Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Денсаулық -салауатты өмір кепілі"

Тәрбие сағаты "Денсаулық -салауатты өмір кепілі"

Скачать материал

Көңілді жарыстар

Тақырыбы: «Денсаулық-салауатты өмір кепілі.»
Мақсаты:  Оқушыларға спорттық ойындарды орындата  отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін, халқын құрметтей білуге, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатындай азамат тәрбиелеу. Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойындар.

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б

Жүргізуші:
   Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.
Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса солай қарай бейімделеді, жаман әдеттерге оп оңай бой алдыра салуы да әбден мүмкін. Сондықтан да жасөспірімдерді осындай жаман әдеттерден сақтандыру үшін бүгінгі сайысымыздың маңызы зор деп ойлаймын.

                                         Шынықсаң шымыр боласың,

                                        Сауығып айдай толасың.

                                        Спортты серік ете біл,

                                        Жақсы азамат боласың.

                                        Жеңімпаз болу оңай ма,

                                        Арман болған талайға?

                                        Болмасаң да ұқсап бақ,

                                        Жарысқа түсіп қалайда.

 Олай болса, «Денсаулық-салауатты өмір кепілі» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа екі топ қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Командаларды шақырамыз.


1 - топ: «Жас Ұлан» тобы
2 – топ: «Сұңқар» тобы
Сайыстың кезеңдері:
1. Таныстыру (әр топ өз ұраны мен төсбелгілерін таныстырады.)
2. «Жылдам тап» (мақал айту)
3. «Спорттық ойын» ( жеті бөлімнен тұрады)

                                        Ал,құрметті халайық!

                                         Жарысты енді көріңдер

                                         Әділ қазы алқасы

                                         Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Олай болса, сайысымызды бастайық.

1. Таныстыру (әр топ өздерінің ұраны мен төсбелгілерін таныстырып өтсін)
1 - «Жас Ұлан» тобы
Біздің топ: «Жас Ұлан»
Біздің ұран: Бәріміз біріміз үшін!


2 - «Сұңқар» тобы
Біздің топ: «Сұңқар»
Біздің ұран: Бірлік болмай- тірлік болмас.

2. «Жылдам тап» деп аталатын сайыс кезеңінде әр топ оқушылары өздеріне берілген сөздерді қатыстырып жылдам мақал айту керек.
«Жас Ұлан» тобына (Тіле, сырқат, дәрі, ауыз, жарлы, нұқсан)
1. Біреуге өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
2. Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.
3. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
4. Ішің ауырса, аузыңды тый.
5. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
«Сұңқар» тобына (Жирен, жолама, байлық, ем, салауат, шымыр)
1. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
2 Денсаулық - зор байлық.
3.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
4. Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл.
5. Шынықсаң шымыр боласың.
3. Спорттық ойын.
Спорт біздің досымыз,
Күш қайраты сыналған
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған деп спорттық ойындарды ұсынамыз.

1.Допты кедергілер арқылы алып жүру.
Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.                                   
2.Секіртпемен кедергілер арқылы өтіп барып,кедергілерден өтіп қайту.
3.Қаппен кедергілер арқылы өту.
4.Екі аяқтың арасына допты қыстырып алып,кедергілерден өтіп келу.
5.Оқушылар тізерлеп отырып,кедергілерден өту.
6.Обручпен кедергілер арқылы өту.
7.Баскетбол себетіне допты лақтыру.

ІІІ.Қорытынды бөлім

                                           Жарыс заңы ежелден-

                                           Жеңімпазды анықтау

                                           Жеңімпаз болу шарты сол-

                                           Еңбектену,жалықпау

                                           Біреу озса сайыста,

                                           Біреу артта қалады

                                           Жеңілгендер ренжімей

                                           Тараса бізге жарады .-

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

 Сонымен қатар әр сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп «Жас Ұлан», «Сұңқар» топтарына арналған сыйлықтарын табыс етеміз.

   Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:
- Балалар, бүгін «Денсаулық-салауатты өмір кепілі» тақырыбындағы болып жатқан сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл сайысымызда сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер қазір
3-4- сыныптың оқушысы болғандықтан, ата - ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз. Мемлекетіміз оқушының тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп тырмысып бағады. Ал, сендердің дендерің сау, дене мүшелерің бүтін. Осы өтілген «Денсаулық-салауатты өмір кепілі» тақырыбындағы сайысымыз сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
Сонда ғана сендердің болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болуларыңа мен сенемін.
Сайысқа қатысқан екі топқа рахмет!

 

СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы

                  «Социалистік Еңбек Ері Е.Шайкин атындағы орта мектебі»КММ

                  бастауыш сынып мұғалімі Г. С. Ғаббасова

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Денсаулық -салауатты өмір кепілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 964 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2016 1281
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габбасова Гульнур Сейткасымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17459
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 738 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек