Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок по казахскому литература "Қалқаман - Мамыр" поэмасы (8 класс)

Урок по казахскому литература "Қалқаман - Мамыр" поэмасы (8 класс)

Скачать материал

Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, бағалау парағы

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг « Көңіл күйіміз қандай?»

ІІ. Үй тапсырмасы:

Сыныпты 3 топқа бөлу. Төмендегі тапсырма бойынша әр топтан оқушылар өз ойларын айтады.

І. Шығармашылық жұмыс «Мен ақылмын», «Мен қайратпын», «Мен жүрекпін»

ІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

3 топқа бірдей кеспе қағазы таратылады, оқушылар жауап береді және өзара топ бір бірін тексереді.

Кеспе қағазы

1.     Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай атамыз кімдерден алған? (Ұлжан, Зере)

2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибраһим)
3. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845)

4. Құнанбай қандай адам болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс)
5. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы» Қай өлеңнен үзінді? («Өлең - cөздің патшасы, сөз сарасы»)
6. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы, «Әбдірахман өлгенде»)
7. Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

8. «Он жетінші қарасөзінде» «Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді? (Ғылымға)

ІІІ. Жаңа сабақ.

І. «Ой қозғау»

1. Абай атамыз неше ағайынды? (жеті, Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жастай қайтқан), Ысмағұл)

2. Абайдың ізін жалғастырған ақын інісі кім? Ол кімнен тараған ұрпақ? (Шәкәрім, Құдайбердінің ұлы, Абайға немере інісі болады)
Ендеше бүгінгі сабағымыз Шәкәрім Құдайбердіұлына арналады. Шәкәрім атамыз туралы не білеміз?

         Жаңа сабақ үшін бағалау парағы ұсынылады.

 

 

ІІ. Мағынаны тану.

Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ, Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір ғұлама ақынға берілген әділ баға. Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны.
         Балалар, үйден мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік.

1.     Оқиға қай кезеңді суреттейді?
(Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған).

2.     Оқиға кейіпкерлері кімдер? (Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай)

3.     Осы аталған кейіпкерлердің арасында туыстық байланыс қандай? (Кішік, Мәмбетей ағайынды бір туғандар. Кішіктен: Әнет, Әйтеке. Әйтекеден: Олжай, Байбөрі, Қалқаман. Мәмбетейден Мамыр.
Қалқаман мен Мамыр немере ағайынды)

4.     Поэмада Мамыр қалай суреттеледі? (Байдың ерке шора қызы. Қыз деп әкесінен батып айта алмайды. Қалқаманмен жылқы бағып жүріп кездесіп, бір бірін ұнатады)

5.     Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастырған оқиға не еді? (Сәмеке деген хан қалмақты жеңіп елді жинап той жасайды. Сол тойға тобықты елі тегіс шақырылады. Үлкендер кеткеннен кейін жастар бастаңғы жасайды. Осы бастаңғыда Мамырдың Қалқаманға айтқан жұмбағы (кездесуге шақырады, өзіне құда түсетінін айтады. Ұнатысқан екі жас алып қашуға бел байласып, қашады)

6.     Осы жерде Әнет баба қандай кейіпкер болып танылды? (ел бірлігін ойлаған, ақылды, жанашыр бейнесінде көрінеді. Қалың малды аямайды, бірақ Көкенай мен Мәмбетей көнбей қояды)

7.     Көкенай кім? (Мәмбетей елінің батыры, ел ағасы, салт дәстүрді қатаң ұстанушы, қатыгез жан. Үйін сағынып, төркіндеп келген Мамырды атып өлтіреді. Мамырдың өз қанымды кештім, Қалқаманды өлтіре көрме, екі адамның қанын мойныңа жүктеме» дегеніне қарамайды. Әнет бабаға кісі салып, ақыры туыстықтан кетеміз деп көндіреді )

8.     Жыр оқиғасы немен тынады? (Көкенай Әнет бабаның шешімімен Қалқаманды жүйрік атпен шауып өткізеді, сол кезде Көкенай мергендігі рас болса, Қалқаманды атып түсіруі керек. Екінші рет оқ атылмайды. Садақ жебесі Қалқаманның санына тиіп, аман қалады. Мамырды өлтіріп, өзімді оққа тіккен елде қала алмаймын деп, өкпелеп елден кетеді. Ұлы жүздегі нағашысы Еділбайға Бұхараға кетеді. Сол жақта жүріп үйленіп, қазірде солардан тараған ұрпақ ұлы жүзде деген дерек бар).Мазмұнын жүйелеп шықтық.

Топтарға тапсырма

І топ тапсырмасы.

Поэманың композициялық құрылымын жаса

 1. Оқиғаның басталуы. Кейіпкерлерді автордың таныстыруы.
2. Оқиғаның дамуы. Қалқаман мен Мамырдың бір - бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.

3. Шарықтау шегі. Екі жастың серттесіп қалуы
4. Шиеленісуі. Бірін - бір ұнатқан екі жастың қосылуы. Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
5. Оқиғаның шешімі. Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.

ІІ топ тапсырмасы.

Поэмадағы салт дәстүрлерді тап және бүгінгі өмірмен байланыстыр.
(қыз айттыру, бастаңғы, құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз алмау, бата беру, уәдеге беріктік)

ІІІ топ тапсырмасы.

Өлең құрылысына талдау жаса.

Тақырыбы: «Қалқаман Мамыр»

Идеясы:
Шумақ: 62

Ұйқас: қара өлең ұйқасы

Тармақ: 278

Бунақ: үш бунақ

Буын саны: 11

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.

І топ: Қалқаман мен Мамырға мінездеме бер

ІІ топ: Әнет бабаға

ІІІ топ: Көкенайға

Ой толғаныс

Жеке жұмыс

«Автор орындығы» стратегиясы.

Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па, бұрыс па?
Жақтаушы топ жауабы: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар – адал махаббат иелері. Бірін - бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.

Даттаушы топ жауабы: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.

Рефлекция. «Бүгінгі сабақтан...» (түйінді өлеңмен немесе екі ауыз сөзбен айту).

Сабақ  түйіні ұстаз көзімен: «Ата салтын аттауға да болмас,

Жүрек қалауын тастауға да болмас»

Оқушылардың білімін бағалау .
Үй тапсырмасы. Шығарма «Егер мен Қалқаман болсам...»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому литература "Қалқаман - Мамыр" поэмасы (8 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.12.2015 710
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайкенова Бану Шоканкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шайкенова Бану Шоканкызы
    Шайкенова Бану Шоканкызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5973
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 352 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 96 человек