Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ар намасым, қасіретім желтоқсан
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Ар намасым, қасіретім желтоқсан




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы:«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелік: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Алғы сөз. Мұғалім:

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 21 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 26 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Мұғалім:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

(Әнұран шырқалады.)

Мұғалім:

Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

1-оқушы: (Томирис)
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Мұғалім.

Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
 ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт 
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
2-оқушы: (Татугүл)
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Мұғалім:

Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Көрініс:

    Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?

 1-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,

              Бағы жана ма қала ма соры қайнап

              Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген

              Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»

2-жігіт: Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа

        өзінің көсемі керек.

1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,         

         құрып барады емес пе?

3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде

              Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.

              Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен

              Жариялылық дегенің елес, білем.

2-қыз: Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр

                        Көлеңке күннен де тимейді нұр.

                        Колбин деген кім екен, қайдан келген,

                        Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

3-қыз Гүлнәр:  Өгей қозы біз болдық енемізге

                          Келімсектер шықты ғой төбемізге

                          Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз

                          Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

   Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.

- Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.

  (Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)

  Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді «қылмысыз»

                              Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз

                              Кейін соның қазасы таңылғанда

                              Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз

Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын

          Мұң шағады қапаста кімге құсың

          Ақ-қараңды тексерер түрме деген

          Концлагерь болды ғой біздер үшін

 

2- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын  шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.

 1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

 2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына  училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова  жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

4-оқушы: Қайрат деген атым бар,

                 Қазақ деген затым бар

                 «Еркек тоқты құрбандық»

                 Атам десең атыңдар!

 - Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.

 Көрініс:

Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.

 Тергеуші: Сен өзіңнің Совицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?

Қайрат: Жоқ. Мен Совицкийді өлтіргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, Атыңдар! Көзін құртыңдар!

Қайрат: Күнәдан таза басым бар

              Жиырма бірде жасым бар

              Қасқалдақтай қаным бар

              Бозторғайдай жаным бар.

              Алам десең алыңдар!

               Қайрат деген атым бар,

               Қазақ деген затым бар

               «Еркек тоқты құрбандық»

               Атам десең атыңдар!

 Мұғалім: М.Мансұрдың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін

       желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!

 Мұғалім:Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін

       рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді.

Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М.Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.

 Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика

алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, жүрегім шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.

 Қыз: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.

Ақтық сөзің армандарың хатта қалды

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды

Қайрат! Қайрат!

Сен мені естимісің

Есін жиған халқымыз «Зек» халқымыз

Лагерде шірітпей, ақтап алды, - дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.

М.Шаханов: Ия, дұрыс айтасыңдар!

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.

Ана: Ия, айналайын балапандарым!

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

Әлия: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Асылай: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Мұғалім:Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.

Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын. 

Әділет: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!

Мұғалім:Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақытқа дейін алған біздің жетістіктеріміз.

Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік

Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Класы: 8 «а»

Мерзімі: 05.09.15 ж

Мұғалімі: Иманова М.Н.

Тәрбие сағатының тақырыбы:Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие саңғатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.
Пайдаланылған материалдар: сюжетті суреттер, сұрақтар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық. Өрмекші торы
2. Негізгі бөлім.
Кіріспе сөз.
( Сюжетті суреттермен жұмыс жасау арқылы түсіндіру.).
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 24 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақытқа дейін алған біздің жетістіктеріміз.

Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы қазақ ұлтынан болудыталап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.
Енді 1991-ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.
Ән. «Әнұран».
- Бүгінгі балалар, тәрбие сағатымыздың қорытындысы бойынша XXI-ші ғасыр білім ғасыры. Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыны сыныбымыздың «XXI-ші ғасыр озаты» деп тағайындаймыз.
Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушылар іріктеліп шығады.
І-ші тур
Ситуациялық сұрақтар:
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.)
Осы сұраққа жақсы жауап берген 5 оқушы іріктеліп алынды.
Ұпайлары: Барлығы да 5 ұпайдан алды.
2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.)
3. Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.)
Ұпайларын есептеп, білімділігімен алға төрт бала шықты.
ІІ-тур.
Сұрақ-жауап. (1-мин.)
1-сұрақ: Қазақ батырларын ата.
2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім?
3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.
4-сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата.
Бұл турдан үш бала алға шықты.
ІІІ-тур.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут).
№1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)
Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)
№3-ке: Ерлік пен бірлік-------------(егіз)
№4-ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы)
Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)
ІV-тур.
Халықтық педагогикаға байланысты сұрақтар.
1-сұрақ: Жеті ата.
2-сұрақ: Бес парызды ата.

3-сұрақ: Бес қару

Келесі турға екі оқушы шықты.
V-тур.
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз.
Ән: «Қазағым»
Сонымен бүгінгі «Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ» атты тәрбие сағатымыздың «XXI-ғасыр озаты» атағын жеңіп алады

VI. Қорытынды сөз.
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!


Ән: Қазағым

Әулие мен абызың
Бақыт қылған қазағым
Домбыра мен қобызың
Шабыт қылған қазағым
Айдыны мен бұлағың
Суыт қылған қазағым
Тұлпары мен қыраның
Қуат қылған қазағым

Қайырмасы:

Қазағым қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай
Қазағым қазағым сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай

2. Отырса да есекте
Қасып толған қазағым
Аруына есекте
Ғашық болған қазағым
Жазылмайтын уәдесін
Қазық қылған қазағым
Жазылмайтын кәдесін
Азық қылған қазағым

Қайырмасы:

Қазағым қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай

3. Ақылы мен тақымын
Суытпаған қазағым
Ақыны мен батырын
Ұмытпаған қазағым
Қара сөзден шешенді
Ескермеген қазағым
Елін сүйген көсемін
Қастерлеген қазағым

Қайырмасы: Х2









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-499301
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>