Инфоурок Школьному психологу Конспекты"Өзін - өзі тану - өмір талабы" тренинг

"Өзін - өзі тану - өмір талабы" тренинг

Скачать материал

hello_html_m4c95b630.gif
hello_html_mfaeed92.gif
hello_html_677df1d9.gif
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Таубаев Қ.Б.

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRQmzoLRyVsYfBhofI-QCeUomynyB1_1tFbxoi-HhIYuz4GFpmEZ28IYDpi







«Өзін-өзі тану – өмір талабы»

(тренинг сағаты)





















Ұйымдастырушы: педагог – психолог Есенова Ляззат Сайкомовна



Орал қаласы

2016 жыл

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану – өмір талабы»

Мақсаты: Жеке тұлғалардың өзін – өзі тануын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • өзін –өзі бағалауда ерік–жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана – сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. 

  • өз-өзін бағалауын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту. 

  • табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу. 

Қолданылатын технология: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Түрі: тренинг

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: слайд, проектор, маркер, флипчарт, стикер, нақыл сөздер. үлестірме қағаздар т.б. 

Барысы: 

  1. Қызығушылықты ояту:

Төмендегі берілген сөздердің мағынасының өз өмірімізде құнды екенін ескере отырып, мағынасын ашып алайық. 

Психолог сөзі:

Өзін- өзі тәрбиелеу, бағалау-өмір талабы. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білуі. Әр адам – жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар. Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті және жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болуы керек. 

Ой шақыру:

- Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің? 

- Өзін –өзі бағалау дегенді қалай түсінесің? 

- Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз? 

- Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек? 

Басқалардан өзгеше болу – кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы-қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.

  1. Мағынаны тану:

Өзіңді ғана емес, өзгелерді де таны: «Ұлы адамдардың ұлы сөздері беріледі, соған өз түсініктеріңмен тарқатып айтасыздар, талқылау болады. 

«Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» (Абай). 

«Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы» (В. Сухомлинский). 

«Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек» (Н. Островский). 

«Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс» (Цицерон). 

«... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт» (М. Жұмабаев). 

«Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыт-тың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адам-ның өз мінез–құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» (Әл - Фараби).

Топтық жұмыс:

1 топ тапсырмасы:

Адам қабілетін дамытуға көмектеседі...

Не ? Қалай?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

2 топ тапсырмасы:

Адам қабілетін дамытуда кездесетін кедергілер...

Не ? Қалай?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

3 топ тапсырмасы:

Адам бойындағы талантты ашу үшін...

Не қажет ? Оны жетілдіру жолдары?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары».

Қатысушылар шеңбер құрып, бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алады.

Мен сүйемін........................................................................................... 

Маған ұнайды......................................................................................... 

Маған қиын............................................................................................ 

Менің жанымды жадыратады................................................................ 

Өз достарымның арасында Мен............................................................. 

Мен келешекте......................................................................................... 

Сонымен, студенттер, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз – өзіңді бағалау – кемшіліктеріңді жетістіктеріңді басқа адамдармен бөлісе отырып, достарыңа деген қарым – қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс –әрекеттеріңді білу деген сөз. 

Адам өзін – өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. 
Бүгінгі сабағымыз өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз.
 

Енді сағатымызды қорытындылай келе, Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңімен әсерлендіре түссек. 

Көтер. қане, басыңды 

Күніңді босқа өткізіп пе едің? 

Тағдырың неге сыр айтты сараң?

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін, 

Бақытсыздық деп кім айтты саған? 

Кім айтты саған? 

Тұлпарды сүрінбейді деп, 

Асауды мінілмейді деп, 

Ақ көйлек кірлемейді деп, 

Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. 

Кім айтты саған? 

Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, 

Биікті ардақтайды. 

Асылды қорлатпайды деп? 

Қиналып бекер алаңдадың-ау, 

Ойыңды шығар өріске. 

Өзің- ақ айтшы ғаламда мынау 

Жеңудің бәрі жеңіс пе? 

Жігітке арман жеткізіп пе еді 

Өз сорын өзі жеңбесе ? 

Өмірдің барлық сәтсіздіктері 

Бақытсыздық емес, ендеше ! 

Жүректен жүрекке:

Қатысушылар шеңбер құрып, көршілеріне жақсы сөз, жылы лебіздерін білдіріп жүрекшелерді ұсынады.

Адамдар жолында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, өмір бойы өзінің мақсатына жету жолында күреседі екен. 

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, 

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 

Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 

Үлкен АРМАН керек екен адамға! 

  1. Ой толғаныс:

«... Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады»-, деп нақтылап көрсетеді алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытов. Эйнштейн де «Әр баланың бойында ақылдылық болмысы болады»-,деген. Расында солай. Дегенмен бұл қағидаға бірі сенсе, бірі сенбес. Себебі, жарық дүниеге көзімізді ашқанда бәріміз бірдей кейіпте болып, өсе келе өзгеріп сала береміз. Қалайша? Неліктен? Осы сұрақ төңірегінде өрбітсек.  Өзін- өзі тәрбиелеу-адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның болашақ кейпін елестетуіне тәуелді. Бұл аксиологияны бүкіл әлем мойындауда. Ал бізде...  Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі – адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы. Адам баласы өзін жақсы көрсе ғана, айналасындағыларды жақсы көре алады. Бұл - өзіндік сананың маңызды элементі. Өзін-өзі қастерлей білу – адамның жеке басының құнды болуы үшін аса маңызды сипат. Америкалық психолог, ақын Джон Кехоның «Подсознание может все!» еңбегінде  өмірлік азық болар дүниелер тізбектеліп өрілген. Соның ішінде, ұлттық болмысымызға сай тұстарын бойымызға жинақтай білсек болғаны. Осы кітапты оқи отыра ой түйгенім, біз бір мезгілде екі әлемде өмір сүреміз. Біріншісі – жаңа  рухпен қандандыратын нәзік сезім, таза пейілмен жандандыратын иірімді ойлар болса, екіншісі – адам баласына  қызмет көрсетіп тұрған табиғаттың бөліктері бар әлем. Көп жағдайда сыртқы өмір бізге әмірін жүргізеді. Соның әсерінен көптеген келеңсіз жағдайларға душар болып жатамыз. Эгоизм басым болады, ішімдікке салынады, еңбектің көзін таппай жатады,тағысын тағылар...  «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? » (Абай). Орыстың жазушысы Лев Толстой өмір бойы «Игорь жасағы турал жыр» шығармасын қабылдай алмаған. Психологиялық тұрғыда оны түсіндіруден бас тартқан. Ұлы ойшыл театрды, әсіресе балет спектаклін көруге мүлде қарсылық білдірген. Шекспирдің шығармасын жоққа шығарып тастауы осыдан болса керек. Осындай түйткілдерді түп-тамырын жою үшін ішкі түйсік сыртқы өмірді басқаруы тиіс. Ол қалай дейсіздер ғой. Кәсібінің нәсібін көрген біршама психологтардың еңбегінде дәлелденген. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның жан күйзелісіне душар етеді. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi жою, емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты. Мирдад кітабында: «Былай ойлаңыз, әрбір ойлаған ойым аспанға отты қаріптермен  анық жазылады». Айтылған сөз – атылған оқ. Қазағым сөздің сиқыры барын тегін айтпаған ғой. Біздің санамызға мықтап бекінген ойлар өмірімізге тікелей септігін тигізеді. Көпшілігіміз біреуге сын тағуға бейімбіз. Бір ағаттық іс жасасақ, өзге біреуді кінәліге санаймыз. Сын айту оңай әрине. Бір кісіні сынамас бұрын, өзімізден сол жайттар орын тауып жатқапағанына сенімді болу қажет. Ықылас Ожайұлы айтқандай, қазірге керек жағдай – таза адам болу, құлдық психологиядан арылу. Үш жағдайдан бек сақтанғанымыз жөн: ұйқы, тәкаппарлық, еріншектік пен енжарлық. Абай айтпақшы, бес нәрсеге асық болып(талап, еңбек, рақым, терең ой, қанағат), бес нәрседен қашық( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) болуымыз керек. Ендігі мақсат – ойлаған дүниеңді іс жүзінде жүзеге асыру.  Көкірегі ояу оқырман жылт еткен дүниені қалт жібермейді деген ойдамын. Дөңгеленген дүниенің уақыт арнасында ең бақытты жан болайық!

Белсенділік танытқандарыңызға рахмет.

Алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!

Рефлексия:

Стикерге өз әсерлерін жазады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өзін - өзі тану - өмір талабы" тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 049 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 2771
    • DOCX 44.8 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Ляззат Сайкомовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Ляззат Сайкомовна
    Есенова Ляззат Сайкомовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74289
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические основы детской и подростковой психиатрии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Курс профессиональной переподготовки

Социально-психологическое сопровождение в перинатальной психологии

Перинатальный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Инновации в патопсихологии детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе