Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп

Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Кенжетаева Замира Нурхожаевна мұғалім портфолиосы В3

3 топ 3 – деңгей

Көкшетау қаласы

Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп

Оқыту барысында екі тарап, оқушы мен мұғалім, жұмыс жасайды. Алайда, осы жұмыс барысында мұғалім ұсынған ақпаратты оқушы үнемі ерікті түрде қабылдап оның қажеттілігін түсіне бермейді. Оқушының білім алуға деген немқұрайлығы оқыту процесінде кедергі келтіретін нәрсе. Балаларға өмірдің заңдылықтарын ұғындырып, болашағына жоспар құруға дағдыландыру, алдағы күніне көз жүгіртіп, осы бастан қамдануға үйрету - басты мақсат. Осы мақсат жүзеге асқан жағдайда оқушы өз болашағы үшін білім қажеттілігін сезінеді. Оны сезіндіру үшін мұғалім өз біліктілігін арттыру керек. Өз біліктілігімді арттыру мақсатында Көкшетау қаласына үш айлық курсқа келдім.Бұл курс үш кезеңнен тұрды. Оқудың бірінші кезеңі үшінші (негізгі) деңгей «Бетпе – бет» деп аталады.Осы кезеңде бағдарламаның 7 модулін жеке – жеке талқылап тәжірибеде пайдаланудың тәсілдерін қарастырдық. Алғашқы сабағымыз танысудан басталды. Сосын топтарға бөлініп, топпен жұмыс жасап бір – бірімізбен араласып кеттік. Білім жетілдіру курсының алғашқы кезеңінінен өтіп мектептегі тәжірибе кезеңіне аттандық. Барлық қызық та,қиыншылық та екінші тәжірибе кезеңінде басталды. Мектепке келгенде оқу ісінің меңгерушісімен кездестім. Ол кісі сабақтан босата алмайтынын айтып, кез – келген уақытта қолдау көрсететінін айтты. Әдістемелік кеңесте үшінші(негізгі)деңгейдің бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде не оқыдық, не үйрендік сол туралы жалпы түсінік беріп өттім. Бұл бағдарламаның негізін мектептегі әріптестер жақсы біледі, өйткені менің алдымда бұл курсты өткен мұғалімдер болды. Әсіресе екінші деңгейде оқып жүрген мұғалімдер «коучинг» сабақты мұғалімдермен өткізуге тиіс болды. Сондықтан мұғалімдер тарапынан түсінбеушілік болған жоқ. Тізбектелген сабақтар жоспарын жасамас бұрын екінші химия мұғалімімен кеңесіп алдым. Ол кісі 9 «а» сыныбы қоғамдық – гуманитарлық бағытында оқитынын ескеру керек деген пікір айтты. Бұл курсты бітірген әріптестерім тізбектелген сабақ жоспарын жасауға көмектесті. «Үй тапсырмасын тексергенде осылай істесең қалай болады», «осы жерде мына әдісті енгізу керек»,«бағалауда осындай критериилер» қолдану керек деген ұсыныстарын айтып өтті. Осы жаңа жеті модуль қызық та,қиын да химия пәнін оқытуға әсері қалай болады екен деген сұрақ ойымнан кетпей қойды. Алдымен сынып оқушыларынан Н.Лускановтың «мектеп мотивациясы» сауалнамасын жүргізу арқылы олардың мектепке, сабаққа, сыныптастарына, мұғалімге деген көзқарастарын анықтап алдым. Мұндағы менің мақсатым - сабақ өткізгелі тұрған сыныптағы қиындықтарды, сыныпта кімге назар аударуым керек, кімге қандай қарым – қатынас жасауым керек екенін анықтап алуым керек болды. Зерттеуге кімді алуым керек екенін анықтап алдым. Сосын осы қиындықтарды жою жолдарын қарастырдым. Мұғалімдер өз кезегінде,өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады, білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім - бұл үдерісте көмек көрсететін жан/1/. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру дегенде оқушылар өзін сабақта еркін ұстауы, ойын ашық айтуы, өз пікірін айта білуі, ештеңеден қысылмай, сабаққа қатысуы деп түсінемін, ал осындай ортаны қалыптастыру тікелей мұғалімге байланысты. Осы мақсатта алғашқы «Бетпе – бет» кезеңінде пайдаланған ойындарға ұқсас кіріспе ойындарды, мысалы: «Мен сізді.... таныстырғым келеді»,«Түсін мені»атты ынтымақтасты атмосферасын қалыптастыруға негізделген ойындарды ойнау арқылы оқушылардың бір - біріне деген қатынастары өзгерді. Әр сабақта оқушыларды топтарға бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде үйренген әдіс – тәсілдермен бөліп отырдым. Сабақтың соңында қорытындылап: «Не ұнады? Не ұнамады? Қалай өзгертер едің? Сабақ қаншалықты қиын болды?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс парағын толтырды. Оқушыларға жаңа тәсілдерді қолданып өткізген сабақтарым ұнады. Сабақ соңында «Бізге осылай сабақ өткізген ұнайды» стикерлерге жазып өз ойларын білдірді. Осындай модульдерді қолдана отырып өткізілген сабағым оқушылардың өз пікірін айқын жеткізе отырып, теориялық білімі мен білігін жетілдіруге және қолдануға кең мүмкіндіктер береді. Әрбір сұрақ төңірегінде ойлана отырып,өз ойларын сыныптастарымен толықтыра отырып,оны топта талдап, тақырыптың мағынасын ашады.Осындай еңбекпен мағынасын өздері ашқан тақырыпты ұмытпай, естерінде ұзақ сақтайды. Бұл жерде мұғалім көп ізденуі керек. Себебі, сабақтың тақырыбын және мағынасын аша алатындай етіп сұрақтарды дұрыс құрастырғанда ғана нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін мұғалімдер сыни ойлауға тура келеді. Осы сабақтарды өткізудегі бір байқағаным – оқушылардың бір – бірін бағалаудағы, өздерін бағалаудағы әділдігі. Оқушылар бір – бірінің барлық әрекетін бағалап отырады. Осы курсқа дейін мен дарынды балалармен сабақтан тыс уақытта жұмыс істесем, жеті модульді сабаққа кірістіру арқылы мен өз сабақтарымда дарынды балалармен жұмысты да атқара алатын болдым. Олардың шығармашылығын шыңдай отырып, көшбасшылыққа итермелеп отырдым. Сонымен қоса, білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру де сабақтарымның ажырамас бөлшегіне айналды. Бұндай тапсырмалар арқылы оқушылар білімін теңестіруге, алға ұмтылуға жол ашылды. Балалармен бірге өзім де өзгеріп, қызығушылығым артқанын сезіп жатырмын. Енді әр сабағымда АКТ-ны пайдалану қажеттілігін түсіндім. Себебі АКТ арқылы сабақ барысында уақытты үнемдеймін, бұрын оқушыларға өзім айтып, жазып, тапсырманы түсіндірсем, қазір соған кететін уақытты мен қызықты тапсырмаларға, оқушыларға жаңа ақпарат беруге, қала берді тренинг өткізуге арнаймын. Сондай-ақ, оқушы орындайтын тапсырманы өзі интербелсенді тақтадан өзі оқиды, не істеу керегін ойластырады, соған сәйкес іс-әрекетті орындайды. Тапсырманы толығымен оқушылардың өздерінің орындауына бағыттаймын. Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды. Алғашқы «Көмірсутектердің табиғи көздері» деген сабақта оқушылар географиядан алған білімдерін пайдалана отырып тақырыптың мағынасын өздері аша білді. Бұл кезеңде мен оларға тек бағыт беруші ғана болдым. Іс-тәжірибе барысында менің сабақтарыма қатысқан әріптестерім мен қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де сабақтарына енгізгісі келетінін айтып өз ойларымен бөлісті. Осы сабақтар бойынша сабаққа қатысқан әріптесім математика мұғалімі өз пікірін былай білдірді: «Сабақ жақсы құрылған, оқушылар барлығы жұмыс жасайды екен. Негізі топпен жұмыс істеген дұрыс, мында артта қалған оқушыларда ортаға тартылады. Мен де осы курсқа барғым келеді, мына сабақ беру тәсілің өзіме ұнады» деген өз пікірін айтып өтті. Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша «Бетпе- бет» екінші кезеңіне келгенде әріптестеріме «Мектептегі тәжірибе» кезіндегі өткізілген сабақтар бойынша тәжірибе алмастық . Әріптестерім сабақтар бойынша өз пікірлерін айта бастады. Осы сабақтарға өз ойын қазақ тілі мұғалімі Маржан: АКТ-ны қолдана барысында оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды бере отырып қызығушылықтарын арттыра білді». Бастауыш мұғалімі Гүлнұр «сабақтын құрылымы, оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қабылдау қабілеттері жақсы екені көрінді деді, тек қана формативті бағалау аз болғанын» айтып өтті. Болашақта осы әріптестерімнің ұсыныстарын ескере отырып , сабақ барысында оқушыларға өз ойларын толығынан жеткізуге мүмкіндік беріп, әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауым керек екендігіме көз жеткіздім. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Сабақтарда оқытудың жаңаша түрін қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері дамып,өздеріне деген сенімдері артатына көз жеткізе бастадым. Қорыта айтқанда, заман талабына сай, үлкен өмірге бейімделген ,мұғалімнің бағыттауымен өз бетінше керек ақпаратты танып,түсінуге тырысатын дербес тұлға тәрбиелеу үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті тәсілді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.


Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық/1/ Қалай оқу керектігін үйрету.






3


Краткое описание документа:

Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп Оқыту барысында екі тарап, оқушы мен мұғалім, жұмыс жасайды. Алайда, осы жұмыс барысында мұғалім ұсынған ақпаратты оқушы үнемі ерікті түрде қабылдап оның қажеттілігін түсіне бермейді. Оқушының білім алуға деген немқұрайлығы оқыту процесінде кедергі келтіретін нәрсе. Балаларға өмірдің заңдылықтарын ұғындырып, болашағына жоспар құруға дағдыландыру, алдағы күніне көз жүгіртіп, осы бастан қамдануға үйрету - басты мақсат. Осы мақсат жүзеге асқан жағдайда оқушы өз болашағы үшін білім қажеттілігін сезінеді. Оны сезіндіру үшін мұғалім өз біліктілігін арттыру керек. Өз біліктілігімді арттыру мақсатында Көкшетау қаласына үш айлық курсқа келдім.Бұл курс үш кезеңнен тұрды. Оқудың бірінші кезеңі үшінші (негізгі) деңгей «Бетпе – бет» деп аталады.Осы кезеңде бағдарламаның 7 модулін жеке – жеке талқылап тәжірибеде пайдаланудың тәсілдерін қарастырдық. Алғашқы сабағымыз танысудан басталды.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров359
Номер материала 276082
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх