Тазалықты
сүйеміз
Мақсаты:
Балаларды тазалықты сақтай білуге үйрету, пайдасын түсіндіру, тазалық, сұлулық
туралы мәлімет беру.
Дені
сау ұрпақ тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
кезеңі: «Жылулық шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырады қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң , қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін!
-
Жарайсыңдар,
балалар, өте жақсы! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс
мезгілі.
-
Балалар,
қыс мезгілінде қар жауып, күн суытады. Үлкендер үйдің ауласын қардан
тазалайды. Балалар аулада әр түрлі ойындар ойнайды. (шанамен,
канъкимен т.б)
-
Балалар,
сендер тазалықты сүйесіңдер ме?
-
Ия, сүйеміз.
Іс –әрекет барысы:
-
Балалар,
тазалық деген не?
-
Тазалық деген – таза, ұқыпты жүру.
-
Балалар киіміміз, үсті- басымыз, беті-қолымыз
қандай болу керек?
-
Таза болу керек.
-
Ал, үсті таза баланы қандай бала дейміз?
-
Ұқыпты, таза бала дейміз
-
Үсті таза баланы ше?
-
Ұқыпсыз, лас бала дейміз.
-
Ендеше балалар, тазалықтың достарымен таныс
болайық.
Балалар
тазалықтың достарын қайталап айтады.
Ойын:
Тазалықтың достары ( суретпен жұмыс).
Балалар сендер тазалық туралы
қандай тақпақ білесіңдер?
Нұрай: Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өте жақсы көремін.
Сәбина: Ақ матадай түгі бар,
Қызыл, жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген осы.
Назым: Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әр дайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Ән:
Тазалықты сүйемін,
Таза киім киемін
Денем таза болса да,
Жиі түсем моншаға.
-Көрдіңдер
ме, балалар, тазалықтың көп пайдасы бар екен. Біз таза жүрсек денеміз сымбатты,
күшіміз көп болады екен. Ал, енді бәріміз бірге тыныс алу жаттығуларын
жасаймыз
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.