Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі"

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы.

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық.

Білім бөлімі: Тіл дамыту, Жапсыру.

Тақырыбы: «Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі», « Аю,қоян»

Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.

  1. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырыта білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.

  2. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындардар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру, олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

  3. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: Кіріктірілген сабақ.

Технология: Дамыта оқыту «Тәй – тәй технологиясы».

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, тақпақтар.

Сөздік жұмыс: жыртқыш, апан, қауіпті.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, сандық.

Билингвальды компанент: Аю-медведь- a bear, қоян-заяц-a habbit,

қасқыр-волк- a wolf, түлкі-лиса- a fox, арыстан-лев- a lion.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы


Шаттық шеңбер.

Білер қазақ баласы,

Сәлем- сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

-Балалар, бүгін көңіл күйлерің қалай?

-Ендеше, жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Балалар бірге айтады.





Жақсы.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қыс мезгілінде немен ойнаймыз?


-Балалар, мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «Жабай аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды.

-Қыста аңдар немен қоректенеді?

-Қояндар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы –тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы табанын сорады.

Қасқыр жортып жүріп, өз азығын тауып жейді. Арыстан-үлкен, мықты, әдемі жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өткір.

-Балалар, осы жабайы аңдардың ішінде орманда мекендемейтін бір аң бар.

Ол қандай аң?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Жарайсыңдар.

-Иә, ол-арыстан екен. Арыстан –ыстық елде мекендейді.

«Ғажайып сәт»

-Бізге, балалар, орманнан түлкі келді.

Түлкі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерден көмек сұрап келдім.

-Балалар, көмектесеміз бе?

Саған не көмек керек?

Түлкі: Мен орманнан келе жатып сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін тапсырмаларды орындау керек.

-Олай болса, балалар тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

1-тапсырма. «Жабайы аңдарды сипаттау»



-Аю туралы қандай ертегі білесің?









-Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?






-Қасқырдың құлағы қандай пішінге ұқсайды?






-Қоян нені жақсы көреді?








-Арыстанды ертегілерде не деп атайды?



2-тапсырма. «Кім жылдам?»

1. Ең айлакер аң?

2.Ең қорқақ аң?

3.Балды жақсы көретін?

4.Аң патшасы?

5.Қораға шабатын аң?

Жарайсыңдар.

3-тапсырма. «Балаларын ата»

-Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атаңдар.






4-тапсырма. Дидактикалық ойын:«Көңілді дөңгелектер» Шарты: дөңгелектердің арасынан аңдарды тауып айту.


5-тапсырма. «Буынұйқас жаттығуы»







Билингвальды компонент:

Аю-медведь-a bear (э бэйэ)

Қоян-заяц-a habbit (э хэбит)

Қасқыр-волк-a wolf (э вульф)

Түлкі-лиса-a fox (э фокс)

Арыстан-лев-a lion (э лейэн)


Сергіту сәті:

Біз орманға барайық,

Жан-жағымызға қарайық.

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шыұты ырылдап.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп.

Қорықпаңдар балалар,

Қарап-қарап алыңдар.

Жарайсыңдар.

Оқу орталықтарында жүрізілетін жұмыстар.
Балалар өз таңдаулары бойынша 2 орталыққа бөлінеді.

1. Кітап орталығы:

«Өнер», орталығы

Тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен өткізіледі.
Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сұрайды.

6-тапсырма. «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»

1. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды кісіні.

2.Өзі айлакер, өзі қу.

Жүрген жері айқай да шу.

3.Қыс бойы жатады.

Тәтті ұйқыға батады.

4.Өзі қорқақ, өзі жасық

Безек қағып, дыбыстан қашады.

5.Басы үлкен, мысық сияқты.

7-тапсырма. «Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»




























8-тапсырма. Пазлы.

Мақсаты: Қима суреттер құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру. Баланың ой-өрісін танымдық қабілетін дамыту.

Ойын: «Аңдардың мекені»

(Ойын әуенмен өткізіледі)

Түлкі: Мен сендерді бақылап байқап тұрдым. Сендер ақылды, зерек, тапқыр екенсіңдер. Сендерге менің әкелген сыйлығым бар.

-Қыс мезгілі.

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қар жауады, аяз, боран болады.


-Шанамен сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.

-Жабайы аңдар.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





























Ол- арыстан.







Балалар қуанады.


Сәлеметсіз бе?


Көмектесеміз.















Иә, дайынбыз.


Балалардың жауабы.

Аю-ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Жазда жеміс-жидек тереді. Аюдың терісі бағалы, еті емдік қасиетті бар. Аю қыс бойы ұйқыда апанда жатады.

Үш аю.

Түлкі-жыртқыш аң. Түлкініңтерісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Қыста жортып жүріп азықтарын тауып жейді.

Ешкі мен түлкі.

Қасқыр-жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері жақсы көреді, сезімтал. Қасқыр-күшті, өте қауіпті аң. Ол итке ұқсайды.

Үш бұрышқа ұқсайды.

Қоян қорқақ аң. Қоян қыста жылы тон киеді. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды. Қыста азық жинамайды.

Қоян сәбізді жақсы көреді.

Арыстан-үлкен, мықты, әдемі жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өткір. Ол жылдам жүгіреді. Арыстанның басы денесіне қарағанда үлкен.

Арыстанды аң патшасы деп атайды.

Түлкі

Қоян

Аю

Арыстан

Қасқыр


1.Қасқырдың баласы-бөлтірік.

2.Аюдың баласы-қонжық. 3.Түлкінің баласы-мыршай.

4.Қоянның баласы-көжек.

5.Арыстанның баласы-абдан.






Ян-ян-ян-ұзын құлақ қоян.

Ю-ю-ю аңқау аю.

Қыр-қыр-қыр –көкжал қасқыр.

Кі-кі-кі- қу түлкі.

Тан-тан-тан-бұл мықты арыстан.








Аңдардың қимылымен көрсетеді.














Кітап орталығында түлкінің тапсырмасын орындайды


Өнер орталығында Аюдан мозайка жасайды.


Қоянды мақтаны жұлу арқылы жапсырады.







Қасқыр.


Түлкі.


Аю.


Қоян.

Арыстан.


Балалар тақпақ айтып береді.

Түлкі, түлкі құтындайсың, Айналаңнан тың тыңдайсың.

Қанша қулығыңды асырсаңда, Қасқырдан сен құтылмайсың.


Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады.

Аспанға қарап ұлиды,

Ауылда малды ториды.


Ақ-қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян.

Қаша берсең орманға, «Қорқағым» деп ат қоям.


Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық.


Мен –мықты арыстан, Аңдардың патшасы. Жауымның алысқан,

Күл болған қаңқасы.

Балалар қима суреттерден аңның сұлбасын құрастырады.




Түлкімен балалар ойын ойнайды.


Рефлекстік -

үйлесімділік

-Балалар , біз түлкі мен және қонақтармен қоштасайық.

Балалар қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырыта білу,

Болу керек: Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға,

Үйрену керек: оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Номер материала ДВ-449363
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх