Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Устаз деген ұлы есім" /МАД тобы /

"Устаз деген ұлы есім" /МАД тобы /


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер бойымен жүріп орындарына барады.
«Мейірбан ұстаздар».
Халима:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы алады сіздерді
Биде билеп, ән де бүгін шырқалар
Сәнімгүл:
Хош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
Халима: Армысыздар, қадірлі де аяулы ұстаздар, тәрбиеші апайлар. Сары алтындай, сары күз ала келген ұстаздардың төл мерекесі құтты болсын.
Біздің мектепалды даярлық тобының «Мейірбан ұстаздар» атта ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Райхан:
Жақсы көрем ұстазымды
Білім нұрын бізге шашқан
Жақсы көрем ұстазымды
Болашаққа есік ашқан
Диас:
Ұстаз, ұстаз қандай ыстық сөз деген
Ұстаз болу адамдықтың көзі еді
Ақылға да, асылға да үйреткен
Ұстаздықта бар білімнің көзі еді
Әсем:
Білім беріп баршаға
Ұстазым менің шаршама
Алғысын айтқан өзіңе
Балғындар қанша, қаншама
Мансүр:
Арналады апайларға
Құрмет деген төр деген
Біздің елде адам барма
Ұстаз алдын көрмеген
Мейірлан:
Білмей қалсам кешірген
Балалық деп түсінген
Қандай дана болса да
Алдыңызға бас ием
Би: «Жаңа заман биі» (Әсем, Райхан, Нұрдана, Аңсаған)
Хор: «Ұстазым ол біздің»»
Бекзат:
Бұзықтықты жасырып
Білімімді асырып
Жаныма жақын ұстазым
Сізге келер ұқсағым
Гүлназ:
Тәрбиешім білім көзісің
Тыным таппайсың ел үшін
Өзіңмен талай үйреніп
Келеміз өсіп ел үшін
Бақдәулет:
Ұстазым менің ақылшым
Шәкіртіңе әркез жақынсың
Аяулы менің ұстазым
Өзіңіз әркез асылсыз
Жеке ән: «Мұғалім ол біздің»
Сайлау:
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз
Нұрдана:
Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптер мен суретпен -
Тәрбиеші апайымыз
Мерейім:
Тәрбиеші аялы
Сіздей ешкім жоқ әлі
Маған тәлім бердіңіз
Ардақты анам сияқты
Ойын: «Кім жылдам?» «Сөз жұмбақ»
Ислам:
Бізге тұңғыш тақпақ та
Жаңылтпашта жаттатқан
Түсіріп топ сынына
Жақсылығымды мақтатқан
Аңсаған:
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды
Білуге біз құмармыз
Мазаны да алған шығармыз
Қабылдаңыз мың алғыс
Ұстаздарға тілек айту. Диас: Құрметті ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын. Зор денсаулық, творчестволық табыс тілейміз.
Хор: «Құтты болсын мереке»
Балалардың барлығы шар ұшырады.

























































  • 0

Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам.

Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, үнтаспа, нақыл сөздер жазылған плакаттар, шар, гүлдермен безендіру
(баяу музыка ойнайды «Қариялар азайып бара жатыр» әні ойнайды)

Мұғалімнің сөзі. Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Уақыт деген ұшқан құстай, уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қаласың?! Кеше ғана 1 қыркүйек еді, енді міне, бір айдың қалай өтіп кеткенін білмеймін, 1 қазан - Қарттар күні мерекесі де келіп қалды.
Қайран, уақыт... Бүгінгі қарт, қарияларымыз бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан. Ендеше, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпақтарына үлгі, өнеге, таптырмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Бүгін тәрбие сабағымызды
«Сыр сұхбат» тележоба үлгісімен өткізгелі отырмын. Олай болса, сабағымыздың қонағын ортамызға шақырайық.
Бүгін бізде қонақта сыныптастарының бірінің әжесі «Алтын алқа» иегері, батыр ана. Кім деп ойлайсыздар?
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін бізде 1)«Алтын алқа» иегері, 2) Батыр ана, 3) Бақытты әже, Сүттей ұйыған берекелі отбасының ұйытқысы болған Туғанай әже қонақта.
(Әже сахнаға шығып келе жатқан кезде«Асыл әже» әнін қою керек)
- Армысыз әже!
Құрметті ақ жаулықты ана ертеңгі ұрпағына өсиет айтар, тәлім - тәрбие берер қазыналы қарттарымыздың аталы сөздерін естіп, ертеңгі күнге сабақ алып, көп жылғы бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізді, асыл сөздеріңізді көкейімізге ұялату мақсатында ұйымдастырылған «Сыр сұхбат» алаңына қош келдіңіз!
(Қонақ жайлы слайд көрсетіледі.)
Туғанай әжей, біз бүгін көңілде жүрген сауалдарымызды қоя отырып өзіңізбен әңгімемізді диалог түрінде өрбітсек;
Олай болса, бүгінгі немереңізге арналған алғы сөзіңіз қандай?
- Әже сөз сөйлейді
- Оқушылар сұрақ қояды?
Қонақ кәде
Сұрақ салынған жәшік әкелінеді ішінен жасырылған сұрақтарға жауап беру.
Ойын «Немереңді тап» «Немерем» әні ойнайды
1 Бейнеклип көрсетіледі (Көрсетілген бейнеклип төңірегінде оқушылар өз ойларын айтады.)
2. Оқушылар өнер көрсетеді.

1 - оқушы: М. Мақатаев «Қарттарды сүйемін»
2 - оқушы: Қ. Мырзали «Көкемнің ақылы»
3 - оқушы: М. Мақатаев «Арманда ұлым»
4 - оқушы: Т. Айбергенов «Ана»

Балалар, әрі тәлім - тәрбие беруші, әрі ата - ана, әрі дос ретінде сендерге барлық саналы ғұмырын арнайтын жан. Тек мектепте ғана емес, бүкіл өміріңе із қалдыратын жандар да болады. Олар кімдер?
Жауап: Әрине, ол ұстаздар!
«Қарт ұстаздар өмірінен бір үзік сыр»
(Слайд: Әбіш Алуа)
Оқушылар өнері «Әке мен бала» көрініс. Көріністің түйінін мақал - мәтелмен түю.
Жарнама.

Мұғалімнің сөзі: Міне, балалар жасы үлкенге құрмет көрсету – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге әкелген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның қарызы, міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата - ананың орны ерекше биік қадір - қасиетке ие. Сендерде өмір бойы жас болып тұрмайсыңдар. Қарттық адамды айналып өтпейді, дүние кезек сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата - анаға не істесең, алдыңнан сол қайтады деген аталы сөз осыдан қалса керек.
Ал енді қымбатты қонақтар балалар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйін айтатын кезде келіп - жеткен сияқты. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты ұлттық құндылықтарды бойына жинаған тұлға тәрбиелеу болатын. Ендеше

Ұлттық құндылықтарды бойына жинаған тұлға деп қандай адамды айтамыз?
1.білімді
2.сыпайы
3.аталы сөзге тоқтай білетін
4. өзін-өзі тану

1.үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету керек
2. ақылды
3.мейірімді

1.төзімді
2.еңбекқор кішіпейіл
3.қайырымды жомарт

Туғанай апай, бүгінгі тәрбие сағатынан кейінгі көңіл күйіңіз қандай? Смайлик арқылы көңіл күйін көрсету
Сый сияпат жасау, суретке түсу
Осымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты сынып сағатымыз аяқталды.
Кездескенше қош сау болыңыздар!

Кері қайту
















Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров95
Номер материала ДВ-393056
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх