Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Атаның сөзі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Атаның сөзі"

библиотека
материалов

Атаның сөзі – ақылдың көзі

Мақсаты:

1. Балалардың бойында әдептілік пен алғырлық, адамдық қасиеттерді қалыптастыру.

2. Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, ұлы ғұламалар сөздерін жатқа, мәнін түсіне оқу дағдыларын дамыту.

3. Жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ғұламалар портреттері, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлттық ою - өрнектер, гүлдер, шарлар.



1 - жүргізуші: Әсел , бүгінгі кеш ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонақтардың алдында бір түрлі қысылып тұрамын.

2 - жүргізуші: Бейбіт, несіне қиналасың? Алдымен амандасайық «Сөз атасы - сәлем» деген емес пе?

Бейбіт: Армысыздар ұстаздар, ата - аналар!

Әсел: Бармысыңдар балалар!

Әсел : Бүгін біздің мектебімізде ұлттық тәрбиенің бір айшығы ретінде өткелі отырған «Атаның сөзі – ақылдың көзі» әдеби танымдық кешімізге қош келіпсіздер!

Бейбіт: Ендеше, бүгінгі кешке келгендеріңізге тіптен де өкінбейсіздер, себебі, көптеген аталы сөздер мен ақылдың көзі, бабалар өсиетімен танысасыздар, әсем ән мен би де тамашалайсыздар.

Бейбіт: Халқымның әні қандай, жыры қандай,

Шешеннің нәрі тамған тілі балдай

Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын

Ал биі нәзік жанды балқытқандай, - деп «Қазақ» биін тамашалайсыздар!

Бейбіт: Олай болса, көрермендерді кешіміздің барысымен таныстырайық.



1 - кезең «Мен атамның жалғасымын...»

2 - кезең «Мақал - сөздің мәйегі»

3 - кезең «Ескірмейтін есті сөз»(сахналық көрініс)

4 - кезең «Ұлылардан қалған ұлы сөз»



Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер, біздің бойымызға халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік қасиетімізді қалыптастырады.

Бейбіт: Ендеше, « Мен атамның жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

1. Атам маған әмәнда, Ақсүмгүл

Әдепті жан бол деген.

Атамның сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.



2. Алдын орап кісінің, Расул

Кесіп өтпе көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем



3. Атам маған әмәнда, Ильяс

Кішіпейіл бол деген.

Атамның сөзі санамда.

Мақтанбауды жөн көрем.

4. Атам маған әмәнда, Диас

Әділетті бол деген

Атамның сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен.



5. Қалдыратын ұятқа, Н Жансая

Жалған сөзге төзбеймін

Жеткізеді мұратқа

Тек шындықты көздеймін.



6. Ей, тәкаппар дүние Б Айгерім

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені?

Мен қазақтың баласы.



7. Атаң болса анаңмен Қ Айгерім

Алтыннан соққан қорғанмын.

Санаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың.



8. Інің болса мақалшы Ержан

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз, ақылды ұл –

Өкпе, бауыр, жүрегің.



Бейбіт: Әсел , біздің балалар мақал - мәтел туралы не біледі екен? Олай болса, «Мақал – сөздің мәйегі» бөліміне кезек берейік.



Мұғалім . Қазақ – ойға көсем, тілге шешен ақын халық. Мақал - мәтелдер қазақ халқының әдет - ғұрпын, ұғым - сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесімен, тіршілік танымынан түйіп түзіледі.

2. Мақал - мәтелдер – атадан қалған асыл мұрамыз, ауызша жеткен халық шығармасы. Мақал - мәтелдер сөз мәйегі ғана емес, ұлт тәрбиесі құралы ретінде қолданылады

1. Өлең – алтын, Несібелі

Сөз – күміс.

2. Шеберді қолы ортақ, Ақбота

Шешеннің тілі ортақ.

3. Өнер алды қызыл тіл. Б Айгерім

4. Ағайынға қарап бала өсер, А Жансая

Қарағайға қарап тал өсер.

