Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз». Эссе

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз». Эссе

Скачать материал

                                                        Эссе.

 

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»

 

 

        Ұстаз алдынан тәрбие  алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне  жол сілтер шығармашылық болары анық.

       Ғылым иесі ғалым да, ел қорған батыр да, тілінен бал тамған ақын  да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

    «Ұстаздық – ұлы іс» ,бұған лайық болу – үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс.

     Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, тарих пәнінің мұғалімі болу - мен үшін үлкен бақыт. Осы «Нахимов негізгі мектебінде»  тарих пәнінің мұғалімі болып істеп келе жатқаныма 3 жыл толмақшы. Шәкірттерімді көргенде өз еңбегіме деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқаймын. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыламын. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғым келіп тұрады. Өзімнің қасықтап жинаған тәжірибемді үйрете жүріп, үйренген тағылым – пәрменімді, білім – білігімді үлкен істермен ұштастырғым келіп кетеді. Азды- көпті еңбегім бағаланып жатса, қолымнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігім мен ұстаздық қызметіме ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын серпіліс әкеледі. Қазіргі оқытуда үйретудің мазмұны да, сипаты да, соған орай амал – тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа ХХІ ғасырға сай өзгеше қабілет – қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім – біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық – психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші. Кез – келген тосын сұраққа жауап беріп, кез – келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану арманым. Соның бір дәлелі – мен  2012 жылы өз білімімді көтеру мақсатында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» курсынан өтіп сыни тұрғыдан сабақ өткізу әдіс – тәсілін үйреніп келдім. Осы курс барысында алған білімімді оқушылардың білімін жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі  жаңа әдіс - тәсілді тиімді қолдануда» дегендей, осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану- менің басты мақсатым. Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз болудың негізгі қағидаларын өз еңбек жолымда қолданып, одан әрі дамыту үстіндемін.
   Ұлы данышпан Әл - Фараби: «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты», - деген. Осы сөзден - ақ ұстаздық жолдың, ұстаздық міндеттің жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі - ұстаз қолында»,- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері басу мақсатында, шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап арта берсін деген тілегімді білдіремін.

      Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз». Эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 7450
    • DOCX 68.8 кбайт
    • 253 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рысбеков Галым Жумагелдиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рысбеков Галым Жумагелдиевич
    Рысбеков Галым Жумагелдиевич
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19478
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе