Инфоурок Начальные классы Научные работыЗерттеу жұмыс "Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушының сыни ойлауын дамыту"

Зерттеу жұмыс "Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушының сыни ойлауын дамыту"

Скачать материал

Зерттеу тақырыбы: Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушы сыни ойлауын дамыту.

        1-бөлім.   Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу

 

               Жеті модуль арасынан білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі топтық жұмысты таңдадым.Зерттеу тақырыбын таңдауда дәстүрлі әдіспен өткізілген сабақтарымда   бір немесе екі оқушы есепті тақтаға шығарса, қалған оқушыларға өз бетімен шығарып әкеліп мұғалімге тексертуін сұраймыз. Бірақ та білімінде олқылығы бар оқушылар өз бетімен тапсырманы орындауда  білімі, орындаушылық қабілеті, дағдылары жетпей сабақ үстіндегі іс-әрекеттерге толық тартылмай қалып жатады. Сабақ соңында ешбір нәтижеге қол жеткізе алмай, бойындағы сенімділігі, пәнге қызығушылығы, сынып ортасындағы белсенділігі жоғала бастайды, яғни оқушының әрекетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік берілмейді деуге болады. Сондықтан топта бірлескен жұмыс арқылы барлық оқушыны әрекетке тартып,  сенімділігін, белсенділігін  дамытуға жағдай туғызу керек деп шештім.Топ ішінде талқылауға пікірін ұсыну, топппен орындалатын басқа да әрекеттер барлық оқушыларды бір мезгілде бірдей талапты орындауда жауапкершілікке жетелейді.Топпен жұмыс істеу аясында оқушыларды өз пікірін өзгелермен бөлісуге итермелеп, білім алудағы мүмкіндігіне барынша қол жеткізуге бағыттауды көздедім.

               Әрбір оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысқан жағдайда логикалық ойлауы, сөйлеу тілі, өз әрекетін жоспарлай алуы, айналасындағы оқушылармен өзара тиімді қарым-қатынасқа түсуі, оқушы бойындағы сенімділік, өзгенің пікірін тыңдай білу, ой-пікірін ашық білдіру қабілеттері дамитыны сөзсіз .Аталған әрекеттерді оқушы бойында дамыту үшін сабақ беретін сыныбымда топтық жұмыс түрін қолдану бірінші кезекте маңызды деп шештім.

               Әрбір оқушының топта бірлесіп жұмыс жасай алуы, топ мүшелерінің қызметтерін өзара іштей бөлісуге жаттықтыру бүгінгі күнгі сабақ өту тәсілін заман талабына сай өзгертудің алғашқы баспалдағы болмақ.

             Бірлескен оқу дегеніміз не?

            Бірлескен оқу өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге  ықпал етуге бағытталған  өзара әрекеттің құрылымы болып табылады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 78-бет).

           Топтарға біріктіріп жұмыс жүргізу топ мүшелерінің ерекше байқала бермейтін қабілетін, басқа оқушылармен өзара қарым-қатынас жасау белсенділігін, белгілі бір ереже шеңберінде әрекет жасау, өзгенің пікіріне баға беруге, өз әрекетіне баға беруге,  бір сөзбен айтқанда оқушының жан-жақты әрекетін дамыту механизмі деуге болады.

           Бірлескен оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі,  аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе  әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгім

Зерттеу мақсаты:

                Іс-тәжірибемде топтық жұмысты қолдану оқушының сыни ойлауы қаншалықты ықпал ететіндігіне көз жеткізу.

           Міндеті:

             Зерттеу әрекетін іске асыруда сабағымда  топтық жұмысты қолдану арқылы  оқушы іс-әрекетіндегі өзгеріс нәтижелерін бақылау.

        Күтілетін нәтиже:

           Тақырып бойынша оқушылардың топпен  жұмыс жасауға дағдыланады, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті дамиды , сабаққа қатынасу белсенділігі артады.

               Зерттеу әрекетімді жүргізу үшін  3сыныпты таңдадым.Себебі, 3 сыныбында өз тәжірибемді жүргізсем, тәлім алушы мұғалім 4 сыныбында жүргізсе  Мерсер айтуы бойынша   құрдастар тобындағы оқытудың қаншалықты әсерлі болатындығына көз жеткізу үшін осы сыныптарды таңдадым. Екі сыныптағы оқушылардың білім деңгейлері, өзіндік қабылдаулары, сынып мінездемесі әр түрлі болғанымен жастары бірдей болғандықтан мені ізденіске жетелеп, қызығушылығымды туындатты.

             Сабағыма топтық жұмыс тәсілін қолдануда сауалнама нәтижесі , әріптестер мен сынып жетекшісімен, мектеп психологымен  пікірлесе отырып  зерттеу нысаны ретінде  білімді қабылдау деңгейлеріне қарай А-оқушы, В-оқушы, С-оқушыны анықтадым. Қолданатын жұмыс тәсілінің қаншалықты нәтижелі болатыны осы үш оқушының әрекетіне бақылау жасаудан анықталады.

              Белгіленген А,В,С оқушылардың әрекет нәтижелерін бақылай отырып топтық жұмыстың оқушының сабаққа қатынасу белсенділігін арттырудағы ықпалына көз жеткізу болатын.

                А-оқушы  өз әрекетіне сенімді, кез келген жағдайда алдыңғы қатардан көрінуді көздейді, бойында білімі , өзіндік сенімділігі болғанымен айналасындағы оқушыларға үнемі көмек көрсете бермейді, мінезінде шыдамсыздық басым. Бұл оқушының бойындағы үстемділік  қасиетін басу үшін айналасындағы құрбыларына көмек көрсете білуге, шыдамсыздық қасиетін сабырмен тыңдауға жеткізу үшін топтық ережені үнемі есіне саламын , көшбасшылық қабілетін топтық жұмыс барысында тапсырманы орындауда қолдануға  бағыттаймын.

               В-оқушы тапсырма жеңіл түрде болса сенімді белсенділік танытады, күрделене түскенде мұғалімге сұраулар қойып, кей жағдайда алаңдаушылықтан жұмысты орындаудан қашқақтайды,  түсінбеген кейіп көрсетеді. Ортада өзін салмақты ұстайды.Күрделі тапсырмаларды орындауда жақсы нәтижеге қол жеткізу,бойындағы сенімділігін жетілдіру, салмақты мінезін маңызды мәселелерді шешуде құнды ойларын шығара білу қасиеттерін дамытуға қол жеткізгім келеді.

                С-оқушының  бойында ұяңдығы басым, әрекетіне сенімсіз, жауап бергенде қорқыныш сезімі байқалады, пікір еркіндігі нашар деңгейде, яғни кей жағдайларда білгенін шатастырып айтып тұрады.Бұл оқушының бойында өзіне деген сенімділікті жетілдіруге, пікірін еркін айтуда қорқыныш сезімін жеңе білуге қолдау көрсету қажеттігі туындап отыр.

                    Бірлескен оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және жұмысқа белсенді қатысуға мүмкіндік алады (Smith and MacGregor, 1992).

                  

                 Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде , олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға  қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

                 Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара  әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет).

2-бөлім.  Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.

 

          Тәжірибеме өзгерістер енгізуді орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар бойынша сабақ өту тәсілін өзгертуден бастадым. 3сыныпта математика пәнінен «Көбейтудің қасиеттеріжәне қолдану»тақырыбына төрт сағат бөлінген болатын, сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын  аталған тақырып бойынша орта мерзімді жоспар жасаудан бастадым.  Бірінші «Бетпе-бет » кезеңінде  талқыланған  теориялық материалдарды , мұғалімге арналған нұсқаулықты қайта қарап отырып жүйеледім.

             Орта мерзімді жоспарды құрғаннан кейін әрбір сағатқа қысқа мерзімді жоспар жасадым. «Арифметикалық ауыстырымдылық»тақырыбы бойынша  өткізілген бірінші сабақтың мақсаты түбірдің қасиеттерімен танысу, жалпы қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру, топтық ортада келісімде әрекет етуге, басқаның пікірімен санаса білуге баулу болды. Сабақтың негізгі құрылымын  сын тұрғысынан ойлаудағы  Блум таксономиясымен алдым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңін оқушыларды  ән тақырыптары  бойынша  топқа бөлдім, сонда «Атамекен» , «Туған жер» , «Мектебім», «Ұстазым» топтары құрылды. Сабақ ұстаздар мерекесі қарсаңында болғандықтан ұстаз, мектеп тақырыптарын қостым. Құрылған топтар тақырыптарына сай әннің бір шумағын немесе бір шумақ өлең жолдарын айтты. Топтың  үшеуі ән шумақтарын , ал біреуі өлең жолын ұсынды. Бұл тапсырманы орындауда А-оқушыда ерекше мақтаныш сезімі , В-оқушыда тығырыққа тірелу, С-оқушыда сабырсыздық әрекеттері болды. А-оқушыдағы ерекше көңіл-күйді  сынып болып қол шапалақтай отырып қошемет көрсетумен, В-оқушыны  ән шумағын білмесе өлең жолдарын айтуға болатындығына бағыттадым, сонда ол мәселені шешуге қол жеткізді.С-оқушы тобындағы оқушылармен бірлесіп орындағанына разы болды.

             Әдеттегі оқыту тәжірибемде оқушымен жұмыс жасауды топтық бірлескен жұмыс жасау тәсілімен ауыстырдым.Топқа бөлудің төрт түрін тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде үйреттім.Бірінші, екінші сабақтарда оқушылар топқа бөлінуге біршама уақыт жібергенімен, үшінші, төртінші сабақтарда  дағдылана бастады. .Бірінші сабағымда  оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топтық ереже құруды тапсырдым.Менің оқушыларым үшін бұл жаңалық болды. Бірлескен жұмыста қандай тәртіп жүйесі болу керектігін түсіне отырып құрған ережелерімен таныстырып, арнайы плакатқа ортақ ереже құрастырып шықты. Топ ережесін құрастыруда А- оқушы өз пікірін анық жеткізіп, топ ортасында  шыдамсыздық танытқан соң ол оқушыға жазған пікірлерін қайта қарап шығуды,  айналасындағыларды да күтіп ортақ ереже шығару керектігін ескерттім.

В –оқушы  азырақ ойланған соң ғана топ тапсырмасына кірісті,оған тек сырттай бақылау жасап тұрдым,  С-оқушы тобындағы белсенді оқушылардың пікірін тыңдағаннан кейін ғана  өзінің пікірін  қосуға деген әрекет байқалды.Бірінші сабақ  құрылымы тақырып мазмұнына байланысты  Блум таксономиясы бойынша   білу кезеңі берілген сөйлемді аяқтауға құрылды. «Миға шабуыл» білу кезеңінде А,В,С оқушылар  топ ішіндегі әрекетке қатысқанымен, тапсырманы жария етуге қатыспады.Түсіну кезеңінде «Арифметикалық амалдар» тақырыбы  ережесімен түсіндіруге тапсырма берілді, тақтаға ілінген плакатқа  тізбектей жаза отырып  кестесін құрастыруға бағыттадым. Жаңа тақырыптың түсіндірулерін  топ ішінде талқылауда А,В,С оқушыларым белсенділік таныта қоймады, Мұның себебі , оқушылар мұндай тақырыпты түсіндірумен бірінші рет кездесіп отыр, сондықтан да талқылап барып түсіндіруде ой шашыраңқылығы болды, негізгі айтуға қажетті түйінді ережелерді толық аша алмады.  Тақырып мазмұны жан-жақты ашылмағандықтан оқушылардан математикада кездесетін қасиеттерді үйден талдап , түсіндіруге дайындалып келуге бердім.Сабақ өту барысын  Блум таксономиясына салып құруда жоспарда тапсырмаларды көбірек жобалап қойыптым.Сондықтан, келесі сабақтарымда есептер шығару болғандықтан оқушылардың топта талқылап, бір-біріне түсіндіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында джиг-со (2) тәсілін қолдану керек деп шештім. Шығаруға берілген есепті топтар өзара шығарады, сонан соң үш оқушы үш топқа бір-бірден барып дәптерлеріне жаздырып, шығарылу тәсілін түсіндіреді.

       Екінші сабағым «Көбейтудің терімділік қасиеттеріне есептер шығару»  1-ден  4-ке дейін санау арқылы топқа бөлуден басталды. Оқушылар отырған реті бойынша ауызша санақ жүргізді, партаға топтың реттік номері қойылған соң орындарына орналасты. Сабақтан күтілетін нәтиже: топпен бірлесе отырып терімділік қасиетті қолданады,есепті шығарып, оны түсіндіруге жаттығады, топқа бөліну, топ ішінде өзара әрекеттесуге жаттығады.

Сабақ барысында оқушы бойындағы кейбір қасиеттерді дұрыс қалыптастыру үшін топ ережесін бір рет қайталап еске салдым.

«Миға шабуыл» кезеңінде үй тапсырмасын талдаудан бастадым. Оқушыларда алдыңғы сабақтағыдай емес аздап болса да әрекеттеріндегі өзгерістер  байқалды. №146 есептің 1-топқа  (1,5) , 2-топқа (2,6), 3-топқа (3,7) , 4-топқа (4,8) есептерді шығарып, оны кейін үш оқушы үш топқа барып шығару тәсілін түсіндіріп, дәптерлеріне жаздырады.

                  Оқушылар «мұғалім-оқушы» жағдайында қарым –қатынас орнатып, мағынаны ашуда белсенді әрекетке кірісті.Сынып жағдайынан байқағаным шығарған есепті басқа  топтағы оқушыларға «мұғалім» ретінде түсіндіріп , талдау жүргізу сыртқы сипатымен болса да  қызығушылықтарын оятты.Мен оларды өз қызметтерінің мәнін түсіндіру үшін бағыттап отырдым, яғни есептерінің дұрыс шығарылуына, түсіндіруде  теориялық теминдерді сауатты қолдануларына, тақырыпты ашудың маңыздылығына назарымды аударып отырдым.

                А-оқушы тапсырманы топ мүшелерімен бірлеспей өз бетімен шығарып шыдамсыздығын көрсетті, сонда ол оқушыға нәтижесі  тобындағы оқушылармен бірге есептелетінін, топ ережесіне бағына жұмыс жасау қажеттігін түсіндірдім. Ол менің ескертпелеріме құлақ асып топ мүшелеріне көмегін көрсете бастады.Дәстүрлі сабақтағыдай емес  топтық жұмыс әр уақытта бірлескен, ынтымақтасқан жағдайда нәтижеге жететінін сезініп, бойындағы үстемділік қабілетін әрекет жасап отырған тобын ұйымдастыруға өзгертті.

                В-оқушы топпен ұйымдасып жұмыс жасау қажеттілігін түсінді, біліміндегі олқылықтарын толықтыруға назар аударғанын топтың басқа мүшелерінің пікірін тыңдау барысында байқадым.

                 С-оқушы есепті бірлесіп шығарған соң теориялық мазмұнға көп кіріспеді, бірақ ол оқушыны «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасының сыртқы сипаты қызықтырғандықтан есепті дәптеріне жазып алып түсіндіруде өзіне деген сенімділігін оятқандай болды. «Менің қолымнан да өз құрдастарымды оқыту келеді екен ғой» дегендей жүзінен қуаныш лебі байқалды.Оқушының әрекетіндегі осы бір белсенділікті, сенімділікті ары қарай жетілдіру үшін оларға келесі сабақтарда да басқаша тәсілдермен шығатын квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығаратынымызды ескерттім.

               Сабақ барысында бір-бірінің түсіндірулерін бағдаршам түстері  бойынша бағалады .Бағалау барысында олқылықтарға, жеке бас араздықтарына,  пікір қайшылықтарына жол берді, сондықтан баға қоюда әділеттілікті талап етіп, бағалау критерилерін ашып атау керектігін түсіндім.

               Сергіту сәтін өткізу сынып оқушылырының бәріне бірдей әсер етті, бірақ жаттығуды орындауда күлкіге жол берген оқушылар болды, оларды топпен бірге қимыл жасау үшін топ ережесіндегі сыйластық, ұйымшылдық деген кезеңдерді орындауды көрсеттім.

              Сабақ соңында оқушылардың топтағы жұмыс үдерісі жайлы, онда қол жеткізген нәтижелері туралы ойлануға түрткі жасау үшін рефлексия жасату қажет болды.Рефлексия жасауда «Алақан» рефлексиясын алдым, себебі бірінші осы рефлексияны алғаным оқушыларға қолдың суретін салып, онда сабақ турасында қандай пікірлер шығарады екен деген қызығушылық болғаны рас.Рефлексияны таныстыру барысында зерттеу нысаны болып отырған оқушылар ат салысты, рефлексиялық талдаудың нәтижесі бойынша бір топ қана дұрыс бағытта , қалған үш топқа үлгі ретінде дұрыс жасаған топтың рефлексиясына  жақсы баға бердім.

               А-оқушы рефлексияны өзіне сенімді түрде таныстырғанмен бойындағы үстемділігі әлі де бой көрсетіп тұрды,сондықтан ол оқушыны тобындағы оқушыларға көмектесуін, оларды жұмысты орындауға бәрін бірдей тарту қажет екендігін ұсындым.

              В-оқушы  рефлексиямен сенімді түрде таныстырды, бірақ ой шашыраңқылығы сезілді, дегенмен топ ішінде белсенді әрекетке көшкені көрініп отырды.

              С-оқушы таныстыруға өз еркімен сұраныс жасады, топ атынан сөйлеу барысында бойындағы ұяңдығы, сенімсіздігін жеңуіне деген жігері жеткілікті  екендігі байқалды. Бұрынғы сабақтарда бұл оқушы белсенді оқушылардың тасасында қалып қоятын, тақтаға шығарған есепті үндеместен көшіріп отыра беретін, жаңа үлгідегі екінші сабақта-ақ топпен жұмыс істеу барысында Айғанымның көзінен ұшқын, бойынан жұмысқа деген белсенділікті байқадым.Басқалардан қалмайын дегендей әрекеті тобы үшін болса да, өзі үшін болса да маған да жүргізген жұмысымның дұрыс бағытта екендігінен хабар бергендей.Дегенмен де екінші сабағымда да кездескен қиындықтар болды.Әр топ екі есептен шығарып, оны басқа топтарға түсіндіріп болғанша сабақ уақытының көп бөлігі өтіп кетті де, рефлексия жасауда уақыт тығыз болып оқушылардан қажетті қайтарымдар алып кері байланыс жасауға нәтижелі  қол жеткізе алмадым,  оқушының білімін жиынтық бағалауға үлгере алмадым. 

           Үшінші сабақты жоспарлауда жіберілген кемшіліктерді түзетуге ден қойдым, өйткені алдыңғы екі сабақта өзім теорияны тәжірибеге асырудың тиімді кезеңдерін қырық бес минуттық сабаққа лайықтаудан біршама ойландым, оқушылар да аздап болса да топта жұмыс жасауға дағдылана бастағандарын: «Апай, ендігі сабақта да осындай топтарға бөліне береміз бе? Бөлініп отырсақ жақсы болды. Күнде-күнде тобымыз әр түрлі болады екен»-  деген өзара әңгімелерінен   байқадым.

           Үшінші сабақтан күтілетін нәтиже: Үйлесімдік  қасиеттерін қолданып есептерді топпен      бірлесіп шығарады, шығарған есептің тәсілін басқа топтарға түсіндіруге жаттығады. Джиг-со (2)  әдісін  таңдаудағы мақсатым- оқушылар математика пәнінен есепті шығарғанмен оның шығарылу жолын талдап түсіндірулеріне мән берілмейтін, яғни оқушының өз білгенін басқаға үйретуіне мүмкіндік жасай алмайтынмын. Ал джиг-со (2) әдісін сабағыма ыңғайластырып оқушының теориялық терминдермен  сөйлеу тілін, жүйелі түсіндіруін дамытуға бағыт алдым.

         «Көбейтудің қасиеттері» тақырыбына есептер шығаруға үшінші сабағымда оқушыларды топқа қызыл, сары, жасыл, күлгін түстер арқылы бөлдім. Сабақты бойларындағы жақсы қасиетін бағамдауға , өз әрекетіне баға беру бағытында , бір сәт бойларындағы жақсы қасиеттердіойлансын, жаттықсын деген мақсатта «Әсем әдемі» тренингін жасатудан бастадым.

          «Миға шабуыл » кезеңінде Көбейтудің қасиеттерін А4 форматына жазып шығу тапсырылды, топтар жауаптарын тақтадағы кесте бойынша тексерді.Бүл тапсырманы тексеруде ақпараттық –коммунникациялық технологияны қолдану уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың тапсырманы бірдей мезгілде аяқтап, өздерін тексерулеріне бірдей мүмкіндік жасауда тиімділігін көрсетті. Ақпараттық құралдарды жауаптарын тексеруде, сергіту сәтінде, рефлексия жаздыруда қолданып отырдым.

            Төртінші сабақта топпен жұмыс, джиг-со (2)  әдісіне жаттықтыру үшін әрі әдістің артықшылығы мен қиындығын бағамдау үшін  қолдандым, ақпараттық құралдардан интерактивті тақтаны пайдаландым.Топтарды  жетондар арқылы бөліп, үй тапсырмасын ауызша оқу арқылы тексерттім, оқушылар жауаптары бойынша өзін-өзі тексерді, қателерін түзетіп отырды.

                Үшінші сабағымда сабақ уақытының көп бөлігі есептерді шығарып түсіндіруге жұмсалғандықтан , төртінші сабағымда  тек бір ғана есептен шығартып,   талдатып көргенді  дүрыс көрдім. Тапсырма көлемі жағынан шағын, әрі уақытты тиімді пайдалануды көздегеннен туындады. Тапсырманы шағын түрде орындатуда  Чиксентмихай (2008)  бойынша  «өзіндік мақсатты » қалыптастыруда А-оқушыда  тапсырманы тез орындап түсіндірді  де зерігу пайда бола бастады,  ал С-оқушы топ мүшелерінің көмегіне сүйенді, бірақ та түсіндіруді өзі жүргізді.  В-оқушы  үшін тапсырманы орындауда міндет пен деңгей теңдікте болды.

          Есептер шығаруда оқушыларға бағалау парағын таратып бердім де  әр  «мұғалімнің»  түсіндірулерін әр топ мүшесі жеке-жеке баға беретіні туралы бағыт бердім..Түсіндірулердің нақтылығын  «3», «4», «5» бағаларымен  бағалауды ұсындым. Бағалау нәтижесін тақтаға шығарып қорытындыладық, сонда оқушылардың  өзара түсіндірулерін жоғары бағалағандарын байқадым. Сабақтан кейін оқу үшін және оқыту үшін бағалау модулінің  теориялық түсініктерін қайта қарап шығып, яғни  мен бағалау критерилері мен дескриптор жөнінде дұрыс бағытта емес екендігімді сездім. Келесі сабақтарымда бағалау критерилерін нақты көрсете отырып, дескрипторды да нақты ұсыну қажеттігіне дайындық жасаудамын.

              «Күн және бұлттар» рефлексиясын орындатуда оқушылар топ арасында өзара талдауға бойлары үйреніп қалғандығын, сөйлеушіні  де таңдауды үйренгендігі байқалды.

              А-оқушы тобындағы өзге оқушыға жол берді, соған қарап мен оның бойындағы үстемділік қасиетін топ ішіндегі ұйымдастырушы болуға жее бастағанын көрдім.

               В-оқушы таныстырылымды өзі оқыды, топтың атынан сенімді өкіл ретінде сөйлеуде  оның бойында сенімділік бары байқалды.

               С-оқушы  топ ішіндегі әрекетке қатысты, бақылау барысынан құрбыларына өз пікірін  де өткізуге тырысқаны байқалды.

               Зерттеу фокусы ретінде алынған үш оқушының қандай білім алғанды Зерттеу фокусы ретінде алынған үш оқушының қандай білім алғандығын көрсету үшін  төрт сабақтың барлығын дерліктей бейнежазбаға түсірдім. Әрбір сабақтан кейін бейнежазбаны қарап зерттеу нысаны болып отырған үш оқушының іс-әрекеттерін бақыладым, тиісті мәліметтерді қағазыма түртіп отырдым.Сабақтар өтіп болған соң  топтық жұмысты сабақта қолданудың нәтижелілігін байқау, оқушы пікірін білу  мақсатында  оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама сараптамасы бойынша сынып оқушыларының барлығына да топпен жұмыс істеу ұнағандығын білдім, олар үшін жаңаша тәсілдерді қолданып өткізілген сабақ  дәстүрлі сабақтан өзгеше сабақ болғандығы көрінді.

                 Тәжірибеме  енгізілген өзгертулердің  оқушылардың білімін дамытуға әсері қалай болды екен деген ойда  оқушылармен топтық жұмысты енгізу, ондағы алған әсерлерімен бөлісу мақсатында  сұхбат алдым. «Оқушы үні» жобасы бойынша оқушылардың пікірін ескеру  ашық және қауіпсіз диалог құруды ұйымдастыру тәсілдерін ойластыруға жетеледі. Бұл жобаны  бір оқушы тілші, екінші оқушы хабарға келген қонақ ретінде түсірілді. Бұған дейін оқушылар өз әрекеттері, сынып ортасындағы өз орны  турасында ойланбаған болатын, сондықтан  сұхбат барысында  оқушылар дың жауаптары жалпылама түрде болды. Болашақта осындай жоба бойынша пікірін білдіру, ол пікірлерінің маңыздылығын сезіндірсем сөйлеу мәнерінде өзгерістер пайда болады, ашық ойларын  білдіруде  құнды пікірлер күтуге болады.Дәстүрлі сабақтарда көп тәсілдер, тапсырмалардың орындалу түрлері тек мүғалім қалауымен жүргізілсе, ендігі жерде мен ол жағдаятты оқушының пікірімен санасуға ауыстырғанды жөн көремін.

            3-бөлім.  Қорытынды және талдау

      Оқушыларды топтарға бөлу арқылы сабақ жүргізуде математика пәнінде есептер шығару кезеңдерінде джиг-со (2) әдісін қолдандым, бірақ осы әдіспен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырғаннан кейін келесі тағы басқа әдіспен жұмыс жасаиақ ойым бар. Енді джиг-со (2) әдісінің тәжірибеде математика сабағында  қолданғанда  пайымдаған артықшылықтар мен кемшіліктерді жіктеп көрейін.

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Оқушылар топпен әрекеттесуді үйренді

Топ болып талқылағанда кейбір оқушылар дайын «өнімге» ие болды.

«Мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы оқушы бойындағы ұяңдық, сенімсіздік қасиеттерін батылдыққа, сенімділікке жеткізуге себепкер болды.

Белсенді әрекетке көшкенімен тапсырманы түсіндіруде біліміндегі олқылықтарын түзете алмауы

Есептің шығарылу тәсілін бір сабақта бірнеше оқушының сөзбен талдауға үйренуі

 С-оқушының тек әрекеттің  сыртқы сипатында  белсенді болуы

 

Пән мазмұнының күрделілігіне , ондағы тақырып мазмұнына байланысты тәжірибемде болашақта басқа әдістерді де  пайдаланамын және одан алған нәтижеге де талдау жасап көрмекшімін.        

           Зерттеуді жүргізуде деректер жинақтау қажет болды. Деректерді жинақтау үшін тәжірибе кезеңінде өтілген сабақтарды, сұхбатты бейнежазбаға түсіру керек болды. Мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілген этикалық талаптарды сақтауда 10  іс–әрекет тізімі қабылданған.Сонда,  балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат  сұраңыз.Ата-аналарға жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз етіңіз және олардың алынғандығына көз жеткізіңіз.

Ата-аналардың келісімін жазбаша растауын өтініңіз.

Осы талаптарға сәйкес  сынып оқушыларының барлық ата-аналарына  өзім төмендегідей формада келісім хат дайындадым.

 

 


Құрметті ,  ата-ана!

3сыныпта оқитын балаңыз  ____________________________________

тәжірибелік сабақтарда  бақылау және эксперимент жүргізу барысында бейнежазба немесе фотоға түсіруге келісіміңізді сұраймын.

(Келісіміңізді жазбаша түрде көрсетіңіз)

 

Ата –ана  _______________________________________________

«____»  _______________________2016 жыл.

Мұғалім                              Р.К. Токтарова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

 

 

 

 

 

Методикалық тақырыбы: «Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушының сыни ойлауын дамыту» бойынша

 

Зерттеу жұмысы

 

                                                     Орындаған: Токтарова Р.К.

 

 

 

        

                        «Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені»КММ 2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зерттеу жұмыс "Топтық жұмыс түрін қолдану арқылы оқушының сыни ойлауын дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 1655
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токтарова Рымгуль Кенжебековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18235
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1183 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 577 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек