Инфоурок Дошкольное образование КонспектыҰйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Қазақ халқының ұлттық киімдері"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Қазақ халқының ұлттық киімдері"

Скачать материал

Ересек топтарда оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың

технологиялық картасы



Өткізілетін күні, айы, жылы: «17» 04 2015 ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру.

Білімділік міндеті: төл дыбыстарды анық айтуға жаттықтырып, сөздерді дұрыс айтқызу, ұлттық киімдермен таныстыру.

Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын молайтып, сөз тіркестерін құрастыру арқылы тілдерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: ұлттық киімдердің әсемдігін көрсете отырып, оларды әдемілікке, көркемдікке баулу. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекі құралдар: ұлттық киімдер үлгісі, суреттер, диск.

Билингвальді компонент: сәукеле, тақия, бөрік, шапан, қамзол, көкірекше, мәсі.


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!

(орындарына отырады)


Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімен амандасып алады.

(орындарына отырады)


Ұйымдастыру-іздестіру



Сұрақ-жауаптар.

- Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Ал қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын кім біледі?

-Қазір қай ай?

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Бүгін сендер балабақшаға қандай киімде келдіңдер?

Балалар: Мен бүгін күрте кидім. Мен бүгін күрте, шалбар, бәтеңке кидім.

(әр бала үстіндегі киімі туралы, орнынан тұрып айтады)

- Балалар тон, күрте, жейде, көйлек, шалбар мұның барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?

-дұрыс, «киімдер» деп атаймыз.

Киімдер әртүрге бөлінеді: жаздық, күздік, қыстық, мерекеге арналған киімдер. Соның ішінде әр халықтың өзінің ұлттық киімдері болады.

-Ал біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

-иә, Қазақстанда көптеген ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың өзінің ұлттық киімдері болады. Бүгін мен сендерді қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырамын.

Бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ халқының ұлттық киімдері» деп аталады.

Қазақ халқы ұлттық киімдерге өте бай. Ұлттық киімдер арнайы маталардан тігіліп, олар ұлттық оюлармен әшекейленеді.

Дыбыстық жаттығу.

Мынау тақия. –та –та –та –тақия

Мынау тымақ. –ты –ты –ты -тымақ

Мынау бөрік. –бө -бө -бө -бөрік

Мынау –шапан. –ша –ша –ша –шапан

Мынау –мәсі. –мә -мә -мә -мәсі

Мынау сәукеле. –сәу –сәу –сәу –сәукеле

Мынау бүрмелі көйлек. – бүр –бүр –бүр –бүрмелі көйлек

Мынау көкірекше. –кө -кө -кө -көкірекше

Мынау –қамзол. –қам –қам –қам –қамзол

(әріптер туралы сұрап кетеді, қамзол сөзі қай әріптен басталады?)

Есік қағылады.

(ұлттық киімдегі екі бала кіріп келеді)

  • Сәлеметсіздер ме!

  • Бұл «Таңшолпан» балабақшасы ма?

  • «Жұлдыз» тобының балалары ма?


Менің атым...... Менің атым.......

Балалар біз ұлттық киімдер көрмесінен келдік. Біз сендерді сол көрмені тамашалауға шақырамыз. Сендерге сыйлыққа диск әкелдік. Оны көріп білімдеріңді кеңейтіңдер.

Көріскенше

(Мұғалім балаларға:

-Балалар бұл дискіні ашпастан бұрын бойымызды сергітіп алайық деп оларды бой сергітуге шақырады)

Сергіту сәті.

Енді орнымызға отырып, дискіні көрейік.

Дискіні тамашалайды.

Слайд арқылы ұлттық киімдерді атау.

Ендеше ұлттық киімдер көрмесіне баруға сапқа тұрайық. (жүріңдер көрмеге барайық, әуенмен бір шеңбер жасап көрмеге барады)

Қыздар: -Қош келдіңіздер! Добро пожаловать!

-Төрлетіңіздер!

Мұғалім: балалар қараңдаршы, қандай керемет, тамаша көрме екен.

Бұл көрмеде әртүрлі ұлттардың киімдері бар екен. Ал сендерге осы ұлттық киімдердің ішінен сабағымызға байланысты қандай ұлттық киімдер таныс?

-Мынау не?

-Мынау не?

-Қандай тақия?

-Мынау не?

Мұғалім: Мен сәукеле киемін. Мен тақия кимеймін. (қолына сәукелені алып)

2-3 баладан сұрайды. –Сен не киесің? -Сен не кимейсің?

Мұғалім: - балалар сендер киімдер туралы мақал-мәтел білесіңдерме?

Мұғалім: балалар енді тобымызға кетейік.

- Рахмет, сіздерге сау болыңыздар деп топтарына келеді.

Балалар біз жаңа ұлттық киімдер көрмесінде болдық. Көрме сендерге ұнады ма?

-Сендер көрмеде не көрдіңдер?

Балалар қазір біз «Сенде не бар?» ойынын ойнаймыз. Сендер ойын ойнау арқылы «Сенде не бар?» сұрағына жауап бересіңдер.

Ойын: «Сенде не бар?»

Ойынның шарты. Сейчас вы по кругу передаете друг-другу одежды. Как музыка закончится будете отвечать на вопрос «Сенде не бар?»

(мұғалім балалардың назарын тақтаға аударады)

-Балалар мынау неге ұқсайды?

-Бұл сәукелеге не жетіспей тұр?

Дұрыс, қазір біз бұл сәукелені оюдың қос мүйіз түрімен өрнектейміз, яғни сәукелеге қолымыздағы оюды жапыстырамыз.

(үстелдің үстіне алдын ала қойылған оюды параққа жапыстырады)

-Қандай тамаша, әдемі сәукеле болды.

Енді сәукелемізді қонақтарымызға сыйлайық.


- бүгін жұма

- қазір көктем мезгілі.

- наурыз, сәуір, мамыр

- қазір сәуір айы.

- бүгін күн жылы.


Қандай киімде келгендерін айтады.







  • киімдер.








- Қазақстан.

- қазақ, орыс, кәріс, өзбек, татар т.б.








Мұқият тыңдайды.









Балалар дыбыстарды, сөздерді қайталайды.








сұрақтарға жауап береді.



- Сәлеметсіздерме!

- Иә.

- Иә.








- рахмет.

- көріскенше.








Бойларын сергітеді.
















Таныс киімдерді атайды.


-Мынау сәукеле

-Мынау тақия.

-жасыл тақия.

-мынау қамзол.

Сұраққа жауап береді.





Мақал-мәтел.

Ағаш көркі жапырақ,

Адам көркі шүберек.


Сыпайы киімді киіп тоздырады,

Сараң киімді жиып тоздырады.

-көрген киімдерін айтады.







Ойын ойнайды.





  • сәукелеге.

  • Ою


Сәукелеге ою үлгісін жапыстырады.


Балалар өздері жасаған сәукеле үлгісін қонақтарға сыйлайды.

Рефлексивті-түзетушілік



-Балалар бүгін сендер қай ұлттың киімдерімен таныстыңдар?

-Дұрыс, қандай сөздерді естеріңде сақтадыңдар?

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

-Көңіл-күйлерің қалай?

Ендеше, осы көңіл-күйлеріңді смайликтер арқылы көрсетіңдер.

Бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Сау болыңдар!

- қазақ хақының ұлттық киімдерімен.

- шапан, тақия, бөрік, сәукеле, көкірекше.

-иә.

-жақсы

-барлығы күлімсіреген смайликтерді көрсетеді.

-Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: төл дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтып, ұлттық киімдермен танысады.

Қандай түсініктерді игерді: жаңа сөздерді меңгереді, сөз тіркестерін құрастыру арқылы тілдерін дамиды.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қазақтың ұлттық киімдері туралы біледі, оларды атап, жай сөйлемдер құрастыра алады.


Мұғалім: Жабаева М.У.
































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Қазақ халқының ұлттық киімдері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 11918
    • DOCX 27.8 кбайт
    • 177 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабаева Марина Уалихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жабаева Марина Уалихановна
    Жабаева Марина Уалихановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11991
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Влияние отдельных нутриентов пищи на умственную деятельность детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика воспитания детей дошкольного возраста по системе Марии Монтессори

Монтессори-педагог

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Курс повышения квалификации

Влияние типа детско-родительских отношений на адаптацию ребенка в социуме

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоконтроль и организация отдыха

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе