Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәрбие сағаты "Бата -ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты "Бата -ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы "

библиотека
материалов

hello_html_16dd58d7.gifСатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі











Тақырыбы;

kazakhistory.ru

\Өнеге сағаты\

\4- сынып\

Өткізген ;Қойшыбаева Л.А

Бекітемін ТІЖО Улмесекова А.А

Күні:07.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: « Бата –ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы.»
Сабақтың мақсаты
: Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру. Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, бата түрлері, т.б.
Сабақтың әдіс — тәсілі: СТО, түсіндіру, жинақтау, талдау, т.б.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық:
Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Казіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік!
Ой шақыру:
Ребус шешу: алтын сөз
Алтын сөз дегеніміз не?
Бата асыл сөз

аталы сөздер шешендік сөздер

ананың жылы сөзі ақ тілек.
Бата дегеніміз не?
Батаны кімдер береді?
Батаны қай кезде береді?
«Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», — дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
Батаның негізі үш түрі бар:
Ақ бата;
Теріс бата;
Серттесу (Баталасу);

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
өсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі:
жаңа туған нәрестеге,
өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға,
жас отауға,
алыс жолға шығушыларға,
үлкен бір істі қолға алушыларға,
жорық-шеруге аттанушы сарбазға,
тойларға,
асқа,
Наурызға (Наурыз бата),
Жаңа жылға,
мүшел жасқа,
дастарқанға,
Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) беріледі.
Теріс бата — қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген.
Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» — қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды.
— Батаны кімдер береді?
Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.
Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол:
«А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», — деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», — деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», — деп те қайыратындар бар.
Бата берілген кезде жиналған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», — деп айтып, тыныштық сақтап, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.
Оқулықпен жұмыс:
Б
А
Т
А
Өлеңді оқу;
Оқушыларға оқыту;
Ой қозғау:
Бата берген атасы көпке не тіледі?
Балаға кім бол деп тілейді?
Достарыңмен қандай бол дейді?
Ата сөзі қандай сөз?
Өздері жатқа білетін баталарын айтқызу.

Топтастыру:
Дәптермен жұмыс: үш топқа тапсырма беру:
1) Бата түрлері туралы білетіндерін жазу.
І топ Жол батасы
Жол батасы – ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т.б.
ІІ топ Ас батасы
Ас батасы – ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Ас, дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.
ІІІ топ Наурыз батасы
Наурыз батасы — ұлыстың ұлы күнінде «наурыз көжеге» шақырғандарға, «Наурызнама» тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайып бата береді.
2) Батаны жалғастыру:
Автордың орындығы:
І топ Жол батасы: Жорыққанда жолдарын болсын,

ІІ топ Ас батасы: Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа береке берсін,……………….
ІІІ топ Наурыз батасы: Ұлыс оң болсын,
Ақ ол болсын,……………………
Бес жолды өлең құрастыру:
Зат есім: бата
Сын есім: ________, _________
Етістік: ________, __________, _________
Сөз тіркесі: ______, __________, __________, ________
Мәндес сөз:___________
«Жалғасын тап» ойыны:
Берілген мақал мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
1. Жаңбырмен жер көгерер,
(Батамен ел көгерер.)
2. Ұлы кісіден бата алсаң,
(Сонда олжалы жол болар.)
3) Ақ тілек аянды болсын,
(Ақ бата баянды болсын.)
4) Ақыл көпке жеткізер,
(Өнер көкке жеткізер)
5) Ата өнері – (балаға мұра.)
6) Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады.
7) Көп жасаған қария –
Ақылы теңіз – дария.
8) Ақылдының сөзі қысқа…
( көпке болар нұсқа).
9) Шешен сөз бастар,…
( батыр қол бастар).
Кубизм:
Қыдыр атаның қонаққа келуі, сиқырлы текше арқылы оқушылардың білімдерін тексереді.
Бата дегеніміз не?
Батаны кімдер береді?
Батаны қай кезде береді?
Батаның қандай түрлері бар?
Батаны не үшін береді?
Батаның қандай пайдасы бар?
Жақсы білім көрсеткендері үшін бата береді.
Бата беру:
Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл — қызды түгел білімді ет,
Келесі оқу жылына
Аман — есен түгел жет!
«4» пен «5»-болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз!
Өнер білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин! Қыдыр атаны шығарып салу.
Үйге тапсырма:
Алтын сөз өлеңін мәнерлеп оқу, бата жаттап келу.
Бағалау:
Рейтинг жүйесі бойынша бағалау.
Ендеше балалар ата бабамыздан мирас- өнеге болып қалған баталы сөздерді есімізде сақтап, қастерлеп жүрейік. Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайыз:
Ниет, ықылас білдіру,
Әр адамға аманат!
Ата — баба дәстүрі —
Батаны біл жамағат!


















Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1846
Номер материала ДВ-227062
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх