Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ (3 класс)

Ашық сабақ (3 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздікке менің үлесім

Сабақ мақсаты: 

1. Оқушыларға Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.  

2. Оқушылардың  өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп  тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:  интерактивті тақта, компьютер, слайдтар,киіз үй, домбыра, қима қағаздар.

Сабақ түрі: аралас, көрме.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың типі: ізденіс сабақ, топтық жұмыстар.

 Пәнаралық байланыстар: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, музыка .

Сабақ барысы:

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқу құралдарын алғызу.

Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

Психологиялық ахуал

 

Қайырлы күн, досым
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі сәрсенбі күні,
Сәттілікке толсын! 
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

Отан туралы бейнебаянды көрсету.

-Ал енді балалар осы бейнебаянан не түсіндіндер, не туралы айтылған.(Оқушылардың жауаптары) Бейнебаянда М.Мақатаевтың «Отан» деген өлеңінен үзінді.

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. (1931-1976)

М.Мақатаевтың «Отан»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Сұрақтары:

1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?   (1991) 

2. 16 желтоқсан-қандай мереке?     

3. Біздің Отанымыз?

4. ҚР тұңғыш президенті?

5. Отан неден басталады?

6. ҚР елордасы қай қала?

7. ҚР Тәуелсіздігіне қанша жыл болды?

8. ҚР қандай ел?

9. ҚР рәміздерін ата.

10. ҚР тұңғыш ғарышкері.

11.Астана қаласының нысан  символы

12..ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

13. Астана қаласының қандай ғимараттарын білесіңдер?

-Осы қаланың көркеюі кімдердің арқасы деп ойлайсыңдар?

Ал енді мына суреттер нені білдіреді? (Қауіпсіздік ережесін) (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Қауіпсіздік ережесі
-Желімді пайдаланған кезде жұмыс орнына целлофан немесе қағаз төсе.
- Желімді қылқаламмен көп іліп алма.
- Қылқаламды арнаулы орынға қой.
- Қайшымен ойнауға болмайды.
- Инені киіміңе шаншыма.

- Инені арнаулы орында сақта.
- Құралдармен ойнама.
- Біреуге үшкір затты ұсынғанда ұшын өзіңе, сабын кісіге қаратып бер.

. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
. Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.
. Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.
. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
. Желімді иіскеуге болмайды.

Мағынаны тану

Осы құралдар арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу.

1-топ Қайшылар

2-топ Инелер

3-топ Желімдер

4-топ Ермексаздар

-Оқушылар біз былтырдан бері әр түрлі затттардан  қандай заттарды жасауды үйрендік. (Мысалы: бисер, ермексаз, түрлі түсті қағаз жапсыру, кию, т.б)

Енды осы заттарды пайдаланып Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығына өз үлесімізді  қосайық.

Топтарға жұмыстарын бөліп беру, жасалу жолын түсіндіру.

 

        

 

 

Қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Олар негізінен үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

 

Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.

 

Домбыра  қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер

 

Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:шимайторсық,өркешторсық,жанторсық,

мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға  әр түрлі өрнек салынады.

 

Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңгемоншақтана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді. Төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. 

 

Бәйтерек-Металлданәйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.[1]

Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

 

Сергіту сәті.

«Домбырасыз ән қайда» әні

Жұмыстарды әрі қарай жалғастыру.

Дайын болған жұмыстарын көрмеге қоямыз.Жасаған затынын мағынасын ашу.(Оқушылардың жауаптары)

Қорытынды.

-Сабақта не истедік?

Біз не үйрендік? Не білдік? деген сұрақтарға оқушалар жауап береді.

 

Үйге тапсырма: Келесі сабаққа фольга, жіп, ине әкелу.

Бағалау  Бармақпен бағалау

Мадақтау

 

 

 

.

 

 

 

                         

 

№68 МИББ кешені

 

 

 

 

 

 

 

  Тәуелсіздікке менің үлесім 

 

 


Картинки по запросу тәуелсіздікке 25 жыл

ТишмагамбетоваС.А.

 

 

 

 

 

Қарағанды қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 096 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2017 1608
    • DOCX 2.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тишмагамбетова Самал Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7907
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 120 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе