Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Армысың, әз -Наурыз " мектепалды даярлық тобы

"Армысың, әз -Наурыз " мектепалды даярлық тобы

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_d6f1cc8.gif

«№2 Қашар орта мектебі» КММ





Мектепалды «Б» сыныбы


22 наурыз мерекесіне

арналған ертеңгілік



http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=445391564-67-72&n=21









Жауапты тәрбиеші:

Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы




Қашар кенті

2014-2015 оқу жылы



22 Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз- Наурыз» атты

ертеңгілік әзірмесі

Өтілетін орны: 205 каб. Күні:17.03.2015 Уақыты:1030


Сабақтың тақырыбы:  «Армысың, әз -Наурыз»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.

Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
 Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
 Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме, мерекеге байланысты бейнеслайдтар т.б.
 
Барысы: 

а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.


 Мұғалім:
Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын.

Той құтты болсын! Ақ мол болсын!


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 


НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. 

Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі

22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.





Ал, балалар, тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгітіп
Інжу – маржан шашайық


Хор: «Наурыз» әні

Тақпақтар:


1 Мерей 2 Б.Айнур


Ғасырдан жеткен ғасырға Наурызбен құттықтап,

Ұлтымның ұлы дастаны Алыс жақын қауышты.

Жасай берсін мәнгілік Көктемдегі жарқын сәт,

Ғасырдан өткен ғасырғa. Көңілдерге ауысты


Наурыз тойым,

Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

3 Амина 4 Ислам


Наурыз – бұл мереке Жылдың басы Наурыз,

Құтты болсын береке Жердің басы Наурыз.

Қыдыр ата келсін Мерекеге арналсын

Жақсы тілек әкелсін Бүгінгі жыр- әніміз.

5 А.Айнур 6 Ернур

Наурыз келді алақай, Жыл басы –Наурыз мереке

Кел билейік балақай, Ақ нұрға әлем боянды.

Бізде қарап тұрмайық, Наурыз тойы береке

Тойға шашу шашайық Тіршілік жаңа оянды!

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз

НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ

-Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды. 
-Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған. 
-Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі.


Мұғалім:

Балалар мен сендерге біршама Наурыз мерекесіне байланысты

сұрақтар қойғым келіп тұр сұрақтардың жауабын тауып көреміз бе?


Сұрақтар:

№1. Төрт түлікті ата. (түйе,жылқы, сиыр, қой-ешкі)



№2.Аптаның бесінші күні (жұма)

№3.Апта күндерін ата. (Дуйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

№4. Жұмбақ.

Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)

№5. Сүт тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ, құрт)

№6. Ұлттық ойындарды атаңдар .( «Айгөлек», «Ақсүйек», «Тобық», 

«Ханталапай», « Тоғызқұмалақ», « Теңге алу», «Қыз қуу», «Асық», 

«Көкпар», «Бес тас» тағы басқа.

№7. Жұмбақ.

Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)





Мұғалім:

Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.

Тақпақтар:


7 Руфина 8 Айдос

Күттіріп келген жыл басы, Ата-бабам тойлаған,

Бізбен бірге тойлашы Наурызым, армысың!

Дастарханға елімнің, Қызығыңа тоймаған,

Береке,ырыс сыйлашы Дархан дала қарлы шың.



9 Ануар 10 Ергазы

Ей, балалар, балалар, Оу, халайық халайық,

Енді маған қараңдар.. Әсем әнге салайық.

Наурызды тойлайық, Наурыз тойын көңілді,

Қызық ойын ойнайық. Бірге қарсы алайық


11 Нурлан 12 Арай


Жылдың басы Наурыз, Келді Наурыз, жар салып.

Жердің басы Наурыз. Би билейік ән салып.

Мерекеге арналсын Жылда келсінҰлыс күн,

Бүгінгі жыр-әніміз. Тұрайық есен қарсы алып


Мұғалім: Балалар қандай біздің ұлттық ойындарымыз қандай білесіңдер ме?

Жарайсыңдар!

Олай болса осы ұлттық ойындардың бірнешеуін ойнап көрелік.

Ұлттық ойындардан көрініс: «Тақия алу»
Ұлттық ойындардан көрініс: «Асық ату»
Ұлттық ойындардан көрініс: «Арқан тарту»


13 Мадияр 14 Нурсипат

Наурыз тойын әдемі, Қыс өтіп, қар кетіп, 

Әжем еске түсірді, Шырайлы жаз жетіп,

Біздерге арнап әдемі Шаруаның кенелген

Наурыз көже пісірді. Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!

15 Айкен 16 Жасулан
Наурыз тойы тамаша, Ұлы күні кәрі- жас,
Наурыз тойы жаңаша. Құшақтасып көріскен.
Әр жүректен ән тарап, Жаңа ағытқан қозыдай,
Шаттанады шартарап. Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын! 


17 Адилжан 18 Алтынай

Сағынтып келген жыл басы Жыл басы – Наурыз, мереке!
Бізбен бірге жырлашы. Ақ нұрға әлем боянды.
Дастарқанға елімнің Наурыз тойы береке,
Береке, ырыс сыйлашы. Тіршілік жаңа оянды.


19 Нурислам 20 Меруерт


Наурыз тойы-тамаша Күн мейрамы ежелден

Наурыз тойы –жаңаша Құтты болсын Наурыз

Табиғатта тамаша Наурыз бұл береке

Тамылжып тұр жараса Құтты болсын мереке


Нұрқасым

Бұл мұсылман Жаңа жылы Наурыз келді еліме

Қуанады даламыз Наурыз келді жаріме

Бұл мұсылман Жаңа жылы Байлық, бақыт тілеймін

Шырқап әнге саламыз Бүкіл қазақ еліне












Мұғалім:
Балалар біздің қандай салт дәстүрлеріміз бар білесіңдер ме?

Жарайсыңдар! Олай болса балалар біздің арамызда әжейлер отыр екен осы әжелер бізге «Бесікке салу» рәсімін көрсетеді екен көрейік 

Қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс. «Бесікке салу» 


Әжей
: Армысыңдар, жәмиғат! (қолың жайып)

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді.)

Қорытынды: 

Мұғалім: 

Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік. 
Келер Наурыз тойына!

Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!

Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!Осымен МАД сынып оқушыларының дайындаған «Армысың әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 
Мұғалім: Құрметті қонақтар Наурыз көжеден дәм алыңыздар!



Осы сәтте «Атамекен» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады. 



«№2 Қашар орта мектебі» КММ

2014-2015 оқу жылы

Мектепалды «Б» тобы

Қатынасқан ата- аналар саны: 18 ата-ана.

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.

Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
 Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Мектепалды «Б» тобы

«Армысың,-әз Наурыз»атты ертеңгілігіне

Талдау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшеліктері ескеріле отырып,мерекелік іс- шаралар алып барылды.

Ертеңгілік өз уақытында басталды.

Әзірлеме бойынша ертеңгілік ойындармен балалардың Наурыз мерекесіне арнаған тақпақтары ,билерімен, қосыла айтқан өлеңдері ерекшеленді. Ертеңгілікте балаға арналған ұлттық ойындардың «Арқан тарту», «Асық ату», «Тақия алу» сынды ұлттық ойындардың бірнеше түрлері ойналды ойын соңында жеңіске жеткен жеңімпаздар марапатталды. Әжей ортаға шығып балаларға қазақ салт дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу» рәсімін көрсетті балаларғаларға арналған наурыз мерекесіне қатысты қызықты сұрақтар қойылды және жеке орындауда әндер шырқалды.

Ертеңгілік соңында балаларға үлкен ақсақалды қария өз батасын берді. Балалар наурыз мерекесіне арналған Наурыз көжеден дәм татуға дастарханға отырды

Ата- аналар балалардың өнеріне өз ризашылықтарын білдірді.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров859
Номер материала ДВ-503300
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх