Инфоурок Всеобщая история КонспектыАбылай хан 5 класс

Абылай хан 5 класс

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: §  15Абылай хан

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үш  жүздің  басын  біріктіріп, Қазақ хандығының  аумағын  кеңейтіп,  дамуына  үлкен  үлесін қосқан Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларға Абылай  ханның өмір  жолы,  ерлік  істері, ханның қазақ тарихындағы еңбегі  туралы  мағлұматтарды  кітаптан оқып,   өз  бетінше  талдауға  үйрету, танымдықдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті,  кітаппен  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның суреті, Қазақстанның саяси картасы, теледидар, «Көшпенділер» фильмі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды   түгендеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.  

«Балықшының аулаған   балығы» ойыны.   Балалар -  балықшы  рөлінде,  ал  балық-карточкаларға  тақырыпқа  сай тарихи  даталар,  тарихи  тұлғалар, оқиғалар  жазылады.  Оқушы карточкадағы  сұраққа   жауап  бере  алса,  балықтың  ауланғаны,  жауап  бере  алмаса  балықты  суға   қайтадан  жібереміз.  Келесі  балықшы  бағын  сынап  көреді.

Сұрақтар:   1731 жыл,   Тевкелеев,   Бөгенбай,  Әбілқайыр,   Анна   Иоанновна,  Ресей  бодандығын қабылдау,  Кіші  жүз,  қазақ-жоңғар соғысы,   «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»,   «Елім-ай»,   1723,   бас  сардар, Ордабасы,   құрылтай.

     Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң   тақырыпты шолып, қысқаша сабақты қорытындылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жаза отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.

Сабақтың жоспары.

1. Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.

2. Абылайдың жүргізген саясаты.

3. Абылай - қазақтың Ұлы ханы.

         Жаңа сабаққа кіріспес бұрын  оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.

         Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:

1. Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?

2. Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?

    Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін   жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.

         Бұдан әрі   Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.

         Осы жерде   оқушылар назарын «Көшпенділер» киносындағы Ораз бейнесіне аударып, пікірлерін тыңдаймын.

         Одан әрі   ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін.   Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен  аяқтаймын.

         Негізгі түсіндіру уақыты аяқталғаннан кейін   оқушыларға түрлі түсті қағаздар таратады. Қағазда мынадай жазу болады:

         Абылай - ол:

Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай - хан, дипломат, батыр т.с.с.

          Оқулықпен жұмыс.

          Оқушыларға кітаптан Абылайдың өмірінен хронологиялық кесте жасатамын. Мысалы:

         1. 1711 жыл - Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде   оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.

Ей, Абылай, Абылай,

Сені мен алғаш көргенде

Тұрымтайдай үл едің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін баққан құл едің,

Абылай атың жоқ еді

Сабалақ атпен жүр едің.

Қорытынды кезең

Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтарды беремін:

1. Абылай билікке қалай келді?

2. Абылай атының шыға бастауы қандай тарихи оқиғаға байланысты?

3. Абылай қазақ тарихында қандай орын алады?

4.  Абылай төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?

    Абылай - үш жүздің басын бір хандыққа біріктірген, Қазақ хандығын біртұтас, мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы, батыр, дипломат, атақты мемлекет қайраткері.  

Бағалау:

Үй тапсырмасы:          § 15 Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Абылай хан 5 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2015 725
    • DOCX 21 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наурызова Гулзира Избаскановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13015
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 839 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 389 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек