Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Теңге - тәуелсіздік символы"

Тәрбие сағаты "Теңге - тәуелсіздік символы"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m1d960b24.gifШ.Уәлиханов атындағы орта мектеп













Тәрбие сағаты





hello_html_m333ac085.png



7 «Ә» сынып








Сынып жетекшісі Абылханова Қ.А.








Жаркент қаласы


Теңге – тәуелсіздік символы. 
(танымдық сабақ) 

Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. 
Күтілетін нәтиже Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. 
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген жинақ, «Теңге- тәуелсіздік символы» көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу. 
Сабақ барысы
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылыр! "Теңге – тәуелсіздік символы" атты танымдық кітапханалық сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз. 

Қазақстан Республикасының «Ән ұраны» айтылады. 

2-жүргізуші: Сабағымызға белсене араласып, зейін қойып тындай отырыңыздар, сабақ соңында тапқырлар мен зейінділікті шыңдайтын сұрақ-жауап ойынымыз бар. 
1-оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы. 
2-оқушы: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды. 
3- оқушы: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылыр, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық.

4- оқушы 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. 
5- оқушы: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды. 
6- оқушы 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. 
7- оқушы: Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. 
8- оқушы: Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. 
9- оқушы: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді. 
10- оқушы

Мен «Теңгемін, теңгемін!» 
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым! 
11- оқушы: Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 
12- оқушы

Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер. 
13- оқушы Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. 
14- оқушы: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді: 
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар; 
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар; 
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар. 
15- оқушы: Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды. 
16- оқушыҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. 
1- жүргізуші Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар. 

17- оқушы

Гүл жайнаған елімде,

22 жыл төрімде

Теңгелерім ардақты

Ие болдың сенімге.

18- оқушы
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған. 
200 теңге 
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін ``Подделка банкнот преследуются по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
19- оқушы

500 теңге 
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
20-оқушы: 
1000 теңге 
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. 
21-оқушы 
2000 теңге
 
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
Күй. Сарыарқа. 
22-оқушы 
5000 теңге
 
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
2-жүргізуші: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 
Түні нұрлы, ақ таңы, 
Жері гүлдей бақтағы. 
Ел ырысы – тайқазан, 
Төл теңгеміз қақпағы. 
Қазынамыз толығып, 
Болсын дәйім жолы құт! 
«Төл теңге – елтірегі!» 
Деп құрметтер оны жұрт. 
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, танымдық сабағымыздың «Тапқырлар мен зейінділерге» арналған сұрақтарына жауап берейік: 

1.Ұлы тұлғалары бар 
Керек құнды кағаздар (теңге) 
2. Мың... болғанша 
Бір ақылды басын болсын (сом) 
3. Айрықша белгісі 
Әлемнің тынысы 
Байлықтың белгісі (ақша) 
4. Базарда бәрі бар, 
... ешкім бермейді. (ақшасыз) 
Тиыннан ... құралады. (теңге) 
5. ... тиынна өсер. 
Жылқы құлыннан өсер. (теңге) 
6. ... кетуге тырысады, 
Есеп ұстауға тырысады. (Ақша) 

-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? 
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер? 
-Ақша қандай қызмет атқарады? 
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай? 
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған? 
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? 
-Қайдан несие алуға болады? 
-Ақшаны қайда жинауға болады? 
-Ұлттық валюта дегеніміз не? 
-Теңге немен безендірілген? 
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған? 
-Қазақ теңгесі қайда басылды? 
-Сен акшаны орынды жұмсай аласың ба? 

Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Теңге – тәуелсіздік символы» атты танымдық- сабағымызды аяқтаймыз. 
Назарларыңызға рахмет! 



C:\Users\Кундыз\Desktop\кундыз\ФОТА\20141114_130748.jpgC:\Users\Кундыз\Desktop\кундыз\ФОТА\20141114_130722.jpg

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-573607
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>