Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Қарттарға құрмет" тәрбие сағаты

"Қарттарға құрмет" тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы:  Қарттарға құрмет

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

      Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

     Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын.

Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай ата  бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең
Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?

Балалар жауабы тыңдалады.

Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

                  Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамдыберейін.

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке

Балалар үйінің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!

Жүргізуші:
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына  үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын

өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа

жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді.

6-оқушы:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ән: «Ана»   орындайтын:Берденова Жанар

Жүргізуші:

Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да

ойлантып, толғандырған. Өзі де  дәулетті  әулеттен, не  ішем, не  кием  деп бас

қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:

«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,

Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.

Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырлаған

       Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі  тышқан  артық дегендей, бір- бірімізге  ұзақ  ғұмыр  тілеп, «жүз  жаса», «жағың түскенше, жаманшылық  көрме», «шөбереңнің  алақанынан су  іш»  деп  жатамыз.

7-оқушы:

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
8-оқушы:

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

9-оқушы:

Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.

Ата-анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!

Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.

Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қарттарға құрмет" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 4496
    • DOCX 31.8 кбайт
    • 93 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27714
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе