Пәні:
Математика
Мұғалімі: Кулунтаева Лиза Мухамбетжановна. Әйтеке би
ауданы.С.Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі. 4 сынып.
Сабақтың
тақырыбы:
Натурал сандар және оларды оқу,жазу, жіктеу.
Мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға
натурал сандар және оларды оқу,жазу,жіктеу жайлы алған білімдерін тиянақтау.
Сандар қатарын дұрыс оқу, жазу, яғни амалдарды орындау дағдыларын жетілдіру. Дамытушылығы:
Есептің дұрыс шығару жолын, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын
дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелігі:Балаларды
білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа,белсенділікке баули
отыра, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Күтілетін
нәтиже: Оқушылардың салыстыра білу ,білу дағдылары
дамиды;
*
Қойылған сұраққа нақты жауап беру, өз беттерімен қорытынды жасай білу дамиды,жұмыстарын
топпен талқылайды, жұмысқа анализ жасайды.
*өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады.
Есепті оңай тәсілмен шығаруға ұмтылады.Топта белсенділік танытады. Есепті
қатесіз шығарады. Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыс,
«Қағаз бетіне саяхат», «Қабырғадан оқыту » әдісі, Көрнекілік:акт,гүлдер
макеті,постерлер, қатырма қағаздар . Топқа бөлу:Сандар
макеті арқылы 3топқа бөлінеді. Психологиялық ахуал: Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайлан ып отырып,
көздеріңді жұмыңдар. Айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан
дүниемде күн нұрлы. Жылуым
мол бойымда. Үй
тапсырмасын тексеру.№8, №9 есептерді ауызша
тексеру. Жаңа сабақ. Ширату жаттығу.
«Гүл шоқтарын ашу»
Топ болып есепті шығарады. Есептің мәнін табу арқылы гүл күлтешелерін ашады.
Өткен
материалды еске түсіру. (Қайталау сұрақтары) .Натурал
сандар туралы түсінікке шолу.
Түсіндіру.(Натурал сандар 1-ден 100 000 дейінгі сандар. 0-натурал сан емес.Ең
үлкен натурал санды көрсетіп беру мүмкін емес.Барлық натурал сандар теріс емес
бүтін сандар. Оқулықпен жұмыс. Жұптық жұмыс. №1,2 Сандар қатарынан ең кіші,ең
үлкен сандарды табу,атау. (63,99,10,0,52,14,3)
Дәптермен
жұмыс.Жеке жұмыс. №3,4 Есептердің мәнін табу. . Өрнек құр және шығар.: А)
а мен 6–ның көбейтіндісіне 1097–ні қос.ә) а–ның 9–ға бөліндісінен
1097–ні азайт.
«Қағаз бетіне саяхат» әдісі.
Әр топ постердегі тапсырмаларды орындап, постер қорғайды. Тапсырма .(Қай
натурал сандарды пайдалану
керек?)
1 топ. Бір сыныптағы оқушылар.Бір үйір
жылқылар. 2 топ. Бір қораптағы
шырпылар. Бір пар
қолғаптар. 3 топ. Бір
мектеп оқушылары. Бір мектеп мұғалімдері.
Жұптық жұмыс.№4 «Дұрыс.Бұрыс» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. 1.Ең
кіші сан 1 саны. 2. Ең үлкен жүздік 100. 3.Бір пар екі саны. 4. 0 саны натурал
сан емес.5. 1000 000 алты таңбалы сан. 6.Адамда 24 қабырға бар. 7.Натурал
сандардың шегі бар.8.1 кг-да 1000г бар.9. 5санының квадраты -15.10. Санды
өзіне бөлгенде 1 саны шығады.
Ұжымдық жұмыс. «Қабырғадан оқыту» әдісі. Теңдеу шешуді орындау. 70 000
– х = 214 2 х : 2 + 10 009
=2 110 000 Сергіту сәті. Бейнекөрсетілім арқылы
қимылды жаттығулар жасату. Диалогтық есеп.№6. Топтарға
тапсырма 1. 37
л су екі шелекке құйылған. Біраздан соң бір шелектен 2 л суды, екінші шелектен
5 л суды құйып алып кетті. Енді екі шелектегі су бірдей болды. Әуелде олар неше
литрден болып еді?
2. Қосаяқ минутына 70 рет секіріп, әр секірістің жылдамдығы 10 м/сек болған. Ал
қосаяқты қуып келе жатқан адам 10 м/сек жылдамдықпен жүгірсе, ол қосаяқты қуып
жете ме, әлде қуып жете алмай ма?
3. Үй иесі көкөніс алуға
базарға келді. Ол ақшасының 5/8 бөлігіне орамжапырақ алды, 1/8 бөлігіне
сарымсақ алды, ал қалған 20 теңгесіне сәбіз алды. Үй иесінің барлық ақшасы
қанша болған? Ой
толғаныс. «Суреттер сөйлейді» әдісі. Топтар постермен жұмыс жасайды.Суреттегі
сызба бойынша есептер құрастырады ,шығарады.
1 топ.Қозғалысқа берілген есептер . 2
топ. Фигуралар ауданын табуға берілген
есептер. 3
топ.Теңдеу құру арқылы есептер. Үйге
тапсырма.
№7.
Рефлексия. «Алты қалпақ»
әдісі. Бағалау.
Өзін өзі бағалауы. Кесте арқылы
бағалайды. Көшбасшы бағалауы.
«Жебе» әдісі арқылы бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.