Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Бағдаршам сыры"

Тәрбие сағаты "Бағдаршам сыры"

Скачать материал

А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн

тобымен жұмыс жасайтын  бастауыш гимназия

 

 

Тәрбие сағаты

    

 

 Тақырыбы: «Бағдаршам сыры»

 

                                             997768d9cc00

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Жаргулбаева О.А.

                                

 

 

Арқалық қаласы

 

Тақырыбы: «Бағдаршам сыры»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру бөлімі.
 Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

  • Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
  • Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
  • Бағдаршам туралы не білесіңдер?

 Жүргізуші:

Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
.

1-оқушы:

Алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналған болатын. Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді. 1927 жылы көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршамдар пайда болды. 1928 жылы Йэльск университетінде Гарри Хау деген кісі жасап шығарған бағдаршам алғаш Коннектикут штатына қойылды. Одан кейінгі бағдаршамдарды Чарльз Адлер деген өнертапқыш жетілдіре түсті. Мұндай бағдаршамдар қазіргі бағдаршамдай емес, әрине. Алғашқы бағдаршамдардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізуші өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамдардағы арнайы белгі беру будкасынан «жүруге болады» деген рұқсат белгісін күтетін болған.

2-оқушы:

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.

 Қызыл көзі

 Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл “Сен тоқта!”

 Сары көзі

 Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды

 Жасыл көзі

 Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.

Бағдаршам

 Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?

ІҮ.Топқа бөлу

Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар» тобы,

Жасыл түсті белгісі бар «Жасылдар» тобы,

Сары түстілер – «Сарылар» тобы.

 

Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы:

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

 «Сарылар» тобы:

Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы:

Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!

Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
 

 Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

1.Өз орныңды тап ( әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.)

2. «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)

3. Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.)

4.( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)

5. Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)

6. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)

7."Жол белгілерін еске түсірейік” лото

(1-суретте- жол белгілері салынған карта,

2-суретте-жол белгілерінің қиық картасы.)

8. Жолда жүруге байланысты «Жолдос көмекке асығады» мультфильмін көріп тамашалау.

 І-кезең:

Өз орныңды тап

( әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.)

ІІ-кезең:

 «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)

І-топқа:

1. Жиек жол дегеніміз не?

2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

ІІ-топқа:

1. Аялдама белгісінде тоқтау ұзақтығы қанша уақыт?

2. Жолдың қанша жүріс бөлігі бар?

ІІІ-топқа:

1. Жаяу жүргіншілерге жолды қай жерден өтуіне болады?

2. Жүргізуші қолымен қандай сигнал беріп тұр?

 ІІІ-кезең:

Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.)

 Машиналарды боя және оларды шұғыл шақыру телефондарын жаз.

 

ІҮ-кезең:

 ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)

1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады В) болмайды С) білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс

А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

А) 10 В) 12 С) 14

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары В) жасыл С) қызы

Ү-кезең:

Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)

1. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2.Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

4. Ала таяқ ұстаған,                                                       5.   Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен, (Автобус) 

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)  

6. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген , 

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 

 7.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та , 

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам) 

8.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар, 

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол) 

9.     Өзі сөйлей білмейді, 

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам» 

ҮІ-кезең:

 Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)

Өлең құрастыру

———— балалар

————- тротуар

————– ұмытпа

————– сақта!

 ҮІІ-кезең:

"Жол белгілерін еске түсірейік” лото

 ҮІІІ-кезең:

Жолда жүруге байланысты «Жолдос көмекке асығады» мультфильмін көріп тамашалау.

 «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы қорытындылау.

Қорытынды: Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.
Барлығы: Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!
 Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Бағдаршам сыры""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2018 1059
    • DOCX 183.3 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12759
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов