Инфоурок Начальные классы КонспектыӨзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Скачать материал

                          

 

Мектеп  МСОМИ

Тақырып:  _Өзіңді де өзгені де аяла       

Құндылық:  Дұрыс әрекет жасау     

Қасиеттер:  ізгілік, жанашырлық, қамқорлық,

Мұғалiм: Ермекова Алма Темірболатқызы    3 сынып

 

Сабақ мақсаты:

 Дұрыс әрекет жасау құндылығының мәнін  ізгілік, жанашырлық, қамқорлық,    қасиеттері арқылы  ұғындыру.

 

Міндеттері:

 

1. Оқушыларға ізгілік,жанашырлық,қамқорлық қасиеттерін  ұғындыру.

2.Оқушыларда ізгілік,жанашырлық,қамқорлық қасиеттерін    дамыту.

3. Оқушыларды ізгілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

 Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат». (оқушы ойы)

 Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді  еркін,тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен  күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық.  Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады,қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті  көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Гүлдер мен ағаштардың иісі мұрын жарады.Құстардың әсем дауыстары, жәндіктердің ызылы құлаққа жағымды  естіледі. Орманға терең енген сайын ағаштар ұзын көрінеді. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіздікте  сезінеміз. 

Біз енді аяндап алаңға шығамыз, аздап демаламыз. Өзіңізге  түбінде отырып,дем алатын ағаш таңдап алыңыз. Оған жақындап, оның қандай мықты екенін аңғарыңыз,өзіңізді осы ағаш секілді мықты, қайратты сезініңіз. Енді арқаңызды ағашқа сүйеп, көзіңізді жұмып, ішкі жан дүниеңіз тыныштыққа бөленгенін назар аударыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.  Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға  тағы  көз жібереміз.   Келген ізімізбен, мектепке аяңдаймыз. Міне, мектептің де есігіне келдік,тағы да айналамызға назар аударайық, таза ауамен терең дем алып, мектепке кіріп өз орнымызды табамыз. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап,көзімізді ашамыз,күлімсірейміз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы     Т.Айдархановтың «Жанашыр»  әңгімесін оқып, талдау.

 

1.Дастан қандай адамгершілік сезімін танытты?

2.Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?

3.Осы  әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?

 

 

                                                

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Аялауды табиғаттан үйрен.

                                                                      Халық мақал

 

 

 Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін  үш рет қайталаймыз. Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.

 

 

 

 

  1. Әңгiмелеу.

Аңыз айту.

                   Асығыс үкім

 

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.

      Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.

      Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:

-          Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!

        Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. 

         Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

Сұрақтар;

           1. Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?

2.Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар?

3. Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек?

4.Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

 

 

 

 

 

  1. Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.
    1 топқа  « аяла» тақырыбына постер құру
    2 топ « Үлкенге ізет,кішіге құрмет » тақырыбында  ереже дайындау
     ( 7 бөлімнен тұруы тиіс)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер»  өлеңін айту.

                               

                  

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған

 

 

7.    Үй тапсырмасы.

  11 сабақ  48  беттегі  « Сүйіспеншілік»    оқып, талдау.

Дәптердегі 10 сабақтағы  тапсырма берілді.

 

 

8.         Соңғы тыныштық сәтi.

 Жай музыка қойылады.

    Оқушылар жайланып отырып, көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіне түйіп алады..

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2015 1328
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ермекова Алма Темирболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ермекова Алма Темирболатовна
    Ермекова Алма Темирболатовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6268
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 388 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 221 человек

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе