 адамның суды тұтынуы Мәскеуде - 700 литр, Ташкентте - 500 литр, Парижде - 450 литр, Лондон мен Копенгагенде - 250 литр. Ал Астананың әрбір тұрғыны тәулігіне 250 литр су шығындайды. «Қарағанды Су» мекемесінің есептеуіш бойынша Қарағандының әр тұрғыны тәулігіне 140 литр суық су жұмсайды.

Президент өз сө­зін­де егер біз ойлау жүйемізді өз­герт­песек, ел да­муының өзіндік ерек­­ше­лік­терінде үлкен қиын­дық­тар­ға кез болатынымызды атап өтті. Әрқа­шанда біз­де мұнай да, газ да бола бермес. Бүгінгі таңда таза ауыз судың проб­лемалары туындап отыр. Егер суды үнемдеуді үй­рен­бесек, со­ңы жақсылыққа алып келмесі анық. Жалпы, біз қандай суды да үнем­деп пайдалануды үйренуіміз керек. Ең бастысы, біз барды үнемдей білетін қоғам болуымыз керек. Әйтпесе, табиғат ресурстары барлығына жетпейді. Табиғат байлығының бітетінін ойлануымыз қажет. Бүгіннен бас­тап үнемдеу шараларына кіріс­кеніміз жөн. Қазір бүкіл елдер ресурстарды үнемдеу үшін өздерінің өндірістерін, автокө­лік­терін, үйлерінің шатырларын қай­тадан құрастырып, жаңартып жатыр. Суды, газды үнемдеу үшін әртүрлі құ­рыл­ғылар ойлап шығарылуда.

Суды тиімді пайдалану үшін ұсыныстар:

Тіс жуғанда және сақал алғанда стақан пайдаланылса, әр жағдайда 5-10 литр су үнемделеді;

Унитазға су ағызғанда 15 литр су жұмсалады;

Ыдысты ағып тұрған судың астында жуса, 100 литрге дейін су жұмсалады;

Автокөлікті шлангінің көмегімен жуса, 200 литр су жұмсалады;

Унитаздан сыздықтап су ағып тұратын болса, онда тәулігіне 40 литр су босқа ағып кетеді;

Ваннада шомылған кезде жұмсалатын су мөлшері душпен жуынғанда жұмсалатын сумен салыстырғанда 3 есе артық  жұмсалады;

Сондықтан суды үнемдеу үшін:

Қажетсіз суды босқа ағызбау керек;

Ыдысты жабық раквинада жуу керек;

Автокөлікті жуған кезде шланг емес, ведро қолдану керек;

Душтың басына ұсақ тесікті су шашқыш орнату керек, сонда 50% су үнемделеді;

Кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру керек

Егерде отбасы күнделікті қолданатын су көлемінің 20%-ын үнемдесе, онда бір жылда диаметрі 200 метр және тереңдігі 2 метр көл пайда болар еді.

.

Дүниетану .  16.04.16.

Тақырыбы:Ауыл шаруашылығы. «Қазақстанның қызыл кітабы»

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ауыл байлығын меңгерту, малшаруашылығы, егін, дәнді - дақыл және жеміс көкөністің пайдасын ұғындыру, қасиеттерін жеткізе білу.

Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру.

1. Шаруа қожалығы дегеніміз не?

2. Шаруа қожалығының құрамында кімдер болады?

3. Шаруа қожалығының жұмысын кімдер ұйымдастырады, кім басшы бола алады?

4. Шаруа қожалығының халық шаруашылығына тигізетін қандай пайдасы бар?

5. Қожалық өз шаруашылығын қалай ұйымдастырады?

6. Мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?

Үй жұмысын қорытындылау

ІІІ.Жаңа сабақ

Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырып, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.

1-категория – жойылып бара жатқан;

2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

3-категория – сирек кездесетін;

4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін

Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

*       балықтардың 16,

*       қосмекенділердің 3,

*       бауырымен жорғалаушылардың 10,

*       құстардың 58,

*       сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда

*       жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1,

*       ұлулардың 6,  құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық - түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Осындай өнімдерді даярлайтын шаруашылық қожалықтарының дамуына үкімет тарапынан көмек көрсетіледі.
Шаруа қожалығының құқығын айқындайтын заң қабылданды. Бұл заң бойынша өтініш жазған жасаған шаруа қожалығын керекті жерді бөліп береді. Тек мемлекетке тиісті салықтарын төлеп тұру керек. Қожалық иелері керек етсе, мемлекет тарапынан қарыз қаражат беріледі. Шаруашылықтар қажетті құралдары мен техника түрлерін алады да өз жұмыстарын жолға қояды.
Үкімет Шетел
Шаруашылық
қажет техника
Мұндай несие қарыз алып іске қосылып жатқан шаруашылықтар көптен саналады.

 

 

 

Дүниетану.  20.04.16.

 Сабақтың тақырыбы:  Отан. Қазақстанның тәуелсіздігі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды қазақша сөйлете отырып , қазақ тілінен білімдерін көтеру,отбасына,Отанға, тілге деген құрметтерін және өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.

 2.Тіл дамытушылық: Жаттығулар арқылы білімдерін көтеру,ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік:  Адамгершілікке,Отан сүйгіштікке,тілді құрметтеуге,Татулыққа баулу.

Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ.

Пәнаралық байланыс:  География,тарих,Орыс тілі,әдебиет.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ой қозғау,блиц-турнир ойыны,тест формасы,ауызекі сөйлеу,жазбаша жұмыс,баяндау.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте қағаз.                                           

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Тексеру.

3.Сұхбат.

 1-кезең: Сабақтың барысын,мақсатын айту.

 Мағынаны тану. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – империя

15 одақтас республикалар

Қазақстан тәуелді, орталыққа бағындырылған

1980 жылдардағы демократиялық қайта құрулар

1990 жылы 25-қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының

Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Декларация – жұртшылыққа бір шаруа жайлы жария ететін ресми

Мәлімдеме.

1991 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан деп атала бастады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық Заңы қабылданды.

ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Өзің пайымда.

1. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келді ме? Олар не істеді? Кімдер құрбан болды?

2. Кеңес Одағының құрамында болғанда Қазақстан неліктен шет елдермен тікелей байланыста бола алмады?

3. Халықаралық қатынастар қандай елдердің арасында ғана болады деп ойлайсың?

4. Қазақстан халықаралық қатынастар жасау үшін не істеді?

5. Біздің тәуелсіздігімізді нелер білдіреді?

 

2-кезең: Сұрақ –жауап. «Мен биікке шығамын».

-  Балалар,біз қай Республикада тұрамыз?

-  Отанымыз қай жер?

-  Қазақстан қандай мемлекет?

-  Қазақстан рәміздерін атаңдар?

-  Қазақстанның бұрынғы ескі елордаларын атап,осы қалаларды картадан

 жазып көрсетіңдер. (4-слаидпен жұмыс.)

-Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

  Отан.

-  Қазақстанда неше облыс бар? Оларды атаңдар. (6-слаидпен жұмыс)

-  Біздің Отанымыздың ,Қазақстанның президенті кім?

Бұл біздің үлкен Отанымыз.Ал енді сендердің шағын  Отандарың бар ол

қалай  аталады? (Отбасы)

-  Сендердің туған жерлерің қай қала?

Үй жұмысы. Қорытынды.

 

 

 

Дүниетану.  23.04.16.

 Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан  Республикасының Конституциясы

Сабақтың мақсаты Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек схемалар
пайдаланған әдебиеттер:Қ.Р.Конституциясы 1995ж 30тамыз
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп олардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісін атаңдар.
3. Құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі.
4. Билік неше тармақтан тұрады?
    5. Соттардың тәуелсіздігі.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің “Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы”Жарлығы қашан шықты?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар:
1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы.
    2. 1993жылғы Конституция
3. 1995жылғы Конституция
     4. Құрылымы мен мазмұны
5. Конституцияның жоғарғы заңдық күші
Конституция –қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,
мемлекеттік органдар жүйесін,
олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы
1991жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі”Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы “Конституциялық заң қабылдады
1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі –заңы –Конституциясы қабылданды
1995 жылы 30тамызда бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясын қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тарау 98
баптан тұрады
1. Жалпы ережелер     
2. Адам және азамат
3. Президент       
4. Парламент
5. Үкімет     
6. Конституциялық Кеңес
7. Соттар мен сот төрелігі
8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
9. Қорытынды және өтпелі ережелер
Жаңа сабақты бекіту:
сұрақтар мен тапсырмалар
1 тапсырма Сөйлемді толықтырыңыз
Қазақстан Республикасы өзін .........., ......., ........, ........, мемлекет ретінде орнықтырады, және оның ең қымбат қазынасы -........,
......................, ............. мен ..........
2 тапсырма Сызба
ны толтыр
Конституция тараулары

3 тапсырма Тарихқа саяхат
1“Қасым ханның қасқа” жолы неше бөлімнен тұрды?
2.Қасым ханнан кейін құқықтық жүйені дамытуға үлес қосқан хан.
3.Тәуке ханның “Жеті жарғысында”қандай жаңа құқықтық ережелер болды?

4 тапсырма
Мәліметтерді сәйкестендіріңіз
1995жыл---------- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды
2007жыл ---------Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды
1991 жыл --------Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Қорытынды: Сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау, алған бағаларын күнделік дәптерлеріне қойып беремін
Үй тапсырмасын беру: Қазақстан Республикасының құрылымы мен мазмұны (түсінік айту, конституцияның қандай бөлімдерден тұратынын дәптерге жазу).

 

 

Дүниетану.  04.05.16.

 Сабақтың тақырыбы:  Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі.

Мақсаты:  Еліміздің егеменді еркін ел болғаны ,қай уақыттан бастап тәуелсіз мемлекет болғанымызды  айтып,түсіндіру.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, жүйелі мазмұндау қабілеттерін дамыту. Өз Отанын  сүюге,  қорғауға, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ  Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,  көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм дискісі.(Қазақстаным менің)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару   Әнұранды айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Қабанбай батыр жайлы түсінігін тексеру. Мазмұнын айт.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-          Қабанбай батырға қандай жанама аттар берілген?

-          Қай ханның тұсында әйгілі болған батыр?

-          Арқауыл батырдың  Қабанбай батырды жекпе-жекке шақыру мақсаты қандай еді?

-           Қабанбаймен бірге соғысқан қандай батырларды білесіңдер?

-          Қабанбай жаудан тағы қандай жерлерді азат етуді ойлады?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Егеменді еркін ел.

 V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Қазақстан Республикасы жайлы өлеңдер оқу. «Республикама қарашы».

2. Биыл ,балалар, тәуелсіз мемлекет болғанымызға 20 жыл толады. Тәуелсіз сөзінің мағынасын түсінеміз бе? (Түсіндіру)

1922жылы құрылған КСРО 1991 жылы өмір сүруін тоқтатты.

Бұрын 1991 жылға дейін Қазақстан Республикасы КСРО деп аталған ірі империяның құрамында еді. 1980 жылдардың жартысынан   басталған демократиялық ( «халық билігі»грек тілінен аударғанда)  қайта құрулар Кеңес Одағына үлкен өзгерістер әкелді.

Халықтан жасырған тарихи шындықтар ашылды. Адамдар өз ойын ашық айтады.

1990 жылы 25 қазанда «Қазақ Кеңес Социалистік  Республикасының егемендігі туралы»Декларация  қабылданды.Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет Целиноградта (Астана) өткен еді. Неміс автономиясының    құрылуына қарсы шықты.Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды. КСРО-ның отаршылдық, әміршіл—әкімшіл саясатына қарсы қазақ жастарының келесі ірі наразылық қимылдары –1986жылғы желтоқсан қозғалысы.1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан  өз тәуелсіздігін жариялады..Бұл ғасырлар бойы қазақ тарихындағы аңсаған арманның орындалған күні болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген  Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке.Тәуелсіздік алып, ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді.

Бұрын Қазақстан шет елдермен тікелей байланыс жасай алмайтын. Тек Одақ атынан ғана түрлі іс—шараларға қатысты.

Оқулық бойынша түсінік беру. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Мемлекеттік рәміздер туралы сұрау. Әрқайсысы жайлы жеке-жеке айтып бер.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

-          Қ.Р. тәуелсіздігін қашан жариялады?

-          Тәелсіздік дегенді қалай түсінесің?

-          Қ.Р. Б.Ұ.Ұ. –ға қашан мүше болды?

-          Картадан мәтіндегі аталған мемлекеттерді тап.

VІІІ . Үйге тапсырма беру кезеңі:  167-169-беттерді оқу,мазмұны. Шығарма    «Менің елім». ІХ.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дүниетану.  11.05.16.

 Сабақтың тақырыбы:  Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны мен  рөлі.

 

 Білімділік: Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта алатын орны мен дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттерін және алпауыт мемлекеттердің алдындағы беделін, халықаралық ұйымдарға мүшелік етуін қарастыру арқылы Еліміздің саяси дамуының негізгі мәселелеріне түсінік  

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2016 2087
    • DOCX 305.5 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карменбаева Шолпан Нурхасимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31294
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе