Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок на тему Күз – береке

Урок на тему Күз – береке

Скачать материал

19.10.2016 ж

Тақырыбы: Күз – береке

Мақсаты: Балалардың күздің кереметі туралы өз өлкесін, ондағы еңбек адамдарының тіршілігіне  көз тоқтату, көкөніс және жемістер ажырата білу, өнерлерін ортаға салу.

Көрнекілігі: слайд, билборд, көкөніс және жемістер

Керекті құралдар: асқабақ, қауын-қарбыз, түрлі қауақтар, көкөніс жемістер, жапырақтар

Түрі: мереке түрінде

Барысы:

Ұйымдастыру. 

Шаттық  шеңбер құрады:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Біз денсаулық тілейміз!

Біз  қуаныш тілейміз!

Біз мейірім тілейміз!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Топқа бөлу: Сыр сандықтан: қауын, қарбыз, алма,  алмұрт жемістерін алып, суреттерге сәйкес жыл мезгілдеріне (қыс,көктем, жаз, күз)  бөлінеді.

Кіріспе.

Мұғалім – Балалар, күз дегенімізді, бейнелеп айтар болсақ, жазира даланың дарқан дастарқаны деп аталады. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырта еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Күзде қыс мезгіліне қамдану басталады. Сондықтан адам да, жануарлар, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды. Біз бүгін мерекелі де, берекелі күз айына сүйіспеншілігімізді білдіріп, өнерімізді ортаға салмақпыз.

1-бастаушы: Саламатсыздар ма, қадірлі ағайлар мен апайлар. Біз бүгін сіздерді «Күз – береке» мерекесін тамашалауға шақырамыз

2-бастаушы: Саламатсыздар ма, құрметтті көрермендер! Кешімізді бастамас бұрын халық неліктен күзді «Күз – береке» дейді. Соған тоқтала кетейік.

1-бастаушы: Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Әр жыл мезгілінің өз қызығы, өз науқаны бар.

2-бастаушы: Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

1-бастаушы: Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағынан айырылып, орман-тоғай сирейді. Ол өзінің күнімен, өз көрінісімен әсерлі.

 

Айгерім:

Қараңдаршы, балалар

Көзің тоймас қарасаң да

Күз деген-бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал балалар кім біледі?

Неге айтамыз «Күз – береке» деп?

Тәңірберген:

Жаңа піскен алма баққа

Көзің тоймас қарасаң да

Қараңдаршы сары алтында

Жапырақты қайың, талға

Мұны көріп күзді қалай

Теңемессің сары алтынға

Нұрай:

Қараңдаршы қандай сұлу

Бидай басқан мына дала

Әрбір адыр, әрбір жота

Алтын жайған кең дала

Дәулет: Сонымен, сары алтындай сары күз қыркүйек айынан басталады екен. Олай болса бізге берері мол сағына да, сарғая күткен күзімізді қарсы алайық

Хормен:

 Мерекелі, берекелі

«Күз – береке» келіңіз!

1-бастаушы:

 Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

2-бастаушы:

 Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

 Күз: Жансая

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Қызығына қаныңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.   (Кәрзеңкеден сары жапырақ үлестіреді)

 

 1-бастаушы:

Астық жеміс жиылды

Аспанннан нұр құйылды

Хормен:

Ардақты күз, мың алғыс

Алдық өнім, сыйыңды.

1-бастаушы:

Көбейді құт – береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Күз:

Рахмет, балалар өнеріңе

Ризамын, халықтың өреніне

Мұғалім: Ал, балалар, біз күз бойы оның жемісін жеп, өнімін алып, қуанышқа кенелдік. Сондықтан да күзге рахметімізді айтайық, өнерімізді көрсетейік. Келесі жылы да бізге көп өніммен келсін.

Күз: Бәрекелді, бәрекелді өнерлеріңді ортаға салыңдар. Ақыл бастан, өнер жастан шығады.

1-бастаушы:

Білімнің думаны

1-ші қыркүйек

Айрықша думанды

Айымыз ең тәуір

2-бастаушы:

Күз – байлық кенелді

Шаттығы қаншалық

Әнекей келеді

Құстар да ән салып

Құстар:

Ақниет:

Қош бол өскен жеріміз

Айдын шалқар көліміз

Роза:

Күнде думан құрамыз

Күн шуағын төккенде

София:

Қош бол өскен жеріміз

Айдын шалқар көліміз

Зере:

Қаһарлы қыс өткенде

Қайтып келем көктемде

Мұғалім: Ал енді балалар алдымыздығы ақ плакатқа  көкөністер мен жемістерді суретін саламыз.

Жақсы салған топқа қол шапаттап марапат жасаймыз.

1-бастаушы:

Қызды қайнап ел ісі

Қырман – думан жер үсті

Елдің тойлап жүргені–

Еңбегінің жемісі.

2-бастаушы:

Әне, қызып аламалар-

Әсем құстың жұлдызы

Алма терген балалар

Албырайды нұр жүзі.

/Алмалар шығады. Теңесіп тұрып/

Кабира:

Күздік апорт алмамыз

Күннен қуат аламыз.

Рауан:

Жаздан бізге күз артық

Жайнадық та қызардық,

Нұрасыл:

Көрік бердік ерекше,

Көк базарды қызартып.

(Шығып кетеді)

Күз:

Өте дұрыс балалар.

Менің жемістерім туралы тағы не білесіңдер

Асыл (Қызылша)

Жасағанда борщты,

Қосуға оны борышты.

Бұл көкөніс болмаса,

Қызармайды ол аса

Диас:(алмұрт)

Бізде бар бау-бақша

Өседі көп жеміс

Ахметжан(сәбіз)

Үлкендігі мынадай

Кішілігі мынадай

Онда өседі көп сәбіз

Алпамыс: (бидай)

Ел егінді жинайды

Қоймаға астық сыймайды

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала

Күз:

Рахмет, балалар өнерлеріңе

Ризамын өнершіл өрендеріме

Күз: Жарайсыңдар, балалар, ал күз туралы қандай жұмбақтар білесіңдер? Шешіп көрейікші.

1 -жүргізуші:

 Көкөністер тобына жұмбақ жасыру                 Жемістер тобына жұмбақ жасыру

Бойын жерге жасырған                                        Қалың киім ұнатады

Бұрымы бар жасылдан.                                        Шешіндірсең жылатады.

(сәбіз)                                                                          (пияз)

Әр желінің асты толған көк қоян                        Ұзын мұртты сарылар

Көк қоянды жаз болғанды жеп қоям                  Қойынында наны бар

(қияр)                                                                      (бидай)

 

Барлық  топқа жұмбақ жасырамын.

Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)

Алыстан көрсем ақ тас,

Жақыннан көрсем дәмді ас. (Күріш)

- Енді балалар күріш дәнді дақылынан жақсы өнім алуға ерен еңбегін сіңірген  өзінен кейігі жастарға ұстаз бола білген ақылшы, еңбекқор күріш дақылынан мол өнім алуда үлкен рекорд жасаған кісі
- Ыбырай Жақаев Сыр бойындағы Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» елді мекенінде, кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жастайынан әкесінің соңына еріп, диқаншылықтың қыр - сырына қанығып өскен. Қазан төңкерісі жеңгеннен кейін қазақ ауылын советтендіру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру ісіне белсене қатынасып, 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, диқаншылықты кәсіп еткен. Өзінің бойындағы ерен күші мен еңбексүйгіштігінің арқасында күріш дақылынан мол өнім алудың алғашқы үлгісін көрсетіп, 1947 жылы дүниежүзілік рекорд жасаған кісі. Сондай - ақ атамыз ұзақ жылдар бойы күріштен өнімді мол ала отырып, оны егу, күтудің агротехникасын жетілдіруге үлес қосып, кейінгі жастарға ақылшы – ұстаз бола білген.
Үкімет пен партия Ы. Жақаевтың көп жылдар бойғы еңбегін жоғары бағалап, 1946 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берген. Қазір Ыбырай атамыздың атында мектеп, ауыл, мешіт және мұражай бар. Ол кісі еңбегінің арқасында қаншама халыққа нанын жегізіп отыр.
Ыбырай атамыздың әйелінің есімі Бибіажар апамыз 1900жылы туылып, 1976жылы 76 жасында қайтыс болған. Ол кісілердің Ақылбек және Сейітбек атты екі ұлы, Қалия атты бір қызы бар. Ақылбек 1922 жылы туылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Қазіргі таңда 1942 жылы туылған ұлы Сейітбектен Сейілбек, Мейірбек атты екі ұл, Патима, Ботагөз, Бахтыгүл, Аягөз, Меруерт атты бес қызы бар. Қызы Қалиядан төрт қыз, үш ұл, он тоғыз немересі бар. Қызы Қалия 1924 жылы туылып, 1984 жылы қайтыс болған. Немерелері Сейілбектен Жазылбек, Дінмұхамед атты екі ұл Мейірбектен Іңкәр, Назым, Жансая атты үш қыз, Ботагөзден Зейілбек атты бір ұл, Айгерім, Алия деген екі қызы бар. Бахтыгүлден Гүлнұр, Бейбарыс атты бір қыз, бір ұл бар. Аягөзден Абылайхан, Ақжан атты екі ұл бар. Жалпы айтқанда Ыбырай атамыздың он төрт немересі, отыз бір шөбересі бар.

Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызғылт дәу жатыр

(қызылша)

Күз: Жұмбақ шешуге жүйрік екенбіз

Күз туралы қандай өнерің ба?

Елнұр:

Қайтқан құсты көрдің бе

Қаптап ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе

Сыңсып бағың мәуелеп

Бекзатхан:

Қамба толы астыққа

Алғыс саған, алтын күз,

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз.

 Ақерке:


Сары алтындай, сары күз-

Қамбадағы дәніміз

Шелек, шелек балымыз

Ағыл-тегіл ағымыз

Жаздай күткен бәріміз

Сары алтындай сары күз


 

 


Қарақат: «Күз» А.Құнанбаев

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін, тойғаныма, тоңғаны ма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

 Дәулет:

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай

Мұғалім: Әр топқа жемістер мен көкөністер беріліп, сол туралы айту.

Күз: Ал, балалар, күз туралы көп жырлауға болады екен.

Өнерлеріңе көп рахмет. Мен де, сендерге құр қол келгенім жоқ. Тәтті сый ала келдім. Алыңдар балалар, келер жылға дейін мені ұмытпаңдар.

Балалар (хормен)

Рахмет саған, «Күз – береке»

Күз:

 Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын.

Қорытынды:

Мұғалім:

Сонымен, балалар күз дегеніміз, біріншіден – байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма,. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Халық сондықтан күзді «Күз – береке» дейді. Екіншіден күз – қауырт  жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындық кез. Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың.

Бата:


Дастарханымыз тоқ болсын

Уайым – қайғымыз жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін басымызға

Ғұмыр берсін жасымызға

Пәлі-жала, жын-шайтан,

Жоламасын қасымызға

Аллау – акбар!

Кеш аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 



№267 орта мектеп

 

 

 

 

А ш ы қ  т ә р б и е  с а ғ а т ы

 

 

Тақырыбы: К ү з – б е р е к е

 

 

 

 

Сынып: 2 «Ә»

Орындаған: В.Арленкеева

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему Күз – береке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 616 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 523
    • DOCX 452.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арленкеева Вераника Алжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арленкеева Вераника Алжановна
    Арленкеева Вераника Алжановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12846
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 060 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе