Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие по истории Казахстана на тему «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері»

Внеклассное мероприятие по истории Казахстана на тему «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері»

Скачать материал

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

тарих және география пәнінің оқытушысы

Карсайдаров Самат Келгентаевич   

 

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері»

Түрі: тарихи кеш

Мақсаты: Оқушылардың бойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып,

                   туған ел мен жерге деген сүйіспеншілігіне тәрбиелеу, тәуелсіздігіміз, 

                   тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі, жабдығы: слайдтар, проектор, лозунгтар, т.б.

 

Барысы:

1-жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар  мен оқушылар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараны  ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. 

 

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік, еркіндік ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі мен тарихының нәтижесі.

1723 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтай мен Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елі қаннен-қаперсіз, шат-шадыман, жаз жайлау қызығына бет алғанда, жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен жұрт Алқакөлге аялдап, Қаратауға бас сауғалады. Дүрліккен ел шұбыра көшіп, табаны езіліп ақ табан болды. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.

 

2-жүргізуші:

Кіші жүздің кішілігін танытқан Әйтеке би, орта жүздің ордасын тіккен Қазыбек би, ұлы жүздің ақсақал биі Төле би билігіне бас иіп елді біріктірді. Төле би «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді, туған жерге тұрақтаған ел едік, іргемізді ірітпей, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, атам қазақтың абыройын сақтайық» - деді.

 

1-жүргізуші:

Кең пейілді бауырмал халық бір тудың астына жиналып, Сабалақ атанған Абылайды хан көтерді. Қалың жауды Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар Аңырақай деген жерде жеңді. Қазақ халқының өткен кезеңдеріне көз жүгіртсек, тағдырдың талай қыспағына тап болғанын көреміз.

 

2-жүргізуші:

Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шапырашты Наурызбай, Райымбек сынды батырлар аңсаған арман – қазақ елінің, жерінің егемен, тәуелсіз болу еді. Міне, ата-бабаларымыздың аңсаған арманының ақ таңы да атты.

Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды көрді.

Солардың  бірі 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес.

1-жүргізуші:

1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.

Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға-әпкелеріміз – Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира емес пе?!  

         Жалпы желтоқсандықтардың мақсаты - өз алдына демократиялық мемлекет болмақ. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қол жеткізе алмаған тәуелсіздікке қол жеткізу болатын.

 

2-жүргізуші:

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаев сынды аға-әпкелеріміздің есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

 

1-жүргізуші:

1986 жыл 16 желтоқсан ерлік пен өжеттілік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, әрі қасиетті күн еді.

Өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін   1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі болды. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға жығылатындықтарын, оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазаққа немесе Қазақстандық азаматтың басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. 

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын атап өтер тұста, сол желтоқсан оқиғасына да міне 25 жыл толып отыр.

 

1-жүргізуші:

Таңертеңгі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Геннадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалды. Наразылық білдірген жастар алаңға шықты.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы  — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ Кеңестік Социалистік Республика Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы.

 

2-жүргізуші:

Жастар наразылық тудырып алаңға шықса, ал  ақындар қалам тербіте жыр шумақтарын жазды.

 

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

 

Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

 

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттіктің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

 

1-жүргізуші:

Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін және «Жастардың алаңға шығуы» атты көріністі назарларыңызға ұсынамыз.

 

Көрініс №1.

Қолдарында «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!», «Қазақстан қазақтардікі» деген лозунгтары бар.
         Мөлдір: Естідіңдер ме? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз.

Айдос: Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Жанна: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Батыржан: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Зәмзәм: Шықсын ортаға басшылар.

Лаурят:   Демократияны бұғаудан босатыңдар,
                          Әр халыққа өзінің көсемі керек...

Құралай:  Сүрмейтұғын болдық қой күйме ғұмыр,
               Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.
               Колбин деген кім екен, қайдан келген,
               Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Мадина:  Ескерусіз дін жатыр сүресінде,
               Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап,
               Санаспайды, әй, бұлар тегі ешкіммен,
               Жариялылық дегенің елес білем.

Әйгерім: Өгей қозы біз болдық енемізге,
                           Келімсектер шықты ғой төбемізге.
                           Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,
                           Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
Сахна сыртындағы дауыс.
Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Ернар (әскери адам): Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота за мной! УРА!

Осы кезде алға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды (Қаралы музыка ойнап тұрады).

 

2-жүргізуші:

Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды ақтауға ерендей еңбек қосқан Мұхтар Шаханов ағамыз бастаған қазақ зиялыларының үлесі зор.  Желтоқсан көтерілісіне арналған Мұхтар Шаханов «Желтоқсан тағлымы» атты әні дүниеге келді. 

 

1-жүргізуші:

         Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың анасына жазған хатынан көріністі назарларыңызға ұсынамыз. 

Көрініс № 2.   «Қайраттың хаты».

(Ана рөлінде – Лаурят, бала рөлінде – Шыңғыс, сахна сыртындағы дауыс – Үмбетбаев Р.). Сахнаға Қайраттың інісі Талғат жүгіріп келеді, қолында хат болады.

 

Шыңғыс: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын. Хат оқылады. Қайраттың хаты:
         - Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма Сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
         Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!
          Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...

Көрініс №3.

         Сахна сыртындағы дауыс: - Ертең, Мәскеуде желтоқсан оқиғасы туралы айтып сөз қозғасаң, өзің де солардың кебін киесің.

         Мұхтар Шаханов (Майбасов Шыңғыс):

- Бұлары несі, қорқытқындары ма? Әлде үркіткендері ме? Мейлі, жаным арымның садағасы.

 

         Тергеуші (Айдос): Кіріңіздер! Ал, Рысқұлбеков, әбден ойланып, ақылға келген шығарсың? Айтасың ба шындықты? Үндемейсің, иә! Бәрібір айтасың шындықты.

 

         Қ.Рысқұлбеков (Үмбетбаев Рүстем):

                   Елбең, елбең жүгірген,

                   Ебелек отқа семірген.

                   Арғымақ мінген жаратып,

                   Ақ сауыт киген темірден.

                   Алатаудай бабалар!

                   Аруағыңмен жебей көр,

                   Күнәдан таза басым бар,

                   Жиырма бірде жасым бар,

                   Қасқалдақтай қаным бар,

                   Бозторғайдай жаным бар.

                   Алам десең, алыңдар.

                   Қайрат деген атым бар,

                   Қазақ деген затым бар.

                   Еркек тоқты құрбандық,

                   Атам десең, атыңдар.

 

2-жүргізуші:

Әбиірбек Тінәлиевтің орындауындағы «Желтоқсан желі» Алматының қақ ортасындағы алаңдағы қанды қырғын болған үш күннің екінші күні, яғни 1986 жылдың 17 желтоқсаны күні жазылды.

 

1-жүргізуші:

         Желтоқсан оқиғасын сипаттайтын осы бір көрініс пен жүректі тербететін әнге көңіл бөліп тыңдалық. Проектордан бейнеклип көрсетіледі.

 

2-жүргізуші:

         Желтоқсан оқиғасы өзінің қаһарман қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен әрбір саналы ұрпақтың әрқашанда есінде болуы керек.

 

1-жүргізуші:

         «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай, 1991 жылы халқымыз көптен аңсаған Тәуелсіздіктің таңы да атты.

 

2-жүргізуші:

         Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі талай жетістіктерге қол жеткізіп, асқар шыңдардың белестерін бағындырды. Егемен еліміздің жетістіктеріне тоқталып өтейік.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Жер көлемі жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымындағы 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында.

 

Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.

Біздің тәуелсіз еліміз өте бай мемлекет. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінен табылады, олар: алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай.

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жұлдызымыз жарқырай жанып, мәртебесі асқан, мерейі тасқан мемлекет ретінде қадам бастық. ҮІІ қысқы Азия ойындары өткізілді, «Азиада – Тәуелсіздік тойының беташары болды!» деген еді бір сөзінде Елбасымыз.

 

1-жүргізуші

         Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған,

         Жете алмай құрбан болды қанша адам.

         Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

         Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

 

2-жүргізуші:

        Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шараны жабық деп жариялаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие по истории Казахстана на тему «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 657 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2017 688
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карсайдаров Самат Келгентаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29634
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 336 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 277 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек