Инфоурок Информатика КонспектыТема урока: «Работа с электронной почтой»

Тема урока: «Работа с электронной почтой»

Скачать материал

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ХАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕП,  ЖӨНЕЛТУ

 

Медетова Арайлым Қарасайқызы

Қазалы аграрлытехникалық колледжінің информатика пәнінің  оқытушысы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «электрондық пошта» ұғымымен,пошта құру жолдарын меңгерту, интернеттің негізгі қызметімен, адресімен, жұмыс істеу ережесімен  таныстыру.

Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың  пән ,бойынша алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.   

Тәрбиелілік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке,                        өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Білім мен білік дағдыларына қойылатын талаптар:

Оқушылар білуге тиіс:

Ø  Интернет ұғымының негізгі түсініктерін;

Ø  Интернетті пайдалану ережелерін;

Ø  Уақытты үнемдеуді;

Ø  Электрондық адрес ұғымын;

Ø  Электрондық хабар ұғымын;

Ø  Электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін;

Оқушылар істей алуы тиіс:

Ø  Дербес компьютерді пайдалануды;

Ø  Интернетпен жұмыс істеуді;

Ø  Хабарларды жіберуді және қабылдауды;

Ø  Хабарларға жауап қайтару мен оны қайта жөнелтуді;

Ø  Хабарламаларға файлдарды тіркеуді;

 

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ойын элементтері, көрнекіліктік – иллюстрациялық, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, интернет желісі, тапсырмалар, видеороликтер, слайдтар,  

Сабақтың пәнаралық байланысы: информатика, ағылшын тілі, орыс тілі,арнаулы пән (ұйымдастыру технологиясы)

Сабақтың барысы:

                                                  

                                                    І. Ұйымдастыру кезеңі.  

     Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Дербес компьютерді пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін ескерту.

 

                                 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.    «Ой – қозғау» кезеңі.

 

     Оқушыларға жанды сұрақтар бере отырып өтілген сабақтарға шолу жасау.

Берілетін сұрақтар:

  1. Ақпараттық іздеу порталдары не үшін қажет? (мәліметтер іздеу үшін)
  2. Интернеттің қандай мүмкіндіктері бар? (ақпаратты жедел жеткізу және табу, жедел байланысу, тапсырыстар беру, бейнеконференциялар өткізу, электрондық төлемдер жасау, сату және сатып алу, қашықтан оқыту т.б.)
  3. Ақпараттық іздеу порталдарын атаңыз? (Google, Yandex, Rambler)
  4. Компьютер класындағы желі қандай желіге жатады? (жергілікті)
  5.  Желі түрлері? (ауқымды, жергілікті,аймақтық)

                                        ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой - толғау» кезеңі.

 

            Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі – электрондық пошта. Компьютердегі желі арқылы бүкіл дүниеге ақпараттарды таратуға болады. Ақпарат: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. Хабар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта ( e – mail ) деп аталады.

Электрондық пошта деп – компьютер желісінде электронды хат алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі поштаға ұқсайды. Интернетке қосылу кезінде тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындайды. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер – компьютерде электрондық « пошта жәшігі » құрылады. Адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат  сервермен нақты түрде қосылуға дейін сақталады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін адресті ( e – mail )  дұрыс көрсетуі керек.

    Желі абоненті өзіңмен байланыстағы тораптың пошталық серверінде тіркеледі де, одан өзінің пошталық жәшігін алады, яғни оған пошталық серверде ішкі жадтың бір бөлігі бөлінеді. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электронды адрес деп аталады. Абонентке жіберілген хаттар мен пошта осы жәшікке түседі. Электронды адресті білетін желінің кез келген абоненті пошта жәшігіне хат жолдай алады. Бірақ пошта жәшігінен хабарды тек иесі  ғана ала алады. Өйткені, жәшік өз иесі ғана білетін құпия сөзбен (парольмен) қорғалады.

     Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады:

                        Пайдаланушының аты@сервер аты

      Пайдаланушының атын – серверді пайдаланушы пошталық жәшігіне өзі ат береді және оның өзінің ережелері бар. Сервер аты – пошталық жәшік орналасқан сервер аты, оны пошталық қызмет көрсету компаниялары анықтайды.

Мысалы, біздің кәсіптік лицейдің адресі мынадай:

                                                    Pcsh_8@mail.ru

 

Электрондық пошта құру үшін «Регистрация  в поште» командасын орындаймыз.

 

 

 

 

Облачко с текстом: овальное: шерту

 

 

Облачко с текстом: прямоугольное со скругленными углами: шертуОблачко с текстом: прямоугольное со скругленными углами: Хат тақырыбыОблачко с текстом: прямоугольное со скругленными углами: Жөнелтілуі керек адрес

 

Облачко с текстом: овальное: Керек құжатты таңдау

 

Облачко с текстом: овальное: шерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІV. Жаңа сабақты бекіту. «Ой - тастау» кезеңі.

 

 

Оқушылар сиқырлы суреттерді шерту арқылы жасырылған сұрақтарға жауап береді.

·        Электрондық пошта дегеніміз не?

·        Электрондық пошта құру жолы;

·        Электрондық поштаның кәдімгі поштадан айырмашылығы;

·        Электрондық поштаға хат жіберу жолдары;

 

Ү. Сергіту сәті.

 

Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал – мәтелдер беріледі, осы мақал- мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

 

1.      Байт биттен құралады (Ақша тиыннан құралады )

2.      Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

3.      Компьютердің жұмысы иесіне мәлім (Аттың сыры иесіне мәлім)

4.      Веб – дизайшының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса)

5.      Білмесең “анықтамадан” сұра (Білмесең білгеннен сұра)

6.      Бір ядролы процессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

7.      Жігітті компьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала)

8.      Антивирусы күштіні – вирус алмайды (Досы көпті жау алмайды)

9.      Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)

10.   Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

 Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл – күйлерін компьютерлік смайликтер бойынша көрсетеді.

 

VI. Бағалау. «Ой – талқы» кезеңі

 

VII. Үйге тапсырма. «Ой - түйін» кезеңі

 

Газет-журналдардың электрондық поштасын және ұнататын телехабарларының электрондық поштасын жазып келу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема урока: «Работа с электронной почтой»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 346
    • DOCX 2.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медетова Арайлым Карасаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Медетова Арайлым Карасаевна
    Медетова Арайлым Карасаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5453
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Программы лояльности и организационные аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе