Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыТарих пәнінен сабақ жоспары: "Тың және тыңайған жерлерді игеру" (9 сынып)

Тарих пәнінен сабақ жоспары: "Тың және тыңайған жерлерді игеру" (9 сынып)

Скачать материал

Сыныбы: 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып , ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру.Тың және тыңайған жерлерді игеруі демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіріп,одақтық өнеркәсіп құрылыстарының Қазақстан халқының этностық құрамының өзгеруіндегі алатын орнын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлттар бірлігі – Отансүгіштік рухтыңаса бір қасиетті көрнісі екенін ұқтыру. Сонымен қоса елін , жерін сүюге, достыққа, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Тың туралы тірек кесте сызба. Қазақстанның ХХ ғ. 50-60 жылдар кезіндегі карта.

Сабақтың әдісі : Баяндау ( сұрақ-жауап,ізденіс, пікір сайыс, тест тап.)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындығын , оқушыларды түгендеп,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 25 тақырып бойынша.

1. Патша өкіметінің көші-қон саясытының мәні қандай ?

2. Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану кезеңдері қалай аталады ?

ІІІ. Жаңа сабақ барысы : Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру барысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып , тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді.1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га –ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.Оқушыларға берілген тың туралы мәліметтерден хабарлама тыңдау. Сабақ барысында тың туралы төмендегі кестеден көруге болады.

 

Орал, Сібір, Қазақстан

 

Қазақстандағы тың игерілген облыстар

 

Ақмола Солтүстік Қазақстан

Павлодар Қостанай

Көкшетау Торғай

 

 

 

 

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысы туралы кесте

 

Басталған жылы

1954 жылы (қаңтар- наурыз пленумы

Идеяны ұсынушы

Үкімет

Одақ бойынша жыртылған жер

Солт. Кавказ,Орал,Оңтүстік сібір,Еділ бойы, Қазақстан

Қазақстан бойынша жыртылған жер

Павлодар ,Көкшетау,Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола,Қостанай облысы

Тыңгерлерді материалдық ынталандыру

Дүние мүлкі тегін көшірілді.

Отбасшы басшысына 500-100 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді.

Үй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді. (35 % -ін мемлекет өз қарамағына алды.)

Мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие берілді.

1,5 центнер астық немесе ұн ,азық – түлік берілді.

2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

Тыңгерлер саны

1954-1955 жылдары өнеркәсіпке , көлікке жұмыс істеу ішін 0,5 млн адам

Ақмола облысына 20000 адам

Солт. Қазақстанға 150000 адам келуі керек еді , артығымен 650000 адам келді.

1954-1962 жылдары жалпы 2 млн адам келді.

Жыртылған жер көлемі

1954 жылы 6,5 млн гектар

1955 жылы 9,4 млн гектар

Жалпы 25 млн гектар

Бөлінген қаржы

1954-1959 жылдары 20 млрд.

Пайдасы

Ұлттық маман кадрлар көбейді.

Қалалармен өнеркәсіп орындары салынды

Мәдени ошақтар пайда болды

Техниканы меңгеру басталды.

Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнап,

Басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді.

Басқа салалардың дамуына әсер етті.

Одақ бойынша астықты аймаққа айналды.

Зияны

Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды.

Қазақ мектептері жабылды.

Демографиялық күйзеліс басталды.

Экстенсивті әдіспен жүргізілді

Мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды.

Топырақ эрозиясы күшейді.

Жердің құнарлы қабаты желге ұшты

Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды.

Пайдакүнемдер көбейді.

 

 

 

 

Изображение 002

 

 

 

 

 

 

IV. Сабақты бекіту Сабақты қорытындылауға арналған тесттік жұмысы.

Тест сұрақтары: 
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды? 
А) 1953 жылы жазда 
В) 1954 жылы көктемде 
С) 1960 жылы қыста. 
2. Топырақ эрозиясының неше түрі болады? 
А) 2 
В) 3 
С) 4. 
3. Тың игерушілердің алғашқы баспанасы қандай болды? 
А) Тас және ағаш үйлер 
В) Палатка, вагондар 
С) Жатақхана, жалдамалы баспана. 
4. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қандай? 
А) Қара қоңыр топырақты зона 
В) Сұр топырақты зона 
С) Қара топырақты зона. 
5. 1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда қанша жаңа қала бой көтерді? 
А) 15 
В) 86 
С) 1200. 
6. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі: 
А) Астық шаруашылығы 
В) Мал шаруашылығы 
С) Биязы жүнді қой шаруашылығы. 
7. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды? 
А) 132 мың 
В) 640 мың 
С) 2 млн-ға жуық. 
8. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық: 
А) Орыстар 
В) Қазақтар 
С) Поляктар. 
9. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді? 
А) 1958 жылы 
В) 1959 жылы 
С) 1960 жылы 
10. Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле: 
А) Ақмола 
В) Қостанай 
С) Солтүстік Қазақстан. 


Тест жауаптары: 
1.В   2. А  3. В  4.С  5. А  6. А  7. С  8. А  9. В  10.
С 

ІІ тапсырма - Құрастырмалы тест 
1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ............................ (ескерілмеді). 
2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ............... (менсінбей қарау) орын алды. 
3. Шеттен келгендердің Қазақстан қалаларын жайлап алу жағдайы тек солтүстік өңірлерде ғана емес, ......................... (Шымкент, Жамбыл, Алматының) және өзге қалалардың кәсіпорындары да осылай істеді. 
4. 1950 жылдардың ортасынан бастап Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі ................... (тарихи Отанына оралуға) мүмкіндік алды. 
5. Демографиялық ахуалдың ............................ (орыстілді тұрғындардың пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты. 
6. Қазақ мектептерінің саны ................ (күрт кеміді). 

Сабақты мұғалім қорытындылауы : Қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығының жағдайы нашарлап , көптеген ауыл шаруашылығының белді мамандары жұмыссыз жүр. Ауылдан қалаға көшіп келіп жатыр. Қалада да мардымды жұмыс тауып кетіп жатқандары шамалы. Сондықтан :

« Ұлтарақтай болса да ,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да ,

Туып өскен ел қымбат »,-

деп халық айтқандай ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай халқымыздың шаруашылығы артып , хал тұрмысы жақсара ма ?

Ерте кезден –ақ халқымыз табиғатты қастерлеп , бар өмірі табиғат аясында өткен. Ардақты азаматымыз , ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мына бір жан тебірентер жүрек толғауы ойға оралады : « Туған жердің тағдыры толғантпаған , жаны тебіреніп ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз ? » десе, халқымыздың мақтанышы Шоқан Уәлиханов : « Табиғат , адам , өзіңіз айтыңызшы , тіршілікте одан ғажап , олардан құпия не бар ?» деп атап көрсеткен.

Құрметті оқушылар ! Сөзімнің соңында мына бір өлең жолдарына көңіл қойғым келеді :

« Туған жерді сүю парыз !

Сүю үшін білу парыз !

Қасиетін ұғу парыз !

Күзетінде тұру парыз !» —

демекші туған жерімізді Жер – Ананы қастерлеп , оның ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай жағдайымыз жақсармақ емес. Дегенменде қазіргі таңда ел басшымыз ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлуде .Ауыл шаруашылығы жақсарса , ел тағдыры да жақсарады деп сенуімізге болады.

 

V. Бағалау

VІ. Рефлексия

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

 

VІІ. Үй тапсырмасы: Оқушылар Қазақстандық тыңгерлерге арналған фото альбом шығару тапсырылады.Сонымен қосымша Жұбан Молдағалиевтің «тың атты айқас мекені» ; М.Е.Довжуктың « Бір күн бір жылға тең » атты шығармасн іздеп оқу.

 

 

Қосымша тапсырма – «Пайыздық көрсеткіштерге сипаттама бер» 
№ Пайыздық көрсеткіштер Сипаттамасы 
1 28% 1939 жылғы республикадағы қала халқының үлесі 
2 44% 1959 жылға республикадағы қала халқының үлесі 
3 29% 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанда мекендеген жергілікті халықтың үлесі 
4 9,5% 1939-1959 ж.ж. Одақ халқының көбею көрсеткіші 
5 52,8% 1939-1959 ж.ж. Қазақ КСР-індегі халқтың көбею көрсеткіші 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих пәнінен сабақ жоспары: "Тың және тыңайған жерлерді игеру" (9 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныбы: 9 сынып.Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеруСабақтың мақсаты : Білімділік: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып , ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру.Тың және тыңайған жерлерді игеруі демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіріп,одақтық өнеркәсіп құрылыстарының Қазақстан халқының этностық құрамының өзгеруіндегі алатын орнын ашып көрсету.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлттар бірлігі – Отансүгіштік рухтыңаса бір қасиетті көрнісі екенін ұқтыру. Сонымен қоса елін , жерін сүюге, достыққа, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі : Тың туралы тірек кесте сызба. Қазақстанның ХХ ғ. 50-60 жылдар кезіндегі карта.Сабақтың әдісі : Баяндау ( сұрақ-жауап,ізденіс, пікір сайыс, тест тап.)Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындығын , оқушыларды түгендеп,ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 25 тақырып бойынша.1. Патша өкіметінің көші-қон саясытының мәні қандай ?2. Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану кезеңдері қалай аталады ?ІІІ. Жаңа сабақ барысы : Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру барысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып , тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді.1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га –ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.Оқушыларға берілген тың туралы мәліметтерден хабарлама тыңдау. Сабақ барысында тың туралы төмендегі кестеден көруге болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА УЧЕБНОЙ ДИСЦИПЛИНЫ ОУД. 05 История 23.01.17. Мастер по ремонту и обслуживанию автомобилей
  • Учебник: «История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.
  • 30.12.2020
  • 672
  • 8
«История. Профессиональное образования. Часть 1», Артемов В.В. , Лубченков Ю.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.12.2020 2380
    • DOCX 200.3 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чеботарев Сергей Андреевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чеботарев Сергей Андреевич
    Чеботарев Сергей Андреевич
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 95009
    • Всего материалов: 209

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1361 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 922 человека

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе