Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Творческая мастерская" (каз. яз.)

"Творческая мастерская" (каз. яз.)

Скачать материал

Бөрлі МДҰ тәрбиешісі Исмагулова Ш.Б.

Психологы Мукашева А.З.

 

 Тақырыбы:

Аналардың күні.

Мерекелік  шығармашылық шеберханасы.

 

мақсаты:

1.     Білімділік. Тәрбиеленушілердің зейін, сөйлеу, ақпаратты қабылдау дағдыларын жетілдіру арқылы жаңа білім қорын меңгерту

2.     Дамытушылық. Балалардың қозғалыс дағдыларын дамыта отырып, қосалқы құралдармен жұмыстануға үйрету 

3.     Тәрбиелік. Ата – аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты шығармашылық арқылы нығайту, бірлесе отырып әрекеттенуге дағдыландыру

Іс-әрекет түрі:

Интегративті  іс-әрекет

 Қолданылатын әдістер:

-         баяндау әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, мазмұндау;

-         тәжірибелік әдістер: рольдік ойындар, жағдаяттар, түрлі техникада сурет  салу, денсаулық сақтау технологиясы, «кері байланыс»;

-         көрнекілік әдіс: шығармашылық көрме, аквариум

  

   Қолданылатын құрал – жабдықтар:

Мультимедиялық проектор, магнитофон, қуыршақтар мен қонжықтар \әр балаға\, бас киімдер \орамал, шарф\, әшекей бұйымдар \түйреуіш, білезік, моншақ, алқа\, ширма, қоңырау

 

Шартты белгілер:

- музыкалық үзіліс

 ۩ - үй  тапсырмасы 

*   - мультимедиялық проектор арқылы көрсету

! - өткізілетін жұмыс түрінің түсініктемесі

 

Мотивациялық қозғаушы (топтың  даярлығын байқау, тәрбиеленушілермен сәлемдесу, сөйлесу, көңіл – күйлерін  бағдарлау)

*   мультимедиялық проектор арқылы «Менің анам керемет!» суреттер галереясы көрсетіледі.

Бұл жұмысқа бүлдіршіндер түгел қатысады. Берілген сұрақтарға жауап қайтару арқылы сөйлеу, ойлау, зейін аудару  негіздері нығая түседі.

Іздену-ұйымдастырушы:

 

 

 

1 – тапсырма.  Балалар орындықтарына жайғасып, психолог қойған сұрақтарға «Мама немесе Ана» деп жауап қайтарады.

 - Сізді кім жақсы көреді?                       - Ана!

- Таңғы асыңызды береді?                        - Мама!

- Оятады, жуындырады?                        - Мама!

 - Балабақшаға да апарады?                    - Ана!

 

2 – тапсырма.  Психолог аналармен тілдесіп, олардың балаларын бақшаға қалайша жуындырып, әзірлеп апаратынын көрсетуді сұрайды.  Әр бала өз анасының алдына отырып, аялы алақандардың мейіріне бөленеді. Аналар бүлдіршіндерін сипап, жуындырып, сүйкімді ән орындайды.

 - Жылы сылдыр суым – ай!                      Балаларды басынан  сипайды.

- Бет – жүзің де ап-пақ – ай!                   Маңдайларынан сипайды.

- Алмадай сенің беттерің!                        Бетін сипап – уқалайды.

- Өріктей сенің көздерің!                          Қас – қабағын сипайды.

- Күлімдеп сен жүре ғой!                          Ерін – иектерін сипайды.

- Балапаным, тұра қой!                           Аналар мен балалар бір – біріне қарап күлімдейді. 

 - Міне, балақайлар, көрдіңіздер ме? Аналарыңыз сіздерді соншама жақсы көреді, бар мейірім – шапағатын сіздерге арнап, жүрек жылуымен де бөліседі. Олай болса, біздер де аналарымызға қуаныш сыйлап, ілтипатымызды білдірейік.  Осы тапсырманы балалар аналарымен орын ауыстырып тағы бір мәрте орындайды.

Бұл жұмысқа бүлдіршіндер мен аналары қатысады. Ұсынылған жағдаят ана мен бала арасындағы қамқорлық таныту сезімін, қозғалыс, сөйлеу, есте сақтау дағдыларын нығайтады.

3 – тапсырма.  Тәрбиеші  балаларға ойыншық қонжықтарды үлестіріп, ойын шартын түсіндіреді.

- Балалар, әр ана әдемі киім кигенді, әсем болуды ұнатады. Солай ма? Онда біздер көмек көрсетіп, аналарымызға әдемі киім таңдайық!

Балалар бірінен соң бірі қонжықтарын қолдарына ұстап, айнала тұрады.   Тәрбиеші  өлең оқиды. Сол мезгілде балалар шеңбермен айналып жүреді. Көңілді әуен ойналады.


Қонжығым, досым менің

Қол ұстасып келеміз.

Саяхат пен серуенге

Бірге шығып жүреміз.

 

Озбайды ды, қалмайды,

Адал досым, қонжығым,

Әсем  ән мен ойынға

Толы менің қоржыным.

Қатты аяз, салқын жел

Тоқтатпайды біздерді.  

Қорықпаймыз қасқырдан

Орман толы іздері.

 

Тамаша екен, достарым

Бірге жүріп дем алған.

Тек қасымызда болса егер

Айналайын, ақ мамам.


Бұл тапсырманың орындалуына қатысатын бүлдіршіндер мен аналар өз – ара үйлесімділік, эстетикалық тұрғыдан толықтыра түседі. Музыкалық есту қабілеті,  қозғалыс, сөйлеу, есте сақтау дағдылары жетілдіріледі.

Балаларға тәрбиеші орамал, бас киім түрлерін, әшекейлерді үлестіреді.  Әр балақай өзінің қалауынша анасын әсемдейді. 

- музыкалық үзіліс

Осы тапсырманы орындағаннан кейін тәрбиеленушілер аналарымен ортаға шығып жұптасып би билейді.

 

4 – тапсырма. Психолог зал ортасына ширма қойып, балаларды соның артына жасырады.  Әр бала бір – бірлеп дауыстап, «Ана» деп  шақырады. Тапсырманың шарты: аналар өз бүлдіршіндерін дауыстарынан танып, есімін атау  қажет. Өз есімін естіген бала анасының құшағына қарай жүгіреді.  

Бұл тапсырманың орындалуы ата – аналар  мен балалардың арасындағы психологиялық беріктік пен сенімділікті күшейте түседі. Ананың жылы, мейірімге толы дауыс реңкіне қарай бүлдіршіннің бойындағы игі қасиеттер нығая түспек.  

 

 

5 – тапсырма. Тәрбиеші аналар мен балаларды қызықты танымдық ойын ойнауға шақырады. Оның негізгі мақсаты: қоршаған ортаны тани отырып, бүлдіршіндерді аналар мерекесіне арналған керемет сыйлық жасауды үйрету.    

Бұл тапсырманың орындалуы қол моторикасын, шығармашылықпен ойлау, ой – қиял сезімдерін оятуға, дамытуға  бағытталған. Жұмысқа қажетті альбом парақтары, қылқаламдар, акварель бояулар,борлар.

*   мультимедиялық проектор арқылы «Аквариум» суреттер  топтамасы көрсетіледі.

 

Суреттер көрсетілімі барысында Тәрбиеші балаларға тақырыптық жұмбақтар жасырады.

 


1.     Қандай ғажап үй,

Іші суға толы үй.

Бұл үйдің тұрғындары

Өнерлі жүзушілер. \аквариум мен балықтар\

 

 

Сұрақ – жауап жұмысы:

2.     Суда жүрсе – ізі жоқ,

Ұстап алсаң – дыбысы жоқ. \балық\

3.     Үйшік жылжып келеді,

Дөңгелексіз, аяқсыз.

Оны мүйізі бар жануар

Арқасына байлаған. \ұлу\


1.     Балықтар қайда тіршілік етеді?

2.     Балықтарды өзен – көлдерден өзге қандай жерден көруге болады?

3.     Балықтың суретін қандай пішіндерден \фигуралардан\ құрастырамыз?

Аквариум суретін салу  жұмысы.

Үстел басына жайғасқан балаларға қажетті құралдар беріледі. Жұмыс шарттарын түсіндіремін. Балалар жұмыстарына кіріседі. Аналарына арналған сыйлық «Аквариум» дайын болғаннан кейін суреттер көрмеге қойылады. Іс-әрекет соңында бүлдіршіндер аналарына сыйлық – суреттерін табыстайды.

 

6 – тапсырма. Денсаулық сақтау технологиясы бойынша теориялық материалды белсенді қозғалыспен байланыстыру. «Аквариум» жұмысының жалғасы іспеттес аналар мен тәрбиленушілер ойынға тартылады. Шарты: барлық қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Олар – балықтар, ұлулар, балдырлар, су түбіндегі  тастар.  Тәрбиешінің талаптарына сәйкес барлық ойыншылар өз ролдерін атқарады.

* балықтарқолдарын төменге түсіріп, денелерін толқын тәріздес қозғап, әр тарапта қозғалып жүреді;

* ұлулар – екі қолдың саусақтарын басына мүйіз тәріздес қойып, тізелерін бүгіп  қозғалады;

* балдырларбір орында тұрып, қолдарын жоғарыға көтеріп, толқын тәріздес қозғалады;

* су түбіндегі тастар – тізені бүгіп, қозғалмай отыру

 

 

 

 

Рефлексивті-коррекциялаушы:

* Баланың өміріндегі ананың орны мен маңызын көрсету мақсатында «Өз балаңнан артық бала бар ма, ана?» деген жұмыс өткізіледі. Тәрбиеленушілердің біріне қоңырау беріліп, анасының көзі орамалмен байланады. Қоңыраудың сыңғыры бойынша анасы өз баласын тауып алады.

* Таныс болған материалды бекіту. Балалармен сұрақ – жауап жұмысы орындалады. Осы жұмыс түрінің баламасы ретінде «Менің қазіргі көңіл – күйім» атты әдісін қолдануға болады. Әр балаға 2 түрлі кейіптегі смайлик \☺☺\ беріледі. Олар қалаулары бойынша көтеріп, түсіндіреді.

* Бүлдіршіндер аналарына, тәрбиеші апайларына жылы тілек – лебіздерін  білдіреді

* «Кері байланыс» әдісі арқылы қатысушы ата – аналардың пікірлері тыңдалады, талқыланады. 

 

۩ Үй тапсырмасы:

-         Балабақшада меңгерілген материалды үйде пысықтау

-         Жатқа айтылатын өлең, жұмбақтарды қайталау

-         Отбасындағы әже – апаларды, қарындастарды көктем мерекесі                     8 Наурызбен құттықтау, отбасылық дәстүрлерді дәріптеу

 

Балаларды  мадақтау. Мерекелік дастархан басында аналарды құрметтеу дәстүрі.  

 

 

                                                                                           

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Творческая мастерская" (каз. яз.)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2016 562
    • DOCX 35.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагулова Шулпан Бахитжанова. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмагулова Шулпан Бахитжанова
    Исмагулова Шулпан Бахитжанова
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 4164
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня

Педагог-воспитатель группы продленного дня

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 201 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 146 человек

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 063 человека

Курс повышения квалификации

Современные проблемы детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе