Инфоурок Литература Научные работыЖаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепте ертегілерді оқыту технологиясы МAГИСТPЛIК ДИССEPТAЦИЯ

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепте ертегілерді оқыту технологиясы МAГИСТPЛIК ДИССEPТAЦИЯ

Скачать материал

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

3

1

ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

5

1.1

Ертегі және оның зерттелу жайы

5

1.2

Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі

12

1.3

Ертегілерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

13

2

Ү-ҮІ СЫНЫПТАРДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

28

2.1

5-6 сыныпта әдебиетті оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері

28

2.2

Аяз би ертегісін оқытудың әдіс-тәсілдері

45

2.3

Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту

51

ҚОРЫТЫНДЫ

57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

59

ҚОСЫМША

61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет ғылымында көптен бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша көркем шығармалар өз ара үш салаға бөлінетіні, яғни эпос, лирика, драма болып үш текке жіктелетіні белгілі. Осыған орай әрбір әдебиеттік жанрдың өзін өзгеден айырып танытатын айырықша белгілері, ерекшеліктері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы өзінің шындық болмысты бейнелеп көрсету жөнінде қолданған көркемдік әдіс-амалдары, композициялық өзгешелігі арқылы белгіленеді. Айталық, лирикада өте қысқа, тұжырымды түрде жеке адамдардың көңіл күйінің әр алуан қалыптағы бейнесі беріледі: эпоста адамдардың өмірі туралы әңгімеленеді, ол – жазушының алға қойған мақсатына қарай бірде тар, бірде кең көлемді шеңберде көрсетіледі: драмада кейіпкерлер тек өздерінің іс-әрекеттері, сөздері арқылы ғана көрінеді. Мұнда оқиғаны автор тарапынан немесе кейіпкерлердің біреуінің тарапынан баяндау, әңгімелеу деген болмайды. Сөйтіп, жанр дегеніміз шығарманың композициясын құраудың өзгеше бір түрі болып табылады.[1] Міне, осыған орай бұл үш жанрдың әрқайсысына жататын шығармалардың өзінше құрамы, бітімі, өзінше композициялық құрылысы болады. Мектепте әрбір көркем шығарманы оқып үйренуде, талдауда оның осы секілді өзіне тән жанрлық ерекшелігі есепке алынады.

Білім берудің екі қыры болады: біріншісі ˗ нені оқыту, екіншісі ˗ қалай оқыту. Нені оқытуға білім мазмұны (базалық білім) жатады. Ал, қалай оқыту дегеніміз ˗ әдістеме. Яғни, әдістемеде орта мектепке арналып өлшеніп берілген базалық білімді бүгінгі инновациялық технологиялар мен жаңаша әдіс˗тәсілдерді қолданып, оқушыға қалай тиімді жеткізу мәселесі қаралады?

Иә, бүгін бізге заман талабына сай тақта мен бордан, қағаз бен қаламнан артық жаңаша оқыту құралдары енуде. Әдістер жаңарып, тәсілдер жетілуде.

Бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы мектеп оқушыларының тілін    дамыту  қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің  жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ [2, 16 б.]

Магистрлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жалпы орта білім беретін мектептерде әдебиеттің кіші жанры болып саналатын ертегілер мен мысалды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, балаға тәрбие берудегі маңыздылығын ашу. 

Осы мақсаттарға жету үшін, мынадай міндеттерді алға қойдық:

- әдебиеттің кіші жанры – ертегі мен мысал жайында жазылған ғылыми еңбектерді саралай отырып, зерттеу;

- әдебиетте ертегі мен мысалды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін айқындау;

- ертегі мен мысал жанрының өзіндік ерекшеліктерін саралау;

- оқыту үрдісінде әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін танытудың  жолдарын зерделеу;         

- жалпы орта білім беретін мектептердің 5-6 сыныпқа арналған оқу бағдарламасында қандай ертегі, мысал  оқылатындығын анықтау;        

 - ертегі мен мысалды меңгертуде оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістердің тиімді түрлерін көрсету;

- оқушылардың ойын дамытуда ертегілер мен мысалдың рөлін сипаттап, олардың тәрбиелік мәнін ашу.

Магистрлік жұмыстың нысаны. Жалпы орта білім беретін мектептерде, оқу бағдарламасына негізделген әңгіме жанрын оқыту әдістемесі нысанға алынды.      

Магистрлік жұмыстың ғылымилығы. Ертегіні тиімді әдіс-тәсілдермен меңгертудің мазмұнына сипаттама беріледі. Жұмыста 5-6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығына енген ертегілер талданып, зерттелінді. Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады» әңгімелері; М. Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесі; - М. Әуезовтың «Қараш-қараш», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» әңгімелерін оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдары сөз етілді.

Магистрлік жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Магистрлік жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын әр түрлі деңгейдегі оқу орындарының «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі» курстарынан дәрістер мен семинарларда өткізуде, ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмысын жазғанда және педагогикалық практика кезінде пайдалануға болады.     

Магистрлік жұмыстың әдістері мен дереккөздері. Түсіндіру, баяндау, салыстырмалы талдау, ғылыми пікірлерді зерттеу, жүйелеу, тәжірибелік, теориялық және жалпылау тәрізді әдістер мен тәсілдер қолданылды.

Әдістемеші ғалымдардың, педагогтардың еңбектері, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан  «Білім туралы заңы» және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы». Бүгінгі заманның педагогика және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған тәжірбиелер, соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері, ғылыми еңбектер, әдеби білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу тұжырымдамалары, бағдарламалар, оқулықтары.

Магистрлік жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 

 


 

1 ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

1.1 Ертегі және оның зерттелу жайы

 

 

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге  байланысты  оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.

Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.

Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйе құрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе [3].


Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тағы басқа тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.

 

Сурет-1 – Әжемнің ертегілері

 

 

Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.

Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең. Ол тәрбиелік, әрі көркемдік эстетикалық роль атқарады. Ертегінің осы бүкіл жанрлық ерекшеліктері екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек, ертегіні шындыққа бағыттамайды, ал ертекші әңгемесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні - алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әртүрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлық белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бетімен мүлде жоғалып, толық ертегілерге айналған. Ертегі деген не? Оның мифтен, аңыз-әңгімелерден айырмашылығы неде? Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. [4, 95 б.]

Мифология (гректің mifos - аңыз, ергегі және logos - ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Мифтер барлық халықтарда болады. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебап формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сана, сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, обьективтік және субьективтік дүниелер   арасында   айқын   шекара   болмады.   Ол   шекаралар   кейін   болды.

Мифологияда олардың бәрі тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас дүние болып табылады.

Сонымен, мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жетілмеген біртұтас формасы екен. Ал, мифтің мағынасын анығырақ ашсақ - ол алғашқы рулық қауымдық қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың төтемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жүрт мәлім сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап бірте-бірте қасиетті сипатынан «құпия» болудан қалған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипатынан айырылған. Бірте-бірте мифтің масштабы тарылып хикаяға, сонан соң ертегіге айналады. Осындай аңшы, мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, ол біздің ертегілерде сол ежелгі заманғы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Ал, ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен гөрі композицияның ролі артығырақ. Ертегінің композициясы бас қаһарманды дәріптеуге бағындырылады. Сөйтіп, ол белгілі бір схема бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық-мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқашада композиция мен эстетикалық мұраттылықтың бірлігі әрі тұрақтылығы, уақыттың тұйық болуы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауыз екі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестің қолданылуы тағы басқа кіреді.

Ертегілер мен аңыздар - біздің сенімді серіктеріміз. Ерте кезден ертегілер адам баласының арман мүддесі, ой санасы, арманы мен қиялынан, салт-дәстүрі мен тұрмысынынан болашаққа күтетін үмітінен туған.

Ертегі - адам баласының ой-қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенімін арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.

Ертегі - қай халықтың болмасын сүйіктісі. Ертеде қазақ ауылдарында ертегілерді той жиындарда, алтыбақан бастарында немесе үлкендері сол ауылдың жас бүлдіршіндерін жинап айтатын болған. Әрбір ауылдың ертегі- аңызшылары болған.  Ертегілер ата-бабамыздан мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.  Ертегі айтуға жас балаларды ән айтуға үйреткендей ерте жастан баулыған.

Ертегіге деген осыншама сүйіспеншілік қайдан келді? Олар осы заманға дейін қалай сақталып келген? Өйткені ертегі - халықтың ақылы мен арманының тілегі. Өте ертеде пайда болған ертегілер осы күнге дейін өзінің жеңіл сиқырымен кейіпкерлерімен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғаларымен таңқалдыруда. Ертегі өз Отанын сүюге, оны қорғауға, қиыншылықтан қорықпауға, қайырымды, бауырмашыл, қиындықта бір-біріне қол ұшын беруге даяр, бақытсыздыққа ұшыраған әлсіздерге көмек беруге, ата-анасын құрметтеуге, иманды да ибалы болуға үйретеді [5, 65 б.]

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Қырғауыл жүні қызылда,

Балақ жүні ұзында,

Атақты бір бай бопты,

Төрт түлігі сай бопты,

Көңілі баста жай бопты,

Бір перзентке зар бопты,

Бара-бара баласыз,

Кең дүние тар болыпты,-

деп басталатын ежелгі ертектердің құлақ күйінде барлық байлық, жан-дүниесі сыйлық, алдамшы көңіл жайлық түптің түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендігін бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ескерткендей [12, 6 б.]

Ертегіде адамды мұратқа жеткізетін ең басты адамдық қасиеттердің бірі ақылдылык, қайырымдылық, кішіпейілділік болатын болса, енді сол ақылдылықтың өзі неге байланысты, ақылды болу үшін не істеу керек? - деген сұраққа жауап іздеп көрсе, оған жауапты да сол ертегінің өзінен табуға болады. Сен ақылды ғана емес, қайырымды, кішіпейіл болсаң, онда сен барлық жамандық атаулының барлығын жеңе аласың. [13, 18 б.]

Қазақ халқы «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп қайырымдылық қасиеті жоқ басшының қадірі де болмайтынын кесіп айтады.

Адамгершілікке тәрбиелеу кезінде халық жеке адамдардың  мінез-құлқында болатын қайырымдылық пен мейірімділікке жат кейбір қолайсыз қасиеттерге сөз құдыреті мен ертегілердің соңында бір мағына мен яғни мақал-мәтелмен аяқтапта отырған. Жалқаулыққа қарсы:

«Жалқауға жан жуымас»

«Еріншектің ерні жібімес»

Өтірікшіге қарсы:

«Өтірік өрге баспайды»

«Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді»

Бақталастыққа қарсы:

«Бақталастың бас жоқ,

Бағы жанбас, қасы көп»

Дүниеқорлыққа қарсы:

«Дүниеде дүние жолдас емес, адам жолдас»

деп халық педагогикасы адамгершілікке жат мінездерді әшкерлеп, әдептілікті, қайырымдылықты адамгершіліктің биік шыңына көтереді.

Қайырымдылық-мүдделі, кіріптар көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс-жүзінде жақсылық жасау [5, 13 б.].

Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, Н.Березин, В.В.Радлов, А.Е.Алектров, А.Ивновский, Л.Исаков, О.Әлжанова,  Р.Дүйсенбаев,  М.Көпеевтер болса кейін,  М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдулиндер зерттеп жинақтай бастады. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғылыми түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғылыми айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғылыми- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «Дала уәлаятының газетінде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә.Бөкейхановтар жалғастырды.

Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы ХХ ғасырда кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50 жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды.    1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 жылы басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов).

Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). Ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 жылдан баспадан шықты. 1979 жылы хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды.  

Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.

А.Бисенбаева «қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жас өспірімнің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиетгерді қалыптастыруда ғаламдастыру, интеграция және гуманизация сияқты алдын ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет» деп көрсетеді.

Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген М.Горький «Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды» деді.

Бірақ, М.Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде, қолында екенін сезе алады. Адам құдыретті күштің иесі. Қазақ ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құралы жағынан әрі алуан. Олар бірнеше топқа яғни жанрға бөлінеді. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған. Біразы тарихи-генетикалық яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады. Сол себепті халық ертегілері де таза ұлттықта, халықаралықта көшпелі сюжеттері бар.

Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан, баланы бағып-қағу, өсіру, азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан жинақталған тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесі, терең мағынасына үңілсек, ол адамды зерттеу, жан-жақты білу, адамдық болмысын анықтау.                                                                                             

Халық педагогакасы халықтың ауыз әдебиетінде ақын-жыраулардың шығармаларыңда, халықтың тәрбие дәстүрлерінде, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық педагогикасының негізгі мақсаты - ең алдымен нағыз адамды тәрбиелеу болып табылады. Яғни, баланы Отанын, елін, жерін сүйетін, бауырмашыл, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбелеу [4, 5 б.]

Бүгінгі тәрбие проблемасындағы ең зәру тәрбие - қазақ азаматының мінезін қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енуге тиісті адамзатты тәрбиелеу.                                                                                                               

Тәрбиенің түпкі мақсаты - шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз - кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі «Ел салтанатымен танылады, ұрпағымен жалғасады». Міне, осы тұрғыда қазақ даналығы-тәрбие көзі деуге болады.

«Алтынның - қолда барда қадірі жоқ» дегендей адам тәрбиесінің, адам
болуының жолдарын даналарымыз, би-шешендеріміз, ақын-жазушыларымыз
Ыбырай мен Абайдай, Ғұмар Қараш пен Шәкәрімдей, Мұзафардай
ұстаздарымыз жан-жақты көрсеткен.  

Қазақ философиясындағы тәрбие мәселесі сан түрлі ерекшеліктер мен ұлттық құндылықтарға толы ұлы мұра. Қазақ даналарының кез-келген туындысы шешендіктің түбірлі тілдің, даналықтың куәсі екенін әрбір жеткіншек біледі [5, 38 б.].

Тәлім-тәрбие адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, көне дәстүрге айналып кеткен нәрсе. Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы - адамзатты адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу. Ал, адам болудың жолдары әр халықтың ұлттық дәстүріне, салтына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдарына үңілсек: үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ар-намысты, ұятты бетке ұстаумен өнер - білімге ұмтылумен анықталады [5, 38 б.].

Мораль дегеніміз - адамдардың қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар мен ережелер нормаларының жиынтығы.

Ал, негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесапат, ар-ождан, міндет (парыз), абырой, әділеттілік, адамгершілік, адалдық, әдептілік, өмір мақсаты.

Оқушылар мораль жөнінде ғылыми емес, діни және идеялистік көзқарастар бар екенін білуі керек. Дін мысалы, мораль адамгершілік, мінез құлық нормалары құдайдан, дінсіз құдайсыз мораль жоқ, сондықтан дінге, құдайға қарсы шыққан адам сонымен қатар моральға да қарсы шығады деп үйретеді [7, 89 б.].

Адамгершілік сезімі моральдық сезім депте аталады. Мораль - француз тілінен аударғанда мағынасы - адамгершілікті білдіреді. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты.

Адамгершіліктің жоғарғы деңгейдегі сезімі қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен оның өз басының мейірімділігіне, қайырымдылығына, ізгілігіне байланысты [8, 35 б.]

Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық кісінің адамға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынасын білдіреді.

Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі - рухани жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау).

Екіншісі - іс-тәжірибе жағы (іс-жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Сондай-ақ қайырымдылық екіге бөлінеді.

1) этикалық

2) интеллектуальдық

Этикалық қайырымдылыққа - батырлық, жомарттық, әділдік жатады. Ал, интеллектуальдық қайырымдылыққа - даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау - қайырымдылықтың белгісі ( көрінісі).

Рахымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал, ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.

Қайырымдылықты-мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей - жарлы жандарға көмектесетін, қайыр-садақа берумен көрініс табады [9, 45 б.]

Ал, мейірімділік пен ізгілік егіз қозыдай екі қасиет басқаларға (әке-шеше,ағайын, туыс, таныс т.б) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадымын тіршілігі үшін маңызды. «Мейірімділік», - деп жазды К. Бови- «Мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» - өте тауып айтылған сөз. Әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді, уақытта жетпейді. Ал, айналаңдағы адамдар, әсіресе егде адамдар өзіне көңіл аударғанды ерекше бағалайды. «Ең үлкен сән-салтанат» -деп жазды. Экзюпери-адамдардың қарым-қатынасының салтанаты, «Адамда қалайда болса пайда келтіретін ой мен іс-ізгілік» деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу - адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе".

Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарау, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік - адам біткенді сүйе беру секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Адалдық пен шыншылдық бар жерде кісі әділетті де, кішіпейілділік, қайырымдылық етіп жүреді. Бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады [10, 10 б.].

Сонымен қатар, қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін қарастырайық.

Ата-бабаларымыз үшін өмір мұраты не? Адамдық идеял қандай еді? Бала
бойына қандай сапаларды қалыптастыруды мұрат етті? дейтін болсақ, оны
ертегілердің өзінен айқын көруімізге болады. Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір
мұратына, адам бақытының ең биік шыңына адалдықтың, қайырымдылықтың,
еңбектің арқасына жетумен аяқталады.                                                                  

Олар: «ақ киізге салып, хан көтерілуі», «Аяз би!», «бай болып», хан болып дүниеден өту (Қарамерген) баланың патша болуы (Алтын айдары) т.б

Демек, бай, уәзір, хан болу, хан қызына үйлену - өмір мұраты, ең жоғарғы адамдық идеял. Ертедегі ең басты идеял немесе орын, сол өтмір мұратына қалай жетуге болады, оған керекті адамдық қасиеттерді қандай деген сауалға жауап беруге ең үлкен орын беріледі. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа - ақылдылық, қайырымдылық.

Балаларды қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында халықтың ауыз әдебиетінің асыл мұралары - ертегі, аңыз, әңгімелер, мақал-мәтелдерді ел арасында әділдігімен, батылдығымен аты аңызға айналған «от ауызды, орақ тілді» шешен билер мен елі үшін жанын қиған батырларды күнделікті тәрбие жұмыстарында өнімді пайдалануы тиіс.

Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру тиіс:

- баланың мінез-құлқын, тәртібін, жақсы әдеті мен дағдысын адамгершілік дәрежесіне сай қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің жанрларын қолдану - баланың отбасында Отанға, табиғатқа деген   сүйіспеншілігін   арттыру мақсатында өтілетін ертегілерді  іріктеу.

- Халықтың   ауыз   әдебиеті   жанрларымен   таныстырудың   тиімді   жолдарын қарастыру [17, 12 б.].

Осы қайырымдылыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу негізінен адамгершілік тәрбиесімен ұштасып жатыр. Ұлықпан Хакімнің көрсетуінше, қайырымдылықтың мынадай жеті сипаты бар:

1) Ізгілікке құштарлық                                                                                 .

2)     Айбатсыз елету

3)     Міндетсіз иба

4)     Дуалсыз қорған

5)      Кешірім сұраудан құтылу

6)     Періштедей тазалық

7)      Айыптан адалдық

Демек,  ақ көңіл,  қарапайым болу, ізгілік жасауға құштарлық,  айбат көрсетпей-ақ, елеулі болуға, міндет қылмай-ақ сыйлы болуға қол жеткізеді. Кішіпейілділік туралы ойшылдар көптеген қалам төккен. «Жалған кішіпейілділік те, менмендік сияқты жиіркенішті»- К.Гольдони «Жасанды кішіпейілділік - жақсы қасиет емес» - А.Құнанбаев «Кішіпейілділіктің жетімсіздігі дегеніміз-ақылдың жетімсіздігі» - А. Поп [18, 95 б.].

Ал, адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс болады. Олардың дәлелдеуінше адамгершілік қоғамдық дамуының жемісі. Ол қоғам өміріндегі өзгелерге байланысты дамиды, сондықтан таптық коғамда адамгершілікте таптық сипатта болды.

Олар мынадай сапалармен тәрбиелеуді ұсынды:

1) Отанды шын жүректен сүю

2) Дүние жүзі еңбектеріне туыстық сезім білдіру болып табылады. Сонымен қатар чех педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде тәрбие туралы құнды пікірлерін қалдырды.

Ұлы  ойшыл  адамдардың аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі  және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді. Я.А.Каменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілді сыпайышылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Лооктың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа – мінез-құлықтағы мәдениеттілік. Дөрекілік, әдепсіздік, кекшілдік мінез-құлық мәдениетіне сыйыспайтын қасиеттер деп есептейді.

Ж.Лоок іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құрылымы:

1) үлгі өнеге көрсету

2) әдеттендіру

             3) балалармен пікір алысу

4) намыс пен теріс ұғымдарына назар аудару [19, 25 б.].

Міне, ұлттық тәрбиенің қозғаушы күші - ұлттық санаға сіңіп қалыптасқан салт-дәстүрлер, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық абырой, ар, ұят, кісілік. Бұлар жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді. Қазақ халқының игі мәдени дәстүрлерінен туындайтын ізгілік, ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлық, иманжүзділік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру - ұлттық тәрбиенің құнды мақсаттары болған. Халықтың әдеп-ұрпақ тәрбиесінің түпкі өзекті арқауы.

Тәрбиесі бас-тіл, ұлттық намыс-салт-дәстүр, ел шежіресі - тарих, Отан орналасқан аймағы - атамекен, адами имандылық рухы - дін. Осы бесеуін ұрпақ, бойына сіңіру, санасына құю – ата-ана, мектеп, жұртшылық, қоғам парызы.

Сондықтан қазақ ертегілерінде жас ұрпағына өнеге беріп отырған. Қай халықтың ертегісі де ұшан-теңіз қиялымен бейнеленген суреткерлік дүние. Ертегі бізде қазіргі заманда қажет. Ол тыңдаушыларын еліктіріп, қызықтырады. Жеткіншектердің осы ертегілерді оқыту барысында жақсылық пен жамандықты айырып, қайырымды болуға, әдепті де ізетті болуға деген сенімін нығайтуға көмектеседі [20 , 25 б.].

 

 

1.2  Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі

 

 

Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып, батырлық ертегілер көне болып есептеледі. Адам баласы  ерте замандағы уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына «құдай» деп табынған. Сол табынған нәрселері көп болғандықтан әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі грек халқында көп болады.

Заман өткен сайын, ақыл-білім өткен сайын олар табиғат нәрселерінің құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.

Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған. Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгімесін – «әуез» дейді.

Екінші бір түрі: сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі өсиет шығаратын да ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.

Қазақтағы «Құла Мерген» сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға болады. «Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп, ылғи мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды. Жалмауызды өлтіреді.  Бұл яғни «аққа зауал жоқ», «қараның ісі оңға баспайды» деген ұғымның белгісі [21, 98 б.].

Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар:

1) мифологиялық ( қиял-ғажайып) ертегілер;

2) хайуанаттар ( жан-жануарлар) жайындағы ертегілер;

3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.

Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:

Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Ол дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман, тау-тастықта жүрген кезеңнен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған.  Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған.

Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң, құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым - нанымдары болмақ.

Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реальдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері «Ер Төстік», «Еділ- Жайық», «Құла мерген», «Аламан мен Жоламен», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай» т.б.

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі - жалмауыз кемпір. Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой-нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұндағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың фольклорға тән желісі деп білеміз. М.Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын өмір мақсатын танып білуге тырысқан.

Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік (қиял-ғажайып) ертегілеріне: «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ұшар ханның баласы», «Аламан мен Жоламан» тағы басқа жатады [4, 97 б.].

Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен аңшылардың қам-қаракетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің қаһармандары - хайуанаттар еді, ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық сенімдердің іздері, атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене байланыстарына сенімге негізделген тотоизм іздері сақталып қалды. Алғашқы адам төңірегіндегінің бәрін рухтандырып, өзінің қабілеті мен қасиеттерін бірдей бөліскен, аңдарды «адам» еткен. Сөйтіп, олар ертегілерде өзара бір-бірімен әңгімелесіп, адамның сөйлеген сөздерін түсінеді.

 

 

Сызба 2 – Хайуанаттар жайындағы ертегілер

 

 

 

Көптеген аңыз-әңгіме желісіндегі ертегілер де сақталған. Олар әрине ертегі түрінде аңдармен ұрыс-жанжалды және достасуды, сан алуан жайларды, қызықты оқиғаларды - хайуанаттар денесінің кейбір мүшелерінің неліктен жоқтығын, мысалы олардың құйрығының, танауының формасы неліктен өзгеше болатындығын, олардың неліктен соншалық боялатынын және түсіндіреді.

Көптеген ертегілерде үлкен де күштірек хайуанаттар мен кішкентай, әлсіздеу жануарлардың арасындағы ұрыс-кіріс пен жарыстар туралы баяндалады. Мұндай ертегілер, әлбетте әлеуметтік әділетке талпынысты өзек етеді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. Мысалға:   "Мақта қыз  бен  мысық"  пен   "Қотыр  торғай"   оқиғалары  еңбек процесімен тікелей байланысын жатыр. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шығады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіне қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет иесі болмақ.

Әрине, хайуанаттар да ертегі кейіпкерлері - өздерінің сөзімен де тәртібімен де осы ертегілер өмір сүріп отырған елдің адамдарын еске түсіреді. Өйтпеске амалы жоқ, өйткені ертегі халық тіршілігінің серпінідегі оның әрдайым бейнесі, халықтың сана-сезімнің өзіндік айнасы болады.

Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасындағы жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу - күнкөріс, өмір сүрудің шарты дейтін мәже болмақ [4, 96 б.].

Реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер. Бұл ертегілер - өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір, хан болып келеді. Ал, қазақ халқының шыншыл - реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал. Көптеген ертегілердің рухани сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарғанын біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

«Жақсылық пен жамандық» «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құралған жамандық жаяу келе жатып, жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемденіп, мұратына жетсе, ал ақылсыз жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

Шыншыл - реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аяз би.

Салт ертегісінің бір түрі - мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да ұрыстық пен терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ жамандық иесі мазақ, күлкі болып көрсетіледі. Мысалы: қу шал мен жалмауыз диюлар әңгімелері бұлай болғанда ертегі деп баяғы замандағы елдің көз қарасын білдіретін, я сол көз қарастың белгілі бір ізін көрсететін, онан соң белгілі бір елдің салтын білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтатын, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.

Тұрмыс-салт ертегілерінен басқа кейде өзінің сипаты жөнінен ертегіге; жақындай түсетін новеллалық ертегілер,  авантюристік  ертегілер (оқиғалар туралы) және авантюристік - новеллалық ертегілер түрлері де болады.

Негізінен ертегіде сюжет жұмыр болады. Онын мәнісі - ертегі әңгімелеп айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Қазақ фольклорындағы эпизм формаларында ертегі, аңыз, эпос, ал лиро-эпостық үлгілерге ғашықтық жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық және реалистік болып келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді. Мысалы: біреу туа батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кәсібі, жас ерекшеліктері де өзгермейді [4, 98 б.].

А.Кенжеғұлованың «Қазақ балалар әдебиеті» деген әдістемелік еңбегінде осы ертегілердің түрлеріне кеңірек тоқталған.

Енді, осы ертегілердің түрлеріндегі ерекшелікке мән беретін болсақ, қиял-ғажайып ертегілерді ертекші айтқан кезде мына ерекшеліктерді сақтап айту керек.

Бірінші ерекшілік: Ертектің басталуы, яғни құлағы. «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен », « Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен», «Баяғы ерте заманда, дін мұсылман аманда » немесе «Есте жоқ, ескі заманда» деп келеді.

Екінші ерекшелік: Ертегі ортасында құбыжық пішінді жат жандар туралы айтарда «Абалақтай анам-ай, қайдан келдің балам-ай?» немесе «Адамзат иесі шығады!» деген сөздер айтылады.

Үшінші ерекшелік: Ерте бітер кезде «Барша мұрат басына жетіп, сақалы, сирағына жетіп, бір жан өтіпті» деген тәрізді сөздермен аяқталады.

Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез -құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа мысқыл ретінде қолданған. Екінішісінде хайуанды анық хайуанның өзі ретінде суреттейді.

Қиял-ғажайып ертегілері мен хайуанаттар жайындағы ертегілерден шыншыл ертегілер мүлде басқаша, ерекше болып келеді. Бұл ертегілерді оқи отырып, пайдалы өсиет, ақыл үйренесің. Кейіпкерлерді ақылды жігіт, асыл қыз, елін асырайтын шебер, әке мен бала болып келеді.

Сонымен қатар батырлық ертегілер бар. Ол ертегілер екі топқа бөлінеді:

1) Көне заманда пайда болған ертегілер. Мысалы, ондай ертегілерге «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай» ертегілері жатады.

2) Батырлар жырларынан туған ертегілер. Мұндай ертегілерге «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» туралы жырлардан шыққан ертегілер жатады [3, 99 б.].

Осы ертегілер арқылы адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі адамды жағымды мінез тудырады. Адам осы сезімі арқылы жауыздықтан безу, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке ұмтылу керек екенін тұсінеді [13, 34 б.].

Халық әдептілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.

 

«Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмі жарыққа шықты

 

Сурет 2 – «Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмі

 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ балаларға үлкен сый жасады.  «Ер Төстік» ертегісінің желісі бойынша қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш ұлттық толықметражды «Ер Төстік және Айдаһар» атты анимациялық фильм (28 наурыз, 2013ж.) көрерменге жол тартты. Енді кішкентай бүлдіршіндер қазақтың ертегі кейіпкерлерін 3D форматы арқылы тамашалай алады. Фильмнің режиссерлері Жәкен Дәненов пен Рустам Тұралиев.

Режиссерлердің айтуынша, «Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмін үлкен экрандардан көру керек, өйткені фильмдегі анимация мен оның дыбысы арнайы кинотеатрлар үшін жасалған. Фильм отандық анимация тарихынан лайықты өз орнын алатынына сенімді.

Қазақ фольклор кейіпкерлерін 3D форматына салып, анимациялық туындыны дүниеге әкелген топ – еліміздің ең үздік компьютерлік графика мамандары мен аниматорлары. Фильмді түсіруде «motion capture» заманауи технологиясы (актерлердің қимыл-әрекетін анимацияға айналдыру) қолданылған. 3D форматында түсірілген 67 минуттық «Ер Төстік және Айдаһар» фильмін түсіруге үш жыл жұмсалыпты. Бұл мерзім шетелдің ірі мультипликациялық фильмдер шығаратын студиялары есебімен салыстырғанда өте аз уақыт болып саналады. екен.

Жазушы Дулат Исабековтың айтуынша, фильм өте сәтті түсірілген. «Ер Төстік» сияқты ертегі тұрғанда, басқа ертегіде не шаруамыз бар. Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан жағдай. Амери­кандық Том және Джерриді қазақтың балалары қашанғы көреді, сол бір арман орындалғандай болды» деді.
Кішкентай көрермендерді қызықтыру үшін туынды авторларының аянбай тер төккені көрініп тұр. Кейіпкерлерді дыбыстау жұмысына Лидия Каден, Димаш Әкімов, Күнсұлу Шаях­метова, Ақкенже Әлімжан сынды елімізге белгілі актерлер қатыстырылған. «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ермек Аманшаевтың айтуынша, мұндай толықметражды анимация­лық фильмдер әлі де жалғасын табады. Алда «Асық хикаясы», «Жаужүрек мың бала» сынды толықметражды анимациялық фильмдер түсіру жоспарда бар екен.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы өте зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі керек:

1) Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.

2) Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме үйретудің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір екі айқын белгілерді көрсетіп, айқын түсінікті болып келеді.

3) Қара сөзбен жазылған ертегілер текстке жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын  қызықты етіп айтып береді.

Ертегі балаларға жоспар жасау үшінде өте қолайлы. Оларды бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды оқушылары орындай алады. 

Сонымен қатар, ертегіге өзбеттерімен жоспар жасауды тапсыруға болады.

1) Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

2) Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындауға болады.

Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бір қатар ертегілерді жалпы оқығанда идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады [4, 102 б.].

Негізінен оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлеріде берілген. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл белу керек:

·     Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту, яғни әдеби-теориялық ұғымдар беру.

·     Сюжет пен композициядағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерін білдіру.

·     Тіл құрылысы ұйқаспен, тақырыппен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, тілінің жатықтығы. Ертегінің бай тілі - халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы тарихи тілі екендігі. Қай ертегі болмасын халық арманына, тілегіне сай тек жақсылықпен бақытқа жетумен аяқталады.

·     Ертегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілде, оқу формалары, сабақ типтері тиімді саналады?

Ең алдымен оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгету мәселесін ойластыру керек.

Мазмұнын   меңгерте   отырып,   оның   негізіндегі идея,   айтайын   деген   ой туралы сөз қозғау.

Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны толық сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырма жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу [8, 114 б.].

Программа бойынша IV-VI кластарда өтілетін эпостық шығармалардың бір алуаны – халықтық ауыз әдебиеті үлгілері, олар: мақал, мәтел, жұмбақ, ертегі,  батырлық және тұрмыс-салт жырлары. Ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері ғсырлар бойы жасалған халық творчествосы болғандықтан, оның ішінде көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіптер де табылады. Сондықтан да совет жазушылрының бірінші съезінде А.М. Горький: «Өте терең және айқын, көркемдік жағынан үздік, мінсіз геройлардың типтерін жсаушы тек қана фольклор, халықтың ауыз әдебиеті» - деп баға берді.     

Фольклордың таңдаулы шығармаларының осы сияқты аса жоғары идеялы-көркемдік қасиетін оқушылардың санасын жеткізу үшін, бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары, әдіс-амалдары бар. Ертектер мен батырлық жырларды алсақ, олар ел ауызында ғасырлар бойы сақталып, айтылып, әңгімеленіп келді. Бұл әдеби үлгілерді оқып үйренуде келістіріп оқу мен ауызша көркемдеп мазмұндау айырықша орын алады.      

IV-VI  класс оқушылары оқу жылы бойында ауыз әдебиеті үлгілерінен «Керқұла атты Кендебай», «Қотыр торғай», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Қырық өтірік»,  «Аяз би» сияқты халық ертегілерімен танысады. Бұларды оқып үйренудің де өзінше кейбір өзгешеліктері бар. Мысал үшін «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісін қалай өтудің үлгісін келтірейік.     

Программада бұл ертегіні өтуге 3 сағат берілген:  мөлшерлеп бөлсек: бірінші сабақ ертегіні мәнерлеп оқуға, екінші сабақ ертегінің идеялық мазмұнын ашуға, қаһармандарын, көркемдік ерекшеліктерін талдап түсінуге, үшінші сабақ ертегінің жоспарын жасап,  сол бойынша көркемдеп мазмұндап айтып беруге арналады.       

Жалпы ертегі атаулыға тән қасиет – оның айтылу мәнерінде екені мәлім. Ретін тауып үйлестіріп, қиюын тауып қиыстырып айтқан ертегінің тыңдаушыны ұйытып, әсерлендіріп отыратыны белгілі. Ертегіні өткенде, оның осы сияқты өзгешелік жақтарын ескеріп, оқушылардың құмарта тыңдап, зор әсер алуын қамтамасыз ету керек.  Бұл ретте қолданылатын әдістің бірі – ертегіні көркемдеп, ауызша мазмұндап айтып беру болып табылады. Ол үшін оқытушы сабаққа мұқият дайындалып, ертегінің идеялық мағынасымен қатар,  көркемдік, лирикалық, синтаксистік ерекшеліктерін, айтылу, басталу, аяқталу стилін (салтын) толық сақтап, текске жуық түрде үшінші жақпен көркемдеп айтып береді. Бұдан кейін ертегіні оқушыларға оқытады, оқылу барысында киік, тұғыр, уәзір, жарлық, ділда, салтанат сияқты түсініксіз сөз, сөйлемдер мен бейнелі ұғымдрды жол-жөнекей түсіндіреді. Сөйтіп, ертегі оқылып, мазмұны ұғылып, бірінші сабақ бітеді.      

Екінші сабақта оқушылармен ертегінің қаһармандары және идеялық мағынасы жайында әңгіме жсалады. Әңгіменің барысында үстем таптың хан және оның уәзірлері сияқты өкілдерінің айуандығы зұлым, сұрқиялығы анықталады: ханның қойған шартын орындап шығуға тек тек қана халық бұқарасынн шыққан баланың өнері жетіп, ханды жеңіп кетуі нені білдіретіні, ертегінің қаһарманы етіліп неліктен біреуіне хан, екіншісіне бала алынғаны ашылады. Ертегінің осы ретпен қаһармандары талданып, идеялық мағынасы айқындалғаннан кейін, неліктен бұл шығарманың ертегі деп аталатыны сұрастырады. Оқушылар мұғалімнің  басшылығымен ертегінің ерекшелік жақтары, атап айтқанда, ертеде өмір шындығымен қатар қиялдың араласып отыруы, әсіреулер мен қайталаулардың, тұрқты эпитеттердің болуын байқайды.

          Үшінші сабақта ертегінің жігіне қарай тиісті бөлімдерге бөлініп, әрқайсысына ат қойылады, сөйтіп, жай жоспары жасалады. Бұдан кейін осы жоспар бойынша оқушыларға текске жуық түрде ауызша мазмұндатылады. Мазмұндауда ертегінің басында, ішінде және соныңда болатын көптеген ертегілерге тән қайталауларды оқушылардың кірістіріп айтуын талап етеді.

Ертегі  - оқушылардың қызығып оқитын, құмарта тыңдайтын жанрының бірі. Келістіріп оқу үйірмесінде оқушыларға өздерінің білетін ертегілерін де көркем түрде айқындауға болады. Ол үшін оқытушы кімнің қандай ертегілер білетінін анықтап, оларға айттрып көреді: идеялық-көркемдік мағынасы күшті, тәрбиелік маңызы зор ертегілерді сұрыптап алады, сөйтіп, оқушыларды көркемдеп айтуға дағдыландырды. Оқушылар әбден жаттыққан кезді, мектепте халық ертегілерінің кешін қамдастырып, оларға айттырады. Әрине кештің программасы кілең ертек қана болмай, ән, би. Хор сияқтылармен аралас жасалады.

 

 

1.3 Ертегілерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

 

 

Әдебиет ғылымында көптен бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша көркем шығармалар өзара үш салаға бөлінетіні, яғни эпос, лирика, драма болып үш текке жіктелетіні белгілі. Осыған орай әрбір әдебиеттік жанрдың өзін өзгеден айырып танытатын айрықша белгілері, ерекшеліктері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы өзінің шындық болмысты бейнелеп көрсету жөнінде қолданған көркемдік әдіс-амалдары, композициялық өзгешілігі арқылы белгіленеді.

Сабақ – оқытудағы ең негізгі үрдіс. Материалды есте қалдыру, жан-жақты оқушы бойына сіңіре білу - әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Жаңа тақырыпты оқытуда, болжауда шешуші тұлға – мұғалім. Мұғалімнің білімі, шығармашылық ізденімпаздығы жан-жақты көрінеді. Мұғалімнің әрбір әдісті алдын ала болжап, сабақ өту барысында жүйелі әрқайсысын өз орнына қойып, қолдана білуі – оқу мәселелеріндегі ең маңызды кілт. Қай мұғалім болсын сабақ жоспарын жасауда ең әуелі жаңа материалды мазмұндаудың жүйелілігіне көңіл бөлуі тиіс. Сабақ кезеңдерін қалай орналастыруды ойластырғаны жөн. Сонда ғана ғылыми негізделген сабақ жоспары жасалады. Сабақ жоспары – мұғалімнің бір 45 минут ішінде атқаратын жұмысының арқауы.

Оқытудың алдын ала болжау ұстанымының мақсаты – сабақ беруде әдістердің ең маңызды әдістерді материалға байланыстырып, оқушының білімін тереңдетіп, әдебиетке құштарлығын оятып, оларға сапалы білім беру жолын табу. Бұл мақсатқа жетуде мұғалім ізденісі шешуші роль атқарады. Нақты міндеттерді айқындау – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақты меңгерту барысында, оқушы міндетін анық-айқын болжай білуі керек. Мұғалім шығармашылығы мен оқушы шығармашылығындағы үйлесімді нақты болжау маңызды үрдіс. Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ІХ ғасырдың өзінде-ақ: «Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» деген болатын. Ол – жаман мұғалім. Шындықты (материалды) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны табуға, болжауға үйретеді деп есептеді. Мұғалім бүкіл сабақ барысында, әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра, белсендіре алатындай нақты міндеттерді айқындап алып, жоспарын түзеді. Жоспар сайып келгенде, ұстаз оқыту үрдісінің нәтижесіне болжам жасай отырып, шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы – олардың өз іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа ала отырып жасалады.

Әдістерді таңдап алу – ең күрделі үрдіс. К.Д. Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігін де жойылады», - деп мұғалімдер ісіндегі жауапкершілікті орынды көрсеткен. Жоспардағы әдістерді жүзеге асыру үшін: сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарының бірлігі; сабақтың дидактикалық ұстанымдары мен әдістер байланысы; жас ерекшелігі мен тақырыптың үйлесімі; пәнаралық байланыс жүйесі. Осы талаптар өзара өзектестік тауып, жоспарға айналғанда сапалы оқу үрдісі нәтижесін береді. Ал, әдістерді жоспарда дұрыс орналастыру – мұғалімнің шеберлігі мен білім деңгейін таразылайтын сәті. Мұғалім бала қабілеті мен әдістерді толық меңгерген, сабақ үрдісінде әр әдісті өз орнында шебер пайдалана білетін жүйе-жүйесімен орналастыра алатын, біліммен бала жанын тербейтін, білім нәрін құятын дирижер болуы керек[22]. 

Ертегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілдер, оқу формалары, сабақ типтері тиімді саналады? «Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу. Пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластыру. Ертегілерді оқыту жолдарын мысалы, «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5-сынып) арқылы қарастырайық (Шығарманың толық мазмұны қосымшада берілген) [23]

Ертегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, әрі мұның оқушылар оқығалы отырған тұңғыш көлемді ертегі екенін ескеріп, мұғалім оны эпизодтарға бөліп, көрнекі етіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады. Ертегіні мына эпизодтарға бөлуге болады:

І. Кендебайдың тууы және Керқұла құлын тарихы.

ІІ. Мергенбай батырдың баласы, оның басынан өткен жайлар.

ІІІ. Кендебайдың Мергенбайды іздеп, сапарға аттануы, Керқұланың көмегі.

ІҮ. Кендебайдың малшы болуы.

Ү. Алтын құйрықты құлын тарихы. Оны Кендебайдың тауып, хан қолына табыс етуі.

ҮІ. Ханның жаңа шарты, Кендебайдың оны да орындауы.

ҮІІ. Ата-анасына қосылып, баланың бақытқа жетуі. Кендебай батырдың елі.

Ертегіні оқу барысында мұғалім: «Балалар, қазір мына эпизодты оқимыз, онда қандай оқиғалар болады екен, кәне, тыңдап отырайық», - деп, олардың назарын үнемі негізгі эпизодтарға аударып отыру керек. Эпизодты оқып болған соң, сұрақтар арқылы қолма-қол мазмұндатудың маңызы зор болмақ.

Сұрақтар мен тапсырмалар: Мысалы, 1-эпизодқа

1) Ертегі қандай сөздермен басталды?

2) Қазанқап кедейдің іс-әрекеті, кәсібі туралы не айтылған?

3) Кендебай дүниеге қалай келді? Оның сипатын, мергендігін айтып бер.

4) Кендебай Керқұла құлынға қалай ие болды? Құлын қалай өсті?

Мазмұндап болған соң, эпизодқа тақырып қою жұмысын жүргізу керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге бұл көріністерге, «Кендебай және Керқұла құлын тарихы» деген тақырып қоюға болады. Мұғалім эпизодқа тақырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсіндіреді, яғни тақырып сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы айналасында қойылатынын ескертеді.

Ертегі мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып, балаларды да қатыстырып отыруы керек. Бүкіл сынып болып, кезектесе оқуға немесе жекелеген балаларға оқытуға да болады. Соңғысында балалар мәтінді үнемі іштей ілесе оқып отырады, мәнерлеп оқуға дағдыланады, мұғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жұмыла жұмыс істейді. Сондай-ақ, эпизод бойынша кезектесе оқудың да тиімділігі бар (тақтадағы көрнекілікті негізге алып). Ертегі мазмұнын меңгерту кезеңінде қызықты эпизодтарынан инсценировака көрсетуге болады (үйірме мүшелерінің көмегі, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен). Онда кездесетін архаизм сөздерге түсінік беріп, сөздік жұмысын жүргізу – басты тәсілдерінің бірі. Содан кейін ертегі мәтінін мазмұндату жұмыстары басталады. Мазмұндату да бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. Мысалы:

а) мәтінге жуық толық мазмұндату;

ә) эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;

б) өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау;

в) мұғалім сұрағына жауап-мазмұндау.

Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып, жүргізген дұрыс. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып, жүргізілген дұрыс.

Әдеби талдауды төмендегі үлгіден көуге болады.

Жоспар

Әдіс-тәсілдер

  -Ертегі – ауыз әдебиетінің бір саласы. Өзіндік ерекшеліктері

- «Керқұла атты Кендебай» ертегісі, оның қиял-ғажайып сипаттары

-Ертегі негізінде жатқан басты мәселелер

-Басты кейіпкерлер. Кендебай бейнесі. Кендебайға мінездеме.

- Жетім бала

- Хандарға мінездеме

- Керқұла ат туралы

- Ертегінің көркем тілі, халықтың тілі, құрылысы, маңызы

Әңгімелеу, баяндау

Баяндау, сұрақ-жауап, оқулық пен жұмыс (кейбір қиял-ғажайып оқиғаларды талаға тапқызу)

Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу

Сұрақ-жауап, иллюстрациялар. Оқулықпен жұмыс. Мұғалім баяндауы

Оқушының ауызша суреттеуі

Сұрақ-жауап. Әңгімелесу.

Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу. Салыстырмалы мінездеме

Оқулықпен жұмыс, оқушы әңгімесі

Практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап

Мұғалім баяндауының үлгі жоспары. Әдіс-тәсілдер.

Кесте 1- Мұғалім баяндауының үлгі жоспары.

 

Оқушыларға қойылатын сұрақтар проблемалық сипатта (іздендіру әдісінің элементтері бар) болуы керек, себебі ол оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырады, білімді өз ынталарымен алуға жағдай жасайды [3, 165 б.].

Сұрақтар мен тапсырмалар:

(сыныпта, үй тапсырмасында қолданылады).

1) «Керқұла атты Кендебай» ертегісі неге қиял-ғажайып ертегісіне жатады?

2) Ертегі арқылы халық нені айтпақ болған?

3) Халық арманын қай жерден көруге болады?

4) Өзіңе Кендебай ұнай ма? Әсіресе, қандай мінездері, іс-әрекеттері ұнайды?

5) Кендебай арқылы халық нені армандаған, соны айтуға тырыс.

6) Қалай ойлайсың, Керқұла ат болмаса, Кендебай Мерген батырды құтқара алар ма еді?

7) Керқұла ат арқылы халық не айтпақшы болған?

8) Екі ханға салыстырмалы мінездеме бер. Өзіңше қайсысы өте ұнамсыз, әділетсіз?

9) Жетім баланың ертегідегі орны туралы әңгімеле. Қалай ойлайсың, егер ол бала Кендебайға кезікпесе, ертегі дәл қазіргідей қызықты болар ма еді?

10) Ертегіні өзің ары қарай қалай жалғар едің?

11) Кендебайға ұқсағыларың келе ме? Келсе, әсіресе, қай қасиетіне ұқсағың келеді?

12) Ертегіден ұйқасты сөз тіркестерін тап. Өзіңе ұнаған жақсы сөз болса, дәптеріне жазып ал.

5-сынып оқулығында бірнеше ертегі беріледі. Оларды оқып, талдап болған соң, қорытынды сабақ ретінде салыстыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Мұндай жұмыс оқушылардың ертегілерді жанрлық жағынан бір-бірінен ажырата білулерін, ортақ, ұқсас мәселелерін, үндестіктерін, өзіндік ерекшеліктерді тереңірек түсінуге көмегін тигізеді. Мұндай сабақты «Ертегіде қонақта» (сабақ үлгісін композициялық сабақ ретінде алуға болады) немесе «Ертегі кейіпкерлері сыр шертеді» деген тақырыптарымен өткізуге болады. Бірнеше ертегіден шағын көріністер көрсету (оқушылар өзі дайындайды), ертегіні ертекшіге бастату (оның рөлінде де оқушылар болады), ертегілер бойынша суреттер салғызып, (қабілеттеріне қарай), сабақта оны пайдалану балалардың әдебиетті сүю, халық туындыларына деген құрметін, қызығушылығын арттырады [24].

Халық ертегілерімен қоса, оқулықта әдеби ертегілерге де орын берілген. Әдеби ертегілерді оқытқанда, мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

- Әдеби ертегінің халық ертегісінен басты-басты айырмашылығы (авторының бар екені, кейде халық арасына тараған аңызға құрылатыны);

- Ұқсастық, үндестік жақтары;

- Көтеретін негізгі мәселелері;

- Көркем поэтикалық тілі;

- Ертегінің маңызы, тәрбиелік мәні [25, 13 б.].

5-сыныпта ақын Ә. Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі берілген. Ертегінің оқиғасы қызықты, оқуға жеңіл жазылған. Сол себептен де балаларға бағыт бере отырып, оны үйден оқуға тапсыруға болады

 

Кесте 2 - Балаларға ұсынылатын үлестірме-нұсқау көмектер

 

 


І бөлім

- Ертегінің ел ауызындағы аңызға жазылуы.

- Ертіс жағасындағы жұбайлар. Саржан мен Айсұлу. Ұл туу.

- Жас бөбек Толағай. Оның сипаттары.

Жеті жасқа дейінгі өсуі, алыптар қатарына жетуі.

- Толағай аңда.

- Жем іздеген жолбарыс.

- Жолбарыстың Саржандарға тап болуы.

- Саржанның Толағайды көмекке шақыруы.

- Толағайдың жолбарыспен шайқасы, оны жеңуі

І-шумақты қара: «Бір әңгіме есімде бар»...

ІІ-ІҮ шумақтар

Ү-ҮІ-ҮІІ-ҮІІІ шумақтарды оқы

ІХ-Х-ХІ шумақтар

ХІІІ шумақ

ХІІІ-ХІҮ шумақтар

ХҮ-ХҮІ-ХҮІІ шумақтар

ХҮІІІ-ХІХ-ХХ шумақтар

ІІ бөлім

- Ел басына түскен қайғы.

- Толағайдың да қайғыруы. Шешесімен сырласуы.

- Сапарға аттануы (Тарбағатайға).

- Бір шатқалды көтеріп, елге бет бұруы.

- Қиналу, сонда да тоқталмай, елге жетуі.

- Жаңбыр жауып, халықтың қуанышқа кенелуі.

- Сүрініп кету. Толағайдың мерт болуы.

- Халық қайғысы, күңірену.

- Толағайдың тауға, аңызға айналуы, халықтың ардақтауы

І-ІІ шумақтар

ІІІ-ІҮ-Ү шумақтар

ҮІ- шумақ

ҮІІ шумақ

ҮІІІ шумақ

ҮІІІ шумақ

ІХ- шумақ

Х шумақ

ХІ-ХІІ шумақтар

 

 

Ертегі мазмұнына байланысты сыныпта қойылатын сұрақтар:

1) Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?

2) Толағай дүниеге қалай келді?

3)Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелінген?

4) Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтасың?

5) Жолбарыспен шайқасын толық мазмұндап бер. Ол неге жолбарысты «мысық» дейді?

6) Толағай алыстағы Тарбағатай тауына не себепті аттанды? Анасынан не сұрап білді?

7) Толағай қалай қаза тапты? Не үшін қаза тапты?

Ертегіні балалардың қалай түсінгенін осындай сұрақтармен анықтап, толықтырылып, керекті жерінде мұғалім мәтінді пайдалана отырып, түсіндіріп, кейбір сұрақ-тапсырмаларды практикалық жұмыс арқылы, яғни оқулықпен жұмыс істей отырып орындап, ары қарай әдеби талдау жасауға көшу керек, онда да оқушыларды үнемі қатыстырып, ең алдымен оларды тыңдап отырудың тиімділігі бар [3, 168 б.].

Әдеби талдау сұрақтары (оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, іздендіру мақсатындағы):

       1) Қалай ойлайсыңдар, Әбділдә аталарын осы ертегі арқылы не айтпақшы болған? Ертегі негізінде қандай ой жатыр?

       2) Толағайға мінездеме бер. Толағай бейнесін жасауда ақын қандай бейнелі сөздер, көркем тіл пайдаланған?

       3) Толағайдың Кендебайға ұқсастығы бар ма? Қайсысы өзіңе көбірек ұнайды? Ұнау себебін түсіндір.

       4) Халық басына түскен ауыртпалық қайғы не себепті Толағайды да ойға түсіреді?

       5) Қалай ойлайсыңдар, ертегінің қай оқиғасы, не Толғанайдың қай іс-әрекеттері шындыққа сәйкес?

       6) Ақынның Толағайға деген сезімі, көңілі туралы не айтар едіңдер?

       7) Қалай ойлайсың, ақын Толағай тағдырын дұрыс шешкен бе? Өзің осы ертегіні қалай аяқтар едің?

Ертегі құрылысы, тілі, көркемдік ерекшелігі көбіне практикалық жұмыстар, яғни оқулықпен жұмыс арқылы ашылады.

Осы ертегіге қатысты мынадай практикалық жұмыстар орындатуға болады:

1) Толағай және оның анасы Айсұлу портреттерінің жасалу жолдары. Ертегіден тауып оқу, теріп жазу (анасын сипаттайтын сөздері).

Бұл жұмыстың басты мақсаты: балаларда теңеу, эпитет туралы алғашқы ұғым қалыптастыру.

2) Толағай пішіні, өсіп, ер жетуі, батырлығы, алыптығын көрсетудегі ақын шеберлігі, көркем тәсілі.

Мақсат: Әсірелеу (гипербола), көтере мадақтау туралы түсінік беру.

3) Жолбарыс пен Толағай арасындағы айқастан бейнелі сөздер, айшықты сөз тіркестерін таптыру, олардың Толағай бейнесін жасаудағы рөлін анықтату.

 4) Ертегідегі ойды көркемдеп беретін басқа да сөз тіркестерін тауып, олардың маңызымен атқарып тұрған орнына түсінік беру. Мысалы, «Түн қап-қара шашын жайды», т.б.

Сондай-ақ, әдеби ертегі мен халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді салыстыру жұмыстары да нәтижелі болмақ.         

- «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік» ертегілерін еске түсіріңдер.

- «Толағай» ертегісінен айырмашылығын сараптаңдар (мысалы, басталуы, аяқталуы, қиял-ғажайып оқиғалары).

         - Толағай мен Тазшаны, Кендебайды салыстыру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1) Қайсылары шындыққа жақын бейнелер?

2) Қайсысы туған елін сүйетін, халқы үшін опат болуға даяр патриот ұл?

3) Үшеуінің ортақ қасиеттері туралы айт [24, 31 б.]

  Ертегілерді оқытудағы ең басты мақсаттың бірі – балалардың өзін қанаттандырып, қиял әлеміне, арман биігіне жетелеп, жақсылыққа, ізгілікке сендіріп, батырлыққа, ерлікке елтіп, халық туындыларына деген қызығушылығын арттыру болып табылады.Қай ертегіні оқытса да, мұғалім өзінің осы ең басты мақсатын бір сәт те есінен шығармауы керек.

Ертегілерді оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың да өте маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларды қолданудағы негізгі міндет – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдері арқылы өмірге деген сыни көзқарастары қалыптасып келеді.Осының бәрі де өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтары негізінде оқушылар арасында:

-       Бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

-       мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

-       өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

-       өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

-       достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу;

-       өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

-       бір-біріне құрметпен қарауға;

-       белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

-       Жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы.  Сондықтан, мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын.

Сабақ барысында «сыни тұрғыдан оқу мен жазудың» көмегі зор.  Оқушы жеке жұмыс істеуге, жұппен, топпен жұмыс жасауға жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге машықтанды.Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерін жаңа білімдерімен ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берді. Курстық жұмыстың практикалық бөлімінде осы стратегияға сәйкес  5-сыныпқа  арналған Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісінің сабақ жоспары ұсынынылады [28, 58 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ү-ҮІ СЫНЫПТАРДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1 5-6 сыныпта әдебиетті оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері

 

 

Ертегі – сюжетті шағын көлемді көркем шығарма.

Ертегі жанры сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз адебиетінде осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мысалы, Абай, Ыбырай, Дулат, А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, С.Көбеев секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зерттеуші М.Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихында Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кібына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. Абай Алтынсаринді жақсы білген де, зор бағалаған»,-дейді[27 .б].

Зерттеуші Абайдың Крылов мысалдарынан оның заманындағы әлеуметтік, саясаттық ерекшеліктерінен туған әжуа, сатира жақтарын көп алмай, оның орнына өз оқушысына оңай, ұғымды боларлық мысалдарды алғанын айтады. Мәселен, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов бір ауыз сөзбен ғибрат айтса, оны Абай төрт жол өлеңмен береді.

Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. «Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма» [1,36.б ] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр.Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.

Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.

Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:

·  сауықтама;

·  сарындама.

Сарындаманы үшке бөледі:

·  салт сөзі;

·  ғұрып сөзі;

·  қалып сөзі:

Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: «Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады», - деген [31, 37.б]. Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: «Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді» [31, 37 б. ], - деп түйіндей түседі.

Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский бұл жанрды: «Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры» десе [2, 105 б.], академик З.Қабдолов «Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты»,- дейді [31, 37 б.].

С.И. Радцигтың «Көне грек әдебиетінің тарихы» атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: «Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған» [32, 10 б.].

Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: «Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б.э.б. VІғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай – бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады», - дейді [5, 161 б.].

Кейіннен жарық көрген доцент М.М. Иманғазиновтың «Антика әдебиеті» атты еңбегінде автор: «Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр» [4, 25 б.] деген тұжырымдама ұсынады.

Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш.Ыбыраев былайша жазады: «Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады?» [4, 42 б.].  

Ғалым Ш.Ыбыраев осылайша мысал жанрын ауыз әдебиетінің өзге де түрлерімен қатар қойып, бөлек топтайды. Сонымен қатар ол мысалды бұрын соңды кездеспеген жаңаша түрде жіктеуді ұсынады:

А) Мысал (мысал өлеңдер, мысал сөз, мысал айтыс)

Ә) Апалог

Б) Тәмсіл [7].

Ертегі жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.

Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: «Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: «...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған» [26, 40 б. ], - деген тұжырымын негізге аламыз.

Халық ертегісінде жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, «Маймыл мен түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Түлкі, тасбақа, кене», «Түлкі, аю, қойшы» т.б. ертегілер.

Осы ертегі тәріздес өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.

Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған «мысал» деп айдар таққан [28, 84 б.].

Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С.Қасқабасов «ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады» деп түсіндіреді.

Мысалдың басты мақсаты – адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Мәселен, ақын, сатирик Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мысалын алып көрейік. Мысалдың мәні-адам бойындағы міншіл, күншіл қасиеттерді болдырмау, еңбекке жақын болып, қоғамға пайдалы болуды насихатту. Осы ретте, мысал кейіпкерлері бидай мен қаңбақтың диалогі беріліп, екеуінің өздерінің қасиеттерін санамалап, кімнің мағыналы өмір кешіп жатқаны сарапқа салынады. Қаңбақ:

Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай тұрысың?

Жүрмейсің, кірмейсің, кезбейсің.

Не бар, не жоқты да сезбейсің.

Көктемде шығып.

Күз болса бұғып,

Бастарың салбырап,

Тұрғандардың маужырап,-

Деген күншіл қаңбақ бидайды сөгіп, өзінің таяз ойының таразысына салады. Өзін асқақ Өзін асқақ ұстап, жөнсіз әрекет тірлігін дәріптейді:

Мен болсам міне,

Күні мен түні

Ұшарымды жел біліп,

Қонарымжды сай біліп,

Сайран салып жүргенім,

Қызық өмір сүргенім.

Қаңбақтың бұл есірген мінезіне шыдамаған бидай оны ащы сөзбен түйрей жөнеледі:

Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай жүрісің?

Белгілі тұрағың жоқ,

Бас түгіл құлағың жоқ.

Қаңғырған қаңбақсың,

кімге пана болмақсың?

Бидай өздерінің дән мен әнге, бақ пен даңққа, ерлік пен жеңіске толы мағыналы өмірін қарсы уәж етеді. Қаңбақ пен бидай дауының дұрыстығын саралауды ақын оқырманның өздеріне салмақтауды тапсырады. Осы мысалы талдауда жиі қолданылатын рөлге бөліп оқыту арқылы, мұғалім оқушылардың адамның мінез-құлқы, кәсібі, іскерлігі туралы пікірлерін ашық айтуға бейімдейді. Ол үшін мынадай сұрақтар қоюға болады:

Бидай мен қаңбақтың таласынан не түсіндіңдер?

Қаңбақ секілді өмір сүруді дағды еткен адам кездесе ме?

Сәнді, абыройлы өмір сүру дегенді қалай түсінесің?

Өмірдің мағынасы неде?

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер келтіріп мәнін ашқызуға болады. Мысалы: «Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп», «Ердің атын - еңбек шығарады», «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес». Осыдан соң, мысалда кездесетін астарлы ой, ишарат мағынаның ерекшелігін ашып, мәтіннен дәлел келтіреді.

Қорыта айтқанда, мысалдың бірінші қызметі - тәрбие беру, содан кейін танымдық. Сондықтан баланың бүкіл ықыласы мен ынтасын жас кезінен бастап еңбексүйгіштік қасиетті бағалай білуіне аударуымыз керек. Ал осы терең мағыналы халық шығармалары арқылы жүзеге асады.

Мысалдарды оқыту барысында мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:

1) Мысалдарды оқыту алдындағы дайындық жұмысы. Мысалды оқудан бұрын алдын-ала дайындық жұмыс жүргізіледі. Дайындық әңгіме оқиғасын оқылатын мысалға байланысты болуы керек.

2) Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру. Оқулықта ертегі мен мысал ішінде кездесетін кейбір   қиын сездердің алдын-ала  түсіндіру қажет. Бірақ мағынасын түсінуге ауырлық етеді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен   түсіндіре беру керек деген ұғым тумасқа тиіс. Оқуға дайындық кезінде мысалды жалпы мәнін ұғынуға қиындық келтіретін сөздер ғана іріктеліп алынады.

3) Суреттерді қарау. Мысалдың мазмұнына сай суреттер берілсе, оларды
оқуға дайындық кезеңінде пайдалануға болады. Мұнда есте болатын жай -
оқулықта   берілген   суреттерді   алдын-ала   көрсетіп,   оқылатын   мысалдың
мазмұнын айтып қоюға болмайды. Ол суреттер мысалды оқуға дайындау
үшін емес, мысалды оқып шыққан соң немесе оқу барысында оның мазмұны
жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін беріледі.

4) Мысалмен танысу. Дайындық кезеңі біткеннен кейін балалар
мысалмен мазмұнымен таныстырылады. Мұнда мұғалім ауызша айтып береді.
Мысалдың мазмұнын айтқанда тыңдаушының  көкейіне қондырып, санасына
жеткізу үшін, ал нақышына келтіре үлкен шабытпен айтылуы тиіс.

Бала психологиясының нәзік сырларын жете білген атақты кеңес педагогы А.С.Макаренко баланың жан-жүйесіне әсер етуде дауыс ырғағының ерекше маңызы бар екенін көрсеткен болатын. Ұлы педагог: «Егер менімен жұрт тек бір қалыпты дауыспен сөйлесетін болса, мен бір жылдан кейін дарға асылып   өлер едім» - деп, дауыс ырғағына өзінің қаншалықты мән беретінін білдіре келе: қайткенде де сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің ерекшелігіңізді сезіне алатындай болсын» - деп көрсетеді [22, 29 б.].

Балаларға нақышына келтіре сөйлеген сөздің өзі теңдесі жоқ әсер ететіні, олардың есту сезімін дамытып, санасын оятатыны, ертегінің психикалық мәнін түсінуге мүмкіндік беретіні жөнінде әдістемелік әдебиеттерде айтылады.

Мысалмен танысқаннан кейін оқыту жұмысы жұргізіледі. Оны кейде мұғалім өзі оқып көрсетеді, кейде мәнерлеп жақсы оқитын оқушыға оқытады. Оқығаннан кейін бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қоюға, жоспар жасатуға болады. Мұғалім бағыт беруі керек.

5) Мысалды оқыту барысында біз баланы дұрыс белгілі бір дәрежеде шапшаң оқытуға жаттықтырамыз. Кей жағдайда ертегіні шапшаң оқимын деп, өзінің мөлшерлі оқу қарқынынан шығып кетіп, қателер жіберуі мүмкін. Сондықтан шапшаң оқытамын деп, дұрыс оқудың ережесін бұзбауын сақтықпен қадағалаған жөн.

Мысалды дұрыс, мәнерлеп рөлге оқу дегеніміз - сазына келтірген оқу деген сөз. Бұл, ең алдымен, сөздерін дұрыс оқу, түсініп оқу және белгілі дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап окуды талап етеді. Оқушылар осы шарттарды толық орындап, оқу жылдамдығын меңгергенде ғана ертегіні келістіріп, мәнерлеп оқи алатын болады. Мысал немесе ертегіні болсын мәнерлеп оқи білу оқушылардың оқығанын дұрыс ұғуға, түсініп оқуға машықтандырады.

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар кіші жанр түрлерін мәнерлеп оқып дағдыланады. Оқылатын шығармаға байланысты мүмкіндігінше оқу түрлерін таңдап, сұрыптап, ойластыра отырып ала білсек, сабақ бір сарынды болмай оқушының сабаққа қызығушылығын, оқу машығының арттары сөзсіз деп ойлаймыз. Оқу кезінде алған білім-дағдылары олардың тіл мәдениетін арттырып, сөзін мазмұнды, мәнерлі етіп сөйлеуге үйретеді.

6) Мысалды рөлмен оқу балалардың жаңа сабаққа қызығушылығын
арттырып,   кейіпкер  бейнесін  дұрыс  суреттеуге жәрдемдеседі. Ол үшін
мұғалім сыныпта бір-екі рет қалай оқу керектігін көрсетеді. Содан кейін
балаларға роль бөлініп беріледі. Әрбір оқушы өз ролін оқығанда ертегінің
тұтас қалпында қандай дауыспен, үнмен оқылуына сәйкес ой екпін, кідіріс,
дауыс ырғағы сияқты мәселелерді қарастырады. Осы айтылған жұмыстар
мүлтіксіз орындалса, оқушылардың рольмен келістіріп оқуы дұрыс шығуы
сөзсіз. Мұндай оқу оқып тұрғандар үшін де, тыңдаушылар үшін де пайдалы.
Кей жағдайда оқылатын ертегі мазмұнына байланысты хорға қосылып оқуға
да болады. Хорға қосылып оқуды да мұғалім өзі үйретуі қажет. Мысалды былай оқытудың бұл түрі де сабақтың мазмұнды өткізілуіне көмектеседі. Оқылатын ертегі өзінің мазмұнына, құрылыс ерекшеліктеріне қарай оқушыларға бөлініп беріледі. Ертегінің бір жерін жеке оқушылар, екінші жерін бір топ оқушы, үшінші жерін барлық оқушы қосылып оқуы мүмкін. Демек, хорға қосылып оқу ертегі мәтініне қарай түрлі-түрлі болуы ықтимал. Ертегінің қай жерін дара, хормен, қандай дауыспен оқу керектігі үйретіледі.

7) Мысал кейіпкерлеріне мінездеме беру. Қандай мысалдың болса да
кейіпкері болады. Сол кейіпкерге мінездеме беру мысалдың тәрбиелік мәнін
аңғартуға көмектеседі. Кейіпкерге талдау бергенде, мазмұндау мен
мінездемені шатастыруға болмайды. Мазмұн желісінде оқиғаның мәтін реті
бойынша   әңгімеленеді.   Ал   мінездеме   топшылау,   бағалаудың   элементі
болады. Онда оқиғаның реті сақталмайды, кейіпкердің мінезі логикалық
байланыс   арқылы   сұрыпталынып,   әлденеше   белгілерге   бөлініп,   кейде
салыстырыла баяндалады.

Мінездеменің өзі дара, салыстырмалы және топтамалы болып үш формада жасалады. Дара мінездеме жасау бастауыш форма болуға тиіс. Жеке кейіпкерге мінездеме жасап үйренген соң балалар оларды салыстырады, топтайды, жіктейді. Сондықтан мінездеме жеңілден (дарадан) бастап, сол дағдыны жетілдіре отырып қана күрделі (сапыстырмалы) мінездемелерге көшуге болады [23, 27 б.].

Дара мінездемеге мұғалім әуелі өзі жасаған жоспармен балаларға мінездеме жасатады. Төменгі сыныптарда қарапайым мінездеме - мінез-құлқы мен істеріне, реніші мен қуанышына, өздерін қоршаған ортаға көз қарастарын талдау нәтижесінде ертегінің кейіпкерін қандай екенін ажыратады.

8) Мысалдың көркемдік қасиетін таныту. Балаларды мысалдың қарапайым, жеңіл тіліне, бейнелі сөз тіркестеріне көңіл аударып, аңғартып отыруын қадағалаған жөн. Мұғалім талдануға тиіс сөздер мен ұғымдарды іріктеп алып түсіндіреді. Кейде суреттеу құралын пайдалануға болады.

9) Оқылған мысал бойынша қорытынды әңгіме. Көлемі қандай мысал
болса  да окушылардың тілін дамыту мақсатымен  ауызша  мазмұндату
қорытынды әңгіме мақсаты жүргізіледі. Бұл тек тіл дамыту ғана емес ертегіні
оқу, мазмұнын ұғу мақсаттары көзделеді. Ауызша мазмұндау бірнеше түрге
бөлінеді: толық мазмұндау, қысқартып мазмұндау.

10) Мысалдың мазмұнын ашу, талқылау мақсатына қойылатын сұраулар
оқушылардың ертегіні тереңірек, саналы меңгерулеріне жәрдемі тиетін,
оқылған ертегінің мазмұнын толық қамтитындай жүйелі түрде
ойластырылған, негізгі түйініне көңіл аударатындай шағын қорытынды
сұрау болуы қажет. Яғни әңгіме қызу жүру үшін сұраулар ұсақталмай,
балаларды ойлануға мәжбүр ететіндей, ертегідегі бірнеше оқиғаны бірақ
қамтитындай,  тұжырымды,  бір-бірін толықтыратын  болуға тиіс. Жақты
ауысытырып  әңгімелеу  ертегіні  тереңірек  меңгеруге  мүмкіндік туғызса,
екіншіден, өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талпындырады. Мұнда
ертегі кімнің атынан баяндалса, өзін соның орнына қойып айтуы тиіс. Бұл
жұмыс ертегінің мазмұны мен оқиға желісін толық меңгерсе ғана іске асады.

Мектепте өтілетін идеялық мағынасы – моральға ататын мәселелердің бірі туралы үгіт айту, насихаттау, жақсылықтан үлгі-өнеге, ғибрат алу, жамандықтан безу, жирену. Мысалдан шығатын қорытынды пікір, идея автордың немесе кейіпкерлердің сөзі арқылы, не мысалдың тұтас мазмұны арқылы беріледі. Сондықтан алдымен өтілгелі тұрған мысалдың идеялық мағынасы осы үш жолдың қайсысы арқылы айқындалып тұрғаны анықталады. Осыған орай әрбір мысалдың идеялық мағынасын ашуға лайықты әдіс-амалдар қолданылады. Егерде мысалдың идеялық мазмұны автордың сөзі арқылы айқындалып тұрса, ол уақытта оқушыларға: Жазушы осы мысалда суреттеліп отырған оқиға туралы не деп отыр? Немесе автор мысалдарға кейіпкерлер жайында не айтып отыр? деген сияқты сұрақтар қойылады.

Мысалы, жазушының:

Қайтсын қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер!

(И.Крылов, «Шегіртке мен құмырсқа»)

деген  сөзін қалай түсінуге болады? Шегіртке мен құмырсқаның қайсысының сөздері мен істері орынды, қайсысынікі орынсыз?

        Егерде мысалдың идеялық мағынасы қатысушы кейіпкерлердің біреуінің сөзі арқылы берілсе, ол уақытта оқушыларға мысалда не нәрсе айтылғаны, оның дұрыс не бұрыстығы туралы сұрақтар қойылады. Мәселен, «Бидай мен қаңбақ» (А.Тоқмағамбетов) мысалын өтуге байланысты бидайдың:

Қаңғырған қаңбақсың,

Кімге тұлға болмақсың?..

деген сөзін қалай түсінуге болады? Оның бұлай деуі орынды ма? деген сөздерін іздендіретін сұрақ қойылып, оған Бидайдың қаңбаққа айтқан бұл сөзінен осы мысал өлеңнің идеялық мағынасы ашылып тұр. Демек, бидайдың қаңбаққа былай деп айтуы дұрыс, орынды деген жауап алыну керек.

Егер мысалдың негізгі идеялық мағынасы қатысушы кейіпкерлердің мінез-құлқы, ісі арқылы айқындалып тұрса, ол уақытта оларға дара немесе салыстырмалы түрде мінездеме жасалады. Мәселен, «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы кейіпкерлерге осындай мінездемелер беріледі. Сондай-ақ, бұл мысалда кейіпкерлер мен шығарманың идеялық мағынасы арасындағы қарым-қатынастың қандай екені бірден көрінеді.

«Жапырақтар мен тамырлар» (И.А.Крылов) мысал өлеңінің соңғы шумағында:

Жаз сайын жапырақтар жаңарады,                                 

Егерде десек тамыр суалады.                                   

Болмаймыз біржолата сіз де, ағш та                                   

Қопарыла құлауға қуарады...

деген идея екі кейіпкерді, яғни жапырақтар мен тамырларды салыстырғанда айқындалады [25,103 б.].      

Бұл мысалдан автордың өмір шындығына қарым-қатынысының қандай екені де байқалады: мысалдың идеясын ашуда бұл мәселенің де мәні бар. Автор жапырақтардың мінез-құлқына, ісіне наразылық білдіреді, ажуалайды. Сөйтіп, жазушы өз заманындағы ақиқат шындықтың бет пердесін ашады.

Мысал өлең IV-VI  класс оқушыларына кейіпкерлердің өзіне тән мінез, сипат ерекшелігін таныта отырып, жеңіл түрде көркемдік түйін туралы ұғым беруге де қолайлы. Өйткені ондағы қаһармандардың кейіпі, мінез-құлқы оқушылардың түсінуіне жеңіл және олардың ерекшелік жақтарын жинақтап көрсетуге мүмкіндік береді.

         Мысалдарда бейнеленген мінез-құлықтар мен істер кейде басқа шығармаларда да суреттеліп, белгілі бір тұрмыста, қоғамдық ортада көрсетіледі. Мұндай ретте мысал өлең мен сол шығарма оқиғасының ұқсастығы жақтарынан өзара салыстырылады. Кейде мысалдарда кездесетін қанатты, ұтымды сөз, сөйлемдер мен ұғымдар оқушылардың өз өмірінде кездесетін, болатын оқиға жайттарға қолдана білуге үйретеді.

Өзі қаңбақ болсың,

Онда қайдан салмақ болсын?..

Дұрысын айтқан

Бидай ма, қаңбақ па?

Оны өздерің салмақта...

деген сияқты өрнекті сөз, сөйлемдердің қолдану үшін керекті кейбір фактілерді кейде мектеп тұрмысынан да, оқушылар өмірінен де кездестіруге болады.

           Мысал өлеңдер автор мен кейіпкерлер сөздерінің мәнін шын, идеясын ұғуға жәрдем етеді. Өйткені мысалдың идеялық мағынасы тек қана кейіпкерлердің ісі, мінез-құлқы, айналаға қарым-қатынасы арқылы ғана емес, олардың сөйлеген сөздері арқылы да көрініп тұрады. Крылов әрбір қаһарманды өзінің ісіне, мінез-құлқына лайықты тілмен сөйлетеді. Мәселен, есектің бұлбұлға:

Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,

Әттеген-ай, білмейсің әтешті өзің.

деген сөзі оның топастығын, надандығын көрсетіп тұр. Бұл мысалдың менмендік пен надандықты әшкелеу сияқты негізгі идеясымен қоштасып жатыр. Сонымен қатар мысал өлең оқушылардың сөздік жұмысына да үлкен пайда келтіреді. Қашаннан бері халық тілінде қалыптасып қалған өткір, дәл айтылатын сөздер мен ұғымдарды үйренуге көмектеседі.       

Мысал өлеңдер – оқушыларды дара түрде де, рольмен де, хормен де мәнерлетіп, жаттықтыруға қолайлы материалдардың бірі. Мысалдағы айқын бейнелер, оқиғаның диалог түрінде баяндалуы, дауыс ырғағын, мағыналық екпіндер мен кідірістерді қалай сақтап қалу керектігін үйретуге мүмкіндік береді. Сөйтіп келгенде, мысал өлеңдер оқушылардың өмір құбылысын кеңінен тани білу ісіне көмек етеді. Сондықтан да оқушылар үшін мысалдың білімдік-тәрбиелік мәні өте зор.

 

5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ЕРТЕГІЛЕР САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай» ертегісіндегі Толағай бейнесі.

Сабақтың мақсаты:  Ертегінің мазмұны бойынша талдау жасау, кейіпкерлерге мінездемелер беру,  ой-пікірлерін, өз көзқарастарын білдіру. Оқушылардың отансүйгіштік, салалауатты өмір салтын ұстану көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сыни тұрғыдан ойлау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру: талдау, саралау, шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктері:АҚТ құралдары, Спортшылар туралы слайд

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ Класс оқушылары алты топқа бөлінеді.

ІІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1.   Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?

2.   Толағайдың ата-анасының есімдері кім?

3.   Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелген?

4.   Толағайдың алғашқы ерлігі қандай оқиға үстінде көрінеді?

5.   Ол жолбарысты неге теңейді?

6.   Ол неге жолбарысты «мысық» деді?

7.   Толағайдың елі қандай ауыр күндерді басынан өткізеді?

8.   Елін қуаңшылықтан құтқару үшін Толағай кімнен қандай көмек сұрайды?

9.   Толағай тауды қай өлкеден әкеледі?

10.       Еліне жеткен Толағай қандай бақытсыздыққа душар болады?

Қызығушылықты ояту. «Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауы туралы не білеміз? (картадан көрсету.) 

Толағай тауы-Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы..Қалбатауының бір бөлігі.Биіктігі шамамен 700 метрдей. «Толағай»тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады.. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді.Киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келіп, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай» тау деп аталыпты

Мағынаны тану (Класс оқушылары алты топқа бөлініп жұмыс жасайды)

І топ. Салыстырушылар. Әдеби ертегі мен ертегіні  және кейіпкерлерді салыстыру.

 

       Ертегі

          Ортақ

    Әдеби ертегі

1.Ауыз әдебиетінің түрі

2.Ауызша тараған.

3.Авторы жоқ

4 Көп нұсқалы

Екеуі де ертегі.

Жақсылықпен аяқталады.

Қиял-ғажайып оқиғалары болады.

1.Жазба әдебиетіне жатады.

2.Жазбаша беріледі

3 Авторы бар

4 Бір нұсқалы

Кендебай

Ортақ

Толағай

1.Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.

2.Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді.

3.Таз, кедей балаға ат а-анасын тауып әкеледі.

Батыр,ел қорғаны,жанашыр,мейірімді,

қайырымды,алып бала.

1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.

2.Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді.

3.Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.

 

 ІІ Топ. Талдаушылар. Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.

Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген.

Аң аулауға – кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары

ІІІ топ. Сұрақ қоюшылар.

1)  Толағай ел үшін қандай ерлік  жасады?

2)  Толағайды неліктен ел мақтанышы деп атаймыз?

3)  Ақын Толағай тағдырын дұрыс шешкен бе?

4)  Сен өзің Толағай орнында болсаң не істер едің?

5)  Толағайдай адамдар біздің өмірімізде кездесе ме?

ІV Суретшілер. (Шығарма мазмұнынан бір сурет салады)

V Сілтеме берушілер (Тақырыпқа сәйкем мақал-мәтелдер табу.)

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Отансыз арман – ормансыз бұлбұл

Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,Туып-өскен ел қымбат.

Ер жігіт елі үшін  туады, ел үшін өледі. Ер намысы – ел намысы Жүк ауырын нар көтерер, Ел ауырын ер көтерер. Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

VІ Өмірмен байланыс. Ойтолғаныс жазу. «Егер мен Толағай болсам..»,

«Бүгінгі күннің Толағайлары».

VII Үйге тапсырма.

1.Мәтінде кездесетін салт-дәстүрлерді теріп жазу.

Тұрақты тіркестер, синоним сөздер табу. (Тәтті ұйқы, көзін тікті, ат арытып. Жас бөбек, балғын бөбек.Тұлға,пішін.Айналды,толғанды), (Отыз күндік мереке, бата беру, ат қою)

1)           Өлеңнен өздеріңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттау.

Бағалау.

Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім артады.

-Балалар, «Толағай» есіміне қатысты қандай бағдарламаларды білесіңдер? («Толағай» отбасылық сайысы)

-    Ендеше бүгінгі жастар қандай болуымыз керек?

-    Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер едің?

- Бүгінгі бейбіт замандағы Толағайларымыздың қатарын кімдермен толықтырар едіңдер?

-   Толағай сияқты елінің  халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, қазақстан атын әлемге паш ететін азамттар бар ма?

«Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді»

деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ.   Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.

Қорыта айтқанда,  оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген даналық ойы көрсеткендей, осы сыни тұрғыдан ойлау әдісі арқылы біз білімді де, ойлау қабілеті зор. Бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ дайындай аламыз деп ойлаймын.

 

 

«Қаңбақ шал» ертегісі тақырыбының қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы: 5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы сипаттама бере отырып, тәрбиелік мәнін ашу,өмірде бар адамдар мінезімен салыстырып, оқушылар білімін дамыту.

Дамытушылық: Оқу арқылы оқушылардың сана-сезімдік,шапшаңдық, шығармашылық,тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ халқының ертетегілерге деген тәрбиелік сезімдерін күшейту.Адамгершілк,имангершілк қасиеттерге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ертегінің түрін ажырата алады.Ертегінің идеясын анықтайды.Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығы артады.

Әдіс-тәсілдер:Топтық жұмыс,ойын,тест,деңгейлік тапсырмалар, сергіту сәті.

 

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Қызығушылығын ояту

СТО.ДО.

1."Сергіту "сәті:“Сыйлықтар сыйлайық”

           Бір топ келесі топқа ыммен, қимылмен сыйлық сыйлайды, ол топтың не сыйлағанын табады.

2.Топтарға бөлу.

Тренинке қатысады. Топтарға бөлінеді.

ФБ."Бас бармақ"

ІІ.

Үй тапсырмасын сұрау.

АКТ.

Интерактивті тақтағы ұяшықтарды таңдау арылы үй тапсырмасының сұрақтарына жауап алу.

1.Ауыз әдебиеті ғылымда қалай аталады?

2.Фольклор сөзі қандай мағынаны білдіреді?

3.Тұрмыс-салт жырларында не суреттеледі?

4.Төрт түлік малға не жатады?

5.Төрт түліктің иесін қалай атаған?

6.Мақал деген не?

7.Мәтел деген не?

8.Жұмбақтар қалай пайда болған?

9.Жаңылтпаштар қалай құралады?

2."Бізден сұрақ-сізден жауап" ойыны.

Интерактивті тақтадан тест сұрақтарын оқып жауап беру.

1.Оқушылар ұяшықты таңдай отырып,сұрақтарға жауап береді.

2. Тест сұрақтарына жазбаша жауап береді.Оқушылар тест жауабын ауыса отырып,өзара бағалайды.

 

ІІ. Таныстырылым.

АКТ

1.Ертегінің түрлерін тірек-сызба арқылы оқушыларға түсіндіру.


2."Қаңбақ шал" ертегісінің бейнебаянын көрсете отырып,диалогтік оқыту арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізу.

1.Тірек-сызбадан ертегінің түрлері туралы түсінік алады.

2."Қаңбақ шал" ертегісімен танысады.Диалогке қатысады.

ІІІ.Мағынаны тану.Топтық тапсырма.

Зерттеушілік әңгіме.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

1.Ертегі кейіпкерлерін суреттер арқылы баяндап беру.

2."Кім жылдам" ойыны.Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.


1.Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің суретін ретпен таңдай отырып,әңгімелеп береді.

2.Топтар постерге ертегі кейіпкерлерінің суретін салады.Әр топтан спикерлер шығып қорғайды,сұрақтарға жауап береді. "Екі жұлдыз,бір тілек" әдісімен бағалайды.

ІУ.Сергіту сәті.

Физкультминутка.

Көзгеарналған жаттығуларды орындайды.

У. Ой- қорыту.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.

Топтық жұмыс.

І деңгей.

 

Қаңбақ шал

Дәу

Түлкі

Кемпір

"Тақсыр, қайдан қашып келесің?"

 

 

 

 

Шал,не асамын үйдегі қонаққа?

 

 

 

 

Қайда бара жатқан шалсың?

 

 

 

 

Бәрібір онымен бітпеймін.

 

 

 

 

ІІ деңгей.

Шығарма-ның атауы

Халық ауыз әдебиетінің түрі

Ертегі түрі

Авторы

 

 

 

 

 

ІІІ деңгей.

Кейіпкер

Қандай?

Неге?(Себебін ертегіден тауып оқы)

Қаңбақ шал

 

 

Дәу

 

 

Түлкі

 

 

Топтар деңгейлік тапсырмаларды ретімен орындайды.1 тапсырманы болған топ 2-ші тапсырманы орындауға кезек алады.

Топтық бағалау парағы арқылы бағалау.

УІ.

Үйге тапсырма.

Ұнаған үзіндіден сурет салып келу.

Бағалау.

 Өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді.

"Қаңбақ шал" ертегінің қай түрі,ерекшеліктері және мазмұны туралы ой түйіндейді.

Кері байланыс.

"Көңіл-күйді білдіретін суреттер"

Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып,үш түрлі көңіл-күйдің біреуіне іледі.

 

 

Түлкі мен тиін

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Түлкі мен тиін» мысалын оқып, мазмұнын түсіндіріп, Әбдірахман Асылбековпен таныстыру, Мысалды мәнерлеп оқыту, рөлге бөліп оқытуды үйрету. Сурет бойынша әңгімелету.

            Сабақтың барысы.

1)  Ұйымдастыру бөлімі.

2)  Психологиялық дайындық.

Мұғалім қызметі. Мұғалім тақтаға іледі. Имандылық-адалдық, «Ала жіптен аттама» Ойлама еш жамандық, досың түгіл жатқа да.

Оқушы қызметі. Оқушылар айтады.

3)  Өз мүмкіндігіңді пайдалан.

Мұғалім қызметі. Өткен тақырыпты қорытындылай отырып, сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақпен байланыстырдым. Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1)  Өткен тақырыпта не тқралы айтылған?

2)  Қапқа құйылып алынатын зат.

3)  Сүттің бетіндегі қою зат.

4)  Піскен сүттің бетіндегі зат.

5)  Сүт қалай «ұйықтады»? Ертегі ме? Мысал ма?

6)  Сүзбеден не жасайды? Сүт қалай жануардан алынады? Сүтке бір күні не болады? Ұйытқы деген не? Сызбадағы қызыл жолақшадағы сөзді оқысаң, сабақтың тақырыбы «Түлкі мен тиін» шығады.

4)  Ой қозғау

Мұғалім қызметі. Балалар, «Түлкі мен тиін» туралы қандай ертегілер білесіңдер?

Оқушы қызметі: «Арыстан мен түлкі», «Ешкі мен түлкі», «Жақсылық пен жамандық», т.б.

5)  Жаңа мағынаны игеру.

Мұғалім қызметі. – Балалар, біз жаңа тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашып алдық. Оның авторы Әбдірахман Асылбеков 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданының Үшарал ауылында туған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрді. Қазір «Көзқарас» және «Заңғар» журналында жауапты қызметкер. Өлеңдері «Көктем», «Кәсіптер иесі».

6)  Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға мысалды өз бетінше оқыту тапсырылады. 

Мысал ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді сұрау. Мұғалім сөздік жұмыс жүргізеді.

Оқушы өз бетінше оқып шығып, танысады. Өздеріне түсініксіз сөздерді айтады.

7)  Жеке оқушымен жұмыс.

«Түлкі мен тиін» мысалын рөлге бөліп оқытуды тапсыру.

8)  Дәптермен жұмыс, сипаттама беру.

1.   Түлкі мен тиіннің қасиеттерін 3 топқа бөліп, дәптерге жазуды тапсырамын.

2.   Тақтаға әр топтан оқушы шығып, берілген тапсырманы салыстырып жазады. Музыка қосып қоямын.

Оқушы қызметі.

1 топ. Түлкіге сипаттама – қу, айлакер, арам, өтірікші, мақтаншақ.

2 топ. Тиінге сипаттама – жуас, қорқақ, пысық, үркек.

3 топ. Ортақ қасиеті – аң, орманда болады, жүнінің түсі бірдей.

9)  Шығармашылық тапсырма.

Мұғалім қызметі. Оқушыларға ой тудыру мақсатында төменгі сұрақтарға жауап алу. Түлкі мен тиіннің тағв да қандай ерекшеліктері бар? Мысалы: олардың құйрығы не үшін керек? – Балалар, мысалды рөлге бөліп оқып, аңдарға сипаттама беріңдер. Ал, енді мысалдан көрініс көрсетейік.

Оқушы қызметі. Түлкіге құйрық жауын алдау үшін керек. Ол жүгіріп келе жатқанда құйрығын оңға бұрса, өзі солға кетеді. Сөйтіп құтылып кетеді екен. Тиінге құйрық ағаштан-ағашқа секңргенде тепе-теңдікті сақтау үшін керек. Ұйықтағанда жастық  қылып жастанып жатады.

10)      Сахналық көрініс.

Мұғалім қызметі. – Балалар, мысалды рөлге бөліп оқып, аңдарға сипаттамаберіңдер. Ал, енді мысалдан көрініс көрсетейік

Оқушы қызметі. Түлкі мен тиін кейпіне еніп, мысалдан көрініс көрсету.

Бекіту тест.

Бағалау.

Үйге тапсырма. «Түлкі мен тиін» мысалын мәнерлеп оқып келу, мазмұнын айту (түлкі мен тиіннің суретін салу).

 

 

2.2 Аяз би ертегісін оқытудың әдіс-тәсілдері

 

 

Халықтық ертегілер –халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениетімен салты , әдеті мен ғұрпы , шаруашылық кәсібінің түрлері , тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған .

Халық ертегісі ішінде балалардың сүйіп оқитын , олардың жас ерекшеліетеріне тән мұралар сондай көп . Халық ертегілерінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып , өмірдің неше алуан қияпатын танытады , сана- сезім , ақыл- ой қызметінің ерте дамуына , ерте қалыптасуына жәрдемдеседі . Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны , оның ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп халықтың даналық , тапқыр ой-пікірлері жинақталып , әрі көркем , әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде . Басталған жерден- ақ оқиғасы қызықты , ұшқыр қиялды болып келеді де , баланың ойын бірден қызықтырып , жетектеп әкетеді .

Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады . Ертек оқиғасындағы әр алуан толық кейіпкерлердің іс- әрекеттері , ол кейіпкерлердің тапқырлық , ерлік айлакерлік , ісі оңына келе беретін аңқаулық мінездері балаларды таң- тамашаға қалдырып, сүйсіндіріп отырады . Ертегілерден осындай тамаша ерекшеліктерді балалардың эстетикалық талғамдарын дамытуға зор әсер етеді.

Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны , әсіресе сүйіп тыңдайтыны , хайуанаттар жайындағы ертегілер . Табиғат жайында ең бай материалдар , кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағандар ертегілер арқылы берілген . « Бармақтай бала» , «Қотыр торғай» , « Мақта қыз бен мысық» , « Арыстан , қасқыр, түлкі, түйе , бөдене» , « Кім неден күшті» , « Түлкі мен тауық» т . б .

Хайуанаттар жайында айтылатын ертегі кейіпкерлерінің өзі қызық. Сол күлкілі , қызық кейіпкерлердің өмір сүру , өмірге икемді болу жолындағы қақтығыстары мен қарым- қатынастары , олардың айла- тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады.

Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі де қызық болып айтылады. Халықтың шығармалар ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертігілерді түгел дерлік балалар фольклорының мұрасы деп қараймыз.

Бұған « Түлкі мен тауық» деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып , тамақ іздеп келе жатып биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап , қақпанына түсіреиін деп ойлайды .

Тауық:

-Тауығым , биікте неге отырсың? Тілімді алсаң , жерге түс , дос болайық , осы жерде намаз оқып алайық , ойнап-күлейік ,- дейді .

Тауық :

Рас айтасың , түлкім , бесін намазының мезгілі болып қалды , анау жерде имам жатыр , оята ғой, -дейді.

Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса , бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады . Түлкі қаша жөнелді . Тауық оны намазға шақырады . « Байтал түгіл бас қайғы» , тазы түлкіні қуып жетіп , алқымынан алады. « Біреуге ор қазба , өз басыңа келер» деген . Апырмай , тауық қандай , түлкі қандай. Түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балалар үшін қандай қызық. Мұнда балаларға үлгі , өнеге боларлық терең ойлар айтылған . Айлалы азғынның қолына түсіп , мерт болудан сақтандырудың жолдары көзделген. Әсіресе қиын-қыстау кезеңде асып- саспауға , не нәрсені болса да алдымен ақылға салып шешуге үйретеді .Тапқырлыққа баулиды. Хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайық. Мұндағы тапқырлық күлкілер мен қызықты жеңіл түйіндер балаларды, мәз-мейрам етеді . Олардың эстетикалық талғамын күшейтіп , сөйлеу мәдениеттілігін арттырады .

Тұрмыс салт ертегілері өзінің тілі , айқын мазмұны мен еңбекші халықтың өмірін , қарапайым адамдарың тұрмыс тіршілігін сипаттауға және олардың үстем тапқа деген көзқарасын , күресін көрсетуге бағытталған . Қазақ ертегілерінің көбісі қиял- ғажайып , хайуанат жайында айтылады . Ал жер кәсібіне байланысты диқаншылық , бау-бақша жайындағы ертегілер қазақта мүлде аз . Соған қарағанда , « Ғажайып бақ» ертегісі беріректе қазақ халқы отырықшылық өмірге , диқаншылыққа араласа бастаған кезде шыққан болуға тиісті . «Ғажайып бақ» ертегісі балаларды адал ниетке , кіші пеиілділікке , адамгершілікке , эстетикалық идеалға , еңбекке баулуға бағытталған . Мұнда бұлдыр сағым жоқ, айқын , ашық айтылған жүйелі мақсаттар көрінеді . Үстем тап өкілдеріне қарағанда , еңбек адамдарының сансы, кісілігі , пейілі болуға , өнеге , үлгі етіп ұсынады. Ертегілерде сақталған халық даналықтарының осындай үлгілері балалар мен жас өспірімдерге өмір мектебіндей , өмір танытарлықтай болмақ.

Қазақ ертегілерінің аса бай , ең мол түрі –халықтың , тұрмыс-салтына байланысты туған шыншыл ертегілер. Бұған «Аяз би» ертегісі де жатады. «Аяз би» ертегісінің оқиғалары қиялдан гөрі, өмірге анағұрлым жақын. Шыншыл ертегілерден халық өміріне , оның тұрмыс тіршілгіне байланысты барлық жайларға жауап табуға болады. Оларда бүкіл қоғамға тән қасиеттерге дейін сөз болады. Байлық пен кедейлік , теңсіздік пен теңдік , зорлық пен оған қарсылық , жауыздық пен жақсылық , аярлық пен адалдық күресі –осылардың бәрі шыншыл ертегілердің тақырыптары . Бұл ертегілер ең алдымен баланы ақыл парасаттылыққа , сабырлы да төзімді болуға үйретеді . «Аяз би» ертегісінде халықтың сарын , халық мүддесін қорғайтын идея басым . Халық өз ортасынан шыққан еңбек адамдарының ісі мен әрекеттерін ардақтап отырады . Оларды үстем тап өкілдерінен әлдеқайда жоғары қояды.

Мадан хан өзінің қырық уәзірін дүниедегі адамның жаманын , құстың жаманын , шөптің жаманын тауып әкеліңдер деп жұмсағанда , уәзірлер құстың жаманы деп қырғауылды , шөптің жаманы деп шеңгелді , адамның жаманы деп қой бағып жүрген Аязды әкеледі. Өмір мен тікелей араласа жүріп , оны жете таныған , көрген білгені көп Аяз Мадан ханның ақылды деп жүрген қырық уәзірінің топастығын ашып береді . Қырғауылдың жаман құс емес екендігін , шеңгелдің де пайдалы шөп екенін дәлелдейді . Ханның өзі мініп жүрген мақтаулы атының сиырға шатыс екенін де әшкере етеді . Ақылымен бүкіл халықты таңдандырған Аяз бидің данышпандығы балаларды таң- тамаша етеді . Қиын –қыстау кездегі тапқырлық ой- адамды ажалдан да, қайыршылық халден де алып қалатыны қандай ғажап . Адамды үлкен ойға шомдыратын осы сияқты даналық сөздер балаларды елтең-селтең жеңілтік мінездерден арылтып , парасатты болуға үйретеді . Отанына , еліне еңбегі сіңген қадірменді кісілердің қатарына баулиды.

 

Қысқа мерзімді жоспар

 

Бөлім:

1- бөлім.

Туған жерім -аялы алтын бесігім

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

 

Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Аяз би» ертегісі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.1.1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

6.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Шығарманың композициялық құрылымын біледі және авторымен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Шығарма композициясын құрылымдай алады және автор бейнесімен таныса отырып, эпизодтарын айта алады.

Кейбір оқушылар:

Шығарманың композициялық құрылымын талдайды, белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды, эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды.

Құндылықтарға баулу:

 «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша оқушыларды шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігін жетілдіру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымды ахуал тудыру үшін «Оригами» әдісімен бір-біріне түрлі- түсті қағаздардан жүрекшелер жасап сыйлайды.Алған жүрекшелерінің түсіне қарай топтасып болған соң «Не білдің?» әдісі арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар қоямын.

Үй жұмысын тексеру:

1. Шығарманыңқандай түрін әдеби шығарма деуге болады?

2. Салыстыру мен суреттеудің айырмашылығы не?

1.      Екі нәрсені салыстыра суреттеу дегенді қалай түсінесің?

2.      Екі нәрсені қарама-қарсы суреттеу дегенді қалай түсінесің?

3.      Не себепті эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау қажет деп ойлайсыз?

4.      Ертегілердің қандай түрлері бар?

 

«Құпия зат» әдісі арқылы суреттегі бейнеге қатысты сұрақтар қоямын.

Белсенді оқу

1.Суретте қандай ертегі бейнеленген деп ойлайсыңдар?

2. Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

3. Аяз би» ертегісі туралы не білесіңдер? деп сұрақ қойып, жауабын білу үшін келесі кезеңнің тапсырмасына өтемін.

Жаңа сабаққа кіріспе

 

3 мин.

 

 Бірлескен оқу

Оқушыларға ертегі желісінен суреттер көрсетемін.

 

 

Оқушы:

Топтар өздері конверт ішіндегі белгілі бір эпизодқа арналған дайын суреттер арқылы шығарманың мазмұнын «Галерея» әдісімен айтып,таныстырылым жасайды.

 

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар, оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

ҚБ:  Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру. 

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

1-тапсырма. Мұғалім  алдын ала оқып келген шығарма мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар қояды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар  тақырып пен идеяны анықтайды.

 

1-тапсырма  

Сұрақ-жауап

1.Шығарма неліктен «Анасын сағынған бала» деп аталған деп ойлайсың?

2.Шығармадағы кейіпкердің Сержанға берген уәдесін орындай алмау себебі неде?

3.Сержанды неге анасы ауылда қалдарып кетті?

 

1.Т кестесі бойынша оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын жазады.

 

тақырып

идея

 

 

 

 Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді;

- шығарма тақырыбын анықтайды;

-  шығарма идеясын анықтайды;

-оқушылар бір-бірінің жауабын толықтырып, пікір алмасады.

Оқулық,

«Анасын сағынған бала» әңгімесі  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

Топтық жұмыс:

 2-тапсырма.

Венн диаграммасы арқылы эпикалық және поэзиялық шығармаларды салыстыр.

Эпикалық        поэзиялық

айырмашылықтары

Дескриптор:

Венн

диаграммасы арқылы эпикалық, поэзиялық шығармаларды салыстырды.

 

Слайд,

жұмыс дәптері

3-тапсырма

Жұптық жұмыс. «Ментальді карта» арқылы шығармадан автор бейнесін анықта.

 

 

 

 

 

 

Жаман

 

Аяз би

 

 

Дәлел

Дескриптор:

1.Шығармадағы автор бейнесін «ментальді картаға» түсірді.

2.   Шығарма эпизоды бойынша дәлел келтірді.

 

Сабақтың соңы

Қорытынды

Бағалау

Рефлексия

Үйге тапсырма

7 мин.

  Сабақ барысында алған білімдерін саралау үшін мынадай сұрақтар беремін:

1.      Аяз би неге

өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын төріне іліп қойды?

2.      Жаманның іс-

әрекетіне баға беру арқылы  кестені жалғастыр.

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

«ВЛОБ  ағашы» тәсілі  арқылы оқушылар өз білімдерін бағамдайды.

 

 

 

Үйге тапсырма береді.

 

Жаманның әрекеті

Менің ойым

Құс жаманы деп сауысқанды таңдайды.

Сауысқанда бірлік жоқ, адамға еш пайдасы тимейтін құс.

?

?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақта ерекше жауабымен көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс:

Әр оқушы өзінің қай деңгейде екенін анықтайды.

 

 

 

 

Үй тапсырмасын жазып алады.

 

Мұғалім жалпы сабаққа қорытынды жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті балын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін 

«Қошаметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу шапалақ фото

 

 

 

 

 

 

img7

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

 

Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

 «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

  2:


2.3 Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту

 

 

Қазақ халқының өскелең  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.

Бастауыш мектеп ана тілі оқулығына енгізілген ертегілер негізінен балаларға арналған ертегілер болып, оларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне сай әр сыныптарды жеке қарастыруға тура келеді.

Төменгі сыныптарда (1-2 сыныптар):

1. Ертегілерді  дауыстап,  көтеріңкі   әуенмен  оқуға  дағдыландыру керек. Төменгі сынып оқушылары ертегінін қай түрге жататындығын оңай аңғара алмайды.  Сондықтан оқытушы  ертегінің   қай  түрге  жататындығын айтып беруі керек және қысқаша түсінік жасаса да болады.

2.  Мәтінде кезігетін жаңа сөздердің мағынасын оқушылардың қабылдау өресіне лайық түсіндіріп беру керек.

3. Ертегіні оқып болғаннан кейін оқушыларға қайта-қайта әңгімелету арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге мән беру керек.

4. Мәтіннің идеялық мазмұнын жинақы баяндап түсіндіруге, ондағы басты сөз, сөйлемдерді бірлестіріп түсіндіруге көңіл бөлу керек. Мысалы, «Баланың  айласы» деген  ертегіні  оқытуда, біріншіден,  оқытушы өзі  үлгі көрсетіп оқып беріп, онан соң оқушыларға дауыстап оқыту керек. Мәтін диалог түрінде болғандықтан, оқушыларға оқытқанда сол диалог бойынша оқыту,   ондағы   ғалым,   түйе,   жеміс   ағашы,   ит,   бала,   жылан   сияқты кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша лайықты әуенмен оқуға көңіл бөлу және олардың қандай адам, қандай жануарлар екендігін қысқаша таныстырып қою қажет.

Екіншіден, мәтінде кезігетін «жүгіну, жылан, ғалым, жапан дала, нану» сияқты сөздерді сөйлемдегі беріп тұрған мағынасы бойынша түсіндіру керек.

Үшіншіден, ертегіні оқушыларға қайта-қайта айтқызу керек. Баяндау барысында кейіпкерлер бойынша сөйлету мен тұтас мәтін бойынша ретімен баяндауды бірлестіріп айтқызу керек.

Төртіншіден, оқытушы ертегінің идеялық мазмұнын қорытындылап беруі керек. Мұнда жыланның жақсылыққа жамандық істеп өзін құтқарған ғалымды өлтірмек болған оқиғасын, баланың ғалымды жыланнан құтқарып қалуда қандай айла істеткендігін және осыған қатысты сөз, сөйлемдерді түйін ете отырып қорытындылау қажет.

Өзекті идеяны қорытындылау барысында, адам баласына қастас жауыз жыланды баланың ақыл-парасаттылықты жауыздық үстінен қашан да жеңіске жететіндігін, адамдар тек қара күшке сүйенбей, әдіс-амалға, ақылға да сүйену қажеттілігін дәріптеу керек. Мәтін соңында берілген:

Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Білемін деп мақтанба,

Сенен де білгіш табылар,-

деген мақалды тармақтары бойынша түсіндіріп берумен бірге, жаттап алуды тапсыру керек.

Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар):

1. Оқушылардың ертегілерді дербес оқып түсіну қабілеті біршама жоғары болады. Бұл сыныптарға ертегілерді оқытуда, алдымен,  оқытушы ертегінің мазмұнын ашып бере алатын сұраулар беріп, оқушылардың сол сұраулар бойынша оқып, қайталап айтып бере алатындай болуы үшін алдын-ала тапсырма беруі керек.   

2. Сыныпта  алдымен  берілген  тапсырманың  орындалу   жағдайын тексеріп көру, онан соң оқытушы қызығарлық етіп әңгімелеп беру, сол негізде оқушыларды қызықтыра отырып оқуға және әңгімелеп беруге жұмылдыру керек.

3. Талдау жасауда, оқиғаға талдау жасауды басты орынға қою керек. Оқиғаны талдау негізінде ертегілердің негізгі идеясын қорытындылап беру кажет. Осы тұрғыда басты сөз, сөйлемдердің мағынасын түсіндіріп кетсе де болады.

4. Ертегілерді талдау барысында көріністе әр түрлі мақұлықтар, жануарлар суреттелгенімен, іс жүзінде шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қатынас бейнеленетіндігін ескертіп отыру керек. Халық ауыз  әдебиетінде жануарлар, мысалы, түлкі - әккі, қу адамдардың, қасқыр - зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян - қорқақ адамдардың, аю - ақымақ, қара күштің бейнесі ретінде алынады да, сол мінездегі адамдарға өкілдік етеді.  Сонымен бірге жын, албасты, дию, пері, жалмауыздар адамзаттың қас жауы ретінде алынып,  жаман   ниеттегі қаскөй, озбыр, жауыз күштердің бейнесінде суреттеледі.  Ұшқыш кілем, ағаш ат сияқтылар мен алтын орда, миуалы бау-бақшалар халықтың бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің бейнесі ретінде алынады. Оқыту барысында ертегілердің осындай ортақ бейнелеу ерекшеліктерін түйін ете отырып, оқушыларды жан-жақты бақылауға, кұбылыстан өтіп,  мәнді  тануға, сол түрдегі образдардың шынайы мәнін түсінуіне көмектесу керек.

Ең соңында,  жалпы  қорытынды  шығарып,  оқушылардың  сол ертегі мәтіні  жөніндегі  ұғымын жинақтап, бір жүйеге түскен, айқын да дұрыс түсінік  қалыптасуына  мүмкіндік   туғызу керек. Ерекше көңіл бөлуге тиісті бір мәселе, ертегілерді оқытуда оны есте қалдыруға, қайталай баяндауға оңай, оқиғасының қызықты болатындай  ерекшеліктерін  толық пайдаланып,  оқушылардың мәтін мазмұнын қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мұнда көбіне оқушылардың өздеріне талдату, қайталай баяндату талабын орындау керек. Міне, бұлар ертегілерді оқытудағы басты түйін және негізгі оқыту нысаны болып табылады.

Төменде мысал ретінде «Ғажайып  бақ» деген халық ертегісін талдап көрейік.  Бұл  ертегіні   оқу   арқылы  басқаға қамқор, мейірімді болудың, көптің қамын   ойлаудың, дайын  пайдаға  қызықпаудың   ізгі   қасиет,   асыл   мұрат екендігін, сонымен бірге достыққа адал, мейірімді, көпшіл болуды  сезіну керектігін түсіну қажет. Әрі бұл ертегіден кедейлер қауымының бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің қызықты да ғажайып оқиғалар арқылы бейнеленгендігіне көңіл бөлу керек.

Ертегі  үш  бөлімге  бөлінеді. Бірінші бөлімде шығармадағы кейіпкерлер және олардың (іс-әрекеті мен сөздері арқылы) мінездері таныстырылады.  Біз  Қасен  мен Асанның бір-біріне қамқор, достыққа адал, ізгі  ниетті  кедей адамдар екендігін, Қасеннің малы қырылып, қайыршы болуға  айналғанда   Асан оған ұлтарақтай жерінің жартысын бөліп беріп, оны құтқарып қалғандығынан білеміз. Қасен Асан  берген жерден ішіне алтын толтырылған  құмыра  тауып алғанда, оны жасырып қоймай, қайта Асаннан сүйінші сұрайды. Оған: - Алтын саған тән, сен енді кедейліктен құтылдың!- дейді. Бірақ Асан: - Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы сол жерге маңдай терін төгіп, еңбек сіңірген адамдікі,- деп алтынды алуға көнбейді. Міне, бұдан олардың ізгі ниетін, досқа деген адалдығын  көреміз.   Мәтіннің  осы  бөлігінде тағы ақылды да көпшіл қарт пен  оның  төрт шәкіртінің   бір-біріне ұқсамайтын әрекеттері де ашылады. Қарт әуелі билікті төрт шәкіртіне беріп, оларды сынап көреді. Бірінші шәкірті: Қазынаның   иесі   хан   болуы   керек, - десе, екінші шәкірті: Асан мен   Қасен   дауласып, бізге келді, билікті мен айтатын болған соң, алтын маған тән, өзім аламын, - дейді. Үшінші шәкірті: Иесі жоқ алтынды қайтадан жерге  көміп  тастау  керек, -  деп,  алтынды  көптің  мүддесі үшін жаратуды ойламайды. Ал төртінші шәкірті: Осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жайнаған саябақ өсіру керек. Арып-ашқан кем-кетіктер сол бақтың саясында дем  алып,   жеміс  жеп,   рахметін   көпке көрсетуі керек, - деп билік айтады. Ақылды, дана қарт оның билігін әділ болды деп бағалайды.

Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уақыттан келе жатқан әдістер көп. Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте зор. Бұл жөнінде өзінің «Педагогика» атты еңбегінде М.Жұмабаев: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде  мүмкін  емес   нәрсе   жоқ,   бәрі  мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе» [1,42], -деп жазады.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мұраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады [2].

Ертегілерде халықтың әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен берілген. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ертегіні оқытуды тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілдің байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі[3].

Ертегілерді баланың тыңдауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа,   үлкенге   ізет,   кішіге   қамқорлық   сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады [4].

Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз. Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен эстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады [5].

Мәтінді   оқып-талдау  үстінде   балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жұртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып, білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:

1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай ұстайды?

2. Ертегідегі ғажайып заттарды атап  шығыңдар?  Олардың қандай ғажайып сипаты бар?

3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелген?

4. Басты  кейіпкердің  достары  мен  көмекшілері  кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?

Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққұлақ, Таусоғар, Желаяқ, Көлтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса  қызығушылықпен тоқталады.

Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіруге тырысып, интонациялық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздері жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп, оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді.

Ертегілерді оқуда  мыналар ескерілуі қажет:

1. Ертегіні  оқу  барысында   «бұл  ойдан  шығарылған,   өмірде кездеспейді»,- деудің  қажеті  жоқ,  балықтың,  жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп,  оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде  қайғырып,  бірде қуанып,  қиял   көгіне  көтеріледі,   көңілденеді,   қиялдау  оларды армандауға үйретеді.

2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.

3. Қара сөзбен  жазылған  ертегілер  мәтінге  жақын   үлгімен мазмұндалады.  Кейде ертегіні оқымай-ақ,  мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

4.  Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4- сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

6. Кейбір ертегілерді  пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан   тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады

7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.

8.  Ертегілерді  балалар қызыға оқиды,  олардың мазмұнын  бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады .

Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің орны ерекше [6].

Сонымен, қорыта келгенде, ертегілерді  оқытқанда баса көңіл бөлетін мәселелер:

- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуы қажет;

- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына мән бергені жөн;

- Мәтіннің мәнерлеп оқылуы міндетті;

- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауын қадағалау;

- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына көңіл аудару;

- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруін талап ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адамдардың мінез-құлқын кең көлемде алып суреттеп көрсету – эпостық жанрдың негізгі белгісі. Эпос әңгімелеу түріндегі жанр деп танылатындықтан, онда адамның басынан өткізген өмір, тіршілік жолы туралы әңгімеленеді; оның қатысқан оқиғалары, істеген қылық-әрекеттері суреттеледі: адамдардың өз ара қарым-қатынастары көрсетіледі. Сондықтан эпостық текке тән бұл сияқты ерекшеліктер осы жанрға жататын шығармалардың бәріне қатысы бар ортақ белгілер болып табылады.

IV-VII кластарда әдебиеттік оқу сабағын дұрыс ұйымдастырып, оны сапалы етіп өткізуде жұмыс түрлерін өтілгелі тұрған шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай жүргізу елеулі орын алады. Өйткені әрбір шығарманы оқу, ұғыну, талдау жолдары кейбір реттерде оның жанрлық белгілерімен де байланысып отырады. Айталық, эпостық шығармаларды оқып үйренудің әдіс – амалдары лирикадан, сондай-ақ, драмалық жанрды оқып үйренудің жолдары эпостық және лирикалық шығармалардан өзгешелеу болады. 

Көркем шығармаларды оқу, талдау жұмыстарының әдіс-тәсілдерін олардың жанрлық ерекшелігіне бейімдей жүргізу үшін, оқытушы программадағы шығармалардың  ерекшелік жақтарымен танысып, оларды түр-түрге жітеп, қайсысы қай жанрға жататынын алдын-ала анықтап алады. Мұның мұғалім үшін мынадай маңызы бар: біріншіден, оқушыларға әдебиеттік жанрлардың өз ара айырмашылық белгілерін таныту үшін керек. Өйткені оқушылар шығарманың тексін оқып үйрену арқылы оның өзіне тән табиғи өзгешелік жақтарын ашып, әдебиеттік текстің қай саласына жататынын айырып біледі. Осының нәтижесінде VII класты бітіріп шыққан оқушылар әрбір көркем шығарманың эпостық, лирикалық және драмалық  жанрлардың қайсысына жататынын айыра біліп, мысал өлеңнің, әңгіменің, поэманың, батырлық, лиро-эпостық жырлардың, повестің, лирикалық шығармалардың, театр сахнасына арналған пьесалардың не екенін танып, бірін-бірінен ажырата білетін болады. Екіншіден, шығарманы өзінің табиғи өзгешелігіне байланысты талдау жұмысын қалай жүргізуді белгілеу үшін керек. Өйткені әрбір жанрға жататын шығарманың өзіне тән сыр-сипаты, өзгешелігі бар: талдау жасағанда, оның осындай өзгеде жоқ өзіне ған тән ерекшелік жақтары ескеріліп отырады.         

Енді осы айтылған әдебиеттік текстің түр-түріне жататын кейбір шығармалармен істелетін жұмыс түрлері қандай және ол қалай жүргізілетініне тоқталайық. Үлгі ретінде эпостық, лирикалық және драмалық шығармалардан мысалдар алып, оларды оқып үйренудің кейбір өзгешеліктерін баяндайық.

Кіші жастағы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегі мен мысалдардың тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілер мен мысалдарды оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. 

Сонымен қатар олардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілер мен мысалдың рөлі ерекше. Оларды меңгертуде дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:

- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуы;

- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына көңіл бөлуі;

- Мәтінді мәнерлеп оқуға баулуы;

- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауы;

- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуын ескеруі қажет.

Қорыта келе, магистрлік жұмысты жазу барысында ертегілердің зерттелуі, жиналуы, түрлері туралы мәліметтерді қарастыру да негізгі әдебиет ретінде Ә.Дибаев, Ә. Қоңыратбаев, М.Ғабдуллиннің еңбектерін қарастырдық. Зерттеу жұмысының  бірінші бөлімін ертегілердің жиналуы мен зерттелуіне, және ертегінің түрлеріне, оларды оқытудағы өзіндік ерекшеліктерге арнадық. Зерттеу  жұмысының екінші бөлімінде ертегілерді оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оларды балаға меңгертудің тиімді жолдары қарастырылды. Магистрлік жұмысты жазу барысында әр түрлі әдістемелік оқулықтар мен журналдардың көмегіне жүгіндік. Жұмысты жазу барысында өзіме алдағы уақытта қажетті көптеген тәжірбиелерді жинақтадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Қабдолов З. Сөз өнері / З.  Қабдолов. -А., 2002. – 312 бет.

2 Байтанасова Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. 2-басылым / Қ. Байтанасова, С.  Айтуғанова. – Астана : Фолиант, 2011. – 160 бет.

3 Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі   мен технологиясы. 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.  Бірінші кітап. – Алматы. : “Дәуір - Кітап” баспасы, 2012, - 314 бет.

4 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы / Ә. Қоңыратбаев.- Алматы. Ана тілі, 1991.286 бет.

5              Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті / М. Ғабдуллин.- Алматы. Мектеп, 1974.319 бет.

6 Радлов В.  Алтын сандық / В.Радлов .─ Алматы, 1993. -15 бет.

7 Диваев Ә. Тарту / Ә. Диваев. ─ Алматы,1992.-17-18бет.

8  Райымова Қ.  Ертегінің  тәрбиелік  мәні. - / Қ.Райымова - Бастауыш  мектеп. - 1998. -№4. -бет. 20-21.

9 Жұмабаев  М. Педагогика / М. Жұмабаев  ─ Алматы, 1994

10 Сабыров Т. С. Оқыту теориясының негіздері. / Т. С Сабыров.─ Алматы, 1993. ─ 64-бет.

11 Әбдірасылова А.Ә.  Әр  түрді  жанрдағы мәтіндерді  оқыту / А.Ә.Әбдірасылова ─Астана,2003. -18-21бет.

12  Рахметова С.  Қазақ тілін оқыту әдістемесі / С. Рахметова ─  Астана, 2003.  60-61бет.

13 Әуелбаев Ш., Ана тілін оқыту  әдістемесі / Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғыттынов, С.Тәжімбетова. ─  Алматы,1998.

14 Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. / А. Егенова Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ бет. 13-15.

15 Қазақ ертегілері:    Аңыз,    тұрмыс-салт,    қиял-ғажайып,хайуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» - 2004 27-346бет

16  Қалиев С. Халық ертегілері. / С. Қалиев Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76 бет.

17 Қалқабаева М. Балалар әдебиеті-тәрбие  құралы. / М.Қалқабаева  ─  Алматы:«Мектеп» 1976. 68-1016 бет.

18 Мұқанов С. Халық мұрасы / С.Мұқанов ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 122-126 бет.

19 Сүйіншіәлиев X.  Қазақ әдебиетінің  қалыптасу кезеңдері. / X.Сүйіншіәлиев ─Алматы: «Мектеп», 1967. 11-186бет

20 Тойшыбаев С., Мектепте қазақ әдебиетін оқыту  / С.Тойшыбаев,  Ғ. Дайрабаев және Т.  Қожакеев  Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 80-886 бет.

21 Сайлыбаева Ж. Ауыз әдебиеті үлгі арқылыбаланың тіл байлығын дамыту / Ж.  Сайлыбаева ─ 2004. ─ №5. ─ 25-26 бет.

22 Р. Берекенова «Ауыз  әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер»./ Р. Берекенова -Ұлағат. ─ 2004. ─ №2 47-49 бет.

23  Дайырова Ә., Оқулыққа нұсқау. 5- сынып / Ә. Дайырова, С. Тілешова Әдебиет.. –Алматы: Рауан, 1996.

24 Құрманбаева Г., Оқыту әдістемесі: 5- сынып / Г. Құрманбаева, Е. Жұматаева Әдебиет.. Алматы: Атамұра, 2003.

25 Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №5, 2013.

26 Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 36-б.

27 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. / Қ. Бітібаева -Алматы: Рауан, 1997.

29 Иманғазинов М.М. Антика әдебиеті. /  М.М Иманғазинов –Алматы  2006. 253-бет.

30  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі / Ш.Ыбыраев -Алматы, 1993. 422-бет.

31  Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы  / С. Қасқабасов Алматы, 1972. 107-бет. 

32 Л.В.Игнатеню «Мұғалімнің оқу – әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын педагогикалық диагностика» / Құрастырғандар:Л.В.Игнатеню, А.Т.Биболова, Г.Е.Мусабекова.Шымкент 2006.

33 С.Қирабаев, Қазақ әдебиеті. /С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев Алматы:Мектеп.2001.

34 С.Мақпырұлы, Қазақ әдебиеті. І бөлім. /  С.Мақпырұлы, Т.Сыздықов. «Фолиант» баспасы.Астана 2007.

36 Ана тілін оқыту әдістемесі.Алматы « Атамұра » - 1998 ж

37 Мәнерлеп оқу Алматы « Мектеп » 1982 ж. Х.Қожахметова

38 Бастауыш сынып №3,4 – 2002 ж

39 Бастауыш сынып №5- 2004ж

40 Тәрбие құралы, №1-2005 ж

41 Ана тілі оқулығы (1,2,34 сынып )

42 Ы.Алтынсарин « Таза бұлақ »

43 ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы 2003 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ҚОСЫМША

 

Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап- бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымеен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты, жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп: - Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты. Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен. -   Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала. -   Не болды? Жөндеп айтшы? - деп сұрапты Кендебай. ! Бала көзінің жасын көл қылып, ауыр бір күрсініп алып, былай деп жауап бберіпті: -  Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласы едім. Қазір алтыға шық- тым. Биыл төртінші жыл, елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқанда әкемді жау әскері байлап әкетті. Әкемді арашаламақшы болып жетіп барған шешемді қайырымсыз жау алдына өңгеріп жөнеп берді. Мен жетім қалдым. Ішерге асым, киерге киімім болмаған соң, амалсыздан Тасқара байдың қозысын бағып жұрмін. Арыдым, тоздым. Ернім жалақ, басым таз болды. Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. Мен әке-шешеме жылаймын, бай жылқысына жылайды. -     Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп тауып берейін, - дейді Кендебай. Бала қуанып кетеді. -         Ағай, онда біздің қойшылардың қасына екі-үш күн жатып тынығыңыз, содан кейін жүрерсіз, - деп өтінеді. Кендебей «мақұл» деп, қойшылардың қасына барып түстеді. Атып алған құландарын асып, тамақ пісіреді. Кешке басқа қойшылар келеді де, манағы бала қозышы келмейді, әрі күтеді, бері күтеді. Кендебайдың көзі ұйқыға бара бергенде уһілеп-аһылап қозышы келеді. -        Неге кешіктің? - деп сұрайды Кендебай. - Жәй, ішім ауырып қалды, - дейді бала. Бала таңертең ойнап-күліп қозысын өріске айдап кетеді. Кешке басқа қойшылар келгенде, манағы қозышы тағы да келмейді. Кендебай іздеп барып, талып жатқан баланы тауып алады. Бала есін жинағаннан кейін Кендебай мән-жайды сұрайды. Бала жөнін айтпайды. Содан кейін Кендебай балаға ашуланады. Сонда қозышы бала айтады: - Кешеден бері күн батқан кезде алты ақку төбемнен айналып ұшады да: Кендебай сал мұнда ма? Керқұла аты қолда ма? Бауда нұры балқи ма? Балақ жүні шалқи ма? - деп сұрайды. Мен тұрып: Кендебай сал мен едім, Керқұла атым қолда еді. Бауда нұрым балқиды, Балақ жүнім шалқиды, - деп жауап беремін. Олар мені қанаттарымен қағып, жығып кетеді. Мен талып түсем, - деп жауап береді. Үшінші күні қозышы баланың киімін киіп, қозыны бағуға Кендебай өзі шығады. Күн батып, қас қарайған кезде баяғы алты аққу Кендебайдың төбесінен алты айналып ұшып, жақындап келеді де: Кендебай сал мұнда ма? Керқұла аты қолда ма? Бауда нұры балқи ма? Балақ жүні шалқи ма? - деп сұрайды. Керқұла атты Кендебай қозышы бала болып: Бауда нұрым балқиды, Балақ жүнім шалқиды, - деп жауап береді. Сонда аққулар ашуланып, Кендебайды қанаттарымен қағып, сабай бастайды. Кендебай біреуінің аяғынан шап беріп ұстай алады. Аққулар ұша жөнеледі. Кендебайдың қолында біреуінің алтын кебісі қалып қояды. Байқап қараса, кебістің бетінде жазу бар екен. Кендебай басқа аққуларды бірнеше күн күтеді. Бірақ олар келмейді. Содан кейін Кендебай қойшылармен қоштасып, үйіне қайтады. Ата-анасына бір жылдық азық дайындап беріп, сауыт-сайманын киініп, жау-жарағын асынып, азығына алпыс құлынның қазысын алып, баяғы жетім баланың әке-шешесін іздеуге шығады. Керқұла ат құстай ұшып, құйғытып барады, айлық жерді алты-ақ аттайды. Көз ұшындағы құс қанатын жазып, жерден көтерілгенше Кеірқұла ат үстінен аттап өтіп кетеді. Теңізді көл, дарияны шалшық, тауды қырат құрлы көрмейді. Сонымен, Кендебай күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді, бір жерлерге келгенде аспанмен тірескен бір биік тау көрінеді. Таудың етегіне келгенде Керқұла атқа тіл бітіп сөйлейді: «Достым Кендебай, іздеген жоғың алыста емес. Біреуі емес, екеуі де осыдан табылады. Мына таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің. Өзеннің ортасында бір арал бар. Ол аралда адам перісінің ханы тұрады. Сенің қолтығыңдағы алтын кебіс осы хан қызының кебісі. Баяғы қойшы баланың әке-шешесі де осы ханның қолында. Олар терең зынданда жатыр. Зынданның аузы құлыпты. Оның кілті қолға түспейді. Ол кілт алпыс өзен құйылған терең дарияның түбінде жатыр. Адам баласы оның түбіне жете алмайды. Таудың арғы беткейінде сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол жорықта қолға түскен адам, қазір ханның құлы. Сен сол адамға бар да жолға жетерлік пұл бер. Оның киімін өзің ки де, өзіңнің киімінді оған кигіз. Сөйтіп, әлгі адамды азат ет те, өзің сиырды бағып қал. Қазір құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер, сауыт-сайман, құрал-жабдықтарыңды менің үстіме сал. Әзірге саған менің де, құралдың да керегі жоқ. Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат. Сонда мен дайын боламын. Ендігі әңгімені барған соң көрерсің», - дейді. Кендебай Керқұла аттың құйрығынан бір тал қыл жұлып алды да, қоя берді. Оның айтқанының барлығын істеді. Малшыны азат етеді. Жолына пұл береді. Оның киімін киіп, сиырды өзі бағып қалады. Кешке жақын өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар суға түспейді. Кендебай, ашуланып кетіп, сиырларды сирағынан ұстап алып, бір-бірлеп лақтыра бастайды. Лақтырған сиырлар өзеннің ортасындағы аралға томпылдап түсіп жатады. Сол кезде ханның кіші қызы судың арғы жиегінде көріп тұр екен. -       Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Неге күндегідей: «Айрылғырдың суы айрыл!» деп айтпайсың? - деп айғай салады. Кендебай: «Айырылғырдың суы айырыл» - деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан жол ашылады. Сөйтіп, Кендебай мал бағып жүре береді. Күндерде бір күн хан өзінің екі баласын шақырып алып: -      Бүгін қара бие құлындайды. Бұл тоғызыншы құлындауы. Құлындаған күні түнде құлын жоқ боп кетеді. Бүгін осы биені өздерің күзетіңдер. Не болғанын көздеріңмен көріңдер, - дейді. Мұны Кендебай естіп тұрады. Кешке ханның екі баласы биені күзетуге барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады. Біраздан кейін ханның екі баласы қорылдап ұйықтап қалады. Кендебай ұйықтамай отыра береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

Ақымақ қасқыр.

 

Бір күні жайылып жүрген түйенің қасына түлкі келіп:

-Әй, бүкір! Саған менің жерімде жайылуға кім рұқсат берді? Тез арада бұл жерден табаныңды жалтырат! – деп айқайлапты.

- Бұл жер неліктен сенікі болуға тиіс? – деп ашуланыпты түйе.

- Өйткені ол маған әкемнен, ал әкеме атамнан мұраға қалған. Егер сенбесең, куәгерді шақырамыз, - дейді түлкі. Сөйтеді де, куә болу үшін қасқырды шақырады.

- Оңбаған түйе! Өзгенің жерінде жайылуға қалай батылың барды? Сен кінәлісің, сондықтан, мен мені жеймін! – деп қатуланады қасқыр.

- Дұрыс, дұрыс, сен оны жеп қой, - дейді өзіне де олжа түсіп қала ма деп үмітенген түлкі.

- Онда неғып тұрсың? Ендеше, ең тәттісінен – тілімнен баста, - деп, түйе ауызын ашады.

Қасқыр басын түйенің аузына сұғып, тіліне жармаса бергенде, түйе жағын қысып аеп қалады. Сол кезде қасқырдың басы шіріген жаңғақша тырс ете түседі. Мұны көрген түлкі алды-артына қарамай қаша жөнелді.  Көргендердің айтуынша, түлкі әлі күнге түйеден қашып жүр дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі лақ

 

 

Ақ лақ пен қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы – қалың шілік, мына жағы – қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.

- Сен ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйрепжүріп, ақыры адастырдың.  Жаның барында қойды тауып бер! – деп қара лақ ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қи т етсе «Ақ лақсың, ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзә болатын. Енді адасқан соң, ақ лақты жазғырып тұр:

    -Ақ лақ – ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! – деп, зекіреді қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.

- Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейік. Бірақ, саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе – секіріп өтеді, тас кездессе – қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір түлкі шыға келеді.

- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйген соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді – ау!» - деп ойлайды. Не айтатының күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:

-Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді қасқыр күтіпотыр.Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді.Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой.Қасекеңнің кәрі қатты.Мүмкін өзіңізде бізбен бірге жүрерсіз?

Жарайды, ендеше.Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды.Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қасқыр кез бола кетеді.ОЛ аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді.Қасқырды көрген Түлкі сайға қарап зытады.

-Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жықсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! – дейді Қасқыр.

-Қасеке,әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр.Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен.Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан – талқан боп ашуланып жүрер.Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ.

-Бә – ә! Әй, қасқыр!Мына Арыстанды қара – а!Шақырып тұр, - деп, бақырып қол береді Қара лақ тыныш тұрмай Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі – бері алақтап тұрады да:

-Бәлесінен аулақ.Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түте! – деп жөімен жүре береді.

-Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына қашады.Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып көреді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді.Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ « Бә...Бә » деп маңырап қоя береді.Шоан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.

-Мен сендерді ойдан – қырдан іздеп, таба алмай қойыа едім.Өздерінің тауып келгенің қарашы. Жарайсың, Ақ лағы, жарайсың!Сені « Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! – деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепте ертегілерді оқыту технологиясы МAГИСТPЛIК ДИССEPТAЦИЯ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 725 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Эссе «Театр и его место в системе художественной культуры»
  • Учебник: «Русская литература. Учебное пособие для общеобразовательных учреждений с белорусским и русским языками обучения», Под редакцией Н.И. Мищенчука, Т.Ф. Мушинской
  • Тема: Литература 1920-х - 1930-х годов
  • 23.11.2022
  • 556
  • 1
«Русская литература. Учебное пособие для общеобразовательных учреждений с белорусским и русским языками обучения», Под редакцией Н.И. Мищенчука, Т.Ф. Мушинской

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.11.2022 2653
    • DOCX 709.8 кбайт
    • 95 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Abdeshova98 Aigerim Kainarova. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Abdeshova98 Aigerim Kainarova
    Abdeshova98 Aigerim Kainarova
    • На сайте: 1 год и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3846
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

STEM-образование для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 652 человека

Курс повышения квалификации

Механизмы и технологии сортировки пищевой продукции

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные аспекты деятельности засольщика мяса и мясопродуктов

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек