Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты тақырыбы " Бастауышпен қоштасу"

Тәрбие сағаты тақырыбы " Бастауышпен қоштасу"

Скачать материал

 «Қош бол, бастауыш»

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «Ә» сыныбының «Қош бол, бастауыш»атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

1-жүргізуші

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

1-жүргізуші:

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

2-жүргізуші:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

1-жүргізуші

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «Ә» сыныбын ортамызға.

(Оқушылар ортаға шығады)

1-жүргізуші:

Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

2-жүргізуші:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

1-оқушы:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.

2-оқушы:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

3-оқушы:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

4-оқушы:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

 

1-жүргізуші:

Өнер сыры-өнегеміз,бағымыз,

сол өнермен кірер біздің сәніміз.

Тәнті болар қарсы алыңыз ендеше

Балалардың өнеріне бәріміз.

2-жүргізуші

- «Жаяу» әні. Орындайтын «Жігіттер» тобы.

Вальс

5-оқушы:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6-оқушы:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

7-оқушы:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

1-жүргізуші:

Қуаныштан жүрек тулап толқыды,

Көңіл шалқып шарықтайды қырандай,-дей келе «Мереке» әнін орындайтын                                    қарсы алыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.

1-жүргізуші:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.

Хор: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Орыс» биімен шақырайық.

2-жүргізуші

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім.

1-жүргізуші:

 Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытқан әрбір пәнді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз.жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

8-оқушы:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

9-оқушы:

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

10-оқушы:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

11-оқушы:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

12-оқушы:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

 

2-жүргізуші

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.  Келесі кезекті биші қызымыздың биіне берейік.

1-жүргізуші

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

Барлығымыз бір сыныптаспыз.

Таланттымыз,

Талаптымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз.Сыныптастарымыздың орындауында «Ия солай» әні қошеметпен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Өнерліге толы болар ел іші

Өнердің мол кеніші

Ер ұландар сахнада,қарсы алыңыздар,

«жастар биі» жаңалықтың жемісі

Жастар биі

 Барлығы бірге:

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты тақырыбы " Бастауышпен қоштасу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 734 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.08.2015 815
    • DOCX 26.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагамбетова Азима Есенамановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17606
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек