Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие "Желтоқсан мәнгі есімде"

Внеклассное мероприятие "Желтоқсан мәнгі есімде"

Скачать материал

Естелік әдеби кеш «Желтоқсан мәңгі есімде»

 

Сабақтың эпиграфы:  Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады.

(А. Байтұрсынов)

 

Қолданылатын көрнекіліктер: Суреттер,  видиобейне, нақыл сөздер, ұлы адамдар айтқан ұлағатты сөздер, кітап көрмесі.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің «Желтоқсан мәңгі есімде» атты естелік әдеби  кешімізге қош келдіңіздер! 

Жүргізуші:  Тарихқа шолу жасайық ,1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Міне осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Бұл оқиға сол себепті де тарихта «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен қалды. Бес жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның халық тағдырымен тікелей байланыстылығында.

 

«Желтоқсан құрбандары» өлеңі    

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

 

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

(Видиобейне) көру

Жүргізуші: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез – келген тұсынан ұсталған қазақ жастарын ұрып – соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.

Желтоқсан боздақтары.

Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын, мейлі жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан
Қайрат, Ләззат қыршындар.

Желтоқсанның қарамай ызғарына,
Желтоқсанның қарамай ызбарына.
Тәуелсіздік тұғырға жету үшін
Өлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында.

Оқушы 1: Асанова Ләззат Алтынайқызы 27 шілдеде 1970 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келген. Ал 25 желтоқсанда 1986  Алматы қаласында қайтыс болды. Ләззат бауырымыз  да желтоқсан көтерілісінің  құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атындағы музыка училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.

Аппақ қар қызыл қанға боялды,
Өшкен рух, сөнген үміт қайта жанды, оянды.
Ата - бабам қалай айтқан қалтқысыз
Ерді намыс өлтірер, ал қамыс қоянды.

Көрдік біздер қорлық пенен зорлық та,
Қанша аязда дірілдедік, тоңдық та.
Бірақ біздер бермедік өр намысты
Оған дәлел сонау қанды желтоқсан
Желтоқсанда жарқылдадық, жандық та.

Оқушы 2: Ербол СыпатаевЖелтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған. Кейбір мәліметтерде оның әке-шешесі жоқ, тек туысқандары ғана болғандығы айтылған. Ол туралы деректер өте аз.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
 
Құрбаны болған жаланың
 

 Оқушы 3:   Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі...
Өскемен қазақ жастары
да өз наразылықтарын білдіріп, Ленин атындағы орталық алаңға жиналып қозғалысқа шықты. Соның ішінде небәрі он алты жастағы Сәбира да бар. Барлық жастар алаңсыз еді...
Өйткені олар өздерінің тек қана бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Бірақ, олар ойлағандай болған жоқ, арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Соның ішінде Сәбира да бар еді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Ол осы сот шешімінен кейін ұлтшыл деген жала жабылған жазаға шыдамай, өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.
Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді.

Туған тілім – баба тілім- өз тілім!

Туған тілім – ана тілім- өз тілім!

Туған тілім – далам тілім- өз тілім!

Туған тілім – адам тілім- өз тілім!

                                                                                                                                                                                         Жүргізуші:  Тіл-ұлттың аса игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл- ұлттың жаны, тіл- ұлттың асыл қазынасы. Осы тілімізді сақтап, өз еліміздің рухымызды жоғалтуға жол бермеген біздің құрбан болған ағаларымызға, апаларымызға бас иеміз.

Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кеңін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.                      

 

 



Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Қазақ дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

   Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

                                                                                   

 

 

 

 

 




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие "Желтоқсан мәнгі есімде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 701
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кантарбаева Жаркын Сералиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кантарбаева Жаркын Сералиевна
    Кантарбаева Жаркын Сералиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2162
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой