Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Тәрбие сағаты «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!»

Тәрбие сағаты «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!»


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 3


Сабақтың тақырыбы: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.


Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.


Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.


Сабақтың көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбасы сызылған плакаттар.


Сабақтың барысы: Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады.


Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдау- ларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі!» деп аталады.

Жарыс бағдарламасы:
1) Таныстыру
2) Оқушылар өздерінің шығармаларымен таныстырады
3) Мақал – мәтел жарысы
4) Ситуациялық сұрақтар
5) Поэтикалық құрылым
(
Әділқазы алқасымен таныстыру)


Бірінші кезең: «Таныстыру» кезеңінде екі топ аттарын, ұрандары мен төсбелгілерін таныстырады. Ал екінші кезеңде «Жас ақын немесе ақынға жақын» жарысымызда оқушыларымыздың шығармаларын тыңдайық.
Үшінші кезеңі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдерден жарыс.


1) Денсаулық - зор байлық.
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтт.
7) Ауруын жасырған өледі.
8) Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
9) Денің сау болса, жарлымын деме.
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.


Мұғалім: Төртінші кезең ситуациялық сұрақтарға жауап беру
1 жағдаят: Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынын білсең не істейсің?
2 жағдаят: Достарың арақ іш, ішпесең бізге жолама десе, сенің қайтарар жауабын?
3 жағдаят: Сен ақшадан қысылған сәтте Есірткіні сатсаң, көп ақша береміз десе не істер едің?

4 жағдаят: Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты.Онда барғаныңда  үлкен жиынның үстінен түстің.Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге,шылым шегуге шақырады.Досың да солар жағында.Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқмапсың. Осы жағдайда сен не істер едің,қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?Өз шешіміңмен бөліс.
5 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді.Барлық  сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті.Сіз онымен дос та болып алдыңыз.Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз. Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз  қандай?

Мұғалім: Екі топтың біріге әзірлеген поэтикалық қойылымын тамашалайық.
Көрініс Ақырын жүріп, анық бас!



Жүргізуші: Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті,
Иіскеген жастардың жан – тәнің түгелкесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі!
(сахнаға басы төмен салбырап, мұңлы жігіт шығады.)


Жүргізуші: Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді.
Солып қапсың.
Тынышынды кім бұзды?

Жігіт: Өмір қатал
Көңіліңе қарайма?

Душар болдым қайғыға,
Енді арылу оңай ма?


Жүргізуші: Не деп кеттің?
Қандай қайғы айтқаның,
Қане отыр да тусіндірп айт бәрін.


Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,
Денсаулықты барлық алтын – асылын
Пенделіктің орманында тонаттым.
Жастайымнан құлы болдым, қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілің,
Наша үшін қиған жас та өмірін
Ең сорлы жан мен боламын,
Ең соңғы жан мен болайын, Тәңірім!


Жүргізуші: Жоқ, сабыр ет,
Әттең өзін жанбай жатып,
Жақыр тұрсың сөнуге.
Сені терең ойға тартар
Бір әңгіме шертейін.
Тыңда, кәне жарқыным!
Жігіт: Тыңдап тұрмын, айтыңыз.


Жургізуші: Сонау ерте заманда
Қатерлі жау адамға,
«Дерт» деген үлкен қамалға
Сырқат атты азулы хан басшы болыпты.
Хан тағына талас екен,
Кәрілік те, енжарлық та,
Темекі мен арақ та,
Қатерлі де қатігез хан Сырқаттың
Айбарынан сескеніпті бірақ та.
Дүниені жаулап алу арманы
Хан Сырқаттың қолы жетпей қалғаны,
Бір күн халқын жинады да,
Сөз бастады байыппен.
(Сахнаға жүзі қаҺарлы Сырқат хан шығады.)

Сырқат хан: Уа, халайық!
Өз елімнің абыройын,
Қорғанысын, ақыл – ойын
Қайтсем биік көтерем деп ойлаймын.

Бірі болса бірігейі,
Хандығыма түбегейлі,
Жаңа өзгеріс енгізуге белді мықтап байладым.
Көп толғанып, ойға келдім мынадай:
Хандығымның төрт тағандап,
Тұруы үшін құламай,
Бар әлемді жаулау керек,
Кенде емеспіз күштен де,
Тағдыр біздің даңқымызды
Әлде келте пішкен бе?


Енжарлық: (әрең сөйлеп)
Алдияр хан!
Қоя тұрғын әлем жаулап алуды,
Жойып салар жанынды.
(Секіріп күліп, сахнаға арақ шығады)


Арақ: Тоқта, тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар бар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ – даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.
Осы арқылы мен әлемді жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын.
(Әдемі киінген темекі жан – жағына жымия күліп келеді.)


Темекі: Уа, тақсырым!
Маған сен!
Барлық адам өмірін
Көк түтінге улатып,
Тәнін жаулап алам мен!

Сырқат Хан: (Ызаланып) Тағы кім бар?
(Жарқылдап,жалтылдап сахнаға наша шығады)


Наша: Мына мен бар!
Уа, халайық, қараңдар,
Көз тоймайтын сиқырым бар
Еліктірер адамды.
Осы өнермен әп-сәтте-ақ
Жаулап алам ғаламды!


Сырқат хан: Өзің маған ұнап қалдың,
Пері екенсің талапты.
Таңғы азанмен жолға шыққан,
Қосып берем темекі мен арқты.
Ал, туғандар,
Енді үкім тыңдаңдар:
Серік қосып жіберейін нашаны,

Денесіне еніп алса адмның
Саулық өзі-ақ қашады.



Жүргізуші: Ертеңіне жолға шыққан үш пері,
Дуниені көтерердей күштері.
Үш күн, үш түн шарлаған срң ғаламды,
Саулық ханның ақ сарйы көрінді.
Айналасы бау-бақшаға малынған,
Ақ сарай тұр мәрмәр тастан салынған.
Бұл сарайда тұрады екен адамдар
Ашық түсті жібек шапан жамылған.
Енді үшеуі жақындады сарайға,
Жеңу керек осы өңірді қалайда.
Аралады сарай ішін армансыз,
Ешкім көңіл аудармады алайда.
Кезіккенге тиісті олар еріксіз.


Арақ: Ей. Адамзат, неге жүрсің серіксіз?

Наша:Танысайық, жақындашы сен бізге.


Темекі: Біз достыққа әрқашан да берікпіз.


Жігіт: Бұрын көрген секілдімін бір жерден,
Кімсің өзің, неге жүзің түнерген?


Арақ:Бұрын көргем дейсіз бе?
Қатал сезім шекпенінде оралған
Білем сенің шекпеніңде оралған,
Білем сенің жүрегіңде налаң бар.
Мені талай көрсең дағы ұмыттың,
Тым ұмытшақ келесіңдер адамдар.


Темекі: Жас өмірің атқан кезде болып таң,
Есіңде мен мен де саған жолыққам.
Талай – талай бірге жүрдік серік боп,
Сонан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңе.

Саулық хан: (Жылы жүзбен)
Жан екенсің жүрегіңнен жалын оты лаулаған,


Наша:Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.

Жиі қақтым келмейді оны жасырғым.
Кей күндері бірге жүрген досыңның
Баянсызын сезінгенде жолықтым.


Жүргізуші: Айналаға асыл нұры шашылып,
Жетіп келді Саулық хан да асығып,
Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері,
Жан – жағына қарамай қашып кетті шашырап.


Саулық хан: (Ашуланып)

Ей, ақымақ, ақымақ,

Жақын болма жаманға,
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді сорлатасың оларға.


Жігіт:
Алдияр хан,
Денсаулықтың басшысы!

Жан-тәнімді өз қолыңа беремін.

Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,

Айтқаныңа көнемін.

Саулық хан: (Жылы жүзбен)
Жан екенсің жүрегіңнен жалын оты лаулаған,
Жарқыным-ау кешірім ет, мен сенің
Назарыңды басқа жаққа аударсам,

Ал сен енді қарсы алуға әзірлен

Сен қадірлер қасиеттің барлығын.

Достық немен сұлусың сен өмірде?


Достық дауысы:
Көтере алсам қайыспай уақыт сынын,
Сәулеттімін, сұлумын, бақыттымын!

Саулық хан: Спорт, сенің адамнан тілегің не?

Спорт дауысы: Мен үшін тек денесі болсын таза,
Қандай пәле болса да өзім жазам.

Саулық хан: Талап , қайда жүрсің сен қазір, көрінбейсің мақтаным,
Дау – жанжалдың арасынан іздеп сені таппадым.

Талап дауысы:
Онда барсам естілмейді талаптынң сазды үні,
Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі.
Бір жеткіншек кезекті де келбетіне бақ күлген

Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен.


Саулық хан: Ақыл! Ақыл!
Қайдасың сен неге алмайсың бір тыным,
Ұзақ түнде неге сенің айқаспайды кірпігің?

Ақыл дауысы: Алдияр хан!
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?

Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар,

Сондықтан да күзетемін тыным таппай елімді.

Саулық хан: (Адамға қарап)
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келсе қоғам жүгін арқалар,
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,

Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.

Ақылды болсаң, жас жігіт,

Саулықтың сөзін тыңдайсың.


Жүргізуші: Хан осылай деді де,
Кете барды жөніне.
Жігіт қалды ойланып шамшырақ боп еліне.

Осы айтқан әңгімем ойға салар сені де.

Тек жүзіңді төмен салма,

Нашақорға жақын болма.

Тек көзіңді жасауратпа,

Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.

Хормен: Кімде – кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата- анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!


Мұғалім: Сонымен оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға тырыстыңдар?
«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазағымыз. Екі кісі кездесе қалса да алғашқы сұхбат осы амандық, саулық болмақ. Ендеше сағат бойы талқыға салынған арақ, темекі, нашақорлықтан жандарыңды аулақ ұстаңдар. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!
Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па,әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтын кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ » деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.











«Тұщыбек негізгі орта мектебі» ММ











Тәрбие сағаты

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі






Өткізген: Қуанғалиева Әнел









2015-2016 оқу жылы




Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров1378
Номер материала ДВ-448582
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх