Инфоурок Дошкольное образование СтатьиТанымдық- шығармашылық ойындарды қолдану жолдары.Баяндама

Танымдық- шығармашылық ойындарды қолдану жолдары.Баяндама

Скачать материал

Танымдық - шығармашылық ойындарды қолдану жолдары

 

      Балалар айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу қызмет тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез - кұлқын, сана - сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.

Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін  дамыту мақсатында танымдық - шығармашылық ойындарды қолданудың маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық - шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады. Танымдық - шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық-шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны  оқу қызмет әрекетінде  тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Сондықтан да мен өз тәжірибемде танымдық - шығармашылық ойындарды жиі қолданамын:

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Танымдық шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сияқты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені, затты ешқашан ұмытпайды.

Жалпы танымдық ойындарға келетін болсақ, танымдық ойындар негізінен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетінің дамуына үлкен көмек көрсетеді. Танымдық ойындар көбіне қоршаған ортамен таныстыруда қолданылады. Танымдық ойындар  қоршаған дүниені тану, білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болаған сайын қоршаған болмысты тану соғұрлым мол болады.  «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылуға, танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда танымдық шығармашылық өтілген тақырыптарды пысықтауға өте тиімді.

Мысалы, балаларды үй жануарлары мен таныстыруда төрт түлікке, жабайы аңдар, үй құстары және т.б. байланысты мынадай танымдық шығармашылық ойындарды қолда аламыз:

1. «Қайсы ненің даусы?»

Мақсаты:  баланың есту, зейіні, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: магнитафон немесе теледидар, жан-жануарлардың  дауысы бар диск.

1)  Бұл ойында балаларға төрт түліктің даусы магнитафоннан немесе теледидардан естіледі. Балалар әр жануардың даусын естіп, оны ажырата бастайды.

2)  Дәл осылай жабайы аңдардың даусын ести отырып, олардыңда даусын ажырата алуы керек.

3)   Үй құстарының дауысын да ажыра алуы қажет.

4)   Табиғат құбылыстарының дауысын жарата білуі керек.

2. «Не екенін тап?»

Мақсаты: балалардың сипап сезу арқылы таным қабілеттерін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: жеміс-жидектер, көкөністер.

Балалардың көздерін байлап, қолдорына жемістерді немесе көкөністерді ұстап, сипап сезу арқылы балалр қолында тұрған заттың атын айтады.

3. «Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы, денесі, қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

4. «Суреттің жұбын тап» танымдық ойыны.

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: анар — алма, шәйнек — кесе, қораз — әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа,  күрек – тырма, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер, қаламсап –қалам.

Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.

Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.

5. «Ауа, су және жарық» шығармашылық ойыны.

Мақсаты: Берілге суреттегі сурет пен сөздеді байланыстыра отырып, сөйлем құрастыру. Балаладың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

Ерте,ерте, ертеде, осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп, қаталапты,ағаштар қурап қалыпты, гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берге жел күнге келеді. Күн көлдердің, көлшіктердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары  буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып, бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған  өсімдіктер мен құстар қуанды.

6. «Кім  табады?» танымдық ойыны

Мақсаты:  балалардың  тез ойлау,  тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бұл ойында балаларға ұшатын құстар мен ұшпайтын құстарды ажырату қажет.

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, сонымен бірге құстардың суреттері: үкі, жапалақ, қарлығаш, қарға,  сауысқан, бүркіт,  бөдене, қырғауыл, түйеқұс, тауық, қораз, торғай, шымшық, қаз, үйрек, және т.б.

7. «Көбелектер әлемі» жаттығуы

Мақсаты:релаксация және қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)

Жаттығудың өтілу барысы:

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
 «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғында жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғынға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар.Енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.

8. «Суретті есіңе сақта» ойыны.

Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.

Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.

Ойынның өтілуі барысы:

Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

9. «Көкөністер» ойыны.

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:

Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөнеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

10.  «Түлкінің балалары мен бүркіт»

Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.

Ойын барысы: Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады .

Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

Мектеп жасына дейінгі балалрдың танымдық шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі – танымдық-шығармашылық ойындар болып табылады.

Танымдық-шығармашылық ойындар баланың дүниетанымын қалыптастыруда алатын орны маңызда да ерекше екені сөзсіз.

Себебі танымдық-шығармашылық ойындар баланы таным қабілеті арқылы табиғатты, қоршаған ортаны таныса, шығармашылық ойындар арқылы бала таныған заттарының қандай қызмет атқарып, қандай қасиетке ие екендерін айта білу, сөйлеу, сөзбен сөзді байланыстып сөйлеуге үйреніп дағдыланады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Танымдық- шығармашылық ойындарды қолдану жолдары.Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 433 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 2816
    • DOCX 26.1 кбайт
    • 31 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мирас Гулден Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мирас Гулден Муратовна
    Мирас Гулден Муратовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2885
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Младший воспитатель: задачи, функции профессиональной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики физического воспитания в ДОУ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Специфика художественно-изобразительной деятельности в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 333 человека

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 185 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе