Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖасай бер ана тілім! 11 сынып

Жасай бер ана тілім! 11 сынып

Скачать материал

Қызылқоға ауданы

Қарабау ауылы

Қарабау орта мектебінің тәлімгері

«Жас Ұлан»ұйымының атқарушы хатшысы

Шоқан Назгүл Ғайсақызы

Тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім! »

Мақсаты: а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру;
ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру;
б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер,слайдтар
Түрі: танымдық ойын
Әдісі: сайыс

Өту барысы:

Құралай:- Құрметті ұстаздар, оқушылар!

22 қыркүйек  Қазақстан  Республикасы   халықтарының  тілдер   күні  деп  жарияланды.

Нұрай:-22 қыркүйек күні Тіл  мерекесімен мектеп ұжымын    және барша Қазақстандықтарды атаулы мерекемен  құттықтаймын.  

Құралай:-Тіл  қазақ  халқының  басты  қасиетті  байлығы. Осы байлығымызды ұрпағымызға  қалдыру  басты  міндетіміз.  1989 жылы 22 қыркүйекте  еліміз  бойынша  Қазақстан  Республикасының  «Тіл  туралы»   заңы  қабылданды.

Нұрай:1990 ж   22 қыркүйекте  «Қазақ  тілі қоғамы»  құрылды.  Оның  себебі тілімізді  құрметтей отырып, әр  ұлт  өкіліне  үйрету.  Ата  бабамыздан  мұра  болып  келе  жатқан  өз   ұлттық  туған  ана  тілімізді  шұбарлануына  ешқандай  жол бермей  тап-таза  күйінде  ұрпаққа  жеткізе  білуіміз  керек.
Құралай: Мектебімізде 22 қыркүйек Тіл мерекесі апталығы ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесі құтты болсын!
Нұрай:Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Құралай:Сондықтан

Ана тілім, дана тілім - Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген, дей келе, «
Жасай бер, ана тілім!» атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру, сәлемдесу
2. Кім білгір? (мақалды жалғастыру)
3. «Тіл - халық жанын танудың кілті» мәнерлеп оқу (тіл туралы)
4. «
Тіл – ақылдың өлшемі»Көрініс (шешендік сөздерден)
5. «Билер сөзі-нақылдың көзі»(Абайдың қара сөздерінен үзінді беріледі.)

6.Ән (тіл, отан, туған жер)

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық:

1.-------------------------------------------

2.-------------------------------------------

3.------------------------------------------
Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы
Ұстаздардың қабыл болсын батасы
Қол соғып, ортамызға тарландарды
Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз:

1. 11 сынып оқушылары;

2. 10 сынып оқушылары;

3. 9сынып оқушылары.

1. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.(Сайыскерлер ортаға шығып өздерін таныстыру. Топтар өздерін таныстырғанда жалпылама тілмен емес өлең жолдарымен таныстыру тапсырылған болатын.)

Топтарды бағалап жіберейік жоғарғы ұпай 10 деп бағалайсыздар.

Нұрай:2. Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.

«Кім білгір?» атты сайсысымызды бастаймыз.
(Мақалдың бірінші бөлігін оқимын қол көтеріп бірінші қатесіз жауап берген топтың жауабы есептелінеді. Жауап дұрыс болмаса келесі топтың жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап бір ұпайдан бағалайсыздар.)


Адам тілі тас жарады,
тас жармаса бас жарады.

Аз айтып сұйылтып,
көп айтып қойылтары жоқ.

Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

Ана тілім
- дана тілім.

Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.

Ат тұяғы алтын - алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын - алысты сұрап табатын.

Ат тұяқты келеді,
Ақын тілді келеді (Қорқыт).

Аузы құлып сандықты,
тіс ашпаса тіл ашар.

Аяқ - азамат,
Қол - мүлік,

Бас - сандық,
Тіл - кілт.

Аяққа кісен салуға болар,
қолға кісен салуға болар -

тілге кісен салуға болмас.

Әдеп пен тәртіптің басы - тіл.

Бал тамған тілден у да тамар.

Барлығы да тілден:
тіл - бал, тіл - ажал.

Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.

Басқа пәле тілден.

Ең тәтті де - тіл,
Ең ащы да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.

Ет-майыңды бермесең де жақсы тіл бер.

Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман көлдің суы ащы,
Жаман адамның тілі ащы.

Желгіш атқа жел жаңғырық,
Тентекке тіл жаңғырық.

Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.

Жүрек қара болса,
тіліңнің алтындығынан не пайда?

Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.

Жылататын да, жұбататын да - тіл.

Жынның тілін жын біледі.

Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден (А. Байтұрсынов).

Кінәлінің тілі қысқа.

Қол жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Қол жүйрігі етке,
Тіл жүйрігі бетке.

Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.

Құралай: Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты,
Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың,
Өлеңдер оқып, өзіңді - өзің танытшы!- деп, келесі кезекте «Тіл - халық жанын танудың кілті» тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына береміз.Топттарды бағалап жіберейік.

Нұрай:
Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам,
Қазыбек, Төле, Әйтеке - ердің құнын
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам. Сайыстың келесі бөлімінде әр топтың «
Тіл – ақылдың өлшемі» би - шешендердің шешендік сөздерінен дайындаған көріністерін тамашалаңыздар. Жоғарғы ұпайды 10 деп бағалайсыздар(көрермендермен ойын жұмбақ жасырылады, жауабын тапқан адам ұпайын өзінің жанкүйер тобына қосуға мүмкіндік алады.)


Құралай: Ана тілім - ардағым, мәртебелім,
Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?
Қадірін де халқымның біле алмай,
Қалар ма еді айтылмай айтар сөзім – дегендей
, « Билер сөзі-нақылдың көзі» атты бөліміне кезек береміз. Әр топқа Абайдың қара сөздерінен үзінді оқылады сол үзінді нешінші қара сөз екендігін табуларыңыз керек.

1-топқа:Қазақтың бір мақалы бар: «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады-білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік аты-ортақ, асортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса,антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді...(Абайдың алтыншы қара сөзі.)

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-топқа:Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын,әуелі, өзіңді білуге,ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те-менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды... (Абайдың он жетінші сөзі.)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3-топқа: Адам баласының ең жаманы-талапсыз.Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талартардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді.Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды.. .(Абайдың қырық төртінші қара сөзі.)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бағалап жіберейік. Жоғары ұпай 10 деп есептейсіздер.

Нұрай: Халқыңның әдет - салтына
Ойлана қарап түйін түй,
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен би - деп ортаға мың бұралған бишілеріміздіжәне әншілерімізді шақырамыз.
Әділқазыларға сөз беріледі.

Құралай: Әуездісің, әдемі тілі елімнің
Әуенісің ұлан - байтақ жерімнің
Самғай берсін шартарапқа өр үнің - деген тілекпен тіл мерекесіне арналған сайысымызды аяқтаймыз.
Баршаңызға да рахмет!
































































Ат тұяғы алтын - алысқа алып баратын,
Адам тілі алтын - алысты сұрап табатын.


Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам,
Қазыбек, Төле, Әйтеке - ердің құнын
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

















Ана тілім - ардағым, мәртебелім,
Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?

Қадірін де халқымның біле алмай,
Қалар ма еді айтылмай айтар сөзім.













Халқыңның әдет - салтына
Ойлана қарап түйін түй
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен би

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жасай бер ана тілім! 11 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2017 707
    • DOCX 27.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шокан Назгул Гайсаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шокан Назгул Гайсаевна
    Шокан Назгул Гайсаевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14654
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 750 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 028 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе