Инфоурок Технология СтатьиТехнология пәні бойынша "Тоқыма әліппесі" ашық сабақ

Технология пәні бойынша "Тоқыма әліппесі" ашық сабақ

Скачать материал

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

Сабақтын тақырыбы: Тоқыма әліппесі.

Білімділік: Тақырып бойынша білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, тоқыма түрлері бойынша түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың көркемдік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық көз-қарастарын қалыптастыру

Дамытушылық: Мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі тоқыма әліппесі және тоқыма түрлері жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалау әдістерімен таныстыру

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту, сұрақ-жауап.

Сабақтың әдісі: әр оқушы өз бетінше жеке жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, сызу, матемтатика.

Сабақтың көрнекілігі: тірек- сызбалар, компьютерлік слайдтар.


Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой толғау ойыны»

Мақта –неше жылдық өсімдік?

Мата –қандай талшықтан тұрады?

Мақта, мата және жүн айырмашылығы неде?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудару.

ІV. Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Тірек-сызбалармен жұмыс

2.Танымдық жұмыс

3.Өзара тоқыма жұмысы.

V. Сабақты бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Тоқыма әліппесі

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.

Тоқу барысында адамның түрлі түсті сән таңдау, бояулар әлемнің үйлесімділігімен түрлі тоқу әдістері, талғамы,, шеберлігі, ой-өрісі жетілдіріліп, іскерлігі қалыптасады.

Тоқыма тоқуға таза жүннен, матадан, вескоздан, синтетикадае аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Жіңішке, биязы жіптерден көбінесе балалар киімдерін – өрнекті жеңіл жейделер, орамалдар, т.б. жеңіл бұйымдар тоқиды.

Тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер қажет. Олардың ұшы үшкір де, доғал да болмауы тиіс. Сондай-ақ пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасалған сымдар да қолданылады. Сымның ең тәуірі никельді болат сым. Әр сымның нөмірі диаметрінің миллиметріне сәйкес келеді. Мысалы, № 3 нөмірлі сымның диаметрі 3 мм, № 5 нөмірлінікі – 5 мм болады. Тоқымашыда 1-ден 10-ға дейін нөмірлі сымдардың бәрі болғаны жөн. Себебі, тоқылатын заттың өрнегіне, жіптің сипатына қарай әр түрлі нөмерлі сымдар қолданылады.

Жұмыс үшін ең қолайлысы 1,5-2,5 мм, ұзындығы 30-40 см сымдар. Сымдар тоқылатын жіптен екі есе жуан болуы керек.

Тоқыманың оң және теріс жағы болады. Өрнекті түсіндірілдеме тақ қатарлар тоқыманың оң жағы, жұп қатарлар теріс жағы болып есептеледі. Бастапқы қатарға қажет шалулар санын есептеп шығу үшін, оны 10 см тоқып көру керек. Ол үшін тоқылатын өрнекпен 30-40 шалудан 8-10 см тоқу үшін қажет шалу санын есептеп шығарып алады. Бірінші қатарды бастау үшін тоқылатын заттың енінен үш есе артық жіп өлшеп алады.

Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет. Негізгі шалу түрлері мыналар:

  • Жиекті шалу (сымға тізіп ілінген жіптер);hello_html_6277e82e.png

  • Оңға шалу;

  • Теріс шалу;

  • Қосымша шалу;

  • Тоқылмай алынатын шалу;

  • Ұзартылған шалу.

Шұлықша тоқу әдісі: 5 бізбен айналдыра тоқиды. Әдетте өрнек салынған манжетадан немесе резинкадан бастап, шұлықша әдіспен тоқылады(1-суретте көрсетілгендей).

Тоқудың тығыздығына қарай бәр пар әйелдер шұлығына - 100-120 гр., ерлер шұлығына - 120-150 гр.,балалар шұлығына – 70-80 гр.жіп қажет, егер өрнек көп салынатын болса жіп көбірек жұмсалады.

Есебін шығару: Тобықтың тұсынан аяқты айналдыра өлшеп алу керек. Бұл әдісте бірінші қатар оңға, шалу әдісімен тоқылады да екінші қатар теріс, яғни оң жағында теріс шалу әдісімен тоқылады. Тақ қатарлар тоқыма бұйымының оң жағына (1,3,5,7,9,11) сәйкес келеді де, жұп қатарлар бұйымының теріс жағына (2,4,6,8,10) сәйкес келеді.hello_html_162c3549.png

Резинка әдісі: бұл әдісте тоқыма сымнан тақ шалулар алынады. Бірінші қатар бір оң, бір теріс әдісімен қайталана береді, келесі қатарлар оң шалу оңға, теріс шалу теріс шалу әдісімен тоқылады. Резина әдісімен тоқыма бұйымның жең ұшы, жағасы, етегі, белдеменің белі, шұлықтың қонышы т.б. тоқылады. Тоқу барысында тоқу ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл әдісте негізгі өрнектерге қарағанда жіңішке сымдар қолданылады.hello_html_42fc09.png

Өкше шығару әдісі: тоқыманы екіге тең бөліп, тек екі біздің 3-және 4-біздің шалуларын ғана тоқу керек (1- және 2- біздегі шалулар өкше шығаруға қатыспайды. Тоқу ыңғайлы болу үшін екі (3-және 4-) біздегі шалуларды бір бізге өткізіп, шұлықша тоқумен өкшенің биіктігіндей етіп тоқып шығу ұсынылады. Тоқыма шетіндегі шалу саны 10-ға жеткенде (20 қатар) оң шалумен аяқтап өкше шығаруға кірісеміз. Ол үшін сымдағы екі жағына 6 шалудан ортасына 8 шалу қалдырып тоқимыз. Тоқу барысында екі шеткі 6 шалудан бір-бірте ортадағы 8 шалудың соңғы шалуына қосып тоқып, қысқартамызда, жұмыс соңында тек орындағы 8 шалу ғана қалады.hello_html_m1b3aa44d.png

Тоқу үлгісі:

1-қатар (тоқыманың теріс жағы):

бірінші жағының 6 шалуы тоқылады. Сосын ортадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес, шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.

2-қатар(тоқыманың оң жағы):

  • шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірініш жағының көршілес шалумен қосып тоқиды. Тоқыман кері айналдырады. Осылайша 1-2 қатардағы қайталап тоқи береді. Соңында сымда тек ортадағы 8 шалу қалады. Өкше шығару аяқталады.hello_html_53dc5170.jpg

hello_html_4a549a67.jpghello_html_6d5a2eb.jpg





Шұлықтың басын шағыру әдісі:

Бұл бөлікте № 5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен бірінші сымдағы 10 шалуды тоқиды. Келесі бір бос сыммен тоқыма шеоінен жаңа шалулар теріліп қарама-қарсы бетінде қанша шалу болса, сонша шалу сол сыммен ортаңғы бөліктегі шалудың жартысын тоқиды. Яғги 4-сымға да шалулар тізіліп үшінші, төртінші сымдардағы шалулар саны бірінші, екінші сымдардағы шалулардан көбірек болуы қажет. Бұдан әрі айналдыра, қуыстап тоқи отырып, 3-4 сымдағы артық шалуларды әрбір екінші қатарда кеміте береді. Сымның әр қайсысында 10 шалудан қалғанда кемітуді тоқтатып, шұлықтың басы шығарылады. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір-бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де шалулар қатты тартылып бекітіледі немесе тігіледі. Жіптің қалған бөлігін ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп жасырады.

hello_html_m5ff6660e.jpghello_html_m36329465.jpg








Жұмыс аяқталады. Дайын бұйымды жылы суға жуып кептіреді.

Халықтың дәстүрлі өнер сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.hello_html_m8cc5e3b.jpg

Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғам иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету.

V. Сабақты қортындылау.

VІ. Үйге тапсырма беру./жұмысты аяқтау/


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология пәні бойынша "Тоқыма әліппесі" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 3931
    • DOCX 368 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожатаева Бағжан Бексултановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5130
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе