Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / 1837-1847 ж.ж. қозғалыс ұлт-азаттық қозғалыс, негізгі кезеңдері, қозғалыстың басталуы, жеңілу себептері, тарихи маңызы

1837-1847 ж.ж. қозғалыс ұлт-азаттық қозғалыс, негізгі кезеңдері, қозғалыстың басталуы, жеңілу себептері, тарихи маңызы


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_73272aee.gifhello_html_m4f9e7ae5.gifhello_html_m6853cc70.gifhello_html_m24321be8.gifhello_html_6cbc1a9a.gifhello_html_4517a0bf.gifСынып: 8 № 27 Күні: 11.12.14.
Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 ж.ж. қозғалыс ұлт-азаттық қозғалыс, негізгі кезеңдері, қозғалыстың басталуы, жеңілу себептері, тарихи маңызы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы
Көрнекілігі: карта, слайд, эл. оқулық, әдістемелік журнал

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • «Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері.

(Шеңбер жасап тұрып балдар бір-біріне жүректерінен шыққан жақсы тілектерін айтады).

  • Біздің ереже. Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Хронологиялық тест.

р/с

Оқиғалар


1

Қасым Сібір және Орынбор аймақтық өкімет орындарына ашу-ызаға толы хаттар жазды.

1825-1826 жж

2

Ғұбайдулла сол жер аударылғаннан ... ғана қайтып оралды.

1840 жыл

3

Ресей империясының отаршылдық езгіге қарсы қозғалысын Саржан Қасымұлы бастады.

1825 көктем

4

Патша үкіметінің құрамында 500 солдаты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылын шауып кетті.

1831 жыл

5

Саржан мен оның бауырлары зұлымдықпен өлтірілді.

1826 жыл

31 қаңтар

6

Саржан Қасымұлының жасағы патша үкіметінің әскерлеріне қарсы ашық шайқасқа шықты.

1836 жыл

III. Жаңа сабақ жоспар:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
2. Көтерілістің барысы
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер

мәмілегер батыр
ұлт-азаттық Кенесары Қасымұлы саясатшы

қозғалысының басшысы


Абылай ханның ісін ең соңғы хан

жалғастырушы.

Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.

1. Көтерілістің басталу себептері:
ХІХ ғ-дың 20жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.


Кенесары әскернің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.
Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т. б

Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;

Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.

Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден – үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
Көтерілістің тарихы маңызы: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды

Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан – таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен – Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», - дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін, 1836 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.



2. Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау: Жылдар. Оқиғалар
1837ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838ж, күзінен: Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.


3. Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.

Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж)
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді(1842).
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.(1843. ж. 27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.(1843. ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(18447ж721 - 22 шілде)
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды(. 1844 - 1845. ж. ж)
1845ж. қазан, қарашада: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847ж, сәуірде Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді
1847ж: Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты


Сергіту сәті:Cute Froggi Danke


4.Көтерілістің жеңілу себебі:

- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
ІV.Сабақтың қорытындылау: Осы тарихи ерлік болашақ қазақ мемлекетінің тәуелсіздігіне апаратын алғышарттарды саяси, рухани-әлеуметтік тұрғыдан дайындады.

V. Бекіту сұрақтары:
1. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
2. Кенесарының Қоқан, Бұқар хандықтарымен байланысы қандай болды?
3. Кенесары хандығыны 4 құрылымы мен ХVI - ХVII ғ. қазақ хандығын салыстырыңдар?

Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.

« Венн диаграмасы »

Кенесары Қасымұлы басаған көтеріліс:


Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

  1. Феодалдық топтардың Кенесарыны қолдамауы

1.Кіші Жүзді Еділ-Арал теңізін қамтыған

  1. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

2.Қазақ феодалдарының арасындағы алауыздықжәне ру аралық қайшылықтар.

  1. Бүкіл қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс

3.Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.

  1. Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 10 жылға созылды.

4.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 14 жылға созылды.

  1. Отаршылдық езгіге қарсы бағытталған

  2. Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтерілістер

  3. Қазақ шаруалары, билер, старшындар



VI. Үйге тапсырма: § 13. Оқу, түсінік беру.
Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу,
«Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу

VII. Бағалау: Оқушы білімін бағалау


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров159
Номер материала ДВ-358256
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх