Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Социальному педагогу / Рабочие программы / Өзін - өзітану 9 сынып сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Өзін - өзітану 9 сынып сабақ жоспары

библиотека
материалов

Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі______№_____

Тақырып: Жақсы сөз – жарым ырыс

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жақсы қарым-қатынас, алғыс білдіру, жауапкершілік.

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушыға алғыс айту, ризашылық түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу. 1.Білімділік:  Оқушыларға әр қашан шыңдықты тайтуға үйрету. 2.Дамытушылық: Оқушыларға тек қана сыпайлы сөйлеуге, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін дамыту.
3. Тәрбиелік:  Білімділіке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Орманға саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру. ( сұрақтарға жауап беру)

Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?


Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев.

Нақыл сөздің тағылымы қандай?


Мәтінмен жұмыс.

Оқулықта берілген А. Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып, талдау жасау арқылы өз ойларынды айтыңдар.



Дәптермен жұмыс.

Оқушы дәптерінде берілген «Мен бүгін...» айдарымен әр сабақта арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап, оны талдаңдар немесе өз ойларынды білдіріңдер.


Үй тапсырмасы.

Өз жасаған жақсылықтарынды тізбектеп жазыңдар.


Топпен айту. « Жақсылық төрт түрлі болады»



«Жақсы» да, «жаман» да-жеке адамның мінез-құлық, қам-қаректі, қарым-қатынасынан бастап, тұтас бір ұлттың ортақ мінез-құлқын, ұлттық сипатын қалыптастырады. «Жаман» адам болады, ал «жаман» ұлт бола ма? Мейлі ол барып тұрған оңбағанның оңбағаны болсын, ешкім өзін «мен жаман адаммын»

демейді.



Соңғы тыныштық сәтi.










Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі______№_____

Тақырып: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Жақсы қарым-қатынас, алғыс білдіру, жауапкершілік.

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушыға алғыс айту, ризашылық түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу. 1.Білімділік:  Оқушыларға әр қашан шыңдықты тайтуға үйрету. 2.Дамытушылық: Оқушыларға тек қана сыпайлы сөйлеуге, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін дамыту.
3. Тәрбиелік:  Білімділіке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Орманға саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Өз жасаған жақсылықтарынды тізбектеп жазыңдар.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?



Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Қоныстың «Сөз құдіреті» әңгімесін оқыңдар.



Тапсырма. Оқулықтағы Ғ. Мүсіреповтың мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

  • «Адам күлдірем деп күйдіреді, сүйдірем деп сүріндіреді» немесе «жұбатам деп жылатады» дегенді қалай түсінесіз?


Назар аударыңдар. «Жақсыда жаттық жоқ» дейді қазақ. Жақсының – бәрі жақсы. Менің ғана түсінігімше, қазақтың бойындағы ең жақсы қасиеттер мыналар: тектілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетушілік, «өлі риза болмай, тірі байымайды» дейтіндігі, аңқылдаған ашық, ақкөңілділігі, астындағы жалғыз атын қонағына сойып тастауға дайын тұратын жомарттығы, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлілігі, дарындылығы, алғырлығы, сөзге шешендігі, сөзге ұсталығы, икемділігі, қойдай қоңыр мінезі мен төзімділігі, ұлттық салт-дәстүрге беріктігі, жан баласының көңілін қалдырмауға талпынуы, ниетінің түзулігі, жеті атаға дейін қыз алыспайтын қанының тазалығы, т.б. жүздеген, тіпті, мыңдаған жақсы жақтары бар.

Ж. Кененбай.


Үй тапсырмасын беру. «Жақсылық» сөзіне сөз жұмбақ құрастырындар.



Топпен айту. « Жақсылық төрт түрлі болады»



Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол-тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с. өнері айтады.



Соңғы тыныштық сәтi.




Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі______№_____

Тақырып: Намыс абырой

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушыға шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу. 1.Білімділік:  оқушыларға ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру; 2.Дамытушылық: оқушыларға адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету; 3. Тәрбиелік:  адамгершілікке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Су астына саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жақсылық» сөзіне сөз жұмбақ құрастырындар.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз?

Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?

«Ар – намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз


Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықта берілген А. Құнанбаевтың «Жиырма алтынша сөз» атты қара сөзін оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық, жамандық дейді деген сөздерге оқушылар көңіл бөледі.



Жағдаяттарды талдау. Оқушылар оқулықта берілген жағдаяттарды оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.


Дәйексөз.

Малым – жанымның садағасы,

Жаным – арымның садағасы.



Үй тапсырмасын беру. ««Ар – намыс керек адамға» тақырыбына шығарма жазып келу.


Топпен айту. « Жақсылық төрт түрлі болады»


Ар-әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті. Адам бойындағы ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін және оның әдептілік нормаларын сақтап, одан аспауына, іс – әрекеті мен мінез – құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет. Ар – ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен көрінеді. Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар-намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан байқалады. Арлы адам – ардақты және басқаларға қашан да үлгі – өнеге.



Соңғы тыныштық сәтi.





Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Ар – намыс,ұят ұғымдары

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

2.Дамытушылық: -адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

3. Тәрбиелік:  -адамгершілікке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су астына саяхат

Үй тапсырмасын тексеру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбына шығарма.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсыз?

Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?


Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Балқар аңызы» атты аңыз әңгімені оқиды.

Оқулықта берілген мәтінді оқыңдар. Мәтінде айтылған «Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары» деген сөздерді талдап, түсіндіріп беріңдер.


Назар аударыңдар. Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.


Түйіндеме.

Ар-намысыңның пәктігі –

Жан-дүниеңнің шаттығы.


Үй тапсырмасын беру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбына эссе жазыңдар.


Топпен айту. Намыс 
Намыс деген нақты шындық білгенге, 
Намыссыз ер нағыз өмір сүргенбе? 
Намыс үшін нақақ кетсем өкінбен, 
Найзағаймын намысыма мінгенде. 
Намысымда нәзіктігім бардағы, 
Намысымның биік - биік арманы. 
Азаматтық ақиқатқа сүйеніп, 
Намысымды жоғалтпасам болғаны. 
Намыс нардың көтереді жүгін де, 
Намыс ерлік еңіреген бүгінде. 
Намыспенен жүріп өтсем тағдырды, 
Өшпестей боп қалар менің ізім де. 
А. Калетаев


Абай 
Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат-жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын. 
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды. 

Соңғы тыныштық сәтi.







Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Мінез – көңіл айнасы Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, үлкендерге деген құрмет, тыңдау

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

2.Дамытушылық: -жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

3. Тәрбиелік:  -адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Демалу

Үй тапсырмасын тексеру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбына эссе.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?

Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

Жаман мінезді қалай түзеуге болады?


Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Құнанбаевтың өлеңін оқыңдар.


Тапсырма. Оқулықтағы В.А. Сухомлинскийдің өсиет сөздерін оқып, ойдарынды ортаға салыңдар.


Оқу ақпараты. «Мінез – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады... Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты т.б. негізгі сапаларға бөлінеді».


Дәйексөз.

Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) –

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Ж. Баласағуни


Үй тапсырмасын беру. «Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбына шығарма жазыңдар


Топпен айту. Ш. Мұхамеджановтың «Сыйластық» өлеңін айтыу.


Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Соңғы тыныштық сәтi.

















Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Жақсы мінездің қалыптасуы.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, үлкендерге деген құрмет, тыңдау

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

2.Дамытушылық: -жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

3. Тәрбиелік:  -адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Демалу

Үй тапсырмасын тексеру. «Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбына шығарма

Сабақ барысын талқылау:

Мәтінмен жұмыс
Абайдың өлең жолдарын оқыта отырып, талдату.
Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?


Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, ойыңды ортаға сал.
1. Адам бойында қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?


Мәтінмен жұмыс
Жаңа сабақтың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым - қатынаста мінез құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға Б. Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқу тапсырылады.
«Әлім мен Жанар»


Есіңе сақта
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби
Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И. Гете
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.
К.Д.Ушинский


Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген криптограмманы шешіп, «Өзін - өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау тапсырылады.


Үй тапсырмасын беру «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе


Топпен айту. Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып, 
Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық.
Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ, 
Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық.


«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым - қатынасынан, іс - әрекеттерінен байқалады.
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек.
Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады».

Соңғы тыныштық сәтi.







Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Адалдық пен әділдік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, жақсы әдет, ұқыптылық.

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7


Сабақ мақсаты: Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

2.Дамытушылық: -адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

3. Тәрбиелік:  -адал, шыншыл болуға тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Демалу

Үй тапсырмасын тексеру. «Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбына шығарма

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу 
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта»Ойланайық,пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
 
• Адал дос дегенді қалай түсініесіңдер?
 
• Әділ болға ұмтылуға адамға не үшін қажет?
 
• Адал болу кез келген адамның қлынан келе ме?Неліктен?
 
• Әділ болу оңай ма?
 
• Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығын мысал арқылы түсіндіріңдер.
 


Тапсырма. Оқулықта берілген мәтінді оқыңдар. Сен шәкірт орнында болсаң қалай жауап берер едіңіз?


Дәйексөз. «Адалдық – ардың ісі».


Оқу ақпараты. Ары таза адал мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды. Адал болу тек қанан өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену.


Дәптермен жұмыс 
Мұғалім дәптерде ұсынылған жомарттық пен қайырымдылықтың өзара ұқсаиығы мен айырмашылығын тауып кестені толтруды тапсырады. 


Үй тапсырмасын беру «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбына шығарма жазыңдар.


Топпен айту. О. Әубәкіровтің «Аман болсын, адамдар» өлеңін айтады.


Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді.

 Соңғы тыныштық сәтi.













Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Сыйластық сыры.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: өзіне сенімділік, әділеттілік, өзінің парызын орындау.

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

2.Дамытушылық: -адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік:  -бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру. «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?

Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде болады?

Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?


Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» атты үнді аңызын оқып, талдайды.


Назар аударыңыз. Сұхбаттасқан адамының жан дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлытылық, әсіресе сырласының жүрек түкпіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру – әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынасынан бастап барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады. Сонымен бірге, тек өзімдікі дұрыс деп өндіршектейтін бірмойын да емес, өзгенің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да, түсіністікпен қарауға бейім. Өзгенің дүние – танымын, құндылықтарды тануын сергек сезімталдықпен түсіну қазақ болмысының ең бір аяулы қасиеті. Мұның өзі, қазіргідей қарқынды өмір ахуалына бейімделе білудің қажеттілігі туындап отырған заманда айырықша мәнді.


Дәйексөз.

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді»


Үй тапсырмасын беру Тапсырма орындау. Дәптермен жұмыс.


Топпен айту Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту


Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым-қатынасқа ұласады.

Соңғы тыныштық сәтi.















Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Сыйластық , кешірім, татулық, ынтымақ, достық, туыстық..

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: өзіне сенімділік, әділеттілік, өзінің парызын орындау.

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;

2.Дамытушылық: -адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік:  -бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?

Кез келген мәселені сабырмен шеше аласын ба?

«Татулық достық кілті» дегенді қалай түсінесің?


Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы А. Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты әңгімесін оқиды.


Жағдаяттарды талдау. Оқулықта берілген Ә. Әбдібайқызының мәтінін оқып, сұраққа жауап беріңдер.

Мұғалім неліктен Әлібекті батыр деп жариялады?


Оқу ақпараты. Адамдар арасындағы татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді. Адам достық қарым-қатынасты бағалай алса, басқа адамдарды түсіне білсе және дау-жанжалды болдырмауды үнемі еске ұстап, өз-өзіне, ісіне есеп берсе, тұрған ортасы мен тату-тәтті өмір сүреді.


Үй тапсырмасын беру «Татулы – достық кілті» тақырыбына шығарма жазыңдар


Топпен айту Ә. Ысқақтың «Бақытты болыңдар, адамдар!» әнін айтады.




Соңғы тыныштық сәтi.























Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Адами қарым-қатынас ізгіліктері.

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

2.Дамытушылық: -адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік:  -адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?


Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген кестені толтырыңдар. Күнделікті өмірде кездесетін сыпайы сөздердің тізімін жасаңдар.


Назар аударыңдар.

Кешірім қалай сұралуы керек?

  1. Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен мына жайларды есіңізде ұстаңыз.

2) Кез келген адамның тұрмыс – тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде

жөндеп отырса, оқасы жоқ.

3) Сен – бала, сені өкпелеткен адам шешең емес, олай болса сен өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауыңа болады.

4) Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.

5) Оның айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түсіреді.

6)Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін сондықтан кешірім сұрағанда екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.

Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

Д.Мамырбаев.


Мәтінмен жұмыс. Оқушылар сабақта түйген ойларын оқулықтағы Ұ.Асыловтың әңгімесімен жалғастырады.


Үй тапсырмасын беру Әңгіме соңындағы сұрақтарға жауап беру.


Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады. 
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. Кикілжіңнің себебі стереотиптер, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуі болатындығын естен шығармаңыздар. Қандай шиеленіскен жағдай болмасын, эмоцияға беріліп, қызығушылықпен іс-әрекет етпеңіздер. Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз, кейін қалпына келмеуі мүмкін. 

Соңғы тыныштық сәтi.







Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Отбасындағы қөарым -қатынас, іскерлік қарым - қатынас.

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік:  -адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;

2.Дамытушылық: -адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

3. Тәрбиелік:  -адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс.

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу.

Адамның шын ықыласпен істеген іс – әрекеттері қандай сезім тудырады?

Сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер? Кімге? Неліктен?

Туған жер, табиғат қандай сезім тудырады?


Мәтінмен жұмыс.

Оқулықтағы Ж. Бейсенбаевтың әңгімесін оқып, оны талдаңдар.


Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.


Оқу ақпараты.

Адами қарым-қатынастағы маңызды іс – әрекеттің бірі – бұл сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. Әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Ә. Тәжібаевтың

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деген өлеңі өте орынды айтылған. Осы тіл арқылы жеткізілетін, дамитын қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне әдепті сөйлеу, шешен сөйлеу, астарлап сөйлеу жатады. Шешен сөйлеу көп ойды аз сөзбен жеткізу ғана емес, мақалдатып, тілдің шырайын келтіре сөйлеу. Ал, астарлап сөйлеу кісінің көңіліне тимес үшін, әрі жекіп, ұрсып, дөрекі сөздерді қоспау үшін ойды тұспалдап айту.


Дәйексөз.

«Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі».

Б. Момышұлы.


Үй тапсырмасын беру «Адами қарым-қатынас» сөзін қалай түсінесің, өз ойынды жазу.


Соңғы тыныштық сәтi.













Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Жүріс – тұрыс әдебі

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Әдеп нормаларын  ұстану іскерліктерін  дамыту.                  Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Демалу

Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап әдісі

Сабақ барысын талқылау:

Ой толғау : Оқушылардан «Әдептілік» деген сөздің мағынасын сұрау


Кіріспе сөз. Адамның үлкендермен, құрбыларымен,  жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда  киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігі танытады. Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлесуіне байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір  адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады. 


Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы берілген «Студент қыздың әңгімесі.» атты үзіндіні  оқып талдау.Мәтінге байланысты сұрақтар: -Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырады? -Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?


Жағдаяттарды шешу: Оқулықта берілген жағдаяты оқушылар оқып талдау ды ұсынамын. -Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін    қалай көмектесуге болады? -Назымға қандай кеңес берер едіңіз ?


Сахналау: Оқулықта телефонмен сөйлесу және автобус ішіндегі әбепке байланысты берілген көріністі оқушылар сахналап,талдайды.Өмірден мысалдар келтіреді.


«Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығын түсіндіру


Үй тапсырмасын беру Отбасының әдептілік ережесін жазып келу


Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту


Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл – қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады. 
Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады. 

Соңғы тыныштық сәтi.















Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Дұрыс киіну, өзін – өзі дұрыс ұстау

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру. 
Білімділік: қоғамдық орындардағы, адами қарым – қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру; 
Дамытушылық: әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту; 
Тәрбиелік; әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Демалу

Үй тапсырмасын тексеру. Отбасының әдептілік ережесі

Сабақ барысын талқылау:

Оқу ақпараты. 
Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді. 


Дәптермен жұмыс. 
Дәптердегі барлық тапсырмаларды орындау. 


Тапсырма. 
Оқулықта берілген әдеп қағидаларын өз ойдарынмен жалғастырыңдар.


Тыныштық сәті. 
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар. 


Дәйексөз. 
Ата – бабаларымыздың дана сөздері әдептілікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке баулиды.


Үй тапсырмасын беру «Әдеп» туралы мақал-мәтелдер жазып келіңдер


Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту


Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл – қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады. 
Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады. 

Соңғы тыныштық сәтi.















Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Әдептілік – адамгершілік бастауы

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, өзіне сенімділік

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
1.
Білімділік:  Әдептілік, инабаттылық,сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу.
2.Дамытушылық:  Ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
3.
Тәрбиелік:  Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Демалу

Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс.

Сабақ барысын талқылау:

Ойланайық, пікірлесейік.
1.Әдептілік –адамгершілік бастауы дегенді қалай түсінесің?
2. Өз әрекетіңнен немесе досыңның әрекетінен ұялған кезің болды ма?
3.Сәлем-сөздің анасы дегенді қалай түсінесің?
4. Әдеп пен құқықтың байланысы бар ма?
5.Әдеп отбасынан басталады дегенге қалай қарайсың?


Мәтінмен жұмыс.

Әуезовтың «Абай жолы»э попеясындағы отбасы әдебі туралы түсінік беру./Мәтіннен үзінді слайдтан көрсетіледі /. ... Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді шешесі анадай жерде тұрып: - Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді. 
Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар- әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырдың мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. ( М.Әуезов. “Абай жолы”)
ә/.2-мәтіннен үзінді оқулықтан алынады/... Ата-енеңді ренжітпе,жерге қаратпа.Енеңнің қолынан бейнетін ал. Байқаймын , олар да өзіміз сияқты момын адамдар көрінеді. «Отымның алды, суымның тұнығы,-деп енең байғұстың көрген беттен-ақ саған еміренгенін айтсаңшы. Енді қайтсін, бұл шаңыраққа тұңғыш түскен келіні екенсің. Сол ниетінен табыла көр, балам. »


Жағдаятты талдау.

а/.Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер:- Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады,-деп мақтай жөнелді./Арман туралы бұл пікірдің қалыптасуының сыры неде?/ 
ә/. Оқушылар екінші жағдаятты өздері құрастырады./Өмірден мысал келтіріңдер/.


Жаңа ақпарат.

Мұғалім әдептілікке инабаттылық, сыпайылық, ізеттілік, көркем мінездер, қарапайымдылық , тәрбиелілік жататындығы туралы , ал әдепті адам -адамгершілігі бар адам, демек әдеп- адамгершілік бастауы екендігі туралы сөз етеді. Әдеп пен салт-сана сабақтастығына мысал келтіре отырып әңгімелейді.


Үй тапсырмасын беру «Әдептілік әліппесін»құрастырыңдар.


Соңғы тыныштық сәтi.








Мектеп Тасөткел НМ Мерзiмі

Тақырып: Сыпайлық , сыйластық, қамқорлық ұғымдарының мәнін ашу

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, өзіне сенімділік

Мұғалiм: Бектемисова С.К. Cынып 8 Оқушылар саны 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
1.
Білімділік:  Әдептілік, инабаттылық,сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу.
2.Дамытушылық:  Ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
3.
Тәрбиелік:  Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөліну

Үй тапсырмасын тексеру. Әдептілік әліппесін.

Сабақ барысын талқылау:

Шығармашылық жұмыс: Ү. Уайдиннің «Әдеп әлеміне барар жол» атты ой пікірін талдап, түсінгендерін ортаға салады.


Әдептілік әліппесі

Н.Шакузадаұлы

.. Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді.Сол

бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады.

Бірақ,көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады.

Бұл жол-әдептілік жолы.

Ал , әдептілік адамның ішкі жан дүниесі,оның интеллектісі,парасаты мен

сезімі сыртқы келбетінен,көздерінен ,бет-әлпетінен ,сондай-ақ тұлға-

мүсіні мен мінез –құлқынан көрініс табады.

Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі.Ол елге осылайша сыйлы болады.Мұндай әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне ,қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Адам-өз өміріне өзі қожа.Өйткені ,ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті .Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады.Бұл да әдептілікке байланысты.Себебі адамды әдептілік басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады. Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей,өзінің барлық іс-әрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда ,мінез-құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда ,өзін-өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.


Ой толғаныс

  • Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?

  • Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?


Жаңа ақпарат

Әдептілікке адамның ізеттілігі ,сыпайылығы сияқты көркем

мінездері мен өнегелігі,қарапайымдылығы,тәрбиелілігі,

инабаттылығы жатады.

Әдепті болу-адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға,олардың сөзін тыңдай білуге ,өзара сыйластыққа қол жеткізуге жәнеүлкендерге құрмет,кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.

Әдепті кісі өз абыройына кір келтіретін әрекеттерден аулақ жүреді.Кездейсоқ ,білместік салдарынан бір жарамсыз іс істеп қойса өкініп,ұялы п,жүзі қызарып ,істеген ісіне қиналады және түзетуге тырысады.

Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгешілік қасиеттерді бойына сіңірген,ұлағатты азамат болып шығу.Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен ,адалдығымен және әділеттігімен ,қайырымдылығымен адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.Адамгершілік –адамның рухани арқауы



Назар аударыңдар

Әдепті адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз.Жанның әдептілігі –адамның әделеттілігінен, ержүректігінен , саналығынан,яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.


Шығармашылық жұмыс

Берілген ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап алып , шағып әңгіме жаз.


Топпен айту

Көңіліңе ұстап,тоқып ал

Д.Әлімжанов


Үй тапсырмасын беру. Дәптермен жұмыс


Соңғы тыныштық сәтi.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров414
Номер материала ДВ-499249
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх