Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тарих және география пәндері бойынша 2015-2016 оқу жылының қорытындысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Тарих және география пәндері бойынша 2015-2016 оқу жылының қорытындысы

библиотека
материалов

Бахатова Нұргүл Қамиқызы – тарих және география пәнінің мұғалімі.



Методикалық тақырыбым: «Тарих және география сабақтарында жаңа технологияны еңгізу арқылы ойын элементтерін кеңінен қолдану».

Мақсатым: Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын түрлерімен таныстыру.

Қазақстан тарихын 9,10,11 сыныптар, Дүние жүзі тарихын 9,10,11 сыныптар, География 10, 11 сыныптар аралығында өткіземін.

9 «Б» сыныпта- 2 оқушы, 10 «Б» сыныпта- 2 оқушы, 11 «Б» сыныпта – 1 оқушы.

Тарих және география сабақтарында оқытудың сапасын арттыру әрбір сабақта оқушылардың білімін жүйелі бағалаумен тікелей байланысты, сол себепті әр сабақ барысында білімді тестілік бақылаумен жүргіземін.

Тест (ағылшынша test – тексеру, сынау) – кері байланысты, бекітуді, қайталауды, жүйелеуді, оқушылардың тарихтан және географиядан алған білімі мен білігін бақылау және бағалау мақсатында қолданамын.

Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне өзім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.Сабақта компьютерлік оқыту технологиясы, Ұжымдық оқыту технологиясы, Сын тұрғысынан оқыту технологияларын қолданып сабақ міндеттерін нақтылау барысында технологиялық карта дайындадым.Сонымен қатар оқушыларды топқа бөлу арқылы интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданамын.Өзім сабаққа қандай мақсат көздесем, оған жету үшін қандай әдіс-тәсілдер, көрнекі және техникалық құралдар қолданатынын алдын-ала жоспарлап аламын.Бұл, сөз жоқ, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.Сабақ үстінде өз бетінше берілген деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта түседі.Компьютермен өз бетінше тапсырмалар орындау оқушының таным дүниесіне жол ашады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. Өзімнің барлық шеберлігімді, білімімді салып мүмкіндігінше инновациялық технологияларды пайдалана отырып жұмыс жүргіземін.

Мысалы 10 сыныбымда «Тас дәуірі» тақырыбында өткен сабағымды оқушыларды топқа бөлу арқылы өткіздім.Әр топқа тақырыпқа сай атау бере отырып кестемен шығармашылық жұмыс тапсырылады: Тас дәуірінің кезеңдері, кезеңнің хронологиялық ауқымы, жаңалықтар мен өнертабыстар, әр кезеңде өмір сүрген адамдар, қоғамдық құрылымдар.

Топтық негізде өткен сабақты үнемі қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам: Топтар алдын ала өзімнің басшылығымен жасақталады; көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады; топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды; жеке оқушының немесе топтың жұмысы бағаланады; топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не өзім таңдаймын; жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.

Сонымен қатар сабақ барысында білім мен білікті жинақтау мақсатында тірек-сызбаларды қолданамын.Тірек – сызба негізде өткен сабақты үнемі қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам: логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді; тез әрі жылдам тапсырманы орындай алады; оқу материалын терең меңгереді; көру арқылы есте сақталу қабілеті артады; сынақ емтихандары үшін анықтамалық қайнар болып табылады.

Компьютерді дұрыс қолдану оқушылардың танымдық қызығуларын қалыптастырып, ойлау қабілетін дамытады.

Компьютер қолдану арқылы жүргізілетін тарих және география сабақтарының кезеңдері төмендегі сызбада көрініс табады.






Компьютер








9, 10, 11 сыныптарында Қазақстан тарихы және География пәндер бойынша күнделікті сабақтарымда электронды оқулықты пайдаланамын.Оқушылар электронды оқулықтан деңгейлік тапсырмалар, тест, кесте толтыру, сөзжұмбақ шешу, әңгіме құрастыру, эссе жазу, анимацияны қарап сұрақтарға жауап беру т.б. тапсырмалар орындайды.

Сабақтарымда ақпараттық технологияны (мультимедиа, керекті ақпараттарды интернеттен шығарып алу т.б.) пайдаланамын.

Электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе.Электрондық оқулықта иллюстрация бар, видеоиллюстрация (анимациялар) – электрондық оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі. Анимация –қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.Оқушылардың танымдық қызығушылын,белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабағынның бірі - ойын сабақ өзімнің методикалық тақырыбына байланысты.Бұл сабақта оқушылардың белсенділігі артады,бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға,көп білуге,ынтасы өседі. Сондықтанда сабақтарымды ойын арқылы өткіземін, өйткені тиімді жақтары өте көп.

Ойын сабақтарының артықшылықтары:

Біріншіден, оқушының сабаққа деген ынталығы артады,үнемі түсіндіріп 45-минут тыңдағаннан оқушы да, өзі де де жалығады.

Екіншіден, сабаққа зауқы жоқ, жалқаулау, нашар оқитын оқушылардың өзі де бұған белсене қатысады.Сөйтіп кейде бұйығы өз ойын айтуға ұялатын немесе ашық айтуға қиналатын оқушылардың мінезін, сабақты қалай сұрауға, айтқызуға болатынын түсінуге болады.

Үшіншіден, өтілген сабақтың мазмұны оқушының есінде ұзақ сақталады. Ойын сабақтарынан кейін оқушылар өздері ізденіп, әр түрлі ойындар құрастыра бастайды.Мысалы сөзжұмбақтар, ребустар құрастырып, соны кейін бір-бірімен алмастырып шеше бастайды.Бұның нәтижесінде оқушылардың білімге қызығушылығы артып өз беттерімен ізденуге мүмкіндік жасайды.Ойын тақырыбы мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де көтеріледі.11 «Б» сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткіздім.Тақырыбы:Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.Саяси партиялар тарауына қайталау.Сабақтың әдісі: ойын, сын тұрғысынан ойлау, глоссарий,

Пәнаралық байланыс: география, ән-күй, адам және қоғам

Көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулықтар, проектор, интерактивті тақта, постерлер, бейнетаспадан үзіңді, музыкалық бейнетаспа;

Сабақ келесі кезеңдерден құрылды:

І. Постермен жұмыс:

1.Саясат

2. Рәміздер

3. Қалалар

ІІ. Полиглот

ІІІ. «Казино»

ІV.Кесте «Тәртіп орнат»

сан – әріп

1.Демократия А.Еліміздің негізгі заңы

2.Конституция

3.Ақша

4.Тәуелсіз мемлекет

5.Тенге


Ключ: 1-Б; 2-А; 3-Е; 4-С; 5-Д.

V.Электронды оқулықтармен жұмыс

І. /9 сынып Анимация 20/

Интерактивті тапсырма: 36



ІІ. /11 сынып Анимация 1991 жыл /

Интерактивті тапсырмалар: 1,2,8,15


Картамен жұмыс: Қазақстан Республикасының шекарасы

VI. «Анаграмма»

ЕОЕМД


ИМТАКА


ОУТВМ


АИБПИТРД


VIІ. Сұрақтар:

Сабақты қорытындылау.

Оқушылар білімдерін өздері бағалайды.

Үй тапсырмасы.

Рефлексия

Сабақтың аяғында оқушылар даналық ағашына жапырақ, гүл немесе жеміс-жидек іледі.

  • Жеміс-жидек – сабақ жемісті және пайдалы өтті

  • Гүл – жаман емес

  • Жасыл жапырақ – бір нәрсе көрсетілді бірақ ол да емес, бұл да емес

  • Сары жапырақ – «солыңқы», текке жоғалған күн.

Өзімнің ұстаздық өмірімде кестелі сабақтардың тартымдылығына, түсінуге жеңілдігіне көз жеткізіп келемін.Өйткені, кестелі сабақта оқушының өзіндік жұмыс істеуіне, ізденуіне, ойланып, ой қорытуына жағдай туындайды.Сабақтың басты шарты-оқушы кестені толтыру жолын жете түсіну керек.Сабақты толық түсіне алмаған оқушының жұмыстарды ары қарай жалғастыруына мүмкіндік жоқ, тақырыпты түсінген оқушы ғана тапсырманы аяғына дейін жеткізіп, қорытындылай алады.Соңдықтан өзімнің шеберлігімді, күш-жігерімді, мүмкіндігімді пайдаланамын, баланың сабақты түсінуін, ұғынуын қамтамасыз етемін. Тарих сабақтарында оқушылар берген сұрақ және деңгейлік тапсырмаларды, кесте толтыру, тест, тарихи диктант, сөзжұмбақ шешу, картамен, атласпен, кескін картамен және тірек сызбамен сияқты жұмыстарды атқарады.

І тоқсанда 6,7,8,9,10,11 сыныптар Қазақстан тарихы бойынша білім сапасы 61.9%.

6,7,8,9,10,11 сыныптар Дүние жүзі тарихы бойынша білім сапасы 61.9%.

5,6,7,8,9,10,11 сыныптар География бойынша білім сапасы 58.8%.

Декреттік демалыстан кейінгі берілген сыныптар 9 «Б», 10 «Б», 11 «Б» сыныптар.

Қазір ІV тоқсан 9,10,11 сыныптар арасында Қазақстан тарихы бойынша білім сапасы – 80 %, Дүние жүзі тарихы бойынша білім сапасы – 80 %, География пәні бойынша білім сапасы 98%, адам және қоғам 100%.




hello_html_m1f2e2ce.jpghello_html_m38f3d400.jpg

hello_html_67f27a9e.jpghello_html_d4e1739.jpg











hello_html_4a41bf35.jpghello_html_3c338b6b.jpg

hello_html_m540d0621.jpghello_html_m308d26eb.jpg

hello_html_m4d58fbfc.jpghello_html_20e10e4.jpg

hello_html_m7b67bdaf.jpghello_html_m67a4305d.jpg



hello_html_525a1b24.jpghello_html_m69c3e366.jpg



hello_html_5fcce9de.jpg


Қорыта келе айтарым, ізденіс - білім кепілі.Демек жаңа технологияларды әрбір сабағымда қолданып ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей аламын.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.





Автор
Дата добавления 28.05.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров226
Номер материала ДБ-101556
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх