Сабақтың тақырыбы: «Б»
дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «Б» дыбысымен таныстыру. Суретбойынша әңгіме
құрату.
«Б» дыбысына байланысты сөдер айтып, буынға бөлу.
Дамытушылығы: сөздік қорын молайту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды
ажырата білу.
Тәрбиелілігі: балаларды сауаттылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: текшелер, сюжеттер, суреттер, топтастыру
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Суретке қарап, бәріміз әңгіме құралық.
Егіс алқабына кімдер келеді? Балалар көмекке келді. Бүгін біздер ойымызша, егіс
алқабына саяхатқа шығамыз. Егіс алқабына комбайн не орып жүр? (Бидай)
Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? (күз мезгілі)
Бидайдан не аламыз? (Нан)
Нан дастарханға оңайлықпен келе ме? (жоқ)
Бұны қай ертегіден білеміз? («Нан қайдан шығады?» ертегісінен)
Нан көптеген адамдардың еңбегі арқылы келеді екен. Олай болса, бидай
өте қасиетті астық. «Бидай» сөзінде ең бірінші қай дыбыс естіліп тұр? («Б»
дыбысы)
бідер жаңа «Б» дыбысымен танысамыз. «Б» дыбысы еркін айтылмайды. Ерін
ерінге тиіп, қысылып айтылады. «Б» дыбысы – дауыссыз дыбыс. Көк текшемен
белгілейміз.
Бидай сөзін буынға бөлу. (Би-дай)
Неше буыннан тұрады? (Екі буыннан)
Енді балалар кім нан туралы тақпақ біледі?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
Егіс алқабының бір бөлігіне келіп дем
алайық.
Сергіту сәті
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайылып.
Табиғатты сүйеміз,
Шетімізден шеберміз.
Денемізді бос ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
Балалар егіс алқабының бір
шетінде көл бар екен. Көлде не болуы мүмкін? (Бақа болады)
Бақа сөзін текшемен жазу
«Бақа» сөзі неше дыбыстан тұрады? (төрт дыбыстан)
Бақа туралы тақпақ айту.
Ойын «Сөз ойла, тез
ойла»
Көлде тағы не болуы мүмкін?
-Балық болады.
Ендеше көлден балық аулайық.
1-балық: «Бор», «бал», «бота» сөздерін буынға бөл.
2-балық: Мыны жұмбақтың шешуін тап:
Аузы бар, тілі жоқ.
Терісі бар, жүні жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
(Балық)
3-балық: «Балға» сөзіне сөйлем ойлап, сызбамен жаз.
4-балық: «Бата» сөзін текшемен жаз.
Дәптермен жұмыс
«Б» әріпін жаздыру.
Топтастыру
Қорытынды.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.