Инфоурок Биология Другие методич. материалы"жануарлар әлеміне саяхат" 7 класс

"жануарлар әлеміне саяхат" 7 класс

Скачать материал

«Бекітемін»

27.02.14

hello_html_49e4e19f.gif

I. Кештің тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат

II. Мақсаты:

А) Оқушыларға жануарлардың көптүрлілігі жөнінде айта отырып, олардың айырмашылықтары, тіршілік әрекеттері туралы мәлімет беру және білімдерін қалыптастыру;

Ә) Оқушылардың жануарларды топтарға бөлу ерекшеліктері және маңызы туралы өз бетімен білімін толықтырып, тереңдете отыру, логикалық ой – өрісін дамыту барысында тапқырлыққа, танымдылыққа қабылдауын арттыруға дағдыландыру;

Б) Оқушылардың пәнге деген көзқарасын білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып, жануарларды қорғауға, аялай білетін адагершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру;

III. Кештің түрі: сыныптан тыс сабақ

IV. Кештің типі: жарыс сабақ

V. Кештің әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ойындар, әңгіме, әңгімелесу, кітаппен жұмыстар,

VI. Кештің көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, плакаттар, буклеттер, жануарлар,күй әуендері, слайдтар

VII. Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, дүниетану, жануартану, экология, география, қазақ әдебиеті

VIII. Кештің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

- Мұғалімнің кіріспе сөзі

- «Өзі жайлы өздері сыр шертеді»

- «Сен маған, мен саған»

- «Кім тапқыр?»

-«Біз көңілді баламыз» (сурет құрастыру)

Өнерлі өрге жүзер» (жануарлармен байланысты қызықты әңгімелер)

Шапқан озар, жатқан қалар» (Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін кім?)

-«Менің сенімді достарым»

Ұйымдастыру кезеңі: .

1- жүргізуші.Армысыздар қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

Саламатсыздар ма қадірлі қонақтар.

Бүгінгі біздің «ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Кіріспе сөз. Жануарларды жер шарының барлық жерлерінен кездестіруге болады. Олар тірі ағзалардың барлығымен қарым – қатынаста тіршілік етеді. Қазақ халқы тумысынан табиғатпен етене өсіп, ондағы жан- жануарлардың қылықтарын дөп басып, оларды аялай білген. Оны ақын- жазушылар өлең- жырларына жырлаған.

... Уа, табиғат , тылсымыңа таңғалам ,

Қызығыңа , құмарыңа қанбаған.

Жалғассын деп дәстүрімді, салтымды

Мені артыңа қалдырған ғой жан бабам.

(З. Әбілтаева)

2- жүргізуші.

Жануарларды адамзат аялаған,

Әр қашан да оларды саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Білген сайын келеді біле бергім,

Жануарларды адамзат аялаған,

Әр қашан да оларды саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Білген сайын келеді біле бергім,

1-жүргізуші. Біле беру емес пе тілегі елдің, деп бүгінгі біздің сыныптан тыс өткізгелі тұрған жұмысымызға екі топ қатысқалы отыр.

Олар:

Бірінші тобымыз «ТҰЛПАР» Екінші тобымыз «СҰҢҚАР»


Ең алдымен әрбір топ өздерін таныстырмас бұрын, біз бүгінгі кештің қонағы әділ қазылар алқасы мен таныстырып өтейік.


Әділ қазылар алқасынын мүшелері


hello_html_m1ec953d.gif

2- жүргізуші. Турлармен таныстыру.

1- тур. «Өзі жайлы өздері сыр шертеді »

2- тур. « Мен саған, сен маған»

3- тур.«Кім тапқыр?

4-тур. «Біз көңілді баламыз»

5-тур. «Өнерлі өрге жүзер»

6-тур. «Шапқан озар, жатқан қалар»

7-тур. «Менің сенімді достарым»

1-жүргізуші.

Табиғаттың ажары көркемі бір,

Шежіресі секілді ертегі жыр

Ал тыңдаңдар топтарға сөз береміз.

Өзі жайлы өздері сыр шертеді дей отырып, ортаға өздерін таныстыруға топтарымызды шақырамыз.

1- тур. «Өзі жайлы өздері сыр шертеді »Топты таныстыру , ( эмблеманы таныстыру.)

2- жүргізуші 2- тур. « Мен саған, сен маған» кезеңі. Жануарлар туралы сұрақтар.

1-топқа.1) Ең ірі маймыл – (горилла,)
2) Ең ірі көбелек – (Агриппина,)

3) Ең ұзақ өмір сүретін қай құс? (қарға)

4) Әлемдегі ең әдемі құс? ( жұмақ құс)

5 Ең ірі қолтырауын – (Ніл қолтырауыны,)

6) Ең алып құс? (түйе құс)

7) Ең үлкен балық? (каркарадон)

1-жүргізуші.

2-топқа.1). Ең үлкен кеміруші? (капибара)

2) Ең баяу қозғалатын омыртқалы жануар? (жалқауақ)

3) Ең үлкен жұмыртқа? ( түйе құстың жұмыртқасы)

4) Ең жүйрік аң? ( қабылан)

5) Жер бетіндегі ең жылдам ұшатын? (инеліктер)

6) Ең кіщкентай құс? (колибри)

7) Түйеқұстың ішіндегі ең кіші түрі? ( киви)

2- жүргізуші .3- тур.«Кім тапқыр?» кезеңі.(екі бөлімнен тұрады)

1.Жануарларды даусына қарай аттарын анықтау.( интерактивті тақтада (слайдта) жануарлардың дауыстары жүріп жатады).

2.Күйдің әуенін тыңдай отырып, күйдің атын қай жануарға байланысты шыққанын анықтау. (2- топқа 2 күйден беріледі. ) Берілетін күйлер: 1- топқа. Құрманғазы «Ақсақ киік», Н. Тілендиев «Аққу»; 2- топқа, Дәулеткерей «Керқұла» Құрманғазы «Бұлбұл».

1-жүргізуші. 4-тур. «Біз көңілді баламыз»кезеңі. ( 2 жануардың сурет құрастыру. 2 минут уақыт беріледі. Оқушылар құрастырып болғанша көрермендерге жұмбақтар жасыру). (Тапқыр болсаң шешіп көр).

Жануарлар туралы жұмбақтар.

Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (Мысық)

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз,баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,- деп,

Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?

Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесін мекен даласын,

Бірден тауып аласың,

Салыр алып дорбаға,

Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

2- жүргізуші. 5-тур. «Өнерлі өрге жүзер»кезеңі. (7 қызықты әңгімелер жиынтығы)

1-жүргізуші. 6-тур. «Шапқан озар, жатқан қалар»кезеңі. ( интерактивті тақтада берілген ұяшықты ашып, жануарлардың суреттерін анықтау, кысқаша сипаттама беру)

2- жүргізуші.7-тур. «Менің сенімді достарым»кезеңі. Бұл кезең 3 бөлімнен тұрады.

1-ші бөлім. Өзінің сенімді досын таныстыру.

2-ші бөлім. Үйден дайындаған өз досына видео- роликті көрсету.

3- ші бөлім. Сән үлгісін көрсету. Өз жануарын киіндіріп, сәнге шығару.

1-жүргізуші. Әділ қазы алқасы 2 - топтың бағасын есептеп, қорытындысын шығарғанша, көрермендерге жұмбақтар жасырылады. (тақтада жануарлар туралы видеолар жүріп жатады).

Жануарлар туралы жұмбақтар.

Жер бетінде жатқан арқан,

Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Қара арғымақ мінгенім,

Қыр айнала жүргенім.

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елде іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)

Орманда жоғары

Ғашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Ай астында ақ мамық

Жатыр суды жастанып (Аққу)

Таусылама, қарандар,

Табиғаттын қызығы?

Суық жақтағы жануар –

Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Тарпаң, тарпаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған.

(Бақа.)

IX. Қорытынды.

2- жүргізуші Әділ қазылар алқасы қай топтың жеңгенін айтып, топтарға мадақтама береді және белсенділік көрсеткен оқушыларға алғыс хат беріледі.

Бүгін балалар, біз жануарлар туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.

«Табиғат» әсемдіктің төркінісің

Ән саламын бір сенің көркің үшін

Жан -жануар табының бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған.

Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.


1-жүргізуші. Жарайсыңдар балалар!

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсын дала қыраны.

Жер суын қорғау бабаның

Емес пе елдің ұраны.

Құрметті көрермендер кешке келіп, қатысқандарыңызға үлкен рахмет айтамыз. Сау болыңыздар!































Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп - гимназиясы





Пәні: Биология




Кештің тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат




Класы: 5. 6




Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі

Иманова М.Н.















2013 – 2014 оқу жылы









Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""жануарлар әлеміне саяхат" 7 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 800
    • DOCX 60 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманова Мархабат Нурлыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманова Мархабат Нурлыбаевна
    Иманова Мархабат Нурлыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8359
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек