Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалы"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін"

"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін"

Скачать материал

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы

«Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ

НҮСҮПБЕКОВА  МЕЙРАМГҮЛ БАРҚАЗАТҚЫЗЫ

Жоғары деңгейлі, жоғары  санатты

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

         «Сөз өнері» элективті курсы  бағдарламасы қала, республика көлемінде таратылған.  2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Республикалық эссе байқауында оқушылардың шығармашылық биіктен көрінуіне үлес қосқаны үшін ҚР Білім және ғылым министрі А. Б. Сәрінжіповтің  мадақтамасын алды. 2015-2016 оқу жылында «Сөз.Сөйлем талдау және стиль» элективті курс бағдарламасын жазып шықты.

 

Бекітемін:              Ә. Чорманова                            Тексерген:                Н. Шындаулетова

 

Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

 

 9 «А»

М. Нусупбекова

14. 02. 17 ж

45-кабинет

Уақыты

Сабақтың тақырыбы

«Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін» Абай Құнанбаев «Қарасөздері»

 

Мақсаты

Оқушыларға халқымыздың біртуар перзенті - ұлы ағартушы, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, өз халқының кемеңгері Абай өмірін, шыққан тегін, ағартушылық қызметін, әдебиетке келуінің рухани қайнар бастауларын түсінуге, өмірінің маңызды кезеңдеріне талдау жасай отырып, қарасөздерінің  тақырыбын, идеясын меңгеруге, «Толық адам» идеясын түсінуге жағдай жасау.

 

Нәтиже

Абай қарасөзінің идеясын түсінеді. «Абай жаққан бір сәуленің сөнбеуі үшін» өзінің Smart мақсатын айқындайды.

Оқушылар  ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамытады.
Оқушылар дара тұлғаның өнегелі өмірі  мен өсиеті арқылы адамгершілікке, білімді, өнерлі болуға, тілімізді қадірлей білуге үйренеді

 

                               І  Ұйымдастыру

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

 

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлінеді.

10 сек.

Тапсырмаларды таратады

Бағалау парағын, топ жетекшісін, топ мүшелерінің рөлін анықтайды.

Топ жетекшісін сайлайды. Міндеттерді бөліседі. Бағалау критерийлерімен, дискрипторлармен танысады.

1-топты 2-топ бағалайды; 2- топты 3-топ бағалайды

3- топты 4- топ бағалайды;  4 топты 5-топ бағалайды;

5-топты 1- топ бағалайды.

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топ жетекшілері «Жүректен –Жүрекке» тілегін  алма    стикеріне жазып, «Білім бәйтерегіне» іледі.

1-топ. 6 оқушы.

2-топ. 6 оқушы

3-топ. 6-оқушы

4- топ. 6 оқушы

5-топ. 6 оқушы

1 мин.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

І    Үй тапсырмасын сұрау

 

Қызығушылық

ты ояту

Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

«Сен - маған, мен - саған» ойыны.

10 минут

Абайдың дүниеге келуі, шыққан ортасы, ата - тегі, әке - шешесі

Орта жүздің Арғын тайпасының
Тобықты руынан шыққан билер әулетінен.
АБАЙ ТЕГІ
Кішік
↓Әйтек
↓Олжай
↓Айдос, Қайдос, Жандос(Жігітек)
↓Ырғызбай
↓Өскенбай
↓Құнанбай
↓Абай (Ибраһим)

 

2. Құнанбай туралы

А. Янушкеевич  қандай  пікір айтқан?

«Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Қазақтарға қатысты Ресейлік жарғыны бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би...»
                                                                         (А.Янушкеевич)

 

3.Әдебиетке келуінің рухани қайнарлары:

1. Қазақтың ауыз әдебиетінен сусындаған халықтық дәстүр.
2. Араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик поэзиясы.
Араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науай, Сағди; Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады;
3. Орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті.«Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис».

 

4. Абай шығармалары қандай үш жүйемен өрбиді

 

    1. Өз жанынан шығарған төл өлеңдері; әндері, күйі
    2. Қарасөздері деп аталатын прозасы;
    3. орысшадан аударған өлеңдері;

    4. Абайдың аудармалары:

А.С. Пушкин

М.Ю. Лермонтов

И.А. Крылов

«Онегиннің сипаты», «Бородино», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі»,

«Тұтқындағы батыр», «Дұға», «Альбомға», «Ой», «Қанжар»

«Қасиетті дұға», «Теректің сыйы», «Жалау», «Шайтан», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырсқа»

 

5.Тұңғыш өлеңі - 10 жасында

(жауап бермеген, не сабаққа қатыспай отырғанға беріледі)

Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдәрімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр
Бауырыңды... бірге туған.
Абайдың 1855 ж. ауызша шығарған өлеңі. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Абай жайылымдағы түйелердің арасынан өтіп бара жатқан екі аттыға шауып барған.  Екі аттының біреуі төркінінен жауыр айғыр жетектеп келе жатқан әйел екенін біліп, табанда мысқылдап айтқан екен. Әйел ауылға тура келе алмай, түйе арасынан жасырын өтпек болған. Абай келіншекті де, оның сараң төркінін де бір - ақ ауыз өлеңмен өлтіре әжуалаған. Кәдімгі ашық мінез баланың ақтара салған тежеусіз ойы.
Өлең қара өлең ұйқасымен жазылған 11 буынды 4 тармақты

1 шумақ

 

                 ІІ  Мағынаны тану

10 мин.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

 

Абайдың қарасөздерін топтастыру арқылы тақырыбын анықтау,  қарасөздерінің идеясын  ашу мақсат етіп қойылады.

Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен

 орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек

 С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған

Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

 

Топтарға  тапсырмалар:

Берілген тапсырмаларға флипчарт  жасау

 

1 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?

Ø Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Ø Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Ø Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Ø Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.

 

2 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай?
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.

Ø Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Ø Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Ø Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Ø Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Ø Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ø Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Ø Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Ø Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Ø Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Ø Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Ø Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Ø Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37

 

 

 

3 - топ тапсырмасы: берілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37 қарасөз

Қарасөз:

 

Мақал:

Абай пікірі

Менің ойым

«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық».

 

 

 

«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».

 

 

 

«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».

 

 

 

«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».

 

 

 

 

 

4- топ

Абай туралы айтқан ұлылардың сөзіне тоқталады.

 

5- топ

Абай сынаған мақал- мәтелдердің мәнін ашады.

 

ІІІ Понельдік дискуссия

10 мин

Модератор  -  Жалғас Айкерім 

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті  қонақтар, бүгін пікірталас Абай Құнанбаев шығармашылығына арналады.

Панельдік дискуссияны жүргізуші модератор – мен - Жалғас Әйкерім. 

Панельдік дискуссия тыңдаушы мен  қатысушылар арасындағы пікірталас. Кез –келген сұрақтарыңызға  жауап беріледі. Сіздерді панельдік дикуссияға қатушылармен таныстырамын:

 

Республикалық байқаудың жеңімпазы- Темірлан

Қазақ тілі пәні олимпиадасының биылғы жылғы жеңімпазы- Дана

Спорт шебері - Санжар

Республикалық эссе

байқауының жеңімпазы - Нұрлыбек

Сөз шебері - Шынар

Сахна өнерінің

майталманы – Ержанат

Мәнерлеп оқу

байқауының жеңімпазы – Ғазиз

2-минут

Модератор

Залдан  сұрақ

 

Оқушы жауабы

 

Бұл сұраққа жауап беретін- Дана

1- сұрақ:

Абай қарасөздеріндегі, өлеңіндегі ой жантану ғылымымен байланыса ма?

Абай толғаныстарында берілетін «…Хақиқаттың шешуі: Жаратушы кім? Ғалам дегеніміз не? Жан не нәрсе және адамның хақиқатты білудегі дерегі не?» деген күрделі сұрақтарға берген жауап сөзінде зор танымдық ойлар төркіні жатыр. Абайдың:

«Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,Құмары екеуінің сондай күшті» Күн нұрының әсерімен жер ана бойында пайда болған: 1) өсімдік; 2) жәндік. 3) жәндіктен адам жаралады, яғни неден бармын деген сұраққа 1) өсімдік (өсімдік жаны); 2) хайуанат (хайуанат жаны); 3) адамзат (адам жаны) әлемінің табиғи жолмен пайда болу процесін көз алдымызға алып келеді. Бұларды күн жүйесіндегі жер планетасында жаралған табиғи құбылыс ретінде танып-біледі.

Аты аталғанда  орнынан тұрады.

1

Бұл сұраққа жауап беретін - Ғазиз

2- сұрақ

Абай:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», –

деп, нені айтқысы келді, жанның өлмейтініне не себепті мән бере қараған?

Абай

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі, –деп, «мен» яғни, жан өлмейді, ал тән өледі деген байлам жасайды - деген Абайдың жан туралы  танымы екі түрлі. Біріншісі – 27-ші қара сөзде жан өлмейді деген таным. Екіншісі –бес сезім мен жанның табиғи қуаты арқылы жинақталған іштегі ой қазынасы. Ой қазынасы сөз өнері  арқылы сыртқа шығады, ол ой қазынаның иесі (тәні) өлсе де, оның рухани қазынасы ретінде мәңгілік рухани азық көзі болып қалатындығын айтқан. Менің түсінгенім, Абайдың рухани қазынасы өлген жоқ, өлмейді. Келесі өмірдің ұрпағы оқып  үйренеді.

1

 Бұл сұраққа жауап беретін   -    Темірлан           

 

3-сұрақ

Абай 43 - қара сөзінде жан қуаты деген бек көп қуат (куа), оның түрлері де көп деп ескертеді де, сол көп жан қуаттарының арасынан үш қуатқа арнайы тоқталып, талдай отырып танытатыны бар.

Дүниені жаратқан ұлы қуат - жан мен мән болуы себепті, осы қуатпен таныс болуды шешуші орынға қоюында да айрықша мән-мағына жатыр. Өйткені оны шартты түрде айтқанда ол төменгі қабаттағы, яғни күн жүйесі шеңберіндегі құбылысқа жатады екен. Оның өзі түп иенің нұрынан жаралып, жер бетіндегі өсімдік, жан-жануар мен адамның дүниеге келуіне тәннің топырақ пен судан жаралып, пайда болуына тікелей себепкер болып отыр. Жан қуаты ғана тәндерді жаратады, осы себепті жан – қожа, тән – құлы болғандықтан оған билік етеді. Өйткені «Жан өсіріп тұр тәннің баршасын» яғни дүниедегі есепсіз денелердің жаралып өмір сүруі жанның арқасында болады екен.

1

Бұл сұраққа жауап беретін  -Санжар             

        4-сұрақ

Абай философиялық және педагогикалық

шығармалар жазған ба?

Қарасөздері:3;4:7;19;25;32;37; 38

Өлеңдері:

а)”Жасымда ғылым бар деп ескермедім”

ә) “Ғылым таппай мақтанба”

б)”Әсемпаз болма әрнеге”

в) “Алланың өзі де рас,сөзі де рас

1

Бұл сұраққа жауап беретін -Шынар              

5-сұрақ

Абайдың «Биік - мансап, биік –жартас,

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады» дегенін қалай түсіндірер едің

Мансап - билік, жоғарғы қызмет, лауазым, Мансапты жартасқа балайды. Ол – метафора.Жылан мен қыранды қатар алып салыстыра отырып, мансап туралы ой қозғайды. «Шығады» деген қайталаулар олар даналық ойды бекіте түседі. Биік мансапқа еңбекпен шыққан жыландікі дұрыс па, әлде екпіндеп шыққан қырандікі дұрыс па? Мансапқа жетудің жолын да көрсетеді.

1

Бұл сұраққа жауап беретін  - Ержанат               

6-сұрақ

Адамның адамгершілік қасиеттерін  ата

Арлы ,ұятты,талапты, еңбекқор, терең ойлы,   қанағатшыл,  рақым

2 сек

Бұл сұраққа жауап беретін   - Ғазиз              

7-сұрақ. Адамның  жаман  қасиеті қандай?

Өтірік айту, өсек  айту, мақтаншақтық , еріншектік,

Мақтаншақтық, еріншектік

 

2 сек

    Рахмет достар, онда менде бір сұрақ бар:

-  Абай аңсаған

 Толық адам кім?

«Понельдік дискуссияға» қатысушылар:

 

 

 

1 минут

Бағалау

 

Мұғалім: «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» мен не істей аламын? -деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» мен ...  істей аламын?

-          Абайдың барлық қара сөзін оқимын;

-          Адам бойындағы бүгінгі айтылған жақсы қасиеттерді бойыма жинаймын;

-          «Абай жолы» эпопеясын оқуым керек деп шештім;

-          Абайдың ізденуін үлгі еттім;

3-минут

Мұғалім  бағасы

Топ жетекшісінің бағасы

Өзін –өзі бағалау

 

2 -минут

Рефлексия

БББ

 

1-минут

Үй тапсырмасы

Эссе «Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін»

 

      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 782 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2017 2017
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мейрамгуль Нусупбекова Барказатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4249
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Коневодство: организации работ по содержанию и разведению лошадей

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Управление предприятием

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек