Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Анашым-данасың" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты

"Анашым-данасың" тақырыбы бойынша тәрбие сағаты

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Анашым данасың

Сабақтың мақсаты : Ана жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау.

Ананың мейірімін,махабатын,жақсылығын түсініп,оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Наурыз күні Ана күні,әлем күні

Әлемді тебіндірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал,бөбектерім,сендер мұны.

Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі,қадірлі сөз ана.Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны,жылы жүзі,ыстық құшағы,мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,мейірімділік махабатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.Ол 8-наурыз мерекесі.Бүгін бізде аналарымызды мейраммен құттықтау үшін «Анашым-данасың»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ХОР.Ақ мамам

Ахжархын.

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Ер жеткізіп елге берген баласын

Ақылдысың,ардақтысың,данасың

Қарайтыным қас қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме анашым

Абылай.

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құтықтаймын анашым

Нәргүл.

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

Нарғыз

Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегімде сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам

Ана көркі көгімнің

Ана нүры жерімнің

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Нүрбола

Айналайын әжем

Мәпелеген жастай

Менің қымбат данам

Көңілі көк аспан

Балдай тәтті әжем

Сіздей жан жан маған

Қуантса екен сізді

Менің бестік бағам

Ән Асыл әжем Орындайтын Ғабдрашит Н

Ойын

Нүрсұлтан

Жан ана жарық күн жанарың

Бір сенде кеңдігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сезімін көктемнің самалын

Гаухар

Әлдилеген анамның

Аясында шалқыдым

Ұғып тыңдап аламын

Бақыт тілеп бал тілін

Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегің елжіреп

Қүшағыңа аласың

Жәнібек

Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аялы

Жүрегі жүмсақ көңілі

Күн шуақты саялы

Мійірі анам күн нүрлы

Шапағы мол шашылған

Сен өмірдің бұлбұлы

Гүлің менмін ашылған

Мұғалім Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибырат аларлықтай өсиет сөздері бар. Сол сөздерден аналарымызға әжелерімізге байланыстысын ала отырып сіздер қазір қарт ата мен жігіт арасында болган әңгімені көріп тамашалайсыздар.

Көрініс Қарт ата мен бала

Ата:балам үйдің алтын қазығы кім.

Бала:Ата,үйдегі алтын қазық ол бала ғой.

Ата:Жоқ,балам,үйдегі алтын қазық ана.Ана ақылды болса,бала дана болаы.Ана тәрбиесі қызға үлгі,әке тәрбиесі ұлға үлгі

Ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың,інің сүйенішің,қарындасың қанатының екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем,әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде.

Ата:Балам жоқты бар,ашты тоқ ететін кім.

Бала:Ата,жоқты бар,ашты тоқ ететін мейірімді әке деп ойлаймын.

Ата:Жоқ балам,әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек.жоқты бар,ашты тоқ ететін ол ана.Анасыз бала ұйықтамайды,қатықсыз айран ұйымайды.

Ата:балам өмір сүру үшін не қажет.

Бала:Ата өмір сүру үшін алтын ақша мол қажет.Бұлардың ешқайсысы болмаса өмір сүрудің қажеті не.

Ата:Жоқ,балам,өмір сүру үшін су,от,тұз,қыз,ақыл қажет,су тіршіліктің нәрін береді,от өірдің сәнін береді,тұз астық дәмін келтіреді,қыз көңілдің сәнін келтіреді,ақыл өмірдің мәнін келтіреді осыны есіңе сақта.

Бала:Жарайды ата.

Хор Апатайым анашым

Мұхаммедамин:

Сөздерді ең алуы

Жақсы көріп жаттадым

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын

Ана дегенсөзді де

Аға деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Тәте деген сөзді де

Ата деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар

Нұрсұлу:

Еркелесем,күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Ақжол:

Өмірде жүрсіндеп біз күліп

Күткен ол әр таңнан ізгілік

Сол ана егіліп жылаған

Түссебір тірлік үзіліп

Көлінде күлімдеп,күн шығып

Қуанған көктесе бір шыбық

Ананың тілегі келешек

Ананың тілегі тіршілік

Би:Мың бұралған бишілер билей басып

Келді,міне ортаға толқын тасып

Ер азаматым сыйлаған халқым менің

Қос жігітті қошеметпен қарсы алатын

Асылмұратұлы Ақжол мен Сыз Ахжарқынның орындауында қазақ биі.

Ойын:

Жігіттердің құттықтауы.

Аналарға сыйлықтар тапсыру.

Мұғалім:құрметті ата аналар,ұстаздар осымен(анашым данасың)атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариалаймыз.

Краткое описание документа:

Это мероприятие посвященное Международному Женскому дню 8-Марта. На празднике ученики первого класса пели песни, рассказывали стихотворения мапоказывали шуточные сценки для мам, танцевали и играли в интерестные игры вместе с мамами. План мероприятия был составлен с учетом возрастных и физиологических особенностей класса.Очень интерестный и веселый праздник.

Автор
Дата добавления 17.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров282
Номер материала 286076
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх