Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Мен елімнің патриотымын"

Тәрбие сағаты "Мен елімнің патриотымын"

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным -  Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық  тәрбие беру. Қазақ елінің   өркендеуін  әңгімелеу арқылы өз Республика өмірі  туралы білдімдерін кеңейту.  Балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру. Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып өсуге, Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, ынтымаққа, достыққа баулу
Дамытушылық: «
Менің – Отаным - Қазақстан» атты өлең – жыр оқу арқылы оқушы  бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, Ата заң туралы білімдерін, ой-өрістерін кеңейту.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)

Көрнекілігі: «Ата заңымызға – 20 жыл», «Қазақ хандығының  құрылуына 550 жыл» «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыптық суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:    Ұйымдастыру кезеңі   

 Мұғалім :  Құрметті оқушылар, бүгінгі білім күні сабағымыздың тақырыбы: «Менің – Отаным - Қазақстан».

І бөлім. Ата заңымызға – 20 жыл

Гимн орындалады.

Мұғалім:

    Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Ата Заңына 20 жыл толып отыр. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестен оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
    1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол

4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

7-бап. Гүлназ:  

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiлі — қазақ тiлi.
9-бап. Нұрқанат: 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап. Әлия:
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап. Абдулсаид:
Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.

29-бап. Санжар:
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

34-бап. Мадияр :
 Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

«Ата заңымызға – 20 жыл» тақырыбы бойынша бейнеролик.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар,  «Ата Заң – біздің  мақтанышымыз, қорғанымыз»

      Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады.

1-    бөлім: Жалпы ережелер;
2-    бөлім: Адам және адамзат;
3-    бөлім:Президент;
4-    бөлім:Парламент;
5-    бөлім:Үкімет;
6-    бөлім:Конституциялық кеңес;
7-    бөлім:Соттар және сот төрелігі;
8-    бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
9-    бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.

 - Ал балалар Ата Заңға байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?

Ақнұр:     Ата заңың-мерейің,

                 Мәртебең мен беделің.

                 Ата заңмен өркендеп,

                 Өсіп, өрлей берейін!    

Ерасыл: Өмірден әділдік пен бақ табатын,
                Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
                Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
              «Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Айкөркем: Міндетімді білемін
                  
  Тәртіп сақтап жүремін
                 
   Ата Заңым тұрғанда,
                 
   Алаңсыз өмір сүремін.

 Айару:  Алса адамның мазасын
               Бұзақы тартар жазасын,
               Әрі сыйлы, әрі әділ,
               Ата Заңым жасасын!

 « Мектеп заңына бағынайық! » демекші, біраз ережелерге тоқталып өтейік.
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

1.      Оқушылардың міндеттері:

—    Мұғалімдерді қадір тұту, сыйлау

— Мінез-құлық ережелерін сақтау:
— Үлкендерді құрметтеу
— Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

2. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі. 
— Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
— Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
— Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
— Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

3. Асханадағы мінез-құлық

— Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір
— Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.


— Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
— Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

Мұғалім : Ата  заңым!
                  Арман  әнім!
                  Сенен асқан бар ма бағым!
                  Жалғыз саған байланысты
                  Елімде еркін самғағаным
Ата Заңымызға 20 жыл толып отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын

ІІ бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл.

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.  

      Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

 Республика халқының саны 17 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.

Гүлім:

Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Азат:

Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Эльнара:

Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.


Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.  

ІІІ бөлім. Қазақ хандығының  құрылуына 550 жыл.

Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы —  Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жылы – Қазақ хандығының  құрылуына 550 жыл толғалы отыр.   

1 жүргізуші

Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.

 «Қазақ елі» атты  видео ролигін  ұсынамыз.

Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»

Дәулет:

Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің қағанатын

Альмира:

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында

Мұғалім: Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.

1465 — 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Қорытынды.

Мұғалім:

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»
             Сіздер - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектерісіздер. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Мен елімнің патриотымын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.09.2016 562
    • DOCX 25 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Маржан Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Маржан Васильевна
    Ахметова Маржан Васильевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6166
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе