Инфоурок Дошкольное образование КонспектыВнеклассное мероприятие на День Независимости Казахстана

Внеклассное мероприятие на День Независимости Казахстана

Скачать материал

КММ «Маяковский орта мектебі»

 

                                              Бекітемін: Мектеп директоры МА:      В.С.Омарова

 

 

 

 

 

 

 

16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»  сайысы.

 

 

 

 

 

 

                                

                                    Өткізген : №2 даярлық топ тәрбиешісі – Семсенова А.М.

 

 

 

 

Қалбатау,2014-2015 оқу жылы

Күні:

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: 16 – Желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар!» сайысы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Өткен сабақтардағы білімдерін сұрақ - жауап түрінде тақырыптық сұрақтар қою арқылы пысықтау.

Дамытушылық: Балардың есте сақтау,зейін,логикалық ойлау,көру дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балаларды отанды сүю,оның ұлттық салт – салт дәстүрлерін құрметтеуге,ұлттық дүниелерді танып - біліп,оларды дәріптеуге,ұлтшыл, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.Топпен жұмыс істей білуге, топта, көпшілік ортада өз – өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Түрі:Дәстүрлі емес, сайыс

Типі:Өткенді қорытындылау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақ-жауап,мадақтау.

Қолданылатын технология: АКТ

Көрнекіліктер:Сыныпты әдемі безендіру, «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар!» жазуы,шар,интерактивті тақта,слайдтар,аудио,ту эмблемасы,қоржын, асықтар,мадақтама, балаларға сыйлықтар.

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет,қоршаған дүниемен таныстыру,математика,сауат ашу.

 

Сайыс жоспары:

Кіріспе бөлім:

1/Ұйымдастыру

2/Мотивациялық  қозғаушы кезең- Әнұранды айту

3/ Сайыстың мақсаттарымен таныстыру

4/ Топтармен таныстыру

 

 

1/ Ұйымдастыру.

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздер ме,қадірменді қонақтар,№2 даярлық топ тәрбиеленушілері! Бүгін біз тобымызда 16 – желтоқсан Тәуелсіздік Күніне арналған «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сайысына қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:-Бүгінгі сайысты жүргізетін мен - №2 даярлық топ тәрбиешісі – Семсенова Айнур Муратовна. Сайысқа қатысатын №2 даярлық топ тәрбиеленушілері.

Армысыздар сайысқа жиналған қонақтар!

Бармысыздар, жанкүйер қауымдар!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғалық!

Тәрбиеші:-16 желтоқсан – еліміздің ең үлкен,ең басты мерекесі.1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп,өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.Биылғы 2014  жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 23 жыл толады.Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатайұлы,Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр,қаһарман ұл – қыздарының арқасында келді.Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі,қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

 

Қазақпын,еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.

 

2/ Мотивациялық-қозғаушы кезең:

Тәрбиеші:                             Барша халық таныған,

Біздің үміт,тілекті.

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернер жүректі.

Тәрбиеші: -№2 даярлық топ тәрбиеленушілерінің орындауында  Қазақстан Республикасының Әнұранын қабыл алыңыздар!

Балалардың орындауында «Қазақстан Республикасының Әнұраны».

3/ Сайыстың мақсаттарымен таныстыру:

Тәрбиеші:-Бүгінгі сайыс мақсаты өткен сабақтардағы білімдерімізді пысықтау, отаншыл,ұлтшыл болуға тәрбиелеу,есте сақтау,логиалық ойлау дағдыларын дамыту.

4/Топтармен таныстыру:

Тәрбиеші:-Ал, енді,сайысқа қатысатын топтармен танысайық.Сайысқа 2 топ қатысады,әр топ құрамы 4 баладан құралған.

Тәрбиеші:-Олай болса 1 –ші топты қарсы алайық:Топтың аты – «Тұлпарлар»

-Топ капитаны – Астай Абзал (Слайд арқылы топтың әр баласын таныстырып көрсетіп өту)

Топ құрамы:

Думан Аблайхан

Аяганова Аружан

Халиулина Дилана

Тәрбиеші:-2-ші топппен таныс болайық:Топтың аты – «Қырандар»

Топ капитаны – Оралбеков Қамбар (Слайд арқылы топтың әр баласын таныстырып көрсетіп өту)

Топ құрамы:

Муктасынов Нурасыл

Серікхан Айсана

Мырзақ Зере

 

Тәрбиеші:-Сайысқа қатысатын балаларға мынадай  сұрақ:

-Балалар,сайысқа дайынсыңдар ма?

-Сайыс қалай өтеді деп ойлайсыңдар?

-Сайысымызды бастайық па?

 

Тәрбиеші:-Олай болса,өз топтарыңды,ұрандарыңды таныстырып өтсеңдер.

«Тұлпарлар» тобы:

Топ капитаны:-Біздің топ!

Барлығы бірге: «Тұлпарлар!»

Топ капитаны: -Біздің ұран!

Барлығы бірге: «Бәріміз біргеміз,берік іргеміз»

Тәрбиеші:-Бәрекелді,жарайсыңдар!

-Ал, «Қырандар,сендер не дейсіңдер?»

«Қырандар тобы»

Топ капитаны:-Біздің топ!

Барлығы бірге:«Қырандар!»

Топ капитаны: - Біздің ұран!

Барлығы бірге: «Бірлік болмай,тірлік болмас!»

Тәрбиеші:-Жарайсыңдар!

-Ал балалар,қарсы тұрған топқа не тілейсіңдер?

«Тұлпарлар» : - Сәттілік!

«Қырандар» : - Қарсыласымызға сәттілік,ал өзімізге жеңіс!

Тәрбиеші:-Өте жақсы!Олай болса іске сәт,мен де сендерге Сәттілік тілеймін!

-Олай болса ,балалар, ойын шартымен таныс болайық:

2. Негізгі бөлім.

Тәрбиеші:-Яғни,бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

1/ 1 – кезең: «Сұрақ – жауап»

2/ 2 – кезең: «Суретті жұмбақ»

3/ 3 – кезең: «Сөз құрастыр»

Тәрбиеші:-Бұл сайыстарды балалар сендердің Қазақстан Республикасы туралы не білетіндерің тексеріледі,өткен сабақтарда алған білімдеріңді осы сайыста көретін боламыз.1-2-ші кезеңдерде сұрақтар арқылы есте сақтау,көру, логикалық ойлау қабілеттеріңнің қандай екенін көретін болсақ,3-ші кезеңде сауат ашу сабағыдағы білімдерің сыналады,яғни әріпті танып білу,оқу дағдыларыңның қандай деңгейде екенін көреміз.

Тәрбиеші:-Әрбір кезеңнің шарттарымен ойын барысында таныс бола жатамыз, ал сайыс болғаннан кейін сайыста жеңімпаз да,жеңілген де топтар болады, соны әр топқа мынадай қоржындар  беріледі ,әр дұрыс жауапқа 1-1 асықтан алып отырады,асықты топ капитандары менен алып өз қоржындарына салады,жауап жоқ болса,асық берілмейді.Ал сабақ соңында сол қоржындардағы асық сандарын санап,нәтижесін шығарамыз.

Тәрбиеші:-Ойынымызды бастайық!

Тәрбиеші:-1 – кезең: «Сұрақ – жауап кезеңі».Бұл кезеңнің шарты: бұл кезеңде әрбір топқа 5-5 сұрақтан қойылады.Сол сұрақтарға жылдам жауап беру керек,егер топтан жауап болмаса қарама – қарсы топ менің «Сіздерден жауап бола ма?» деген сұрағынан кейін ғана жауап бере алады.

Тәрбиеші:-Ойын шарты түсінікті ме?

Тәрбиеші:-Онда 1 – ші кезеңімізді бастайық.Сұрақты мұқият тыңдап,қысқа да нұсқа,әрі жылдам жауап беруге тырысамыз.

«Тұлпарлар» тобының сұрақтары:

1)Біздің мемлекетіміз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)

2)Туымыздың түсі қандай? (көк түсті)

3)Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?(Қазақ тілі)

4)Біз тұратын ауыл қалай аталады?(Қалбатау)

5)Мақалды жалғастыр. Отан отбасынан ...(басталады)

«Қырандар» тобының сұрақтары:

1)Қазақстан Республикасының президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

2)Әннұраннның бірінші жолы қалай басталады?(Алтын күн аспаны)

3)Біздің астанамыз қай қала?(Астана қаласы)

4)Туда не бейнеленген?(Туда қыран құс,күн,ою – өрнек бейнеленген)

5)Мақалды жалғастыр.Отансыз адам,ормансыз ... (бұлбұл)

Тәрбиеші:-Жақсы, балалар!

Тәрбиеші:-Келесі кезеңімізге көшейік!

Тәрбиеші:- 2 – ші кезең «Суретті жұмбақ» деп аталады.Кезең шарты:суретті жұмбақ кезеңінде әр топқа 4-4 –тен сұрақтар беріледі.Әрбір сұраққа 1,2,3,4 деген цифрлармен белгіленген жауаптар беріледі,сол жауаптырдың ішінен 1 жауап қана дұрыс жауап ,сол жауапты тауып, суреттің санын айтуларың керек.

Тәрбиеші:-Балалар,2-ші кезеңнің шарты түсінікті ме?

-Тамаша,сайысымызды жалғастырайық!

-Ол үшін мына экранға назар аударамыз!

- 1 топ «Тұлпар» тобының тапсырмасы:

1)ҚР- ның туын көрсетіңдер.

2)Астана қаласы суретін тауып көрсет.

3)Қазақ қыздарының ұлттық киімін киген қызды тауып көрсет.

4)Наурыз мейрамының тойланып жатқан суретін көрсет

 - 2-топ «Қырандар» тобының тапсырмалары:

1)ҚР – президентінің суретін тауып көрсет.

2)Семей көпірі қай суретте бейнеленген.

3)Қазақтың ұлттық ойыны қай суретте жасырынған

4)Қазақстанда мекендейтін жануар қайсы?

Тәрбиеші:- Жарайсыңдар,балалар,бұл кезеңнен де мүдірмей өттіңдер!

-Енді үшінші шешуші кезең,себебі бұл кезең «Сөз құрастыр» деп аталады. (экраннан көрсетіп түсіндіру) 1 – ші қатарда сандар ретімен орналасқан, ал 2 – ші қатарда әріптер жазылған,ал сендердің міндеттерің 2 – ші жолдағы сандарға қарап отырып,әр санның астына тиесілі әріпті қойып сөзді құрастырып, оны дауыстап оқып беру,1-ші болып тауып оқып берген топ 3 асық,ал 2- ші болып айтқан топ 1 асыққа ие болады.

1) «Тұлпарлар» тобына – Алатау сөзі;

2) «Қырандар» тобына – Астана сөзі.

Тәрбиеші:-Бәрекелді,балалар,бұл кезеңді де ойдағыдай тәмәмдадық,ал енді қоржынымыздағы асықтарды  санап,Қай топтың қанша ұпай жинағанын білгенше,№2 даярлық  м топ балаларының орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдайық!

Барлығы бірге:«Көк тудың желбірегені» әнін орындайды. Барлық балалардың қолында ту,туды бір қолдарын жоғары көтеріп айтады.

4.Қорытынды:- Сонымен,балалар,бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Өмірдің өзі сайыс,өмірдің өзі күрес, сондықтан да ,балалар,осы сайыста жеңілсеңдер де өмірдің сайысынан жеңілмеңдер,тек қана биік шыңдарды бағындырып,жақсы жақтарыңнан сендерді көріп,ата-аналарыңыз,мектебің,ауылың бүкіл елің болып қызықтарыңды қызықтап,жеңістеріңді тойлап жүре берейік!Себебі осы Тәуелсіздік үшін күрескен сендердің аға-апайларың болашақ ұрпақ үшін деп күресті.

Тәрбиеші:-Ал,енді балалар,жоғарыда айтып өткенімдей сайыс болған соң жеңімпаз да,жеңілгендер де болады,соны білу үшін ортаға шақырамыз.

Балаларды 1,2 орын мадақтамаларын табыс етіп,құттықтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на День Независимости Казахстана"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 556
    • DOCX 25.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Семсенова Айнур Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Семсенова Айнур Муратовна
    Семсенова Айнур Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24155
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня

Педагог-воспитатель группы продленного дня

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 201 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 147 человек

Курс профессиональной переподготовки

Сурдопедагогика в дошкольном образовании (работа с обучающимися с нарушениями слуха)

Учитель-дефектолог (профиль: нарушения слуха)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе