Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- азаттығым, бақ күнім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік- азаттығым, бақ күнім"

библиотека
материалов

Тақырыбы:Тәуелсіздік- азаттығым, бақ күнім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, сөзжұмбақ, плакаттар, интерактивті тақта.

Мұғалім:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар.

Елің алды егемендік теңдігін.

Армысыздр, құрметті ұстаздар, оқушылар, «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» атты ашық сабағымыздың қонақтары.

Міне, бүгін, яғни 16 желтоқсан күні біздің, қазақ елінің егемендігін, тәуелсіздігін алғанына 22 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік- бастауы, бар бақытың,

Тәуелсіздік- ұлтың менен ұраның

Шартарапта шаттығыңдай азаттық,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі

Шалқи берсін, Гимні Қазақтың.

(Гимн орындалады)

1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Біз жаңа өмір есігін аштық.

Қазақ хандығы ХV ғасырда, яғни 1465 жылы құрылса, арада 545 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі қайтадан жарияланды.

Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.

Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны күнгі немесе бір жылдық наразылықтың көрінісі болмаса керек.

Осыдан 26 жыл бұрын, яғни, 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова сияқты жастарымыз қатысты. 1986 жылы алаңға жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

1-оқушы:

Қатігездік жұдырығы түйіліп,

Қарсы үйірді жасқап, жекіп, бұйырып.

Желтоқсанда шықтың үлкен алаңға

Ата- баба аруағына сыйынып.

2-оқушы:

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН- дар бастан тепкен күн,

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып- қызыл мұз боп жатқан күн.

3-оқушы:

Жас арудың жанарында- Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында- Желтоқсан.

Жауыздықты жасағанда- Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастағанда- Желтоқсан,

Жауызсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастағанда- Желтоқсан.

Мұғалім:

Иә, бұл күнге жету үшін ата- бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан- ұрпаққа табыс етті.

Бірақ, қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймайды. Оның айғағы 25 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған Желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы- дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

4-оқушы:

Желтоқсан тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар- ождан сәйгүлігін.

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

5-оқушы:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң

Қыршынынан қиылған боздақтары ,

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

6-оқушы:

Желтоқсан- қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қонған қолға-

Тәңіріме желтоқсан шуақты күн.

7-оқушы:

Желтоқсан- жадымызда жаралы күн,

Жастарым жапа шеккен, жаралы мұң.

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсайды саналы ұғым.

8-оқушы:

Тарихым жатыр тасында,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның,

Желтоқсан тұрар басында.

«Желтоқсан желі» әні

Мұғалім:

Кіндік кешпей, мұз кешпей,

Ат артында мінгеспей

Мұңдық болып мұңаймай,

Тәкаппар нағыз құдайдай

Қасқайып қароап тұратын,

Ағасы өлсе іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан.

Қыздар мен қазақтың,- демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сәбира Мұхаметжанованың өмір жолымен танысып өтейік.

Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сәбираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен құлап қаза тапты.

9-оқушы:

Сәбира Мұхаметжановаға

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн,

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болмай Алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Ақ білектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазағым

Аққудай аппақ нәзігім...

Мұғалім:

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған.

Намыстан өлген ұлтымның

Қыздар көп, қарағым.

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Ләззат Асанова жайлы айтып өтсек.

Ләззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобізшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры үзілді. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан. Ләззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағана бас иземіз.

10-оқушы:

Ләззат Асановаға

Бота көзің боталап,

Қиянаттан қаталап,

Дәл он алты жасыңда,

Жан адам жоқ қасыңда,

Қыршыныңнан қиылдың,

Қара жерге бұйырдың.

Алқара көк аспаның

Аяласын, Ләззат.

Шейіт болған жас жаның,

Тыным алсын, Ләззат.

Көктем келді, ұйқыңнан

Оянарсың, Ләззат...

Мұғалім:

Еш алаңсыз бейбіт күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп қыздарды тепкіледі.

Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқталайық.

11-оқушы:

Ербол Сыпатаевқа

Алтын баулы лашын

Биікке жазбай құлашын

Қарақұсқа жем болды- ай!

Алтын баулы лашын,

Момыным- ау, жуасым,

Қапияда қор болды- ай!

Танадай көзі жайнаған,

Жас ботадай ойнаған

Алтыным- ай, қайтейін...

Ербол, Ербол атыңды

Ер болсын деп қойдым ба?...

Мұғалім:

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол АлматыСәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп бала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

12-оқушы:

Қайрат Рысқұлбековке

Бөрілі байрақ ту алған,

Жау көрсе жағы суалған,

Дос көрсе жаны қуанған,

Далада көші шұбалған

Арғы атаң сенің кім еді?!

Арманда өткен боздағым,

Алатау ма еді қонысың,

Қаратау ма еді қонысың,

Опат болдың сол үшін!

Арқа ма еді қонысың,

Опат болдың сол үшін!

«Қара бауыр қасқалдақ» әні

13-оқушы:

Тәуелсіз ел!

Қараймын да тамсанам,

Жылдарды осы ата- бабам аңсаған,

Көрген ұрпақ бірімін мен сондықтан

«Бақыттымын» деп айқайлдап жар салам.

Шапақ атып,

Тәуелсіздік нұр таңы,

Арайланып атқалы әне тұр тағы

Өз бақытын отан бағынан жоғары

Қойған қазақ- емес қазақ ұрпағы.

Тату өмір Тәуелсіздік еңселі,

Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.

Жанын, қанын аямаған сан ғасыр

Мұнда жатыр бабалардың еңбегі,

Мұнда жатыр күресумен өткен қазақ бар уағы.

Ұлылықты таңдауы мен ұлылықтан танбауы.

14-оқушы:

Арайлап өлкемізде нұр таңы атты,

Баянды тәуелсіздік салтанаты

Қазаққа жылы бақыт, жылқы қуат,

Қашанда ұрпағының ер қанаты.

Тәуелсіз Қазақстан!

Ынтымақ жарасқан.

Жасампаз халқыма,

Мың алғыс Алаштан!

Елімнің берік ұстап көк байрағын

Елбасым болашаққа бел байладың.

Әуелде қазақ деген халық барын,

Танытар әдет- ғұрпын, ел жайларын.

Мұғалім:

Ал, қанеки балалар енді сөзжұмбақ шешейік.

  1. Қазақстан Республикасы президентінің Үкімет Үйі?

  2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан?

  3. Астана қаласындағы биіктігі 91 метр болатын монумент?

  4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?

  5. Астананың бұрынғы атауы қалай аталады?

  6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

  7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаламыздың символы?

  8. Қазақстан Республикасының қара алтыны?

  9. Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі?


АҚОРДА

АЛАТАУ

ТӘУЕЛСІЗДІК

АЛМАТЫ

АҚМОЛА

ЕСІЛ

БӘЙТЕРЕК

МҰНАЙ

ГИМН

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл- азаттық үшін алысқан мың- мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі. Бұл- бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деген. Иә, тәуелсіздік ата- бабамыз елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап күресуінің арқасында келді.

15-оқушы:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік- жыр- әнім,

Ел іргесі берік болсын- ұраным.

Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну,

Салт- дәстүрім- қолдан кетпес құралым,

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік- ар- ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр- туыс бол,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп.

Мұғалім:

Тәуелсіздік қөасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан- тәніңмен, ұғын біл.

Он бір әріп не мағына береді.

Ал, талдайық жеткенінше қызыл тіл.

1-оқушы:Т- білдіреді теңдікті

2-оқушы:Ә- әдептілік, өрлікті

3-оқушы:У- уайымсыз уақытты

4-оқушы:Е-егемендік, елдікті

5-оқушы:Л- дейді лағып, лепірме

6-оқушы:С- сенімділік секілді ең

7-оқушы:І- ілтипат пен ізет қой

8-оқушы:З- зиялылық тілек қой

9-оқушы:Д- шақырады достыққа

10-оқушы:І- ілкімді боп сақтыққа

11-оқушы:К- дейді күн бол көктегі, көз алартпа көршілерге, қол сұқпа.

Мұғалім:

Тәуелсіздік- бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған.

Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық, тәуелсіздік. Бұл арман қазақ халқына сонау ХVІІІ ғасырда қазақ халқының Ресей мемлекетіне бодан болғанынан бері пайда болды.


16-оқушы:

Өзіңдікі Елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңдікі еккен бақ

Тәуелсіздік төрінде.

Асқар тау да сенікі.

Бау- бақша да сенікі.

Қалқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі.

17-оқушы:

Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз.

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көген көз.

Егемендік- ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

Егемендік деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Мақадды жалғастыр

Мұғалім:


Қазақстан, менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын асыл бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.


Сабақты қорытындылау.





Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров219
Номер материала ДВ-406844
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх