Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Выступление на тему "Ойын элементтерін пайдалану арқылы математика пәнінің сапасын арттыру. "

Выступление на тему "Ойын элементтерін пайдалану арқылы математика пәнінің сапасын арттыру. "

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Ойын элементтерін пайдалану арқылы математика

пәнінің сапасын арттыру.

 Қазақстанның қазіргі даму кезеңі - білім беру сапасын жаңалау және әлемдік сұранысқа лайықтау қажеттігін анықтап беріп отыр Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру үлгілері білім сапасын  арттырудағы басым бағыт екенін көрсетті.

 "Білім негізі бастауышта қаланады"  деген ұғым біздер үшін қағидаға   айналды. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім алуына зор ықпал етеді. Бастауыш сынып мұғалімінің ең негізгі міндетінің бірі бала бойында өмір дағдыларын қалыптастыру.

           Өмір дағдылары дегеніміз - күнделікті өмірде оқушыларды оқуға және еңбек етуге байланысты өз қажетіне қарай өзгерістерге бейімдеу, кедергілерді өз дәрежесінде тез шеше білу, денсаулығын шынықтыруға, еліміздің қоғамдық экономикалық өміріне белсене араласуға мүмкіндік беретін дағдылар деп пайымдаймыз. Бастауыш сыныпта оқушылар өзара мұғалімдерімен, ата-аналарымен шынай да, сыпайы  ізгілікті қарым - қатынас орнатуға, кез-келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.

           Күнделікті сабақ барысында жеке тұлғаның ақыл - ой танымдық өмір дағдыларын қалыптасуы үшін қажетті және жеткілікті білімнің белгілі көлемінің болуы жіне оқушыларға өмір дағдыларын қалыптастыру жолдары мен тәсілдері  жайлы білім беру қажеттігін айқындадық. Көбінесе оқушының өмір дағдылары сабақ барысындағы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

 "Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту  әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек " - дейді К.У.Ушинский.

Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру, жақсы мінез-құлыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету - ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.

Оқыту тәрбие жұмысының негізгі саласы - сабақ. Оқушының білімі, дағдысы, өмірге, еңбекке көзқарасы сабақ үстіне қалыптасады. Әр сабақты әр оқушының ойына ұялата түсіндіру мұғалімнен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Сабақтың тартымды, сапалы болуы көбіне оқушының қызығуына байланысты. Сабақтар тартымды, қызықты ұйымдастырылуы керек, сонда ғана оқушының білімге ынта-ықыласы, құштарлығы артады. Бастауыш сыныптарды оқытуды ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ тартымды, жеңіл болады  және оқушылар  шаршамайды.

Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.Ойын баланың кез  келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай,  баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман-тілегін талпынуға, зейінін, жадын қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.

 Мәселен кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады» десе, В.А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес», - деп айтқан. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.

Ал ойын деген не? Ойын – дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын баланың күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсінігі де қалыптасады.

          Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін калыптастырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінуімен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Баланың қиялын, ойлауын , сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелермен ойнайтын  ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі бір талапқа сай ұйымдастырып отырулары қажет.

 Ойын түрлерін 1-4 сыныптарда әр мұғалім күнделікті жұмысында дидактикалық "деректерден - дерексізге, жеңілден - ауырға, жақыннан - алысқа" дегенді негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Математика сабақтарын ойын арқылы өткізу, сабақтың әсерлігін арттырады.

    Бастауыш сыныптарды математика пәнін оқытуда баланың ой өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі мағлұматтарды тәжірибеде қолдана білуіне, оқушылардың   сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруда өткен мәліметтерді өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мән - мағынасы өте зор. Сабақта өтілген мәліметке сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық  ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын , белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады, ойын айналадағы болмысты бейнелейді және өзін-өзі жүзеге асыруға  ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Жаңа білім стандарты бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы қойып отыр.

        Соңғы кездегі психология ғылым саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын  әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарымен қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыланып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.

       Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Сабақта ойын элементін пайдалану - сабақтың түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.

       Оқытудың ойын формасы  (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден , ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.

  Сабақта ойын элементтерін қолдану - ол дидактикалық , дербес орындалатын тапсырмаларға балалардың зейінін аударып, қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту , кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын элементтерін қолдана отырып, өткізілген сабақтар жаттығу жұмыстары баланың пәнге белсенділігін арттырып, оларды ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете түсуге жәрдемдеседі.

Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан ұрпақ тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. Ұлттық ойынды ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген-білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды.

Демек, ойын баланың жан – жақты жарасымды тәрбиелеудегі психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын - баланы жасытпай оқытуға, балалардың бойында сенімсіздік комплекстерін жоюға, баланың өзін-өзі тануына, жеке тұлғалыққа, дарындылыққа,  жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеудің негізгі құралы.

          Ойындарды сабақта қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын , математикалық қабілеттерін дамытады, сабақтың сапасын арттырады. 1-сыныпта 1-ден 10-ға дейін сандарды өткенде тек қана 1-ден 10-ға дейін сандарды білдіріп қана қоймай, қандай санның қай саннан кейін немесе сол санның алдында қандай сан болатынын тез таба білуге жаттықтыруды үйретемін. Ол үшін "Із кесуші", "Тәртіп орнатушы", "Көршіңді ата", "кел ойна, тез ойла"ойындарын жүргіземін.

10


7


5


2


0

           "Із кесуші" ойынында рет санына сәйкес бірнеше цифрлары жоқ карточкалар таңтаға ілінеді. Оқушылар өз орындарында отырып, жоғалған санды тауып қояды.

 

10


8


2


6


9


3


0


4


7


5


1

әртіп орнатушы"  ойыны бойынша оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар таратылып беріледі. Бір оқушы шығып, осы сандарды ретімен орналастырады.

    өршіңді ата" ойынында оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі кез-келген сандар карточкасы таратылып  беріледі. Әр оқушы өз қолындағы санның орналасу реті бойынша оң және сол жақтағы көрші сандарды атауы қажет.

Бұл ойынның тағы бір түрі үйдің көршісін атау. Мысалы 1-ден 10-ға дейінгі сандармен танысқанда тақтаға немесе топқа мынандай үйлер таратылып беріледі. Балалар үйдегі белгісіз көршілерді атайды немесе жазады.

2

 

               

5

 

                0


6


4

5

6

 

                7

8

 

 


8


4

               3

   5

 

                8

  1


10


5

3

2

 

               1

0


9


3

 

               5

6

 

               0


7

    "Кел ойна, тез ойла" ойынында , 1-ден 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту амалдары орындалады. Кез-келген бір санды шарт бойынша бір санға арттыру және кеміту амалдары орындалады. Жүргізілген ойынның барлығына  да ауызша жауап береді. Бұл біріншіден ойлау қабілетін  дамытып, шапшаң жауап беруге дағдыландырады.

 

24                       18              24                           18                 24                      18

 

+ , - 5


 

+ , - 9


 

+, - 7

33       46             52               33           46            52             33           46           52

          Қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын өткен кезде "Пошташы", "Жауабы кімде", "Торда тұр" ойындарын пайдалануға болады.

          "Пошташы" ойынында тақтаға нөмірленген үйлердің суреті ілінеді.

 

18


16


6∙4

12+1220+4

 3∙8

 


4∙4

8+8          10+6

      8∙2

 


9∙2

10+8          9+9

 3∙6

 


24

   Оқушыларды топқа бөліп араларынан пошташы сайлау керек.Пошташы мысалдар жазылған конвертті өзіне сәйкес үйге апарады.Мысалы: 18-үйге 9∙2,10+8 , 9+9, 3∙6 мысалдары жазылған конверт жеткізіледі. Өтілген көлемді бір тақырыптан кейін математика пәні бойынша пысықтау сабақтарында мен тек жетелеуші, бағыттаушы ретінде ғана боламын. Мұндай сабақтарды "Саяхат", "Аукцион" сабақ ретінде өткен қызықты. Бұл біріншіден, баланы жалықтырмайды, екіншіден, топтасып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Егер мұғалім өзінің күш жігерін танып білуге жеткізетін осынау  ішкі , жеке басты қайнар көздерге қозғау салып, көтермелеуге бағыттаса, онда балалардың өз ұстазын түсінуі, оның соңынан еруі, білім және дағдыларды меңгерту әлдеқайда жеңіл болмақ.

    Ұлттық ойындар ішінде «Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ» ойындарын сабақта қолдану балалардың ауызша есептеу біліктілігін дамытып қана қоймай, халқымыздың салт-дәстүрімен танысуға да мүмкіндік береді. «Бәйге» ойынында оқушылар мысалдарды топ бойынша шығарып, топ намысын қорғаса, «Қыз қуу» ойыны мен «Аударыспақ» ойынында балалар жұп болып тақтада мысалдар шығару арқылы жарысып кім бұрын тез шешімін тапса сол жеңімпаз болады. Бұл ойындарда баланың жеке қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. 

      Осы айтылғандарды негізге ала отырып ойын элементтері мен халықтық педагогиканы байланыстыра отырып, "□+7, □-7 , 7 санын қосу және азайту тақырыбында" сабақ өттім.



Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-438700
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх