Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУтренник на тему: "Мен біріншіге барамын" (Дошкольное образование)

Утренник на тему: "Мен біріншіге барамын" (Дошкольное образование)

Скачать материал

«Мен біріншіге барамын»  ертеңгілік

абақтың  мақсаты: 
1.Жарты күндік шағын орталықтың  жыл бойы алған білімдерінің, үйренген  жұмыстарының нәтижесін көрсету. 
2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойындамыту, ой-өрісін кеңейту, өнердісүйюге тәрбиелеу. 
3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отансүйгіштіккетәрбиелеу. 
Көрнекілігі: шарлар мен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғынбалалық” суреттер, “Бүлдіршіндер” көрмесі. 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастырукезеңі: 
а)Акт залын дайындау, безендіру 
ә)Оқушыларды даярлау 



 

 

Мұғалімнің сөзі: 
Құрметті әріптестер, аяулыда, ардақты Ата-аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі «Жарты күндік шағын орталықтың» «Мен біріншіге барамын »атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. 
Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмытылу әр азаматтың борышы.  Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар. 

Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар біріншіге
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

 Олай болса, кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметтеп, ортаға шақырайық.

 

Музыка ойналады: Оқушылар саппен шығады.
Құрметті көрермендер «Мен біріншіге барамын» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

 

 

 

 

 

Хор: Қазақстан РеспуликасыныңМемлекеттік  Гимні орындалады.

    Рамазан
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Таусылмастай ағытып ой-арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлейік.

 

Қарақат
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

 

Рақымжан

Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар.
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын,
Туған дала қуансын.

 

Мұғалім:
Бірге ойнап, бірге жүрген,

Күндерімді қимаймын.

Естелік болсын біздерден ,

Вальс биін сыйлаймыз.

 

Ортада валыс биі: Рамазан,Сабина, Еркеназ, Сәбит, Рақымжан, Жансая, Фархат, Аружан, Нұрлыбек, Айханым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,

Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.

Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,

Мектеп директоры құттықтасын дей келе № 262 мектеп-гимназия директоры:  Сәдуақасов Бекболат ағайға сөз кезегін берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:
-Балалар жыл бойы алған білімдерін, білгендерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетпек.

 

    Мұғалім:

Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір-бірден
Қимай кетіп барады-ортаға балаларымызды өз тақпақ, өлеңдерін айтуға шақырамыз.

  

Нұрлыбек

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген білімнің ең үлкені.

 Сағыныш
Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен
Енді жаза да аламын.

Айдын

Мектеп-қамқор анамыз
Оқу-білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біріншіге барамыз

 

Әсия
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз

 

Мұғалім:

Балалар, қарап, тұрмаймыз!
Әндетейік жырлайық
Ажарыңыз жайнасын
Көктем күнмен нұрланып - дей келе әнге кезек берейік

Ән: «Ертегілер»

Орындайтын: Жақсылықбаева Әсия

 

Келесі кезекті тақпақтарға берейік.

Айзере

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.

 

Нұрислам

 Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

 

Гүлназ
 Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

 

Асхат

Біз балауса баламыз,
Жетілді ой санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.

 

Жазира
Дайын тұр киер көйлегім
Үйімде биыл той менің.
Өзімше мен кәдімгі
Оқушы құсап сөйледім


Хор: Рақмет саған мұғалім

Әріптерді үйретіп, үйретіп

Жақын болған кім бізге, кім бізге

Жамандықтан жирентіп,жирентіп

Жақын болған кім бізге,кім бізге

Қайырмасы:

Десек ол жан 3 рет,мүғалім

Таласады-3 рет, сірә кім

 

Қапастағы ерлердің, ерлердің

Мұңын айтқан кім бізге?,кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,жерлердің

Сырын айтқан кім бізге?, кім бізге?

Қайырмасы:

Десек ол жан 3рет,мүғалім

Таласады-3рет, сірә кім

 

Мұғалім: Балаларымыз көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша

Ортада би: Теңізшілер биі:

Нұршат, Нұрислам, Асхат, Санжар,Айдын, Сағыныш

 

Мұғалім:

Кәне босқа тұрмайық

Ойынды бір ойнайық

 

Ойын: Күн шуағы
-Балалар мынау қандай пішін?
-Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4
2.Бір аптада неше күн бар?7
3.Машинаның дөңгелектері нешеу? 4
4.Екі қоянның аяқтары нешеу?8
5.Бағдаршамда неше көз бар?3
6.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар

Балалар ненің суреті шықты ?

Әрине күннің суреті шықты

Әсем әнмен арайлап таң атады

Бар жүрекке нұрын құйып жатады

Мерекеге арналған әсем әнмен

Рақымжан  мен  Ақгүлді

Қол шапалақтап қарсы алайық ортаға

 

Ән: Қошақаным

Рақымжан, Ақгүл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрініс:

Ортаға күнделік, математика, әліппе келеді. Артынша таласқан сандар 1,2,3,4,5 келеді.
Тәрбиеші: Сендерге не болған? Бір-бірлеріңді итеріп.

 

1 саны: Нұрислам
Достарым мені «бір» дейді,
Қарайды да «бү» дейді.
Мұқтажбын қол аяққа,
Ұқсап тұрмын таяққа.
-Күнделік маған есігіңді айқара ашшы, мен сенімен дос боғым келеді.


Күнделік: Жансая
-Мынау бірме? Жоқ,жоқ, менде саған орын жоқ.
Бірлік баға алмаңдар
Ұят болып қалмаңдар.

2 – саны: Айбын
Мен екімін балалар,
Екі қанат қазда бар.
Қағады шапшаң ұшқанда
Құс сияқты адамдар.-қазір көресіңдер күнделік мені күтіп отыр, екеуміз дос боламыз!


 Жансая Күнделік: -Жоқ, жоқ атай көрме екілік, мен саған есігімді ашпаймын.
Жаңғалақтың, жалқаудың
Алаңғасар аңқаудың
Алатыны екілік.
Басын шайқап, өкініп.

 

3 – саны: Аружан
Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы.
Екі қисық қосылған,
Үш жазылған осыдан.


Күнделік: Жансая
Мынау үшпе? Жоқ сенімен де дос болғым келмейді.
Білімі артық екіден
Аздығына өкінем
Шідерлі аттай тұсалып
Бірелер жүр үш алып.


4 – саны: Рамазан
Достар мені «төрт» дейді
Беске бірім жетпейді,
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның.
-Күнделік, маған есігіңді ашшы, мен төрттік бағамын, мені балалар жақсы көреді.

 

 

 


Күнделік: Жансая
-Охо, сені күттім, кел төрге шық төрлет.
Оқуға дос барғанда
Риза сені алғанға,
Қуанады анасы
Төрт алғанда баласы.


5 – саны: Жанель
Әр қолда бес-бестен
Шықпас тегін ол еппен
Біліп соның шамасын
Мысал ойлап табасың
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Мені ғана армандар.


Күнделік: Жансая
-Бәрекелді, «5» келді. Төрлет, төр сенікі, сенімен айрылмастай доспын.


1,2,3 сандары:
-енді біз қайда барамыз, керексіз болып қалдықпа?


Математика: Санжар
- Мен математикамын, менің ішімде сандар көп, сендер ешқайда кетпеңдер, менімен дос боласыңдар.
- Мен енді балаларға түрлі есептер берейін.
1. Қайсарда үш алма бар еді оның біреуін Алмасқа берді, біреуін Айнұрға берді. Қайсарда неше алма қалды?
2. Дүкеннен анам екі  доп сатып әкелді, біреуін ініме берді, нешеуі қалды?

Математика: -Жарайсыңдар балалар, өте тамаша. Мен сендерге ризамын.


Сауат ашу : Ақгүл Балалар, сәлеметсіңдерме? Менің атым әліппе. Мен сіздердің ең алғашқы оқулықтарыңмын. Мен сендермен дос болам, егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар.
1.Мына сөздерді буынға бөліңдер? Шана, арба, қалам.
2 Әріптерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?

 

Келесі кезекті тақпақтарға берейік

Сабина

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!

Еркеназ

Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым

 

Фархад
Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Тәрбиелі, үлгілі,
Қазақстан азаматы боламын.

 

Жанболат

Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Даярлыққа мың алғыс.

Нұршат

Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдағыз мың алғыс

 

 Мұғалім:Нағыз қазақтың жігіттерін ортаға биге шақырамыз.

 

 

 

Келесі кезекті тақпақтарға берейік:

Аружан
 Мектеп қамқор анамыз,
Оқу білім аламыз.
Өнер

паз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.

Айханым
 Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.

Сәбит

Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше
Даярлықпен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.

Айбын
Үлкендердей тап – таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үздік бала боламыз
Жүретіндей мақтана

 

Мұғалім:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар 
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай Қарақаттың орындауында «Бала тілегі » әнін қабыл алыңыздар

 

Келесі кезекті тақпақтарға берейік:

Ақгүл
Даярлық біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.

Жансая
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай.
Даярлығым өз үйім
Апай болды анамдай.

А. Нұрбақыт

Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын
Дайын тұр сауыт сайманым
Дайын тұр жазар қаламым.

 

Шаттық
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы баламыз.

Б. Нұрбақыт
:Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді
Қуантуға жүректі
Қуантутға түлекі.
Мен мектепке барамын.

Мұғалім:

Кәне біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болса да

Шешпей оны қоймайық

 

Мираста  болды  7  алма

Амангелдіге  берді  4 алма

Ойланып ,кәне , көрейік

Мираста   қалды  қанша  алма ?  7 – 4 =3

 

Далада  жүр  3  тауық

Қосылды  тағы  1 тауық

Жалпы  саны  тауықтың

Болды  неше ?Есепте .    3 + 1 = 4

 

Жеті   қияр  базардан

Сатып  алды  Толқынай

Бес қиярды  алғанда

Қанша  қалды  сөмкеде ? 7 – 5 = 2

 

Санжарда  болды  бес  алмұрт ,

Нұржанға  берді  екі  алмұрт .

Санжардың  қалды  қолында

Неше  алмұрт  тез  ойла ? 5 – 2 = 3

 

Бәйгеге  шықты   жылқылар 

Алға  шықты  бесеуі .

Қосылды  оған  екеуі

Мәреге   келді   нешеуі ?  5 + 2 = 7

 

Мұғалім:

Өздеріңізді ұмытпай,

Есімізге саламыз.

Ұмытпас деп ұясын,

Балапан биін сыйлаймыз.

Биші қыздарымызды ортаға шақырайық. Әсия, Жазира, Гүлназ, Айзере.

 

Байжан
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламым
Мен мектепке барамын,
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол
Даярлығым қош сау бол.

Нұрдәулет

Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән салып
Оқып, жазып үйрендік.

Санжар
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық, тойладық.
 Жанель

Даярлықтағы күндерді

Есімізде сақтаймыз.

Апай берген білімді,

Еңбегіңізді ақтаймыз.

Хор: Балалар айтады:

Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектеп алды даярлық қош-сау бол!

 

 

Мұғалім:

 Асыл сөзбен ата - анаға ой салайық,
Екі ортаға алтыннан жол салайық
Құрметтеп келген ата - аналарды
Сөз беруге ортамызға  шақырайық

 

Мұғалім:
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз
Тілектермен нығайсын берекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осыменен  аяқталды ертеңгілігіміз!

 

Құрметті ата- аналар , ұстаздар,қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдерімен , өнерлерін тамашаладыңыздар. Сіздерге рақмет айта отырып бүлдіршіндерге өз тілектеріңізді білдіріңіздер демекпін. Құттықтау сөз Бастауыш ісі жөніндегі орынбасары: Лашынова Айнагүл апайға беріледі.

Азамат әжесі және Айханым  әжесіне сөз кезегін береміз.

Бүлдіршіндерге алғыс хат тапсыру, суреттерімен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Утренник на тему: "Мен біріншіге барамын" (Дошкольное образование)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Мен біріншіге барамын» ертеңгілік

абақтың мақсаты:
1.Жарты күндік шағын орталықтың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойындамыту, ой-өрісін кеңейту, өнердісүйюге тәрбиелеу.
3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отансүйгіштіккетәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар мен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғынбалалық” суреттер, “Бүлдіршіндер” көрмесі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастырукезеңі:
а)Акт залын дайындау, безендіру
ә)Оқушыларды даярлау

Мұғалімнің сөзі:
Құрметті әріптестер, аяулыда, ардақты Ата-аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі «Жарты күндік шағын орталықтың» «Мен біріншіге барамын »атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмытылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2015 1331
    • DOCX 31.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ормаханова Нурсулу Бостандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23441
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1474 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 804 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 889 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 40 человек