5. Таппасаң сөздің жүйесін, Қ Айгерім

Отына өзің күйесің.

6. Шешен сөз бастар, Ақсүмгүл

Батыр қол бастар.

7. Әке көрген оқ жонар, Сұлтан

Шеше көрген тон пішер.

8. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Н Жансая

9. Ата балаға сыншы Алибек

10. Ата- бәйтерек Нұрдәулет

Бала-жапырақ

11. Батаменен ел көгерер Аяжан

Жаңбырменен жер көгерер

12. Атадан бала туса игі Б Айгерім

Ата жолын қуса игі

Әдепті бала Ата-анасын мақтатар

Әдепсіз бала Ата-анасын қақсатар

Мұғалім

Адамның сәні – өнер - білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім дақылы.

Сөздің сәні – өнегелі өткір нақылы.

Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы.



Бейбіт: Келесі кезекте «Ескірмейтін есті сөз» (Сахналық көрініс)

Қ Айгерім: Сәлеметсің бе,Айгерім «Сәлем – сөздің анасы» демекші сәлем беруге келдім.

Б Айгерім: Амансың ба,Айгерім. «Қуыс үйден құр шықпа» деген тізеңді бүгіп, дәм ауыз ти.

Қ Айгерім: «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық» дегендей отырайық.

Б Айгерім: «Сыйға сый, сыраға – бал» демекші, өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.

Қ Айгерім: «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші - татулық пен ауыз бірлікке не жетсін.



Мұғалім: Иә, барлығымыз сақтаймыз.

Данышпан даналары аңыз еткен.

Үш жүздің басын қосып біріктірген

Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер.



Әлижан: Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы Сырдария жағалауында туып өсіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізеді. Ол аса айтулы, айбынды билердің бірі болған. Қаз дауысты Қазыбек айтты деген сөз ел ішінде көп тараған. Солардың бірін айтып берейін:

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма,

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өрешіл болма,

Өркеніңді өшірерсің

Басына іс түскен пақырға,

Қастық қылма,

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға,

Қиын қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа

Бүгін тағы сынды деп

Жақыныңды басынба.

Бек-мұхамед: Төле би XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген, Үйсін елінен шыққан би. Төле бидің атымен ел аузында, халық жадында мол мұра қалды. Төле би ел тұрмысын, арғы бергі тарихты, оның сабақтарын ой көзімен барлаған, алғыр шешен, көреген көсем болған.

Іздеп келер інің бар болса,

Бақытын барын содан біл.

Аңсап келер ағаң бар болса,

Аруағың барын содан біл.

Оларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты қашып ермегеннен без.

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына болмағаннан без.

Диас:Әйтеке шын аты Айтық Бәйбекұлы кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Әйтеке Бәйбекұлы 23.03.1644 Өзбекстан,Қазбибі тауы дүниеге келді. Бірде Әйтеке би жаман мен жақсыны жіктей келе былай деген екен:

Жақсы деген адамның

Алды-арты бірдей анық болар.

Жақсы деген ісінің

Бас-аяғы бірдей анық болар.

Жаман деген кісінің

Алды-арты бірдей жау болар.

Жаман деген ісінің

Бас-аяғы бірдей дау болар.



Мұғалім: Ақыл – адамды аздырмайтын ем,

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшысы ақыл, жетекшісі талап, шолғыншысы ой, жолдасы кәсіп, қорғаны сабыр, қорғаушысы мінез болуы керек.



Мұғалім: Қайтадан қайырылып өмірге келмейсің,

Барыңды, нәріңді тірлікке бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң-

Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің.Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Мұнайлы ауданы

1 орта мектеп









Атаның сөзі- ақылдың көзі















Өткізген: Ниязбекова Ш

Сыныбы:1 «В»

Уақыты: 03.14ж


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров565
Номер материала ДВ-068724
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх