Инфоурок Другое Рабочие программыТәрбие сағаты ; Денсаулық . Открытый урок; Здоровье. 6класс

Тәрбие сағаты ; Денсаулық . Открытый урок; Здоровье. 6класс

Скачать материал

                                     

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:

 

«Денсаулық пен сымбаттылық жарқын  тіршіліктің сипаты»
Мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын бірлесе отырып тұжырымдау; Дұрыс тамақтану арқылы бала бойына сымбаттылықты қалыптастырп, жарқын болашаққа бет бұру;
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін;
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;
- «Салауатты өмір, жарқын тіршілік» сипатына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.

Қолданылатын көрнекіліктер:
- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;
- Кеңестер слайдтар арқылы;
- "Дұрыс тамақтану пирамидасы"
- Жарнамалар;
- Бейнеролик  т.б
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мұғалім:
- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)

-Ендеше барлығымыз, орнымыздан тұрып, бір-бірімізге жақсы тілекер тілейік:

«Тамаша» жаттығуы (әр оқушы өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтқаннан кейін топ шапалақтап қошеметтейді)

-Деніміз сау болсын!   Тамаша!  

-Аспанымыз ашық болсын!  Тамаша!

-Балалар күліп жүрсін!    Тамаша!

- Олай болса, көңіліміз көтерілсе орнымызға барып алдымыздағы сусындардан ішіп отырайық!

Топқа бөліну. (әртүрлі стакандармен бөлу)

І топ      Сары түс

ІІ топ     Жасыл түс

ІІІ топ    Қызыл түс

 

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат  болып өсу үшін, дұрыыс тамақтана білу қажет, жарқын тіршілктің сипаты.

   Ол үшін күнделікті ішетініміз асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.

-Алдымен бейнероликке назар аударайық.

-Балалар, не туралы айтылған екен?

 (дұрыс тамақтанбау салдарынан неше түрлі аурулардың пайда болуы,  дертке шалдығу мәселері.)

Дәрігер  Бақыт Нұршат Бабыққызын қонаққа шақырып отырамыз.

-Олай болса, дұрыс тамақтану ережелері туралы, айтып беру үшін дәрігер кеңесіне назар аударайық.

Дәрігер:

http://www.bonduelle.kz/uploads/_contents/1/content/22.jpg-Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерге дұрыс тамақтануды ұйымдастыру үшін "Дұрыс тамақтану пирамидасымен" таныстырамын.

Ол мынадй 4 деңгейден тұрады:

1-деңгейі-бидай өнімдері:нан, жарма бұйымдары, макарондардан тұрады. Көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттарға бай. Бұл тағамдардың тәуліктік калориясы 40% болады. Күніне 1,5 кг.

2-деңгейі — жемістер мен көкөністерден тұрады. Бізге мол дәрумендер мен минералдық заттарды береді. Ағзамыздың қартаюын тоқтатады. Калориясы 35 % немесе күніне 400гр.

3-деңгейі — ет, балық, бұршақ өнімдері, жаңғақтар, жұмыртқа және сүт өнімдері. Бұл өнімдер ақуыз, дәрумендер, темір, және т.б. пайдалы компоненттердің көзі. Бұл тағамдардың майлылығы төмен болғандығы пайдалы. Олардың күнделікті калориясы 20% болу керек.

4-деңгейі — жануарлар майы мен өсімдік майы бар тағамдар, тәттілер, құрамында майлылығы жоғары өнімдер (соустар, колбаса, майлы ет, тәтті тоқаштар), қант, құрамында қанттың мол мөлшері бар өнімдер(тәтті сусындар , сироптар, кондитерлік тағамдар) кіреді. Күнделікті тұтыну мөлшері 5% аспау керек.

Денсаулығымызды сақтау үшін және дұрыс тамақтану үшін осы пирамиданың барлық деңгейлеріндегі тамақтарды көрсетілген мөлшермен пайдалану керек.

Өзімізге ұнамаған тамақ түрлерін алып тастауға болмайды. Егер нан жемесек, «В» дәрумені мен басқа да пайдалы заттарды ағзамыз ала алмайды.

        -Ал, балалар, күніне неше рет тамақтану керек сендер білесіңдер ме?

Оқушы ойларын тыңдау.

Ең тиімдісі 4 рет тамақтану:

Таңертеңгілік –құнарлы тамақ,

Түске дейінгі-жеңіл тамақ,

Түс кезіндегі-күшті тамақ,

Және кешкі -жеңіл тамақ.

 

Тапсырма:   

І топ           «Емхана» (рөлдік ойындар)

ІІ топ        «Денсаулық сақтау министріне хат»

ІІІ топ        «Сымбатты болудың  жолдары»

 

 

Витаминдер мен минералдар:

Адам дұрыс жетілуі  ас құрамында қажетті дәрумендер мен минералдар болуы қажет.

    А дәрумені –Балалардың бой өсіру және дамуы үшін қажет. Ол көздің торлы қабатының құрамына кіреді және жарық сезімталдығын қамтамасыз етеді.

А дәрумені бауырда көп болады.Сонымен қатар балықтарда , сүтте, сары майда, жұмыртқада, қызыл сәбізде, қызыл тәтті бұрышта, көк пиязда, көк шөптерде, қызынақта, аскөкте болады.

   С дәрумені немесе аскорбин қышқылы –бұл көбінесе зат алмасу үшін, ағзаның иммундық қорғанысы үшін керек. С дәрумені жетпесе ауру тудыратын микроағзаларға қарсы ағзаның тұрақтылығы төмендейді, зат алмасу бұзылады. С дәруменін мөлшерден тыс қабылдау қауіпті.

 С дәрумені -көкөністерде, жемістерде, қарақатта, итмұрында, ит бүлдіргенде, алмада, шабдалыда, құлпынайда, орамжапырақта, петрушкада, қызылшада көптеп кездеседі.

    Д дәрумені-майда еритін топ. Бұлар қарын-ішекті жолда кальцийдің сіңірілуін, кальцийдің қаннан қызыл сүйек миына өтуін реттейді. Д тобындағы дәрумендердің адам қанқасының дамуында маңызы зор. Д дәрумені жетіспесе жас балаларда рахит ауруы дамиды. Дәрумендер өсімдіктің, жануар майының ,ірімшіктің, жұмыртқа құрамында кездеседі

    Е дәрумені майда еритін дәруменде тобына жатады. Олар ағзада оттегіні тасымалдайды, улы заттарды белсенді түрде залалсыздандырып, өрбу процесіне қатысады. Е тобының дәрумендері өсімдік майларында, бұршақта, жұмыртқада, жаңғақтарда, бақша дақылдарында, бидайда көптеп кездеседі.

 

-Міне балалар, біз дәрігерден көп нәрсе білдік. Солай ма?

-иа
Артық болмас, білгенің...

Бірнеше жыл бұрын  Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі  бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т/б зиянды тағамдардан бойымызды аулақ ұстаған жөн!

    Әсіресе қазіргі уақытта оқушылар көп жейтін чипсылар, қытырлауықтар, жылдам дайындалатын сорпалар, (Роллтон), газдалған сусындар туралы айтпай кетуге болмайды.

Чипсы-адам ағзасына өте қауіпті. Оның құрамында адам денесіне әсері мол тітіркендіргіш заттар бар.Олар әр түрлі бас, кеуде, іш ауруларын тудыратын зиянды қоспалар бар.

Газдалған тәтті сусындар( кока-кола, пепси-кола, фанта, спрайт, буратино, макси-чай)

Олардың құрамында аса көп мөлшерде қант бар. Мысалы: 1л колада 25 ас қасық немесе 125гр қант қосылады. Шамадан тыс қантты пайдалану қант даиабетіне  алып келеді.

Сондықтанда денсаулыққа пайдалы, табиғи ,химиялық қоспасыз таза тағамдарды пайдаланайық.

 

Т                   «Тәтті  алма»  мәтінін  оқу

     Айнұр  бақты  аралап  келе  жатқан.Бір кезде алдына топ  етіп  алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен,Айнұр  қуанып  кетті.Қызығып қолына  алды.

Дереу жемек боп  аузына апара  бергенде алма  оған:-Айнұр, сен алдымен мені  жу,-деді қолынан сусып түсіп.-Неге?-деді Айнұр таңырқап.-Жумай  жесең,ішің ауырады,-деді алма сілкініп қалып.-Міне,көрмейсің бе,үсті-басым шаң  тозаң.

     Айнұр ұялып  қалды. Апасы  да  ылғи : «Қолыңды жу»,-дейтін.Енді соны өзіне мына алма да  айтып тұр. Айнұр ақылды алманың айтқанын істеді.

Мұғалім:

·                  Сендерде  осындай  жағдай  болды  ма?

·         Тазалықтың  денсаулыққа қандай  әсері бар?

 

 

Оқушылардың дұрыс тамақтануы үшін қажетті азық түліктер  және оның пайдасы туралы  3 топтың оқушыларынан білейік.

 

 

Топпен жұмыс.(Жоба жасау, қорғау)

Овал: Адам ағзасына пайдалы тағамдар
Овал: Адам ағзасына зиян тағамдар
Овал: Денсаулықтың достары
 

 

 

 

 



Ал, енді біздің халқымызда денсаулық, тамақ  туралы мақал-мәтелдер өте көп.

 Қане, айтып көрейікші.

·         Оқушылар жауабын тыңдау

     Қорытынды бөлім.

      Бірінші байлық – денсаулық

      Денсаулық – зор байлық.

           Дені саудың – жаны сау.

           Ас-  адамның арқауы – деп ата бабаларымыз бекер айтпаған. Уақытылы асымызды таза, құнарлы етіп ішіп, денсаулығымызды сақтап деніміз сау, сымбатты, әдемі  болып  жарқын  болашақта бірге қалықтайық деген  тілек бүгінгі «Денсаулық пен сымбаттылық жарқын  тіршіліктің сипаты»   атты  ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№20 М.Әуезов атындағы  жалпы білім беру орта мектебі»КММ

 

 

 

 

                               

             Ашық тәрбие сағатының

Тақырыбы: «Денсаулық пен сымбаттылық  жарқын    тіршіліктің сипаты»

 

 

 

 

 

                                  Өткізген: Био-12-1 тобының студенті Әріпшеева Ж.Р

 

 

 

 

 

                                   

 

Ақтау қаласы  2016 ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты ; Денсаулық . Открытый урок; Здоровье. 6класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2016 787
    • DOCX 237.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куттыбай Гулнар Ибрайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куттыбай Гулнар Ибрайкызы
    Куттыбай Гулнар Ибрайкызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3911
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой